Әңгімелескен: Құмар Жұмаханұлы
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Ізтілеуова С.Д. –
филология ғылымдарының докторы,
ҚазҰПУ-дың Абайтану зерттеу орталығы
Адам болмысы, оның тәрбиесі және
ол өмір сүрген орта мәселесі Абай
шығармашылығындағы ең өзекті тақырып.
Ақын осы мәселені көтере отыра, адамды
тәрбиелеу үшін не істеу қажеттігін
көрсетеді. Ол қазақ болмысындағы кем
– кетіктің бетін ашып, оларды жөндеу
міндеттерін күн тәртібіне қояды. Абай
бұл мәселені шешу барысында ғасырлар
бойғы қалыптасқан қазақтың дәстүрлі
құндылықтарын және исламдағы моральдық
құндылықтарды сараптады. Осылардың
ең озық үлгілерін тәрбиелік жүйеге
айналдыруды мақсат тұтады. Абайдың қазақ
жұртына ұсынған тәрбиелік жүйесі қазіргі
кезеңде өз маңызын жоймай сұраныста тұр.
Себебі,нарықтық қатынастар заманындағы
түрлі қйыншылықтар қазақ жұртын рухани
дағдарысқа әкелді. Ұлт руханиятына нұқсан
келтіретін зиянкес құбылыстар: елдегі
өршіген парақорлық, ұрлық, өсек, өтірік,
мал шашу, мақтаншақтық, шегінен шыққан
жағымпаздық, рушылдық пен жершілдік.
Осындай негативті құбылыстардың етек
алуы жалпыұлттық рухани құндылықтардың
әлсіреуіне әкеліп соғуда.Рухани дағдарыс
терендей түсуде. Мәдениеттің әлсіреуі
адамгершіліктің әлсіреуіне әкелді. Ру-
хани деградацияның халықты тобырға
айналдыру қаупі күшейе түсуде. Егер осы
қайшылықтарды сараптап, оларды жоюға
күш салмасақ, тәуелсіз Қазақстанның жеткен
жетістіктерінің баянды болуы неғайбыл.
Халықтың рухани сапаларының әлсіреуі
мемлекет тәуелсіздігіне үлкен қауіп.
Зиялы қауымның қоғамды жақсар-
туға бағытталған жұмыстарының көп
жағдайда пайдалы нәтиже бер мей жат-
қандығы ақиқат. Рухани ақсау дың негізі
– тұлғаның моральдық тоқырау ында, ада-
ми сапаларының әлсіреуінде, кәсіптік
біліктілігінің төменділігінде. Сол себепті
рухани жаңарудың маңызы арта түсетіндігіне
көзіміз жетіп отыр. Осындай тағдырлық
міндетті шешуде бүгінгі ұрпаққа көмек
беретін зор қуатты құндылықтар бар. Соның
ішінде қазақ ұлты үшін өзектісі Абайдың
мұрасындағы адамның жетілуіне қатысты
ұсынған концепциясы. Ұлт ұстазы ұсынған
идеяларды бүгінгі күнгі қоғамды сауықтыру
іс тәжірибесіне айналдыру мәселесін қолға
алатын мезгіл жетті.
Абай шығармаларында адам тәрбиелеу
концепциясының
принциптері
мен
бағыттарын айқындаған. Ойшыл ақын
адамның ішкі әлемін, жан дүниесін, адам
сырлары мен қырларын суреттей отыра,
оның адамгершілік болмысын ашып береді.
ХХI ғасырдағы сын – қатерлер, күрделі
ауытқулар, жаһандық қайшылықтар, психо-
логиялық зардаптар адам санасына аса
ауыр салмақ түсіреді. Сананы жаныштаған,
шектен тыс кеткен ақпараттар легі адамның
рухани жетілуіне кедергі болуда. Сол себепті
адамның ішкі әлемін реттеуге көмектесетін,
өзін тануға жетелейтін Абайдың «адам болу»
қағидасын түсіну, насихаттау және жас
ұрпақ тәрбиесін ұйымдастыруда қолдана
білу зәрулік. Абайдың тәрбиелік идеяларын
бүгінгі күн қажеттілігіне сәйкес қолданысқа
енгізу қоғамның рухани талаптарынан
туындап отыр.
Қазіргі адам тәрбиесі мәселесіндегі
қайшылықтардың
әлеуметтік
және
саяси салдарлары қауіпті. Қазақ ұлтын
топтастырып, ұйытатын, оның ортақ
ұлттық санасын жетілдіретін рухани
құндылықтардың тиімді насихатталмауы-
нан мемлекеттілік әлсіреуде. Ел халқын
біріктіретін идеологиялық діңгек жоқ,
«Адамды ойлануға үйрету – бүгінгі ұлттық тәрбиенің ең көкейкесті де
маңызды мәселесі»
С.Ж. Пірәлиев
31
30
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мемлекеттік идеология жоқ. Оның себебінен
елде болып жатқан әртүрлі әлеуметтік –
рухани қиындықтар белең алуда. Оның
қауіптісі діни сауатсыздық нәтижесінде
халықты бөлшектеп отырған түрлі діни
топтарға бөліну. Қазақ ұлты он ғасырға
жуық, ата – бабасынан келе жатқан дәстүрлі
мұсылман дініне де жік түсті. Ортақ
мұсылмандыққа
жат,ұлттық
топтасуға
нұқсан келтіретін, жастарды діни секталар
арқылы жікке бөліп, олардың болашағына
балта шабатын көзқарастарды уағыздайтын
саяси топтар белсенділік көрсетуде. Діни
сауаты төмен жастар осындай топтардың
құрбандылығына айналуда. 2010 – 2011
жылдары еліміздің көптеген аймақтарында
дәстүрлі исламға қатысы жоқ, діни
экстремистік
көзқарастарды
ұстанған
топтардың лаңгестік әрекеттері салдарынан
жазықсыз адамдар құрбан болды. Бұл
құбылыстың зардаптары көбейіп кету
қаупы бар. Әлем халықтарын дірілдеткен
терроризм құбылысы Қазақстанға да келді.
Оның себебі жастардың кейбір топтарының
дәстүрлі Қазақстандық ислам дініне, яғни
Абу Ханифа мағзабы ағымына қайшы
келетін, ұлттық ерекшеліктердің ислам
дінімен қауышуын жоққа шығаратын
көзқараста болуы. Бұл құбылыс жансақ,
қауіпті.
Тәуелсіз мемлекетіміз баянды дамуы
үшін жастар тәрбиесіне айрықша мән
берудің маңыздылығы арта түсуде. Бұл істі
дұрыс жолға қою Қазақстанның жарқын
болашағы екендігі даусыз. Осындай өзекті
мәселені шешу мақсатын орындау үшін
Абайдың тәрбиелік жүйесін қолданысқа
енгізу қажеттілігі сезіледі. Осы уақытқа
дейін Абайдың даралығын, даналығын,
шығармашылық идеяларын айтып келдік.
Ал осындай мақтау мен мараппаттау
Абайға керек пе? Әлде біз үшін бе? Абай
мақтау мен марапатты қалмаған. Қазақстан
қоғамы Абайдың өзі жек көрген, өзі бізді
сақтандырған «мақтаншақтық» зияндығынан
әлі де құтыла алмай отыр. Сондықтан қазіргі
таңда Абайдың айтқандарын жүзеге асырып,
тәрбие жұмысының мәні мен мазмұнына
айналдыру пайдалы. Абай сөзі мен ұлағаты,
білімді, жүрегі ояу, көкірек көзі ашық
жастарға тез сіңетіні даусыз. Білсін, оқысын,
үйренсін деп өсиеттеген Абай мұрасын
мемлекет өз қамқорлығына алып, оны
халыққа үйрету, сол арқылы тәрбиелеуді
жүзеге асыруды қолға алуға қажет.
Абай ерекше сынға алған елді жайлаған
өтірік, өсек, мақтаншақтық, мал шашу,
еріншектіктің қазіргі Қазақстан қоғамында
да өршіп тұрғаны шындық. Осы зиянды,
кері қасиеттердің елдің елдігін, бірлігін
кәсіпкерлікті, адами сапаларды әлсірететіні
анық. Абай бұлардан құтылу үшін не
істеуіміз керек екендігін көрсетеді. Абай
ескертеді ел өркені үшін зиянды істерден
құтылу арқылы ғана қоғам алға басады. Сол
себепті қазақтың кем-кетігін жою Абайдың
алға қойған негізгі мақсаты. Ең бастысы
осы кемшіліктерді түзеу мақсатында жүйелі
тәрбие жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол
үшін жастарға өмір талаптарына сәйкес
бағыт-бағдар беріп, адамгершілікті сақтау
мәселесіне ден қою маңызы. Алдымен
адамның санасын тығырыққа тығатын,
жақсылықтан аластатын. Абай көрсеткен
«бес дұшпанымен» күресті қолға алу қажет.
Өкінішке орай осы «бес дұшпан» жекеден,
жалқыдан шығып көпке жайылып, адамдары
аздырып, қоғамды улап отыр. Адамгершілік
пен арлылық еңбек пен шығармашылықты
өтірік, өсек, еріншектік, мақтаншақтық,
бекер мал шашпақтық басып кеткенде, адами
сапалар кірлеп, көмескі тартып, жан қиналып,
табыста болу кейінге ысырылатынын Абай
жеріне жеткізе айтты. “Бес дұшпан” Абай
ойынша кері кетушіліктің кақты көріністері.
Оларды жеңбесек өркендеу жоқ.
Рухани ұстаздың елі үшін, оның жарқын
болашағы үшін, халқының дамуы үшін
айтқан ащы шындығы бүгін қазақ қоғамын
жөндеуге қуатты. Ақынның жан айқайы
«жартасқа барып, күнде айқай салып,
оданда шықты жаңғырық» болып қана қала
бермейтіні ақиқат. Қазіргі кезеңде тәрбие
ісіндегі ең өткір мәселе осы кемшіліктерді
жою мәселесі, сөзден іске көшу мәселесі
болып отыр. Білім мен тәрбие беру ұйымдары
осы жағдайды жақсы біледі. Бірақта,
Абай мұрасын жас ұрпаққа тәрбиелеу
жұмысында тиімді пайдаланудың ұрымтал
жолдарын таба алған жоқ. Абай мұрасын
біліп, оған сеніп, оны үлгі етіп тәрбиені
бастасақ құба – құп. Қоғамның әр мүшесі,
әрқайсымыз өзімізді жөндеуден бастасақ,
бойымыздағы «бес дұшпанымызды» жой-
ып, одан арылсақ, сонда ғана «бес асыл
іс» сананы билеп,имандылық күшейіп,
елдің жақсаруына адамның, тұлғаның
ықпалы тиетіні сөзсіз болмақ. Абай айтқан
шындықтар: әуелі өзіңнен баста, өзіңді
таны, өзіңнен есеп ал. Әйтпесе адам
дұрыс харекет жасай алмайды. Абайдың
қазақа «жақсы мен жаманды айырмадың»
деп қынжылғаны бекер емес. Осы мәселе
заман өтсе де маңызын жоймай, рухани
тәрбиенің қажетілігі ретінде қайталанып
тұр. Ендеше, қазіргі тәрбиеге Абай
мұрасының тұрғысынан өзгерістер керек.
Ол Абайдың адам болу қағидасын,яғни «бес
асыл істі» күнделікті өміріміздің мәніне
айналдыру. Қазақтың кемшілігі түзелсін
деп Абай ұсынған идеялар дұрыстығы,
көрегендігі,білгірлігі және қажеттілігі,
талай кезеңдерден асып, ғасырларды еңсеріп,
милиондарды ойландырып, тәрбиелейтіні
сөзсіз. Алайда, қазіргі рухани ауру меңдеген,
мүшкіл хал- ахуалымызды түзету үшін Абай
тіптен қажет. Бұл жағдайда Абайға жүгініп,
оның айтқандарынан үлгі алып, өзімізді
тәрбиелеуді жөн санасақ оның ұлағанын
жүзеге асыра аламыз. Бұл ойды ойлы қазаққа
Абай қара сөздерімен, насихат етті. Абай
көрсеткен «Бес дұшпан» жайлаған қоғамды
надандық дендеп алады.
Надандық барлық
жақсы іс- әрекеттің хас жауы. Бірінен- бірі
туындайтын кері қасиеттерден құтылудың
да жолдарын, Абай анық көрсеткен.
Ендеше қоғамды дендей бастаған ауыр
психологиялық халін Абайдың көрсеткен
тәрбиелік үлгі,өнегесімен емдеу қажеттігі
ерекше сұраныста тұр. Қазақстанның
қазіргі рухани жаңаруында Абай мұрасы
шешуші рөл атқарады.
Елімізде адамды тәрбиелеу, жастарды
тәрбиелеу жүйеге келмей сүреңсіз тартып,
солқылдақ күй кешіп, тұрғаны анық.
Батыс үлгісіндегі индивидуализмге және
либералистік құндылықтарға негізделген
тәрбие моделі қазақ халқына әзірше пайда
әкеліп отырған жоқ. Адам тәрбиесін
күшейтуге
ислам
құндылықтарымен
сусындаған бабалардан келе жатқан ұлттық
құндылықтарды бүгінгі күн талаптарымен
сәйкестендіру мәселесі де шешімін тапқан
жоқ.Бұл істе Абайға жүгіну керек. Себебі,
Абай адам тәрбиесі мәселесінде сөзсіз ислам
құндылықтары мен қасиетті Құрандағы
ізгілікті ойларды астастырып, қазақы
түсінікке лайықтап ұсынған болатын.
Абай «адам болу» концепциясында иман
мәселесін бірінші орынға қояды. «Иман»
– Абайдың он үшінші қара сөзінде барлық
адамшылықтың бастауы. Иманы бар
адам жайлы: «Енді мұндай иман сақтауға
қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас
буын керек екен», – деп көрсетеді.
Шындығында, тәрбиенің бастауы иманды
күшейтуде. “Иман” негізгі тірек ретінде
ұғынықты. Оны қабылдау саналы жанға
қиын емес.
Әуелі істің барлығы имандылықтан
бастау алатыны күнделікті істерімізде,
әрекеттерімізде қағидаға айландыруымыз
қажет. Сондағы тәрбиенің негізіне ықпал
ететін «имандылықтың» рөлі адамның
өмірін жақсартатын айрықша бір қуат
екендігіне көз жеткіземіз. Жүрек әлеміндегі,
тұлғаның рухани жан-дүниесіндегі адами
сапаларды тудыратын, оларды шыңдайтын
құндылықтарды Абай он жетінші қара
сөзінде кеңінен суреттейді. Әділет, ынсап,
ұят, рақым, мейірбаншылық, сабыр,
сақтық, махаббат т.б. сапалық белгілер
жүректен шығып, бойды алатын, яғни
адам өміріндегі қылықтар мен шешімдерді
анықтайтын және нәрлендіретін ерекше
33
32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
қасиеттер. Қоғам жақсаруы үшін жеке
адамның бойынан осы сапалардың
табылуы қажет деп біледі Абай. Осындай
сапаларды ұстанғанды азамат ғана «адам
болу» концепциясындағы тұлғаға лайықты
бола алады. Бүгінгі тәрбие жұмысында
Абайдың ойларын жүзеге асыруымыздың
маңызы зор. Абай қағидалары, адамның
ішкі әлемінің мазмұнды, ретті болуының
кепілі. Ал ішкі мазмұны дұрыс тұлға жақсы
еңбек етуге қабілетті. Ол салауатты тұрмыс
салтын қалыптастырып, өз өмірінің мәнді
болуына әсерлі ықпал барлығына ете
алатындығына көз жеткіземіз. Шынын
айтқанда, қоғамдағы болып жатқан
жаманшылықтар, кері істердің барлығы
адамның ішкі әлемінің ретсіздігінен,
өзін-өзі тани алмауынан «жақсы менен
жаманды» ажырата алмауының зардабынан
болады. Абай дүниетанымдағы «бес
асыл істің» маңыздылығы соншалық,
ол тұлғаның ішкі әлемдегі ретсіздікке
тосқауыл қоятын үлкен қуатқа ие. Ақын
өзінің күрделі танымының бағыттарын
қарапайым қазақы түсінікке лайық
жеткізеді. Егер «бес дұшпан» адамның ішкі
әлемінен ысырылып, алынып тасталса ғана
«бес асыл іске» жол ашылады. Яғни, кері
сапаларды жою арқылы, адам бойындағы
жақсы сапаларға жол ашылады. Түптің
түбінде адамы жөнделген қоғам ғана
дамыған өркениетке жетіседі. Адам
капиталы кәсіптік біліктілікпен оның
рухани байлығына да негізделеді.
ХХІ ғасыр адам баласына түрлі
ауыртпалықтар
мен
қиыншылықтар
ала келді. Адамзат түрлі ой кеселдеріне
шалдықты.
Ақпараттар
ағысының
күштілігі,
өмір
сүру
ортасының
қаталдығы,
еңбек
ету
процесінің
интенсивтілігі
күнделікті
күйбің
тіршіліктегі қиыншылықтар адам жанын
жаныштап, жүйкені жұқартуға әкелуде.
Абайдың отыз бірінші қара сөзінде: «Ой
кеселдері: уайымсыз салғырттық,ойыншы
– күлкішілдік, я бір қайғыға салыну,
я бір нәрсеге құмарлық пайда болуы
секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратұғын нәрселер», –
дейді. Абайдың көрсеткен ой кеселдері
қазіргі кезеңде ғасырдың ауруына айналып
отыр. Қоғамды кернеп алған жақсы мен
жайсаңның адымын аштырмайтын, оларға
бөгет жасайтын осындай кесапаттардың
да жолын кесуді, олардан арылуды Абай
көрсеткен.
Ой
кеселдерін
ауыздықтайтын
қоғамдағы дұрыс моралдық ахуал,
әділеттіліктің салтанат құруы.
Қазақты жікке бөліп, бөлшектеп, тоз-
тозын шығаратын небір құбылыстар осы
күні дендеп өршіп келеді. Біріктіруші,
топтастырушы болатын ислам діндегі
неше түрлі ағымдардың еркін жайлауы
діни сауаты жоқ жастардың болашағына
балта шабуда. Дін мәселесінде Қазақстан
заңдарының
солқылдақтығы
өзінің
кері нәтижесін беріп жатқандығы анық
байқалды. Осындай қауіпті құбылыстар
жастар
тәрбиесіне
келгенде
берік
ұстаным қажеттігін ерекше көрсетіп отыр.
Қазақтың біртұтастығын, бірлігін ұстау
арқылы ғана халқымыздың тұтастығы
сақталынатындығын
үнемі
санадан
шығармауымыз керек. Қазір ислам
дініндегі ағымдардың уахабышылар,
ахмедияшылар, зікіршілдер уағыздарының
ел ертеңіне, жастардың болашағына
пайдасы бар ма? – деген сұраққа жауап
іздегеніміз қажетті. Осыншама бұрын
болмаған діни ағымдар қазақ қауымына
неге дендеп еніп кетті. Иасауи, Абай,
Шәкәрім мұралары көрінгеннің қолындағы
идеологиялық құралға айналмас үшін
мемлекет заң қабылдап, қазақ халқының
ортақ мақтанышы, мұрасы ретінде қорғауға
алуы қажет. Заң ойшылдар мұрасын
бұрмалатпай
мемлекет
тұрғысынан
бақыланатынын,
қадағаланатынын
ескертіп отырады. Сонда ғана мүдделі
топтардың қазақ ойшылдары мұрасын өз
пайдасына бұрмалауын, тоқтатамыз. Түрлі
діни ағыми жастарды кері әрекеттерге
тәрбиелей
алмайтын
болады
деп
есептейміз. Қазіргі қоғамда, ел бірлігіне
нұқсан келтіру үшін, бабалардың қасиетті
ойларын, жеке бастың мүддесіне, өз
беделдерін көтеру үшін, я болмаса өздерін
жарнамалауға пайдалану жиі көрініс
беруде. Ел ертеңі үшін, елдің тұтастықта,
татулықта болуы үшін қасиетті мұраларды
халықтың игілігіне, рухани тәрбиесіне
ғана пайдаланып оны, бірлікте ұстайтын
тірек деп түсінуіміз қажет. Халық, осы
мұраларға сүйсінсе, үлгі алса, үйренсе,
тәрбиеленсе
қоғамда
үйлесімділік,
келісімділік, адамдардың бір-біріне деген
сыйласымдылығы, төзімділігі нығайып,
саяси тұрақтылық пен Қазақстан қоғамын
татулық дәрежесі артар еді. Өкінішке
орай, қоғамды дендеп алған тамыр –
таныстық, жершілдік, рушылдық біртұтас
отырған қазақ жұртын жікке бөліп, біріне-
бірінің бауырмалдығын әлсіретіп отыр.
Түрлі топтар қазақты біріне-бірін қарсы
қойып, оралмандарды бөтенсітіп шеттеуге
мәжбүрлейтін тұстар да кездесіп қалып
жатады. Орыс тілді, қазақ тілді қазақтардың
бөлінуі де алаңдатады. Осындай әрі-
сәрі күй кешу «қазақ» деген ұғымның
тұтастырушы, біріктіруші ұғым ретіндегі
қызметіне күмән келтіріп, әлсіретеді.
Қазақтың өз қазағына «қазағым» деп
қарап, бір- біріне бауырмал болып, өзара
жақындасып, қатынаста болуы ел бірлігін
күшейтіп, отанға, елге сүйіспеншілікті
нығайтар еді. Абайдың “біріңді қазақ
бірің дос, көрмесең істің бәрі бос”, – деп
айтқанының маңызы тіптен арта түсуде.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдағы психо логия-
лық хал- ахуалды реттеудің негізгі жолы
тәрбие жұмыстарын күшейту екендігі
ақиқат. Жастарды мемлекет алдын дағы,
ел жұртының алдындағы, арының алдын-
дағы парыздарын жауапкершілікпен ор-
ын дауға үйрету маңызы. Сонда ғана ке-
лер ұрпақ біріне бірі құрмет пен қарап,
сыйластықпен өмір сүруге жетіседі.
Тәрбиелік мәселелерді жүзеге асыру үшін,
көптеген жан-жақты жұмыстар жүргізілуге
тиісті. Көптеген тың ғылыми ізденістер
керек. Қазақстанда тәрбие жұмысын
жаңа талаптарға сейкес ұйымдастыруда,
Абайдың тәрбиеге қатысты қағидаларын
іс-тәжірибеге айналдырудың зәрулігі күдік
тудырмайды. Себебі адамзат баласы аға
ұрпақтан алған өнегесімен, тәрбиесімен
және рухани тәжрибесімен жетіліп
отырады. Сонымен қатар, азамат өзін-
өзі танып, рухани жетілгенде қоршаған
ортамен, айналасымен сыйластықта, сүйіс-
пеншілікте ғұмыр кешуге қол жеткізеді.
Қазақ ұлты тағдырлық маңызы бар мәселені
шешу үшін Абай қағидаларын насихаттап,
оны іс-тәжірибеде жүзеге асыру маңызды
болмақ. Қазақтың кең даласын бүгінгі
ұрпаққа аманат етіп кеткен бабалар
мұрасына адалдықты дұрыс түсіну парыз.
Осы сайын далада қазақ ұлты байлығын,
малы мен жанын асырасын, ел болып,
бірлігін сақтап, Алланы сүйіп, адамды
бауырым деп өмір сүре алса ғана бабалар
өсиетіне берік болды, оның алдындағы
парызын өтеді деген сөз.
Айтылған ой-пайымдар, Абайдың «адам
болу» қағидасын мемлекеттік идеологияға
айналдыру маңызды іс екендігіне көзімізді
жеткізеді.
Екіншіден,
Абай
қағидаларын
мұрасының рухани ұстанымдарын қоғам-
ның тәрбие салаларында қолданысқа ен-
гізуіміз міндет.
Үшіншіден, балалар бақшасында, мек-
тептерге, жоғарғы оқу орындарында
оқытылып, әр білім сатысына лайықты
бағ дар ламалар жасалып, жастарды Абай
ілімі мен тәрбиелеуді жолға қоюға тиістіміз.
Төртіншіден, Абай мұралары ақпарат
құралдарында күнделікті насихатталып,
те ледидардан арнайы сабақтар жүргізіліп,
35
34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
тәрбиелік бағдарламалар жасалынуы қа ж-
ет деп есептейміз.
Қазақтың, жалпы Қазақстан халқының
Абай ілімімен сусындауына сөз жоқ,
мемлекеттік дәрежеде қамқорлық қажет
деп есептейміз.
Абайдың қағидалары «тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиетін», үйренуге оң-
тайлы, тағылымдық маз мұны те рең, за-
манның сұранысына жауап бере алатын,
ескірмейтін берік ұстаным екендігі ақиқат.
Демек, мәселені кейінге қалдырмай
құзіретті органдар батыл түрде мемлекеттік
тәрбиелік жүйені ұсынып және оқу
ұжымдары оларды жүзеге асыруға кірісуіге
тиісті деп білеміз.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы формирования личности в произведениях Абая в
контексте национального воспитания.
Summary
This article examines the process of identity formation in the context of national education of Abay.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ САНАМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАР
Қосанов Б.М. –
Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және
PhD докторантура институтының доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Қазақ отбасында жас балалардың
қарапайым математикалық білім-түсінік-
терін қалыптастыруда санамақтар ерек-
ше рөл атқарған. Қазақтың халық санамақ-
тары, ең алдымен, жас балаға сан үйретудің
әдістемелік құралы, әсіресе он көлеміндегі
сандардың нумерациясын игертудің өзіндік
әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Біздің ойымызша, қазақтың халық
санамақтарын баланың жас ерекшеліктеріне
байланысты қолданылуына қарай, негізінен,
екі топқа бөлуге болады:
1) Жас балаларды санай білуге,жалпы
сан және санау ұғымдарын игеруге даярлау
мақсатында қолданылатын санамақтар.
Бұларды саусақ ойындары деп те атайды.
2) Он көлеміндегі сандардың ауызша
және жазбаша нумерациясы туралы білім-
түсініктерді қалыптастыру мақсатында
пайдаланылатын санамақтар тобы.
Қазақ отбасында жас баланың тілі алғаш
шығып, былдырлап сөйлей бастасымен,
ата-ана
оның
алақанын
қытықтап
немесе саусақтарын бүгіп-жазып, саусақ
ойындарын ойната отырып,оны сан ұғымын
игеруге дайындай бастайды. Мұндай саусақ
ойындарының көптеген үлгілері бар. Соның
бірі – қазақ арасында кең таралған «Қуыр-
қуыр, қуырмаш» деген атпен белгілі саусақ
ойыны. Мұнда балалардың саусақтарын
бүгіп, «Бас бармақ, балалы үйрек, ортан
терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек!», –
деп саусақтарға ат қояды да, оларды жұмып
шығады.Әрі қарай баланы бір сарынды
әуеннен жалықтырмау үшін дауысты да
қимылды да өзгерте отырып, «Сен тұр,
қойыңа бар! Сен тұр, жылқыңа бар! Сен
тұр, түйеңе бар! Сен тұр, сиырыңа бар!»,
– деп төрт саусағын біртіндеп ретімен
жазып шығады және олардың әрқайсысын
төрт түлік мал аттарымен сәйкестендіреді
де, «Сен қария, үйде жат! Қуыр-қуыр,
қуырмаш...», – деп баланың көңілін көтере
отырып: «Мына жерде май бар, мына жерде
кұрт бар, ... , мына жерде түлкі бар, мына
жерде күлкі бар, қытық, қытық...,» – деп,
аяғын ойынға айналдырып әкетеді.
Осы тұста ерекше тоқталып, қадалып
айтар бір жайт бар. Мұнда саусақтарды
біртіндеп ретімен жаза отырып, баланың
алғашқы төрт натурал санды төрт түлік
мал аттарымен байланыста түсінуіне
жағдай жасалады. Қазіргі әдістемелік-
математикалық тілмен айтсақ, бұл жерде
айқын емес түрде шектеулі тең қуаттас
жиындар арасында өзара бірмәнді сәйкестік
тағайындау тәсілі тиімді қолданылады.
Саусақ ойындарының осы сияқты сипаттары
олардың уату-алдарқату мақсатында, бала
көңілін аулайтын ермек қана емес, үлкен
тәрбие құралы болуымен бірге, жас балаларды
санау өнеріне,сондай-ақ сан ұғымын
игеруге дайындаудың тамаша әдіс-тәсілі
болғандығын аңғартады. Мұнда баланың
жас және соған сәйкес психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып,оның ынта-
ықыласын тез баурап алуға болатын ойын
әдісі тиімді қолданылады.
Балалар есейген сайын, олардың жас
және психологиялық ерекшеліктеріне орай
тәжірибелік және тұрмыстық мұқтаждықтың
ұлғаюына байланысты қазақ отбасында сан
ұғымымен таныстыру жұмыстары да бірте-
бірте күрделене береді.Енді онға дейінгі
сандарды енгізу мақсатында санамақтардың
екінші тобы қолданылады.Мәселен, алғашқы
алты санды енгізу мынадай санамақтың
негізінде жүзеге асырылады:
Бірім-бірім,
Қаны менен
Екім-екім, Су баласы.
Әкең қайда?
Алтым-алтым, - Базар кетті.
Ауыр балтам,
Жаз келер
Қырқылдауық Жаз келмесе, күз
...................... келер
Қырман тауық Шақалшақ
Түйін-түйін,
Тоқалшақ,
Түй баласы.
Қию-қию!
Сан ұғымын игерудің келесі кезеңінде
сан ауқымын онға дейін кеңейте отырып,
төмендегі сияқты жұмбақ – санамақтарды
жаттатқызу қолға алынады.
Жұмбақ: Шешуі:
Бірім-бір
Бір дегенің – білеу
Екім-екі
Екі дегенің – егеу
........................ ............................
Тоғызым -тоғыз Тоғыз дегенің-торқа
Оным-он Он дегенің-оймақ
Он бірім- Он бір-қара жұмбақ.
Оны тапшы, ай-күнім.
Біздің зерттеулеріміз бұл санамақтың
шығу және қазақ арасында қолданылу
мақсатына байланысты беймәлім болып
келген аса маңызды да құнды мәселені
айқындап отыр. Біздің ойымызша, ол
балаларға күншығыс араб цифрларының
(араб цифрларының алғашқы нұсқалары
– Б.Қ.) таңбалануын оқып-үйретудің
әдістемелік құралы ретінде пайда болған
және қазақ арасында осы мақсатта
пайдаланылған сияқты. Бұл пікіріміздің
орынды екенін біз төменде аталмыш
санамақты нақтылы дәлелдер негізінде
талдау барысында аңғартуға тырысамыз.
Санамақтың мазмұнын тереңірек зерттей
отырып, біз әдістемелік-математикалық
тұрғыдан алғанда аса маңызды болып
табылатын мынадай жағдайларды анық-
тадық.
Біріншіден, он бірдің санамақтың бірінші
бөлімінде «Он бірім, – Оны тапшы, Ай-
күнім» – деп, ал екінші бөлімінде «Он бір-
қара жұмбақ», – деп екі рет жұмбақталуы
да бекер емес. Соңғының мағынасы – «Он
бір – ірі жұмбақ» дегенді білдіреді (қазақта
ірі малды ірі қара деп те атайды – Б.Қ.).
Ал он бірдің екі рет жұмбақталуы, әсіресе
оның «қара жұмбаққа» теңелуі». Оннан
кейінгі сандардың аталуы және олардың
таңбалануы – ірі жұмбақ» дегенге келіп
саяды. Демек, бұл жерде «Оннан кейінгі
сандарды оқып-үйрену – өз алдына жеке,
күрделі мәселе» екендігі туралы әңгіме
болып отыр, яғни «Бірінші ондықты
37
36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
сандарды
оқып-үйренудің
бірінші
басқышы ретіңде жеке оқыту керек»,»Он
саны-санаудың негізі» деген аса терең
әдістемелік-математика лық идея аңға-
рылады.
Шынында да қазіргі бастауыш мектеп
тәжірибесінде арифметикалық материалды
«10-ға дейінгі сандар»,»100-ге дейінгі
сандар»,»1000-ға дейінгі сандар» және
«Көп таңбалы сандар» деген бөлімдерге
бөліп оқыту қабылданған. Математиканы
оқыту әдістемесі ғылымына «Материалды
концентрлік жүйемен орналастыру» деп
аталатын бұл аса маңызды әдістемелік
идеяны XIX ғасырда орыстың әдіскер-
математигі П.С Гурьев енгізген ед. Егер
мәселені осы тұрғыдан алып қарайтын
болсақ, қазақ халық педагогикасының
асыл үлгілерінің бірі болып табылатын
осынау бір санамақтың қандай маңызы бар
екендігі айқын аңғарылады.
Екіншіден, мұндағы «Бірім-бір», «Екім-
екі», «Үшім-үш», т.с.с. сөз тіркестерінің
алғашқы нұсқалары «Бірім- , « ١ “ Екім - ٢
“, “Үшім - ٣” т.с.с. деген мағынада болған.
Өйткені, жеке-жеке алғанда бұл сөз
тіркестері ешқандай мағына бермейтіндігі
әркімге де түсінікті жайт.
Осы айтылғандар аталмыш санамақтың
шын мәніндегі мазмұны бастапқыда
төмендегідей болған деген тұжырым жасауға
мүмкіндік береді:
Жұмбақ: Шешуі:
Бірім - ١ Бір дегенің – білеу
Екім - ٢ Екі дегенің – егеу
Үшім - ٣ Үш дегенің – үскі
Төртім - ٤ Төрт дегенің – төсек
Бесім -٥ Бес дегенің – бесік
Алтым -٦ Алты дегенің – асық
Жетім -٧ Жеті дегенің – желке
Сегізім -٨ Сегіз дегенің – серке
Тоғызым -٩ Тоғыз дегенің – торқа
Оным -١٠ Он дегенің – оймақ
Он бірім - Он бір – қара жұмбақ
Оны тапшы, Ай-күнім.
Сонымен, санамақтың бірінші бөлімінде
“Бір саны былайша таңбаланады”, “Екі саны
былайша таңбаланады”, т.с.с. дей отырып,
алғашқы он санның таңбалануы енгізіледі
де, “Он бір санының қалай таңбаланатынын”
табу ұсынылады. Ал, оның екінші бөлімі
осы цифрлардың кескінін берік есте сақтау
мақсатында айтылады. Бұл жерде онға
дейінгі әр санның цифрларын кескіні оған
ұқсайтын, қазақ баласына таныс заттармен
алмастыру үлкен әдістемелік шеберлікпен
жүзеге асырылғаны аңғарылады. Сонымен
қатар бұл заттардың барлығының да қазақ
халқының қолөнеріне қатысы барлығын
айқындау қиын емес.
Бір дегенің – білеу.Бір санының таңбасы,
яғни бір цифрының кескінделуі білеу таяққа
ұқсайды.”Білеу – қайрақтас, қайрақ”.
Екі дегенің – егеу. Қазақта ағаштан ыдыс-
аяқ жасағанда оның ішін ұңғып, оятын, ұшы
қайқы құрал түрі болған. Егеудің де осы
мақсатта қолданылатын түрі болған.Сондай-
ақ көлденең қимасының пішініне қарай
айшық секілді егеу де бар.Демек,екі саны
егеуге ұқсайтын пішінде таңбаланады.
Үш дегенің – үскі.Үскі – қазақ тілінде
бұрғы, тескіш сөздерінің синонимі ретінде
қолданылады. Үш санынын цифрының
бұрғы тәріздес болатынын бірден байқауға
болады.
Төрт дегенің – төсек. Төрт санының
таңбасы қазақтың төсек ағашының пішініне
ұқсайтыны көрініп түр.
Бес дегенің – бесік. Біздіңше,бұл жерде
бестің таңбалануы “бесік жамбыға” ұқсас
екендігі меңзеліп тұрған сияқты.«Бесік
жамбы-бесік формасында құйылған күміс
не алтын».
Алты дегенің – асық. Алты санының
таңбалануы “асық жамбы” пішіндес. «Асық
жамбы – үлкендігі қой асығы көлеміндей
алтын яки күміс».
Жеті дегенің – желке. Бұл жерде жеті
санының таңбалануы қазақ қолөнеріне
қатысы бар желкелік сөзімен байланысты
деп ойлаймыз. «Желкелік – 1) жүгеннің екі
жақтауының желкеде түйісетін ұшы; 2) киім
жағасының астына қадалған ілгек (бау)».
Сегіз дегенің – серке. Сегіздің таң-
балануын серкенің мүйізіне ұқсату болуы
мүмкін. Бірақ жоғарыдағы заттардың,
бәрі дерлік қазақ қолөнеріне қатысты
болғандықтан, біздің пікірімізше, бұл
жерде серке емес, бастапқыда сірке сөзі
қолданылған сияқты. «Сірке-аяқ киімнің
сірісіне салынатын түртік-түртік өрнек».
Тоғыз дегенің – торқа. Тоғыздың
таңбалануы оралған матаның кескініне
ұқсайды.«Торқа – ең кымбат жібек мата».
Он дегенің – оймақ.Оймақ – « ... іс
тіккенде саусаққа ине, жуалдыз батпау
үшін пайдаланылатын, темірден, жезден,
күмістен жасалған құрал. Оймақ кейде
былғарыдан, көннен де жасалады, мұндай
оймақ саусақтың басына кигізіледі». Демек,
он саны саусақ пен оның қасындағы оймақ
пішіндес ноқат арқылы таңбаланады.
Біздің ойымызша, алтыға дейінгі
сандарды қамтып келетін санамақтардың
айтылу мақсаты да балаға алтыға дейінгі
сандардың жазбаша нумерациясын игер-
тумен байланысты келіп шыққан сияқты.
Бұл тұрғыдан алып қарағанда, санамақтың
осы сияқты үлгілерінің бастапқы мазмұны
мынадай болған деп топшылауға” болады:
Бірім – ١
Екім – ٢
Үшім – ٣
Төртім –
Бесім – ٥
Алтым – ٦
Ауыр балтам
Бұл санамақ арқылы алдымен бұған
дейін енгізілген алғашқы бес санның
жазбаша нумерациясы қайталанады да,
алты санының таңбалануы енгізіледі.
Мұнда “Алтым – ٦, Ауыр балтам” деген
жолдардың мағынасы “Алты саны былайша
таңбаланады және оның таңбалануы
балтаға ұқсайды”, – деген ойға жетелейді.
Қазақтың
халық
санамақтарының
бұл үлгілерінің кашан, қай заманда
шыққанын дәл тауып, бағдарлап айту
мүмкін емес. Бір анық нәрсе, бұлар
кейінгі ғасырлардың ішінде пайда бола
қалған жоқ, оның қай-қайсысы болмасын
әлденеше жүздеген жылдар айтыла жүріп,
әбден іріктеліп, өңделіп және сұрыптала
келіп,қазақ отбасында балаға сан және
цифр үйретудің негізгі әдіс-тәсілдері
ретінде қалыптасқандығына талас болмаса
керек. Жоғарыда айтылғандар мынадай аса
маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік
береді:
-
санамақтар
халқымыздың
жас
балалардың онға дейінгі сандар жөніндегі
білім-түсініктерін қалыптастыру мақсатында
туған, аса терең әдістемелік-математикалық
пайымдауларының жемісі болып табылады;
- қазақ арасында қазіргі цифрларға
негізделген математикалық сауаттылық
өте ерте замандардан бастап-ақ кеңінен
өріс алған және бастауыш математиканы
оқытудың “қағаз бетіне жазылмаған” өзіндік
әдістемелік жүйесі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |