Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

ҰЛТЫМЫЗДЫң ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Көпжасар Нәрібаев  – 

ҚР Ұлттық ғылым Акдемиясының академигі 

Ұлтымыздың  тарихында  ұлылар  аз 

болмаған. Олар еліне адал қызмет етіп, хал-

қының  қадір-қасиетін  арттырып,  қазақтың 

атын шығарған азаматтар. Солардың ішінде 

Асанбай Асқаров ағамыздың орны бөлек.

Ол  кісі  еліне  сіңірген  ерен  еңбегімен, 

тындырған  таңқаларлық  тірліктерімен,  бі-

тір ген  игілікті  істерімен,  артына  қалдыр-

ған  ізгілі  іздерімен  ерекшеленеді.  Асекең 

қайталанбас  бір  туар  дана,  дара,  ірі  тұлға 

болды.  «Асқаров  −  аңыз  адам,  Асқаров 

−  феномен»  деген  ел  ішінде  кең  тараған 

түсініктер тегіннен тегін емес. 

Феномен  –  ешкімге  ұқсамайтын,  өмірде 

сирек  кездесетін,  ерекше  жаралған  ерен 

қабілеті  бар  адам,  атын  үлкен  құрметпен, 

мақтанышпен  арнайы  атап  айтатын,  дәріп-

тейтін,  өнеге  тұтатын  ұлы  тұлға.  Асекең 

осындай адам. 

Ұлы адамдар өз тұлғасының тұғырын өзі 

соғады, ал ұрпағы оған тек ескерткіш қояды. 

Асекең  өз  тұлғасын  өзі  жасаған,  сөйтіп 

көсемдік  биік  деңгейге  көтерілген  азамат. 

Ағамыздың  бойынан  оның  білімпаздығын, 

зиялылығын,  парасаттылығын,  ойының 

тереңдігін,  өрісінің  кеңдігін,  рухының 

биіктігін  байқайтынбыз.  Бұл  жалт  еткен 

өткінші  көрініс  емес  –  ол  кісінің  бойына 

біткен,  қанына  сіңген,  өзі  өмірлік  қағида 

ретінде қалыптастырған қадірлі де қастер лі 

қасиеттері.

Асқаровты аса көрнекті қайраткер ретінде 

биікке  көтерген  осы  қасиеттердің  ішіндегі 

ардақтысы да, асылы да – ол еліне, жеріне, 

халқына  деген  сезімі,  сүйіспеншелігі. 

Қазақтың қамын, халқының бағын ойлаған, 

ұлтының рухын байытқан, жұртының жоғын 

жоқтаған азамат Асекеңдей-ақ болсын. 

Елім деп, жерім деп жүріп еңбек етті. Сол 

ерен  еңбегінің  арқасында  еліміздің  өсіп-

өнуіне,  Қазақстанның  өркендеп-дамуына 

орасан зор үлес қосты. Өзі бұл туралы былай 

дейді:


Туған жердің туы биік болсын деп

Жері егінге, қыры – малға толсын деп

Еңбек еттім жанымды бір аямай

Ел басына бақыт құсы қонсын деп

Қандай  дәл  анықтама.  Бұл  Асанбай 

ағамыздың өмір сүру қағидаларының алтын 

діңгегі. 

Асекең  жөнінде  естеліктер  аз  жазылған 

жоқ.  Олар  ағамыздың  өмірінің  барлық 

кезеңдерін қамтиды. Ол кісі соғыс ардагері. 

Майданнан оралған соң өзін өзі тәрбиелеп, 

білімін жетілдіріп, өз еңбегі, өз талантымен 

үлкен  қайраткер,  ірі  тұлға  деңгейіне 

көтерілді,  тұғырын  биіктетті,  абыройын 

асырды.  Үш  облысты  басқарған  жылдары, 

оларды дамытуға қосқан орасан зор үлесін, 

ерен  еңбегін  бүкіл  халқымыз  да  осы  күн ге 

дейін жырдай қып айтып келеді.

 Асекең  зейнетке  шығысымен  Шым-

кент тен Алматыға көшіп келді. Көп ұзамай 

Горбачевтың  ұр  да  жық,  өзімбілермен, 

өркөкірек,  солақай  саясатының  кесірінен 

Желтоқсан оқиғасы бұрқ етті. Ол бәрімізге, 


63

62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

жалпы  қазақ  халқының  басына  түскен 

үлкен  нәубет  еді.  Желтоқсан  оқиғасын 

ұйымдастырушылардың  бірі  Асанбай  Ас-

қаров  деп  байбалам  салушылар  шықты. 

Көпекөрнеу жапқан жала, ойдан құрастырған 

кінә асқындай түсті.

Менің  шамалауымша,  Асекеңді  ұстап, 

тар  қапасқа  жабуға,  біріншіден,  көре 

алмаушылық себеп болды. Ол кісі қызметтен 

кетіп,  зейнеткер  атанғанымен  абыройы 

Алатаудай асқақ еді, алдына ел-жұрт, халық 

ағылып  келіп,  ақылдасып  жататын,  айтқан 

сөзі  жерде  қалмайтын  аса  абыройлы,  сый-

лы  адам  болды.  Зейнеткер  көп.  Олардың 

арасында Асекең Шолпан жұлдыз тәрізді ту 

биіктен  көз  тартып,  жанам  деген  жүрекке 

от  беремін,  деп  ақын  айтқандай  замандас-

тарына қуаныш сыйлайтын, ой, жігер, шабыт 

сыйлайтын абыз кісі еді.

Екінші,  және  ең  басты  себеп,  түк  кінәсі 

жоқ Асекеңді ұстап, темір торға қамаған да-

ғы солақайлардың мақсаты − Асекең арқылы 

Димаш  Ахметұлы  Қонаевты  да  қаралап, 

масқараламақшы болды. Екеуі құда, екеуінің 

арасында  қалайша  алыс-беріс  болмайды, 

соны  дәлелдеу  керек,  ал  араларында 

шын  мәнінде  алыс-беріс  жоқ  болса,  оны 

«болдыру» керек деп жанталасты. 

Горбачевтың негізгі мақсаты − Димекеңді 

орнынан тайдырып, бас көтерер қазақтарды 

бір-біріне айдап сап, мансапқа таластырып, 

халқымызды  құлақ  кесті  құлға  айналды-

рып  басқару  болатын.  Өкінішке  орай, 

оның  ол  ойының  біразы  жүзеге  де  асты. 

Өзбекстанды  «мақта  ісімен»  қаралағаны 

сияқты  «қазақ  ісін»  ұйымдастырып,  біраз 

абзал  азаматтарды  қамауға  алды.  Қазақ тың 

кейбіреулерінің қолтығына су бүркіп, туған 

халқына қарсы айдап салды. 

Асекеңе  тағылған  кінәләр  дәлелденбеді. 

Мысалы,  Асанбай  Асқаров  туыстарын 

Шымкентке  алып  барып,  лауазымды 

қызметке  қойды-мыс  деген  сөз  болды. 

Асекең  Шымкентке  өз  туысқанынан  бір 

адамды  да  апармаған.  Сол  елдің  жергілікті 

азаматтарымен  қызмет  істеді.  Қорғасын 

заводы,  мақта,  тағы  басқа  шаруашылық 

өнімін қосып жазып, көзбояушылық жасап, 

Социалистік Еңбек Ері атанды деген шағым 

бойынша да тексеру жүргізіліп, қосып жаз-

ған  ешқандай  факті  табылмады.  Асекең 

алғаш көзге түсіп, омырауына қадаған Ленин 

орденін  1947-ші  жылы  25  жасында,  Мерке 

аудандық  комсомол  комитетінің  бірінші 

хатшысы  боп  күндіз-түні  тыным  көрмей, 

тусырап  жатқан  далаға  қызылша  еккізіп, 

мал  басын  көбейтіп,  ауыл  шаруашылығын 

дамытып,  мол  өнім  алғаны  үшін  кеудесіне 

таққан.  Кейінгі  алған  толып  жатқан 

марапаттарының  бәрі  өзінің  ерен  еңбегінің 

айғағы.


Жалақор,  бәлеқорлар  әйтеуір  қара  күйе-

ні  жаға  беруді  мақсат  тұтып,  Асекеңе 

шовинист,  ұлтшыл  деген  де  айып  тақты. 

Тексеру  барысында  бұл  да  бос  сөз  боп 

шықты. Біз білетін Асекеңнің отбасы нағыз 

интернационал отбасы.

Қысқасы, жабылған жаланың бәрі дәлел-

денбеді.  Желтоқсан  оқиғасы  Асекеңді  хал-

қына  жаңа  қырынан  танытты.  Шалқыған, 

жұлдызы  жанған  кезінде  ғана  емес,  қиын-

қыстау,  қапаста  жүрген  кезінде  де  Асекең 

Асекең  боп  қалды.  Әке  қанынан,  ана 

сүтінен  дарыған  мықтылығын,  даналығын, 

даралығын  көрсетіп,  қиындыққа,  қатерге 

қарсы  тұрып,  жасымай,  сынбай  өзінің 

адалдығын дәлелдей білді.

Рухы  биік  адам  ретінде  қанды  шеңгел 

қапастан аман-сау, абыроймен шықты. Бүкіл 

елі  боп,  бүкіл  жұрты  боп  «Асқаровты  құт-

қару комитетін» құрып, қоғамдық адвокаттар 

көмекке  келіп,  оның  ішінде  орысы,  еврейі, 

қазағы, өзбегі бар, бәрі Асекең үшін аянбай 

қызмет  етті.  Жамбылдың,  Алматының, 

Шымкенттің  ел  ақсақалдары  бастаған  топ 

күн  сайын  ағылып  Бішкекке  кеп,  сотына 

қатынасып,  рухани  қолдау  жасап  отырды. 

Сөйтіп,  Асекеңнің  нағыз  халықтың  ұлы 

екенін дәлелдеді.

Билік тізгіні қолда тұрған кезде азаматты 

әркім-ақ мақтайды, әркім-ақ бас иеді, достық 

көңілін білдіреді. Ал мынандай қиын-қыстау 

кезеңде халқының Асекең жанынан табылуы 

тілмен  айтып  жеткісіз  ерекше  құбылыс. 

Кейбіреулер  Асекеңді  құтқару  жолында  өз 

басын қауіпке де тікті. 

Ақын Жарылқасын Аманов:

Патшадай болсадағы тасымаған, 

Тас түрме ішінде де жасымаған. 

Сыр шерткен жүрегінен, жыр да шерткен, 

Қайран менің, Асанбай, асыл ағам. 

Өзіңдей  туа  бермес  асыл  адам,  −  деп 

жырлады, Асекеңнің қадір қасиеті туралы.

 Бейбіт  заманның  өзінде  бәріміз  Асекең, 

Асекең  деп  ардақтап  келдік  қой.  Ол  кезде 

де атақ-даңқы, абыройы өзінше асқақ, биік 

болатын.  Ал  басына  іс  түсіп,  темір  торда 

4,5  жыл  отырып,  бостандыққа  шыққаннан 

кейін  ол  кісінің  абыройы  тіпті  аспандап 

кетті.  Асекеңді  енді  тек  қана  төңірегі, 

ағайын-туғаны,  жақындары  ғана  емес, 

бүкіл  казақ,  Қазақстанның  барлық  халқы, 

тіпті көршілес қырғыз, өзбек, тәжік те, орыс, 

татар  да  мойындады.  Аты  бұрыңғыдан  да 

бетер аңызға айналды. Ол кісі шын мәнінде 

аңызға лайықты адам еді. 

Бішкекте  өткен  соттың  қортынды 

отырысында  соңғы  сөйлеген  сөзін  адам 

таң  қаларлық    өреде  сөйлегені  белгілі. 

Денсаулығы болса нашар, жасы келген, 4,5 

жыл темір торда отырып, азап шеккен кісі 

ғой.  Соған  қарамастан  бес  сағат  табаны-

нан  тік  тұрып,  қажымай,  сыр  бермей, 

бұрыңғы  ойына  ой  қосып,  ақылына  ақыл 

қосып, логикалық жүйемен өзінің адалдығы, 

ақтығы, еліне сіңірген еңбегі туралы дәйек-

ті  дәлелдер  келтіріп  айтқан  әр  сөзін  жұрт 

көздеріне  жас  ала  отырып  тыңдапты.  Бір 

ғана  осының  өзінен-ақ  Асекеңнің  керемет-

тігі,  кемеңгерлігі  танылып  тұрған  жоқ  па? 

Жұлдызы  жанып,  шалқыған  кезде  асып, 

таспаған,  ал  ауыр,  азапты,  қиын  кезде  бас 

иіп, саспаған, сыр бермеген сырбаз Асекеңнің 

мінезі нағыз батырдың мінезі емес пе?!

Асанбай ағамыздың тағы бір ерекше қасие-

тін  айтайын.  Шерхан  мұртаза  ағамыз  1992  ж. 

Жуалыда өтетін өзінің мерейтойына шақырып, 

Асекеңді  алып  баруды  маған  тапсырып 

еді.  Таразға  дейін  ұшақпен  бардық.  Терезе 

жағындағы орындыққа жайғасып, төмен қа рап 

жер  жағдайын  бағдарлап  біраз  үнсіз  отырды. 

Әлден  соң  әңгімесін  бастады.  Үстінен  ұшып 

бара жатқан барлық колхоз, совхоздардың атын 

атап, тарихын талдап айтып берді. Қанша мың 

қойы, ірі қара малы, жылқылары, егістік көле  мі 

бар, қыстауы мен жайлауы қайда, сол жылдары 

оларды кім басқарды, бәрін түгел-түгел Таразға 

жеткенше картаға қарап отырғандай әңгіме леп 

берді. 


Мен  Асекеңнің  еске  сақтау  қабілетіне  таң 

қалдым.  Ойланып  қарасам,  мұның  да  өзіндік 

негізі  бар  екен.  Ол  кісі  атқарған  тірлігін  шын 

ниетімен,  жан  дүниесімен,  ақыл-парасатымен 

ойланып-толғанып барып атқарады. 

Барлық қабылдаған шешімін, сөйлеген сө зін, 

істеген  ісін,  бағыт-бағдар,  тұжырым-түйінін  – 

бәрін жүрегінен өткізіп, елге тиетін пай да сын, 

қызығын,  мүмкіндігін  қалай  молырақ  етуге 

болады,  қайсысы  халыққа  көбірек  жақсылық 

әкеледі деп ізденіп, өз ойынан, жанынан шық-

қан  идеяларды  іске  қосып,  жүзеге  асыратын. 

Әйтпесе,  кейін  басы  дауға  қалған  Шымкент-

тегі  дендра  саябағын,  балалар  темір  жолын, 

зоопаркті,  тағы  басқа  да  құрылысты  салып 

несі бар? Жоспарды орындап, басқалардай жан 

тыныштығын  ойлап  жүре  бермеді  ме?  Халық 

игілігі үшін өз еркімен, өз бастамасымен қолға 

алған  әлгі  құрылыстарды  жоғарыдан  ешкім 

айтқан да, міндеттеген де жоқ қой. Олар үшін 

үкіметтен тағы бір тиын ақша алмаған. Менің 

Асекеңді  ешкімге  ұқсамайтын  ерекше  адам, 

феномен дейтінім содан. Ол кісі үлкен бе, кіші 

ме, кез келген мәселеге жоғарыдан, биіктен, ел 

мүддесі  тұрғысынан  қарап,  талғампаздықпен, 

ізденумен  тірлік  еткен  басшы.  Бұл  ол  кісінің 

ұлылығы. 

Асекеңнің  даналығы  да,  ұлылығы  да 

өзінше  ерекше  еді.  Ұлы  адам  уақытынан  оза 

жүреді дейді ғой. Барлығы шектеулі, жазылған 

жарғымен ғана жүретін заманда Асекеңнің көп-

теген  ізгілікті  істері  өз  уақытының  шеңбе ріне 

сыймаған секілді. Сол үшін таяқ та жеді. Ол кісі 

болашақ  заманды  ойлады,  өтіп  жатқан  өмірге 

келешектің көзімен қарады. Өзі шыққан биігі-

не басқаларды тартты, олардың санасына сәуле, 

жанына жылу, көкірегіне нұр төгуге тырысты. 

«Адам қамын ойлаған саналықтың белгісі, за-

ман қамын ойлаған даналықтың белгісі» – дей-


65

64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ді халқымыз. Асекеңнің тұлғасында саналылық 

та, даналылық та берік орын алған еді. 

Ұлы адамның ұлылығы ұсақ-түйек ісінен де 

байқалады.  Ал  ағамыздың  тірлігінде  ұсақтық 

болмайтын.  Майда  сөйлемейтін,  майда  тірлік 

істемейтін.  Ұлылығы  әр  сөзінде,  әр  ісінде, 

басқан  қадамында,  қалдырған  ізінде  болатын. 

Тұла бойы толған ұлылық пен ірілік. 

Осы  ұлылық  ол  кісіні  қажырлы  қайрат-

керлікпен  қатар  ақындыққа,  жазушылыққа, 

ғалымдыққа алып келді. Аталған рухани сала-

лардың  әрқайсысында  өзінің  өшпестей  ізін 

қалдырды. «Өсиеттей өлмейтін артымызға сөз 

қалдырсақ, мына жалған дүниеден өкінбей өт тік 

дер едім» − деп жазды Асанбай ағамыз. Жүрек 

қы лын  шерткізген  нәзік  өлең-жырлары,  оқы-

ған сайын ойландыра түсетін естелік шығарма-

лары,  ұлыларды  дәріптеген  «Ұлы  Тұран  ұл-

дары»  деген  үлкен  қомақты  еңбегі,  солардың 

ара сында  арттағылар  айта  жүрсін  деген  асыл 

сөз дері қалды бізге рухани мұра боп.

Ағамыздың  аузынан  мен  өз  құлағыммен 

естіген  небір  асыл  сөздер  бар  еді,  оның  көбі 

қазір есімде жоқ, біразы ғана қалыпты жадымда.

Мына  нақыл  сөзді  жиі  қайталайтын:  «Ұлы 

болсаң жақсының, құлы болма нәпсінің. Нәпсіні 

тыя  білу  керек,  оны  билеп  жеңген  абзал.  Әр 

адамның өзінің әділ соты болуы керек – ол оның 

ар-ұяты. Соны өлтіріп алмаңдар», − дейтін.

«Шіркін, әділдік күшті болса. Ал күш әділет-

ті  болса  халықтың  көсегесі  көгерер  еді-ау»,  − 

деп қоюшы еді сөз арасында.

«Өзін-өзі  түсінген  дана,  өзін-өзі  жеңген 

қаһарман» − деп отыратын.

Енді ойлап қарасақ Асекең өзін айтып ты ғой, 

әрі дана, әрі қаһарман болып өтті емеспе өзі бұл 

өмірден. 

Осылар  сияқты  Асекеңнің  ауыз  екі  айт-

қанымен  жазылмаған,  барша  халыққа 

жетпеген  ой-пікірлері  көп.  Ол  өз  заманына, 

заман дастарына  берген  әділ  бағасы,  қоғамға, 

өмір  сүрген  ортасына  деген  философиялық 

көзқарастары,  тарих  тарауларын  таразылау 

әдіс  тері, болашаққа арнап айтқан болжам да ры, 

тағы сол сияқты рухани қазыналары. 

Сырласып  отырған  сәттерде  ағамыздың 

жүрегінің  түкпірінен  шымырлап  шыққан 

шынайы  сезімдерін,  толғау-тебіреністерін, 

ұшқыр  ойларын,  нақыл  сөздерін,  әдемі  әзіл 

қалжыңдарын  уақытылы  жазып,  қағазға 

түсіріп  отырған  жанында  ешкім  болған  жоқ. 

Ол кісінің өзі де бұған мән бермепті – шексіз 

қарапайымдылығынан  болар.  Ал  біз  болсақ 

ағамыз  арамызда  мәңгі  жүре  беретіндей 

көріппіз.

Енді  осы  «әттеген-айдың»  орнын  толтыру 

үшін  Асекеңмен  жақын  араласқан,  сырлас 

болған  азаматтардан  ағамыздың  айтқан  асыл 

сөздерін,  үзік  сырларын  там-тұмдап  жинап, 

жүйелеп,  жарыққа  шығарып,  халқына  жеткіз-

сек нұр үстіне нұр болар еді. 

Асанбай  ағамыздың  өмірден  озғанына  11 

жыл толды. Бірақ аты ұмытылып, атақ-абыройы 

көмескіленген жоқ.

Алыстаған сайын биік таудың асқар шыңы 

айқын  көрінеді  деуші  еді.  Тірі  кезінде-ақ  аты 

аңызға  айналып,  халқының  адал  бағасын 

алған,  сүйіспеншілігіне  бөленген  Асекеңнің 

ұлы тұлғасы күн санап ұлыланып биіктеп бара 

жатқаны  рас.  Асанбай  Асқарұлы  –  алаштың 

алып арыстарының бірі, ұлтымыздың намысы, 

еліміздің  даңқы  мен  абыройы  еді,  бір  туар, 

қайталанбас дара, дана тұлғасы еді. Асекеңнің 

осы дана, дара тұлғасы халқының есінде мәңгі 

сақтала бермек. 



Резюме

В статье освещается личность крупного государственного и общественного деятеля Асанбая 

Аскарова. Его созидательная деятельность, образцовое служение Родине, большая любовь к своему 

народу, является великолепным примером для патриотического воспитании молодежи.  

Summary

In the article highlights the personality of a major state and public figure Asanbay Askarov. His creative 

activity, exemplary service to the Motherland, a great love for his people, is a great example for the patriotic 

education of youth.

БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Нуриев М.А. – Интеллектуалды ұлт қалыптасыру ҒЗИ директоры,

 ҚР жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер, профессор, 

Сейсенбаева Ж.А. – ф.ғ.к., Интеллектуалды ұлт қалыптасыру 

ҒЗИ директорының орынбасары, 

Садыкова А.Е. – бөлім басшысы, 

Маханова Н.Б. – эксперт

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана 

табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал  

Н.Назарбаев. 

Қазіргі  жаһандану  заманында  білім  мен 

ғылымның  ұтымды  даму  жолын  анықтауда 

кез келген ел бар күшін салып отыр. Мұның 

көрінісі  ретінде  соңғы  жылдары  дүниежүзі 

мемлекеттері бірге жұмылып, халықаралық 

деңгейде білім және ғылым саласын зерттеу 

бағдарламаларын  іске  асырып,  білім  мен 

ғылымды  дамытудың  оңтайлы  жолдарын 

анықтау  мақсатында  үздіксіз  қызмет  етіп 

келеді.  Қай  мемлекет  болмасын  қазіргі 

қол  жеткізген  жоғары  технологиялар 

саласындағы  жетістігі  ұзақ  жылдар  бойғы 

эволюциялық  даму  жолымен  келгені  анық. 

Еліміздің  қай  салада  болмасын  ғасырлық 

тәжірибесі мен әдістері толық қалыптасқан 

жоқ.  Сөйте  тұра,  20  жыл  тәуелсіздігіміздің 

ішінде көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. 

Қазақстанның  тәуелсіздік  жолында  бағын-

дырған биік белестері Елбасымыз жүргізген 

тиімді  саясатының  және  де  халық  үшін 

қызмет  істеп  жатқан  азаматтардың,  ағарту 

саласында жүрген  қызметкерлердің  қажыр-

лы еңбегінің арқасында екендігі айғақ.

Отанымыз  өзге  елдер  секілді  білім  мен 

ғылымды дамыту бағдарламалары бойынша 

тәжірибе жүргізіп, заманауи әдістерді білім 

жүйесіне енгізіп және көптеген іс-шараларды 

жүзеге асырып жатыр. Осы мақсатта жуыр-

да Назарбаев Университетінде барлық тұлға-

ларының жоғары қызығушылығын тудырған 

Елбасының  «Қазақстан  –  білім  қоғамы 

жолында» атты дәрісі өтті. 

Н.  Ә.  Назарбаев  өз  дәрісінде:  «Ықылым 

замандардан  қалған  «Білекті  бірді  жығады, 

білімді  мыңды  жығады»  деген  аталы  сөз 

бар.  Қазақтың  бұл  мақалының  өзектілігі 

бүгінгі  таңда  тіптен  айрықша.  Бұл  заман  – 

білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. 

Заманауи  әлемде  елдің  қуаты  ең  алдымен 

азаматтарының  білімімен  өлшенеді.  Сол 

білімді  әжетке,  тұрмыс  игілігіне  жарата 

білуімен  бағаланады.  Инемен  құдық  қаз-

ғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қай-

рат  пен  ерік-жігерді  талап  ететін  білімсіз 

– өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің 

тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдас па-

ны», – дей келе, білім – заман талабы екен ін 

нұсқады. Сонымен қатар, адам білім қорын 

жинап  қана  қоймай,  оны  күнделікті  өмірде 

тиімді  пайдалана  білуімен  бағаланатынын 

және  де  еліміздің  қуаттылығы  азаматтар-

дың  білімімен  өлшенетінін  атап  көрсетті. 

Сондықтан  да,  қазіргі  кезде  жетістікке 

жетудің  кілті  білімді  ұтымды  пайдаланған 

елдің еншісінде болып отыр. Білімді оңтайлы 

қолданғаннын  жетістігі  инновациялық  тех-

но логиялардың  күннен-күнге  қарыштап 

дамуы  мен  пайда  болуы  және  тұрмыстық 

жағ дайдағы  мәселелерді  дер  кезінде 

шеше  алғандығы  болып  табылады.  Дәріс 

тақырыбының  білім  жолына  арнауы 

еліміздің жоғары жетістіктерге жетуінің түп 

негізі білімде жатқандығын ұғындырады.

Бұл  жөнінде  де:  «Сендер  Қазақстанның 

өз  ғылымы  мен  технологиясын,  өзіндік 

ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуларың 


67

66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

керек.  Кез  келген  кәсіп  иесі  өз  шаруасын 

тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса 

ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады», 

–  деп,  инновациялық  технологияларды  да-

мыту  мәселесін  баса  айтты.  Бұдан  бүгінгі 

күн  тәртібінде  тұрған  қазақстандық  ғы-

лымының  басты  бағыты  отандық  жаңа 

технологияларды ойлап табу және оны іске 

қосу, әлемдік бәсекелестікте қабілетті болу, 

тың  және  жаңа  әдісті  қолдану  керек  екені 

айқындалды. Сол арқылы, әрбір кәсіпкер өз 

ісінің  шебері  болуына,  оны  озық  әдістерді 

қолданып,  үздіксіз  еңбек  еткен  де  ғана 

табысқа жетеді, оның даму жолындағы жаңа 

мақсаттар мен бағытына тоқталды. 

Дәріс  барысында  атап  көрсетілгеніндей, 

қазіргі  кезде  дамушы  және  дамыған 

мемлекеттердің  күннен-күнге  қарыштап 

да муы ның  түп  негізі  олардың  білім 

беру  жүйесінің  дұрыс  бағытта  қолдану 

нәтижесінде  екендігі  ақиқат.  Мысалға 

келтіретін  болсақ,  PISA  (ағылшын  тілінде 

PISA  Programme  for  International  Student 

Assessment,  білдіреді)  халықаралық  оқу-

шының  сауаттылық  деңгейін  бағалай  тын 

зерттеу  бағдарламасының  мәліметі  бойын-

ша  сынаққа  қатысқан  65  мемлекеттердің 

ішінде  Шанхай  (Қытай)  қаласында  оқитын 

оқушылар ең жоғары нәтижелер көрсеткен. 

Білім  деңгейінің  жоғарғы  көрсеткішіне 

сәйкес соңғы жылдары Қытай мемлекетінің 

экономикасы  және  технологиясы  даму 

жағынан  алдыңғы  орынға  ие  болды.  Яғни, 

білім  деңгейін  тәжірибе  жүзінде  кәсіби 

шеберлікте  қолдану  арқасында  мұндай 

жетістікке жетіп отыр.

Сондықтан  да,  алдыңғы  қатарлы  да-

мыған  елдерде,  сондай-ақ,  біздің  елде  де 

азаматтардың  орта  білім  алу  міндетіне 

қатаң  талаптар  қойылуда.  Атап  айтқанда, 

оқушылар  әрбір  тақырып  пен  тарау 

бойынша  оқу  пәндерінің  мұғалімдеріне 

бақылау тапсыру, оқу жылы бойына себепсіз 

сабақтан  қалмауға;  мүмкіндігіне  қарай 

олимпиада,  конференцияларға  қатысуға; 

мұғалімнің  үйге  берілген  тапсырмасын 

бұлжытпай орындауға; мектептің қоғамдық 

жұмысына  белсене  қатысу  және  қоғамдақ 

тапсырмаларды орындауға және тағы басқа 

ережелер қойлыған.

Азаматтардың міндетті білім алу туралы 

Конституцияңың  30-бабының  бірінші  тар-

мағында: 

«Азаматтардың 

мемлекеттiк 

оқу  орындарында  тегiн  орта  бiлiм  алуына 

кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi», 

 деп көрсетілген. 



Өйткені,  адам  интеллектуалы  –  ол 

мемлекеттің  баға  жетпес  байлығы.  Орта 

білім  адам  әлеуетінің  даму  индексін 

қалыптастыруда  маңызды  роль  атқарады. 

Адам  әлеуеті  дамуының  индексі  –  ол 

мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігін  анық-

тайтын  маңызды  фактор.  Бұл  индекс 

іргетасының  қалануы  мектептегі  орташа 

білім беру сапасына тікелей байланысты. 

Білім  беру  жүйесі  әр  елдің  мемлекеттік 

құрылымына, оның ішкі саясатына, дәстүріне 

сәйкес  әртүрлі  қалыптасқан.  Бірақ,  соңғы 

жылдары  әлемнің  жаһандану  үдерісінің 

әсері, жаңа технологиялардың пайда болуы 

және  басқа  да  өзгерістер  заман  талабына 

қарай орта мектептегі білім беру жүйесінде 

халықаралық 

деңгейде 

оқушылардың 

білі мі  сай  болуы  үшін  ортақ  талаптар 

қойылды. Оның көрінісі ретінде 1997 жылы 

оқушының сауаттылық деңгейін бағалайтын 

PISA  (Programme  for  International  Student 

Assessment) халықаралық бағдарлама өңдеу 

қолға алынып, оны 2000 жылы іске асырды. 

Бұл  –  әлемнің  түрлі  мемлекеттердегі  оқу-

шылардың  тест  пен  түрлі  тапсырмалар 

арқылы  олардың  сауаттылығын  бағалау 

және  білім  қорын  тиімді  әрі  дер  кезінде 

пайдалана  білу  қабілеттерін  анықтайтын 

оқушының  білім  деңгейін  бағалайтын 

халықаралық  бағдарлама.  Соңғы  жылдары 

PISA зерттеулері әлемнің мемлекеттеріндегі 

білім  жүйесін  анықтауға  және  олардың 

өзгерістеріне талдау жасауға, білім саласын-

да  стратегиялық  тиімді  шешімін  табуға 

мүмкіндік  беретін  бақылау  мониторингіне 

айналды. 

Мониторингтік  бақылау  жүргізгенде 

көбінесе 

оқушының 

интеллектуалына 

басты  назар  аударады.  Оқушы  орта  мек-

теп  бағдарламасын  қаншалықты  дең-

гейде  меңгергендігінде  емес,  оның  өмір 

тәжірибесіндегі  күрделі  мәселелерді  ше-

шуде  сауатты  ойларын  ұтымды  пайдалана 

білгенділігі маңызды. 

Көптеген  мемлекеттер  3  жыл  сайын 

өткізілетін  мектептегі  білім  сапасының 

қорытындысын 

білу, 


Олимпиададаға 

ұлттық  құраманың  ойынын  тамашалап 

отырғандай  құмарлықпен,  қадағалайды. 

Мысалға  келтіретін  болсақ,  Германия  2000 

жылы Экономикалық Ынтымақтастық және 

Даму  Ұйымы  өткізген  PISA-ның  төменгі 

қорытындысын  ұлтық  абыройсыздық  ре-

тінде  қабылдап,  нәтижесінде  бұл  туралы 

мектептен  бастап  білім  саласында  және 

үкімет отырыстарында үлкен дау-дамаймен 

талқылады.

Әрине, бұдан кейін, Германия мемлекеті 

жедел  шаралар  қабылдап,  оны  іске  асыру 

арқасында 

неміс 

жасөспірімдерінің 



2000  жылғы  орташа  баллы  484-тен  2003 

жылы  503-ке,  одан  кейін  2006  жылы 

516-ға  дейін  көтерілді.  Бұл  бірте-бірте 

жоғары  көрсеткіштері  неміс  мектеп 

бағдарламасының  біраз  өзгергенін  аңғар-

тады.  Тағы  да  сол  сияқты  мысалға  ала-

тын  болсақ,  Эстония  мемлекеті  2006 

жылы  PISA  бағдарламасына  қатыса  бас-

тады.  Қорытындысында  Эстонияда  ор-

ыс  мектептері  көптеп  болуынан  үлкен 

жанжал  болды.  Сонымен  бірге,  елінің 

білім  сапасы  жоғары  есебі  халықаралық 

деңгейде  орташа  баллмен  бағалағандығын 

мониторинг  арқылы  байқады.  Бұл  әрбір 

мемлекетке  қойылған  барлық  сындар 

арқылы  білім  беру  жүйесін  түзетуге  алып 

келді.  Сонымен  қатар,  Отанымыз  өзге 

елдер  секілді  PISA-2009  халықаралық 

салыстырмалы  зерттеуінің  қорытындысы 

бойынша  15  жастағы  оқушылары  65  елдің 

арасында  айтарлықтай  төмен  57-орынды 

иеленіп  (оқу  сауаттылығынан  59-орын, 

математика 

сауаттылығынан 

53-орын, 

жаратылыстану  сауаттылығынан  58-орын), 

дереу  Білім  және  ғылым  министрлігі  бiлiм 

беру мазмұнын жаңартуды қолға алды. Бұл 

халықаралық  зерттеулер  Қазақстанның 

алғашқы  тәжірибедегі  оқытудың  мазмұны, 

технологиясы 

мен 


әдістері 

туралы 


дәстүрлі  қалыптасқан  түсінікті  қайта  қарау 

қажеттілігін көрсетті. 

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 

12 жылдық мектепке арналған халықаралық 

стандарты 

қалыптасып 

отыр. 

Орта 


мектептегі 12 жылдық білім АҚШ, Канада, 

Жапония,  Швеция,  Францияда;  Германия, 

Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық 

; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылдан-

ған.  12  жылдық  білім  беру  мазмұнының 

негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғам да 

өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай 

өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білім-

ді,  ғылыми  күрделі  мәселелердің  шешімін 

анықтай  алатын,  шығармашылыққа  бейім, 

құзыретті  және  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 

қалыптастыру.

Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  отан-

дық білім жүйесін де әлемдік стандарттарға 

сәйкестендіру  бағытында  көптеген  жаңа 

идеялар  мен  реформалар  қабылданып, 

жүзеге  асырылуда.  Оған  дәлел  еліміздегі 

мектептердің  12  жылдық  білім  беру 

жүйесіне  көшу  үдерісінің  басталып  кетуі. 

Бұл  жөнінде  Елбасы  өз  дәрісінде:  «Орта 

білім беру жүйесінде біз 12 жылдық оқытуға 

көшуге  дайындықты  жалғастырамыз.  Жаңа 

білім берудің үлгі-қалыптары әзірленуде. Біз 

орта  білім  беруді  жаңғыртуды  жалғастыру-

ға  тиіспіз.  Біздің  орта  білім  беруді  жан 

басына  қаржыландыруға  сатылап  көшіруді 

қамтамасыз  етуіміз  қажет.  Оқушы  басқа 

мектепке  ауысқан  жағдайда,  ақша  да  оны-

мен бірге барады. Осылайша, біз мектептер 

арасындағы  бәсекелестікті  арттырамыз. 

Үкіметке  қанатқақты  мектептерде  жан 

басына  қаржыландыруды  енгізуге  кірісуді 

тапсырамын»,-деп,  еліміздің  орта  білім 

беру  жүйесінің  сапасын  халықаралық 

деңгейде  арттыру  жолын  көрсетті.  Мұнда 

айтылғандай,  орта  білім  жүйесі  он  екі 

жылдық білім беруге көшудің дайындығын 

жалғастырылуда. Бұл – кейбір тараптардың 



69

68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

сынына  ұшырағанына  қарамастан,  әлемнің 

көптеген  елдерінде  тиімділігін  дәлелдеген 

әдіс  болып  табылады.  Келешекте  қолға 

алынады  және  мектептер  арасындағы 

бәселестікті  арттыру  мақсатында  оқушыға 

бөлінген  қаржысы  басқа  мектепке  ауысқан 

жағдайда  да  қаржыландырылатындығын 

есепке алынуда.

Сонымен  қатар,  орта  білім  берудің 

сапасын  арттыруда  халықаралық  стандарт-

тар  негiзiнде  Назарбаев  Университетi  мен 

Интеллектуалдық  мектептерінің  ашылып, 

жемісті жұмысын жалғауы елеулі үлес қо су-

да.  Бұл  мектептер  –  Қазақстандағы  барлық 

орта мектептерге жол көрсетушіге айналуы 

тиіс. Себебі, интеллектуалдық мектептер  дің 

болашақта жетуге тиіс жетістіктері мен он да 

пайдаланылып  жатқан  замануаи  білім  беру 

әдістері еліміздегі басқа да орта білім беру 

ордаларында  іске  асатын  болады.  Осы ның 

бәрі  Қазақстанның  білім  саласында  үл кен 

қадам жасағанын дәлелдейді.

Білімге  салған  капитал  ешқашан  жоғал-

майды, білім – таусылмайтын қор, ол өмірлік 

азық,  –  демекші,  білімді  дамыту  жолында 

атқарылып  жатқан  бүкіл  іс-шара лар 

Қазақстанның  алдағы  уақытта  білім  және 

ғылым жағынан алдыңғы дамыған елдер дің 

қатарында болатынына сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет