Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Пайдаланылған әдебиеттер тізім



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Пайдаланылған әдебиеттер тізім

1.  ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы 

2.  Мемлекеттік 12 жылдық білім беру жалпыға міндетті білім беру стандарты

3.  ҚР конституциясы

4.

 http://www.egemen.kz/



5. 

http://www.edu.gov.kz/-

 Білім және ғылым министрлігінің сайты

6

. http://zkoipk.kz/mod/resource/view.php



7. http://www.ppi.kz/index.php

Резюме

В  статье  обсуждается  интерактивная  лекция  Н.Назарбаева  «Казахстан  на  пути 

к обществу знаний», где он поделился размышлениями о качестве знании в современной 

общеобразовательной школе.

Summary

The article discusses interactive lecture of Nazarbayev «Kazakhstan on the way to a knowledge 

society» where he shared thoughts about the quality of knowledge in the modern secondary school.

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың 

тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Назарбаев.

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІң ЖАңА ІЛІМІ

Совет-Хан  Ғаббасов – 

жазушы, дәрігер, фантаст, драматург,

Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы,

КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,

ЗАЙСАН ауданының құрметті азаматы,

Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,

«АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы,

Халықаралық  М. НОСТРАДАМУС атындағы проскофиялық

Академиясының толық мүшесі – академигі,

профессор

Бүгінгі  адамзат  өркенниетінің  дамуында 



Табиғи  ғылым  мен  Рухани  ғылымның 

үндессіздігінен, адам тәрбиесі мен тәлімінде 

орасан  үлкен  кемшіліктер  көріне  бастады. 

Сол  кемшіліктердің  көзге  ұрып  түрған  екі 

түрлі сипаттарын ғана атап өтуді жөн көрдік. 

Ол – бүкіл адамзат қауымының өзімшілдігі 

мен  құмарпаздығының  салдарынан  –  таби-

ғат тағы  экзоэкология  бұзылып  жатса, 

ал  адам  ұрығының  улануынан  –  өзінің 

эндоэкологиясы  аса  ауыр  күйге  душар 

болып  отыр.  Сондықтан  да,  бүгінгі 



Адам  тәрбиесі  мен  Қоғам  тәрбиесіне 

жаңаша  көзқарас  керек.  Адам  тәрбиесі 

дұрысталмай,  қоғамда  әділеттілік  пен 

қайырымдылық  орнауы  мүмкін  емес. 

Ендеше, бүкіл Педагогика мен Психология 



ғылымдарына  батыл  көзқарастарға  иек 

артқан,  мүлдем  жаңа  –  Методология  – 



Жүйе  –  Негіздердің  –  ұсынылуы  ауадай 

қажет.  Осы  арада  адамзаттың  ұстаздары 

деп танылған Аристотель мен әл-Фарабидің 

айтқандарына  құлақ  ассақ;  –  «...кезкелген 

пәннің  –  негіздері,  өзінің  ішінен  шығып 

дамымаса,  ол  ешуақытта  –  ғылыми  пән 

бола  алмайды...»,  –  деп  ақ  пен  қарадай 

ашып жазған. 

Міне  осы  қағиданы  басшылыққа  алсақ, 

бүкіл  батыстағы  эвропацентристік  мето­



дологиядағы  педагогика  мен  Кеңестік 

ғылыми  педагогиканың  да,  сындарлы 

көзқараспен  қарайтын  тұстары  көп.  Оның 

үстіне  Кеңестік  идеологияның  сыңаржақ 

тәртібінде қалған, бүгінгі біздер басшылық-

қа  алып  жүрген  Россия  педагогикасының 



да,  қасаң  қағидаларының  тозғандығы  анық 

аңғарылады. Мұны байқаған бүгінгі Россия 

қоғамы, адам құндылығына ерекше мән беру 

арқылы, бүкіл педагогика ғылымы мен іс­



тәжрибедегі  методологиясын  түбегейлі 

қайта  қарастыруда  (В.С.Кукушин,  М.  -  Р. 

на Д., 2006.).

Бұл кітаптың басты мақсаты сол, жалпы 

педагогика  пәні  ретінде,  басқада  үрдіс 

дамып  жатқан  ғылымдар  тәрізді,  үнемі 

өзінде  бар  кемшіліктерді  қайыра  зерттеп 

және  ғылыми  негіздеріне  тән  сипаттар-

ды,  жан-жақты  жетілдіруді  қарастырады. 

Дәстүрлі  педагогиканың  көкжиегін  тари-

хи  деректермен  кеңейтіп,  әлемдік  жаңа-

лықтарды  қамтитын  адам  тәрбиесінің 

инновациондық  тәжрибесін  жинақтауға 

тырысады.  Оның  үстіне  бұл  еңбектің 



әмбебаптық  сипаты,  тіпті  оқырманының 

мектеп  оқушысынан  бастап,  ұстаздар  мен 

ата-аналар және студенттер мен ғалымдарды 

да,  қызықтыра  алатын  кеңдігімен  ерек-

шеленеді.Өиткені  мұнда,  педагогика  ғы лы-

мының  әртүрлі  салаларын  қамтумен  қоса, 

баланы  да,  үлкенді  де  шырмауықтай  шыр-

мап  алатын  әлеуметтік­педагогиканың 



–  отбасындағы,  өндірістегі,  мектептегі, 

жоғарғы  оқу  орындарындағы,  тіпті 

көшедегі көріністері сөз болады. 

Адамзат 

қауымының 

өмір-тіршілігі 

мың-сан түрлі болса, ондағы педагогикалық 



71

70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

традициялардың  да  соншама  мол  қырлары 

мен  сырлары  бар  екенін  байқатады.  Бірақ 

осыншама  көп  ерекшеліктеріне  қарамай, 

олар  міндетті  түрде  рухани  үндестіктерін 

табуға тиісті. Мінеки мұның өзі педагогика 

ғылымының  үздіксіз  дамуына  әсерін  тигіз-

бек. Сонымен қоса, олар бірін-бірі байытып 

қана қоймай, педагогикалық тәсілдер мен 

технологиялардың үнемі алмасуын да қам-

тамасыз етеді.

Келер  ұрпақтың  тәрбие–тағылымының 

не гіз дері  –  болашақты  жүйелі  түрде 

бол жау  арқылы  және  оның  әлеуметтік 

эндо-экзоэкологиялық  сипаттарына  жете 

мән  берумен  тереңдеуі  қажет.  Бұл  –  бүкіл 

қоғамдық 

тәрбиенің 

салауаттануымен 

қоса,  адам  ұрпағының  өзін-өзі  аздыру 

кінәраттарына  да  тосқауыл  қояды.  Ұрпақ 

тәрбиесін  алдын  ала  болжалдау  тәсіліне 

сүйену  арқылы,  оның  диагностикалық 

маз мұнын  түбегейлі  өзгертуге  әбден  бо-

лады. Ендігі жерде, бұрынғыша қасаң қағи-

да дан  шық пайтын,  көшірме  ғалымдардан 

тез арылу мәселесі, кезек күттірмей шешу-

ді қажет етеді. Өйткені, өтірік ғалым – өрт 



шалған өлкенің иесі ғана екені түсінікті.

Екінші  бір  аса  ауыр  ағат  жағдай,  бұл 

тіпті  дүниежүзі  педагогикасында  кемшілік 

ретінде айтылуға тиісті мәселе, күні бүгінге 

дейін  адамзат  тәрбиесіндегі  өз  орнын 

алалмай отырған – «халық педагогикасы» 

мен  «Ұлттық  психология»  ­  пәндерінің 

білім  беру  жүйесіне  енгізілмеуі  дер  едік. 

Сондықтан, қысқаша болса да, осы мәселеге 

көңіл бөлуді жөн көрдік.

Ендеше,  –  алдымен  бүгiнгi  таңдағы 



халық  педагогикасының  жай­күйi  қа­

лай  едi    дейтiн  заңды  сұрақ  туындайды. 

Бұл  сауалға  жауап  беру  үшiн,  бүкiл 

Кеңес  педагогикасы  бағдар  етiп  ұстаған 

Г.Н.Волковтың  “Этнопедагогика”  атты    ғы-

лы ми еңбегiндегi тұжырымға ерiксiз тоқ та -

луға тура келедi. Оның пiкiрi бойынша: “...



халық  педагогикасы  –  ғылым  емес,  тек 

ғылыми педагогикаға шикiзат, материал, 

өмiрлiк фактiлер ғана бере алады. Оның 

бiртұтас  жүйесiнiң  жоғтығын  былай 

қойғанда, алымды идеяларды жетiлдiрiп 

отыратын  қорытынды  теорияларының 

болуы да мүмкiн емес...”, – деп тұжырым-

дайды.


Мiне,  бұдан  халық  педагогикасының 

ғылыми  жүйеленбегендiгiн  былай  қой-

ғанда,  тiптi  оның  мазмұны  мен  мәнiне, 

болмысы  мен  негiзiне  ешуақытта  да  көңiл 

бөлiнбегендiгi  анық  байқалып  тұр.  Енде ше 

ха лық педагогикасының осыншама өгейлiк -

ке ұшырауының себебi не? Оның басты се-

бе бi,  ха лық  педагогикасы  –  ғылыми  пән 



-  ретiн де  танылмады.  Бұл  саналы  түрде 

жүр  гізіп келген – империялық саясаттың, 



немесе,  эвропацентриз  методологиясы­

ның  –  тiкелей  әсерi  едi.  Мәселен,  көне 

Грек  мәдениетiнiң  соңғы  екi  ғасыры  мен 

бiздiң  эрамыздың  сегiз  ғасырын  қамтитын 

Рим  империясының  әсерiмен  –  Еуропа 

елдерiнiң  халық  педагогикасы  ғылыми 

жүйеленбей,  оның  орнына  “классикалық 

педагогика”    дейтiн  жасандылық  дүниеге 

келдi. 


Екiншi,  өзiмiзге  тiкелей  қатысы  бар 

орыс  империясының  әсерiнен  –  оның 

қол  астында  бодандықта  болған  жүздеген 

халықтың  –  Ұлттық  тәлiм­тәрбиелерi 

-  ғылыми  дамудан  мақұрым  қалды. 

Сондықтан  да,  ғылыми  педагогика 



делiнетiн  жасандылық  қолдан  таңылып, 

Адам  баласы  ең  әуелi  –  биологиялық 



индивид    сонан  кейiн  ғана  –  қоғамдық 

тұлғаға  –  ауысатындығын  даралай  көр-

сетуге  рұқсат  етiлмедi.  Себебi,  генетика 

ғылым дарының заңдылығтары империялық 

саясатқа қай шы келетiн едi. Жалпы Им перия 

атаулы  бағынышты  елдерiнiң  –    ұлттық 

тари хын да, халықтық педагогикасында ­ 

табанының астына салып, оның бой көтеруiн 

ешуақытта қаламады. Өйткенi, бұл екеуiнен 

де,  қай  халығтың  болмасын  ұлттық  санасы 

оянады.  Ал  Империя  атаулыны  күйрететiн 

күш тек – ұлттық сана  екендiгi дәлелдеудi 

қажет етпейтiн аксиомалық шындық...

Ендеше, уақыт талабымен жаппай өмiрге 

ене  бастаған  халық  педагогикасын  ғылыми 

түрде  дамыту,  оның  өзіне  тән  методо­



логиясы  мен  жүйесін  және  қадау­қадау 

негiздерiн  айқындау  ауадай  қажет.  Сөйтіп, 

оны  жалпы  педагогиканың  ауқымында 

үндестіре  пайдаланудың  берері  мол... 

Мәселен,  ұлы  педагог  К.Д.Ушинскийдiң: 



“Халық  педагогикасы  жоқ  жерде, 

педагогика  ғылымы  да  жоқ,  педагог  та 

жоқ”, – деген тұжырымын есте ұстаған жөн. 

Алғаш  рет  жазылмақшы  –  “Ұрпақ 



тәрбиесінің  жаңа  ілімі»  –  атты  бұл  оқу 

құралының мазмұны мен мәні, бағыты мен 

бағдары,  2005  жылы  жарық  көрген  «ха­

лық  педагогикасы  мен  психологиясы­

ның  негіздері»  атты  монографиялық 

еңбекпен  бірыңғай  үндестік  тауып,  ондағы 

теориялық  ойлардың  астарындағы  күрделі 

күрмеулерді  тарата  талдап  айтып  беруді 

мақсат  етеді.  Сол  еңбекте  ғылыми  түрде 

дәлелденген  педагогика  мен  психология 

пәнінің  екі  сатылы,  немесе,  екі  деңгейдегі 

–  методологиясы 





  жеті  түрлі  негіздері 



 

екі жүйесі 

 осынау ұсынылмақ оқу құралы 

кітабыныңда,  сапалы  бітімі  мен  сындарлы 

келбетін  айқындай  түспек.  Былайша  айт-

қанда,  монографияда  ұсынылған  тарау лар 

мен  тақырыптардың  ішкі  мазмұндарын 

ашумен  қоса,  халық  тағылымының  тарихи 

сипаттарына  да  ерекше  тоқталып,  оның 

өмірдегі  өрнектерінен  пәрменді  мысал-

дарды,  барынша  адам  тәрбиесі  төңірегінде 

орынды  пайдаланбақ.  Жалпы  Адам 

тәрбиесіндегі  бұрын-соңды  айтылмаған 

жаңа  ұғымдар  мен  түсініктерді  ұсынумен 

қоса,  оның  тіршілікпен  үндескен  қара пай-

ым да нақты ережелерінде айқарадай ашып 

көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. 

Тіпті, тұңғыш рет – Адам дегеніміз не? 



 Жан және Рух деген не? – Биологиялық 

жөне Физиологиялық заңдылықтар де ген 

не? 



  Оның  адам  тәрбиесіндегі  әсерлері 

қандай? 

  деген  мың-сан  сауалдарға  да, 

ғылыми  негізделген  жауаптар  ұсынумен 

бірге,  көптеген  тіршілік  арнасындағы 

көріністердің  жұмбақ  сырларына  батыл 

барлаулар жасалынбақшы...

Бұл  ұсынылып  отырған  «Ұрпақ  тәр­

биесінің  жаңа  ілімі»  оқулығында,  бірін-

ші  рет  Тән  тәрбиесінің  біржақтылығын 



73

72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ашып қана қоймай, оның Жан тәрбиесінсіз 

–  Ұлы  Абай  айтқан;  “толық  адам,  нұр­



лы  ақыл”  бейнесіне,  тіпті  де  жете  алмай-

тындығымыз  жайында  сыр  шертеді.  Бүгін-

гі  таңдағы  инновациялық  технология  же-

тіс тіктеріне  иек  арта  отырып,  Жанның 



да  –  он  екі  мүшесі,  яғни  «он  екі  түрлі 

арнасы»    жайында  тұңғыш  рет  мәселе 

көтеріп,  былайша  айтқанда,  компьютердің 

сан-қилы  бағдарламасы  тектес  сипаттары 

бар екендігін анықтайды. Осы күнге дейін, 

тіпті  ХХІ-ғасырлық  өркенниетіміз  де,  –

жанның  тәрбиесін  жүргізу  қажеттігі 

–  мүлдем  ескерілмей  келгендіктен,  адам 

бойындағы жанның бар арналары жабылуға 

жақындаған.  Соның  айқын  дәлеліндей, 

бүгінгі  жарық  тіршілікке  келіп  жатқан 

ұрпақтарымызда;  –  түйсіктің    түрлері, 



шынайы сүйіспеншіліктің іздері, ар­ұждан 

мен  имандылықтың  көмескі  тартуы, 

жігерсіздік,  ішкі  бес  сезімге  жататын  ­ 

көкірек  көзі  мен  сана  саңылауларының 

әлсіреуі,  тұқым  қуалайтын  тектілік, 

тіпті зерде мен зейінніңде – көп төмендеп 

кеткендігі ешкімге де құпия емес. 

Осылайша,  ЖАН  мен  ТӘН  тәрбиелері-

нің  үндессіздігінен,  анығырақ  айтқанда, 

олардың  әрқайсысына  тәрбие  тәсілдері 

дұрыс  жүргізілмеуінен,  адам  баласын 

күллі  тіршілік  атаулыдан  ерекшелеп 

тұрған, оның бойындағы РУхЫ да, дұрыс 

жетіле  алмауының  мысалы  көп.  Ендеше, 

тек  осы  айтылған  пікірлердің  өзі-ақ,  адам 

педагогикасы мен психологиясына арналған 

оқулықтың  қаншалықты  қажет  екендігі 

айтпаса  да  түсінікті.  Ғасырлар  бойы 

қалыптасқан халық педагогикасы – көнеден 



келе жатқан ел тарихын, әдебін (этика), 

талғамын  (эстетика),  өнерін,  өркенін, 

мәдениетін,  этнографиясын,  ділі  мен 

дінін, бүкіл халықтың болмысы мен дүние-

танымдарын    –  өз  деңгейінде,  барын ша 

түсінікті де тартымды етіп беруге тырысады. 

Бұл  еңбекте  әдеттегі  көшірме  оқулықтар 

тәрізді,  сіресіп  жатқан  сілтемелерге  бой 

алдырып, оқушылардың санасын сарсытып 

сарылтпауға 

ерекше 

көңіл 


бөлінді. 

Оқушысына өз айтары жетіп жатқандықтан, 

басқаның шалажансар пікірлеріне көңіл де 

бөле алмай, оқулық бетіне өзгенің сөздерін 

көшіре беруге мұрша да жетпегенін ескерт-

кіміз  келеді.  Адам  педагогикасы  мен 

психологиясының  –  екi  түрлi  жүйелерi 

–  өзiнiң  ғылыми  методологиясының  екi 

түрлi  сатыларынан,  немесе  биология­

лық  индивид  деңгейiнен  бiрiншi  жүйесi 

–  жүрек  тәрбиесi  –  қалыптасады  да,  ал 



сананы  жетiлдірер  сатысынан  екiншi 

жүйесi  –  ақыл  тәрбиесi  –  бiртiндеп 

ашылып  өркенiн  жаяды.  Жүрек  тәрбиесi 

–  түйсiк  пен  iшкi  сезiмдердiң  әсерлерi 

арқылы  негiзiнен  ана  құрсағындағы  тоғыз 

айдың  көлемiнде  қалыптасатыны  белгiлi. 

Мi не, осы ұғымды сәл тарата талдай айту-

ды  жөн  көрдiк.  Жалпы,  жүрек  тәрбиесi 

ар қылы  –  негiзiнен  Адам  жанының  арна­

лары  ғана  ашылып  қоймай,  бүгiнгi  таңда 

көп  жағдайлары  түсiнiксiз  болып  отырған 

мидың  экстрасенсорлық  қабатымен  тығыз 

байланысты  ПАРАПСИхОЛОГИЯЛЫҚ 

құбылыстардың  да  ерекше  жетiлетiнiн 

ескеру қажет. Сондықтан да, ана құрсағында 

жатқан  Жан  иесiне  жүргiзiлетiн  тәрбие 

тәсiлдерiн  –  бұрын  да,  терең  түйсiгi 

арқылы мыңнан бiр Ана болмаса, ал қазiргi 

кездегi  ұрпақ  жалғастырып  жатқан  АНА 

атаулының  тiптi,  түгелiне  жуығының 

қаперiне де кiрiп бiлмейдi десек, ешқандай 

асырып  айтқан  сөз  емес  екенi  анық.  Ал, 

адам  педагогикасы  мен  психологиясының 

екiншi  жүйесi  болып  табылатын  –  ақыл 

тәрбиесi  –  нәрестенiң  қарашығын  ұстап, 

айналасындағы  ақ  пен  қараны  ажыратып 

қана қоймай, сонымен қоса оның алғашқы 

таңырқауы мен таңдануынан сәби санасы 

бастау алатынын есте ұстаған жөн. Осынау, 

адам  педагогикасы  мен  психологиясының 

екi  жүйесiмен  сабақтасып  жатқан,  оның 



жетi  негiзi  –  Тән  құрылысының  жетілу 

сәттерiндегi физиологиялық жетi кезеңнен 

шығатыны белгiлi. Сонымен, халық педа­

гогикасы  мен  психологиясы  дегенiмiз 

–  адамның  жан­дүниесiн  тәрбиелейтiн 

және  зерттейтiн  iлiм  екендiгi  –  ендi  ғана 

қалыптасып жатса, оның ПӘН ретiнде же-

тiлуiнiң  айғағы  да,  осы  оқулықпен  өмiр-

тiршiлiгiмiзге  енетiндiгiне  сенгiмiз  келедi. 

Өйт кенi, оны жер бетiндегi халықтар өзi  нiң 

тiршiлiк-тұрмыстарының ережелерi тә рiздi – 



қанымен де, жанымен де қалыптастырып 

–  көзiнiң  қарашығындай  сақтаумен  қоса, 

үнемi үзбей ұрпақтан-ұрпаққа жалғас ты рып 

отырады.


Резюме

В данной статье рассматривается новое учение воспитания человека.

Summary

In this article is considered the new doctrine of education of the person.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ТЕРІС МІНЕЗДІ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Әдібай Табылдиев –

п.ғ.д., ұстаз-ғалым, ақын, жазушы,

әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің профессоры

Қызуқандылық мінезді тәрбиелеу

Ашуланшақтықты,  қаталдықты,  өркөк-

рек тілікті, шыдамсыздықты, шала ойлауды, 

желпілдекті,  жетесіздікті  білдіретін  бұл 

жеңіл мінез азаматтың арын бұзады.

«Ашу  аянбайды  –  ақыл  аялдайды»  деп, 

халық  қызу  қанды  адамның  ашуланшақ 

болатынын, бірақ ақыл жеңіп «тез қайтып» 

құбылатынын дәлелдейді. «Ашу келсе, ақыл 

кетеді.»


Тез  қатал  тексіз  мінез  ой  қисынын  да 

әрекет  шындығында  бұзып,  артынан  өкін-

діріп өрге бастырмайды да қызуқандық қыр-

сығын көрсетеді. Кейде ол қырсықты түзей 

қиын болады да ер азаматтың есін аударады. 

«Мен  білемін,  менікі  дұрыс,  мен  сөй-

леймін,  мен  жақсымын,  мен....мен» 

деген  ұғым  өркөкіректікке  ұрындырып, 

қызуқандылықты  тудырады.  Өркөкіректік 

өжеттік  емес,  ол  теріс  ойдың  терісі.  Ал 

өжеттік шындық қорғаушы.

Қызуқандылық  көбінесе  шыдам сыз дық-

тан  пайда  болады.  Байыптау,  пайымдау, 

ойқисыны  болмаған  жерде  «шыдам»  тез 

таусылып,  мінез  иесінің  мінін  көбейтеді. 

«Жеңіл  дене  жерге  тартады,  жеңіл  мінез 

көрге тартады» деп халық, шыдамсыздықтың 

зияндығын қатаң ескертеді.

Қызу қанды адамның ой жүйесі «шолақ» 

болады да, ұйғарым қисыны дұрыс болмай, 

ойлаушының  «ашуын  келтіредлі».  Міншіл 

басшы  –  мінезі  ащы  деп,  халық  шолақ  ой-

лайтын  басшының  қызуқандылығын  қиып 

айтып, одан сақтандырады.

Жеңіл  ойлап,  жеңілдеу  де  көп  қателікке 

ұрындырып,  «өкініш  өртеп»  мінезді  қызу-

қандылыққа апарады. «Қызуқандылық қыл-

мысқа  апарады»  деп,  халық  жеңілтектіктен 

туатын  қызуқандылықтың  қылмысқа  ап-

аратынын дәлелдейді

Қызуқандылық  қазақ  ұлтына  тән  емес. 

Егер  ол  болса  –  тексіздік.  Тексіз  тегіне 

тартпай «кегіне тартады.

Қызуқандылық мінезді тәрбиелеу, мойын-

дату,  әрекеттендіру,  өнеге  үйрету  тәсіл-

дерімен тәрбиелеуге болады.



Мақтаншақтық мінезді тәрбиелеу

Дандайсудан,  өркөкіректіктен,  менмен-

дік ен,  асқындаудан,  дарақылықтан,  даңқ-

құмар лықтан  пайда  болатын  мақтаншақ 

мінез – ердің есалаңдығын көрсетеді.

Мактаншақтық,  көбінесе,  мақтаудан 

«семіріп», барғамастанып, дандайсудан пай-

да болады. «Екі көзің еліріп, құр қарай сың 

аспанға»  деп,  Абай  дана  мақтаншақтықтан 

«еліріп,  ессізденіп»  кететінін  қатты 

сынайды.  «Өзін-өзі  мақтаған,  өлімнің  қара 

басы» дейді халық.



75

74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Өзін  өр  тұтып,  өркөкіректеніп,  басқаға 

«жол  бермей»,  «менікі  дұрыс»  деп, 

кеуде  қағып  кеуіп  кететін,  мақтаншақты 

«қасиетсіз» деп жек көреді, «бөспе бөседі – 

күнәсі өседі» дейді ел.

«Мен!»  деген  менмендік  сөзден  бас-

талатын  мақтаншақтың,  мағынасыз  бөспе 

сөзі  тек  оның  өзі  үшін  ғана  «мақтаныш» 

болады да, басқалар үшін «балдыр-батпақ» 

болып естіледі, мағынасыз болады.

«Әрнәрсенің  қалпын  біл,  әдепті  елдің 

сал тын біл» деп, халық әдептілікті бұзатын 

мақтаншақтық  мінезді  мінейді,  «Мақтану  - 

әдепті бұзу» дейді халық.

Дарақыланып,  далақтап,  екіленіп,  есіріп 

кететін  мақтаншақ  мінезді  адам  ұнатпайды 

және одан аулақ болуды уағыздайды.

Мақтаншақ адам басқалар мақтасын деп, 

еліріп,  естен  танып,  шала  бүлінеді.  Егер 

басшы  мақтаншақ  болса,  қасындағылар 

оны құрғақ сөзбен қуантып, алдап-арбайды, 

жағымпаздары  жанын  жалдап,  «жалған» 

жақсылайды. Сөйтіп, мақтаншақ адам бірте-

бірте даңққұмарға айналады.

«Мақтаншақтың  кеудесі  қуыс»  дейді 

де,  халық  бос  мақтаннан  аулақ  болуды 

уағыздайды, мақтану – мақтаныш емес.

Мақтаншақ  мінезді  көрсету,  дәлелдеу, 

мойындату,  ықпал  ету,  сындау  тәсілдері 

арқылы тәрбиелеу керек.

Мансапқорлық мінезді тәрбелеу

Шенқұмарлық,  парақорлық,  пәлеқорлық, 

қулық-сұмдық,  даңғойлық,  кеудемсоқтық, 

сыбайластық  арқылы  пайда  болатын  ман-

сапқорлық мінез – халықтың қасіреті.

Шенқұмар  адам  өзінің  шама-шарқына, 

біліміне, іскерлік ауқымына қарамай, шенге 

(атаққа,  дәрежеге)  құмар  болып,  сол  жолға 

«барып-салып»,  «бағын  жандырмақшы» 

болады.  «Азат  басың  болсын  құл:  Қолдан 

келмес іске ұмтыл» деп, Абай дана мансап-

қор  адамның  қолдан  келмес  іске  ұмтылып, 

азапқа түсетінін сипаттайды. Шенқұмарлық 

– шерменделік.

Мансапқор адам – парақор. Іспен, білім-

мен емес, парамен шенге жетіп, шекірейген 

шенеуліктің түбі қайырлы емес, ол опық жеп 

елді  «еңіретіп»,  халыққа  қасірет  әкеледі. 

«…Бірақ секіріп шығам деп, 

 мертігеді де 



жатады, сөйтіп Құдай атады» деп, Абай дана 

мансапқордың мақұлықтығын шенейді.

Мансапқор  адам  мансапқа  жету  үшін, 

басқаның  орнына  таласып,  пәле  іздеп, 

қасірет  қазады.  «Сатып  алған  мансабың, 

қасіреті баршаның» дейді халық. Кәсібі мен 

нәсібін  тауып  жүрген  адамның  адалдығын 

жоққа  шығарып,  оққа  жығатын  мансапқор-

ды халық та қарғайды.

Мансапқор  надан  мансапқа  жету  үшін 

неше түрлі қулық-сұмдықты ойлап, «аяқтан 

шалып,  етектен  тартып»,  жала  жауып, 

жалпы  жұртты  дүрліктіреді.  Даңғойлықпен 

даңқын  шығармақшы  болады,  қараулықпен 

қағысады.

Мансапқор  «маңғаз»  кеудемсоқтықпен 

кез келген ізгіниетті адамнан өзінің «ар тық» 

екенін айтып, ардан безеді.

Сыбайластыққа  «сыбана»  кірісіп,  сол 

солақай жолда амал-шарғыны, айлакерлікті, 

кесір  әрекеттерді  көп  пайдаланып,  ел  ішін 

бүлдіреді, бірлік пен тірлікті бұзады.

Мансапқорлықты  дәлелдеу,  жазалау,  әш-

керелеу, масқаралау тәсілдерімен тәр биелеу 

керек болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет