Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Малявин В. Конфуций. – М.: Молодая гвардия, 1992.с. 207.

2.  Конфуций. Уроки мудрости: Сочинения. – М.: Экомо – Пресс, 1999. – с. 79

3.  Пере ломов Л.С. Конфуций: жизнь, ученье, судьба. – М.: Наука, 1983 – с. 58.

4.  Конфуций. Я верю в древность. – М.: Республика, 1985. – с. 59. 

Резюме

В  статье  рассмотрены  некоторые  аспекты  педагогических  взглядов  Конфуция  и 

обоснована идея их актуальности для формирования современной личности.

Summary

In the article is considered some aspects of pedagogical sights Confucius and the idea is proved 

of their urgency for formation of the modern person. 

Абай атындағы ҚазҰПУ­де сәуір айының 25­ші жұлдызында «Ұлттық тәрбие 

және өзін­өзі тану» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізген 

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

атты Республикалық деңгейдегі дискуссиялық клуб мәжілісінің отырысынан

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педа-

гогикалық  университетінде  2012  жылдың 

25  сәуірінде  «Жоғары  оқу  орындарын­

да  ұлттық  тәрбие  беру  мәселелері»  атты 

Республикалық  деңгейдегі  дискуссиялық 

клуб  мәжілісінің  кезекті  отырысы  өтті. 

Мәжілісті Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 

педагогика 

ғылымдарының 

докторы, 

профессор,  ҚР  ҰҒА-ның  корреспондент 

мүшесі Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашты. 


83

82

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Ол  мәжілістің  ашылу  салтанатындағы 

өз  сөзінде:  Бүгінгідей  өркениетті  заманда 

жастар тәрбиесіне ерекше мән беріліп отыр. 

Тәрбие  –  ұлттардың  нығаюының  және 

ұлттық сана-сезімнің дамуының бөлінбейтін 

тетігі болатын, сол арқылы әлемдік өркениет 

пен  мәдениеттің  дамуында  әр  халықтың 

өзінің  тарихи  тағдарын,  өзінің  орны  мен 

рөлін жете түсінуіне әкелетін құбылыс.

Осы 

тұрғыдан 



алғанда, 

Елбасы 


Н.Ә.Назарбаев тың Қазақстан халқына ар на-

ған 2012 жылға «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»  Жолдауында  оқыту  үдерісінің 

тәрбиелік  құрамдасын  күшейту  қажет» 

–  деп  атап  көрсетуі  тәрбие  мәселесінің 

маңыздылығын айқындай түседі.

Бүгінгі  таңда  тәрбиенің  саясаты  жас-

тарды  ұлттық  абырой  мен  беделді,  аза мат-

тық  бірегейлікті,  патриотизмді,  толерант-

тылықты,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 

мәдениет  құндылықтары  мен  моральды 

меңгеруге, тәрбиелеуге бағытталған. 

Ұлттық  тәрбиенің  мақсаты  –  жас-

тардың  тарихи  және  әлеуметтік  тәжірибені 

меңгеруі,  рухани  мұраларды  иеленуі, 

ұлтаралық  қарым-қатынастың  жоғары  мә-

дениетіне  қол  жеткізуі,  қоғамның  әлеу-

меттік  даму  жағдайына  әлеуметтенген,  ин-

тел лектуалды  әлеуеті  қалыптасқан,  халық 

бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы мен дер-

бестігін  қорғай  алатын  патриот-азаматты 

қалыптастыру болып табылады.

Республикада  университетімізде  тұңғыш 

рет ашылған Ұлттық тәрбие кафедрасының 

профессор-оқытушылар  құрамы  ұлттық 

тәр бие  бағытында  бірнеше  ғылыми  іргелі 

және  қолданбалы  жобаларға  қатысып, 

оқу  үдерісіне  енгізілген  ұлттық  тәрбие 

пәнінің  ғылыми-теориялық,  әдістемелік 

жағынан  қазақ  және  орыс  тілдерінде  қам-

тамасыздандырылуына үлес қосты:

–  Қазақстан  Республикасының  сту-

дент  жастарына  ұлттық  тәрбие  беру 

тұжырымдамасы жасалды.

–  Ұлттық  тәрбие  элективті  курсының 

типтік  оқу  бағдарламасы  дайындалды, 

ол  екі  модулден  тұрады:  «Ұлттық  тәрбие 

негіздері»  (2  кредит),  «Әдеп  негіздері»  (1 

кредит), «Абайтану» (1 кредит):

–  Ұлттық тәрбие негіздері», «Абайтану» 

оқу құралдары, таңдамалы дәрістер жина ғы 

басылып шығарылды.

–  Халықаралық 

деңгейде 

«Ұлт-

тық  тәрбие»  журналы  ашылды,  жал-



пы 

дискуссиялық 

клубқа 

қатысқан 



ғалымдардың,  мамандардың  мақалалары 

журналға жарияланып отыр.

Сонымен қатар «Ұлттық тәрбие» сериясы 

бойынша:  Ұлттық  тәрбие:  салт-дәстүр, 

әдеп-ғұрып  негізінде»,  «Ұлттық  тәрбиенің 

этика-эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәр-

бие  және  дін»,  «Салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру» және т.б. оқу құралдары ба-

сылып шығарылды.

Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  бұйрығымен  2009  жы-

лы  университет  жанынан  ұлттық  тәрбие 

жөніндегі  Республикалық  үйлестіру  кеңесі 

құрылды.


Ұлттық  тәрбие  дискуссиялық  клубы 

ашыл ғаны өздеріңізге белгілі. Бүгінгі таңға 

дейін дискуссиялық клубта

–  Тұлғалар дәрісі;

–  Отбасындағы ұлттық тәрбие;

–  Балабақшадағы ұлттық тәрбие;

–  Жалпы білім беретін орта мектептегі 

ұлттық  тәрбие  тақырыптарында  дөңгелек 

үстел  ұйымдастырылып,  республикадағы 

белгілі ғалымдар, жоғары педагогикалық оқу 

орындарының  профессорлары,  облыстық, 

қалалық  білім  департаменттерінің,  мек-

тептерінің  басшылығы,  мамандары,  тә-

жіри белі  мұғалімдері  шақырылып,  ол-

ар дың  ұлттық  тәрбие  жөніндегі  ой-

пікірлері,  көзқарастары  талқыланып,  тиісті 

тұжырымдар жасалды. 

Бүгінгі  өткізіліп  отырған  дискуссиялық 

клуб  жұмысы  жоғары  мектептегі  ұлттық 

тәрбие  мәселелеріне  арналады.  Аталған 

дискуссиялық  клуб  отырысына  белгілі 

ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұлттық тәр-

бие  мәселесін  зерттеп  жүрген  әр  саланың 

мамандары  қатысып  отыр.  Республиканың 

барлық  аймақтарынан,  қоғам  қайраткері, 

философия  ғ.д.,  профессор  А.Айталы, 

п.ғ.д.,  профессор  Ж.Ж.Наурызбай,  п.ғ.д. 

және  псих.ғ.д.,  ұлттық  психология  ғылым-

дарының  негізін  салушы,  профессор 

Қ.Б.Жарықбаев, педагогика ғылымдарының 

докторлары, 

профессорлар 

Қ.Бөлеев, 

Г.Т.Тұр сын ова,  К.Ж.Кожахметова,  Ш.Т.Тау-

баева,  Ә.Табылдиев,  Ш.И.Жанұзақова, 

Д.М.Жүсіпәлиева,  А.С.Магауова,  Х.Қ.Шал-

ғын баева, 

С.Қ.Әбділдина, 

Ш.Сатие ва, 

К.Ж.Төребаева,  Ғ.М.Кертаева,  Е.Ө.Жұма-

таева,  ғылым  кандидаттары  Г.Белгібаева, 

М.Құрсабаев,  Қ.Анарбаев,  Р.С.Қасымова 

т.б.  Осы  мәжілістің  ұйымдастырылуына 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогика-

лық  универсиетінде  ұлттық  тәрбие  беру 

мәсе лесін  жандандыруға  және  аталған 

дис куссиялық 

жұмысқа 


университет 

ғалымдары  К.Н.Нарибаев,  М.Мырзахмет-

ов, 

М.Қойкелдиев, 



Ж.И.Намазбаева, 

М.А.Нуриев,  Ф.Ш.Оразбаева  т.б.  және 

«Ұлт тық  тәрбие  және  өзін-өзі  тану» 

кафедрасының 

профессор-оқытушылары 

бел сене ат салысты.



85

84

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Дискуссиялық  клуб  пікірсайысында 

«Ұлттық  тәрбие  және  өзін-өзі  тану» 

кафедрсының  меңгерушісі,  п.ғ.д.,  про-

фес сор,  ХБҒА-ның  академигі  Сауле 

Тоқтарқызы 

Иманбаева 

«Жоғары 


оқу  орындарында  ұлттық  тәрбие  беру  – 

әлеуметік  педагогикалық  мәселе»  атты 

тақырыпта  өз  баяндамасын  жасады:  «Біз 

бүгінгі  баяндамамызда  мынандай  ауқымы 

зор,  келелі  мәселеге  көңіл  аударғымыз 

келеді.  Біздің  алдымызда  тұрған  негізгі 

міндет  –  ұлттық  мәдениет  пен    әлемдік 

өркениетті  өзара  сабақтастыра  отырып 

бүгінгі  ХХI  ғасыр  ағымына  лайықты  тұлға 

қалыптастыру.  Жоғары  оқу  орындарында 

ұлттық  тәрбие  беру,  жалпы  тәрбие  беру 

–  бүгінгі  күн  тұрғысынан  алғанда  өзекті, 

әлеуметтік 

  педагогикалық  мәселелердің 



бірі болып табылады. 

Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесінің  ал-

дында  жігерлі,  батыл,  интеллектуалды 

қасиеті  жоғары  азамат  тәрбиелеу  міндеті 

қойылып отыр. Бұған бүкіл қауым – ата-ана, 

қоғам,  зиялы  қауым  өкілдері  болып  ат  са-

лысқан жағдайда өз шешімін табуы сөзсіз. 

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  әр 

жылғы  жолдауларында,  «Интеллектуалды 

ұлт  –  2020»  жобасында  ұлттық  білім 

беру  жүйесін  әлемдік  білім  жүйесімен  кі-

ріктіру,  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 

барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру 

стратегиясы, ақпараттандыру технологиясы, 

негізгі  халықтың  рухани  –  адамгершілік 

құндылықтарын дамыту стратегиялық бағыт 

болып отыр. 

  білім  беру  жүйесін  жаңашылдық  тұр-



ғыда дамыту;

 білім беру жүйесін, жалпы қоғамды ақ-



параттандыру; 

  тұлғаның,  болашақ  ұрпақтың  ұлттық 



мәдени  құндылықтарын  қалыптастыруға 

негізділген  рухани-адамгершілік  тәрбие 

беру  жобаның  негізгі  бағыттары  болып 

табылады. 

«Интеллектуалды  ұлт  –  2020»  жоба-

сында  негізгі  бағыттардың  бірі  рухани-

адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру 

бағыты  бойынша  атқарылып  отырған  іс-

шараларға – бүгінгі Абай атындағы Ұлттық 

педагогикалық  университеті  аясында  ат-

қарылып  отырған  жұмыстар  негіз  бола 

алады. 


  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  бұйрығымен  Үздіксіз 

білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие беруге 

байланысты  Республикалық  үйлестіру 

кеңесінің  құрылуы.  Үйлестіру  кеңесінің 

мүшелері  елімізге  танымал,  қоғам  қайрат-

керлері мен белгілі ғалымдар.

 Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында 



жоғары  оқу  орындарында  тәрбие  берудің 

жаңашылдығы  Тәлімгерлер  институтының 

құрылуы.  Тәлімгерлер  институты  Қазақ-

стан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру 

жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасында 

берілген  тәрбиенің  бағыттарын  толықтай 

қамтып  отыр.  Мемлекеттік  деңгейде 

дайындалған  тұжырымдаманың  негізгі 

өзегі  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  минситрлыгы  дайындаған 

«Үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие 

тұжырымдамасындағы»  бағыттар  жан-

жақты  қамтылған.  Тәрбиенің  басым 

бағыттарына: 

1. 

Азаматтық-патриоттық,  құқықтық 



және полимәдениеттік тәрбие; 

2. 


Рухани-адамгершілік тәрбиесі 

3. 


Өзін-өзі  тану  мен  өзін-өзі  дамыту 

қажеттілігін қалыптастыру.  

4. 

Коммуникативті мәдениетті қалып-



тастыру 

5. 


Эстетикалық тәрбие 

6. 


Дене  тәрбиесі  мен  салауатты  өмір 

салтын және денсаулық қорғаушы орта 

7. 

Еңбек және экономикалық тәрбие 



8. 

Кәсіби-шығармашылық тәрбие 

9. 

Интеллектуальді  мәдениетті  дамы-



туды қамтиды

Студенттің  интеллектуалды  әлеуетін  қа-

лып тастыру  –  белсенді  ойлау  қызметінің 

дамуын,  негізгі  құндылықтарды  және 

осы  заманғы  ғылыми  дүниетанымды 

қалыптастыру,  олардың  сана-сезімінің 

сенімді  және  қажетті  біліммен  толығуын, 

ақыл-ой  қабілеті  мен  білімге  құмарлығын 

дамыту.

Студенттің  ителлектуалды  әлеуетін  қа-



лып тастыру  идеясы  Абай  атындағы  Қазақ 

ұлттық  педагогикалық  университетінің 

Тәр бие  тұжырымдамасында  жан-жақты 

қарастырылып отыр. 

Студент  жастардың  рухани-адамгерші-

лік  әлеуетін  қалыптастыруда  2008  жылдан 

бастап «Ұлттық тәрбие» элективтік курстың 

университеттің  оқу  тәрбие  үдерісіне  ен-

гізілуін  атап  өтуге  болады.  Республика-

да  алғаш  рет  университет  ректоры 

С.Ж.Пірәлиевтің  басшылығымен  «Ұлттық 

тәрбие»  кафедрасы  ашылды,  «Абайтану», 

«Тұлғатану» орталықтары құрылды. 

«Ұлттық  тәрбие»  атты  республикалық 

деңгейде  ғылыми  журнал  жарыққа  шықты. 

Аталған  журналды  Халықаралық  журнал 

деп  атауға  болады,  себебі  журнал  Франция 

мемлекеті Парижде Халықаралық орталық-

та  тіркелген.  Журналдың  халықаралық 

деңгейде  жетістікке  жетуіне  белсене  ат 

салысқан  ғалым,  Жаңашыл  технологиялар 

және  білім  мазмұны  ғылыми  зерттеу 

институтының директоры М.А.Нуриев. 

Жоғарыда  көрсетілген  іс-шаралардан 

біздің  қоғамда,  әсіресе  Абай  атындағы 

Ұлттық  университетте  атқарылып  отырған 

іс-шаралар  тұлғаның  рухани-адамгершілік 

құндылықтарын  қалыптастыру,  ұлттық 

тәрбие  мәселесіне  аса  көңіл  бөлінгенін 

байқауға болады. 

Кезінде  алаштың  азаматтары  негізін 

қалаған  ұлттық  білім  беру  жүйесі  бүгінгі 

таңда  өз  дәрежесінде  жалғасын  тапқанын 

көруге болады. 

ХХ  ғасырдың  басында  ұлт  зиялылары 

А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Ж.Аймауытов, 

М.Жұмабаев  т.б.  ұлттық  білім  мен  тәрбие 

жүйесінің негізін қалады. Зиялы қауым өкіл-

дірі нің  негізгі  миссиясы  –  бақытты  зиялы 

ұлтты қалыптастыру еді. 

Алғашқы  «Педагогика»  оқулығының  ав-

торы  М.Жұмабаев  ұлттың  бақытты  болу 

үшін  неге  көңіл  аудару  керек  екенін  нақты 

көрсете білді. 

Ғалымның  айтуынша  «Ұлт  бақыты  – 

тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол  адамның, 

ұлтын  асса,  барлық  адамзат  дүниесін 

бақытты  қылу.  Ұлт  мүшесі  –  әрбір  адам 

бақытты  болса,  ұлт  бақытты,  адамзат 

дүниесінің  мүшесі  –  әрбір  ұлт  бақытты 

болса,  адамзат  дүниесі  бақытты”,  –  қоғам 

мүшелерінің бақытты болуы ұлт бақытының 

негізі екеніне тоқталады. 

Осыдан  бір  ғасыр  бұрын  жазылған 

тұжырым  ХХI  ғасыр  қоғамын  қалып-

тастыруда  негізгі  мұрат  болып  табылады. 

«…  әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының 

арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын 

болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт 

тәрбиесімен  тәрбие  қылуға  міндетті»,  – 

деп ұлттық тәрбиеге аса мән береді. 

Расында  да,  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен 

ХХI  ғасыр  басында  тәуелсіз  елімізде 

қоғамдық  даму  үрдісінде  ұлттық  рух, 

ұлттық  тәрбиеге  деген  бетбұрыс  айқын 

байқалады.  Ұлттық  парыз,  намыс,  сезім, 

сана, рух, т.б. құндылықтар ұлттық идеяның 

негізгі  көрінісі  болып  табылады.  Ұлттық 

идея  –  рухани  құндылықтарды  жаңғыртуда 

үлкен дем береді. Ұлттық рух – бұл ұлттың 

ішіндегі  жеке  адамның  асыл  белгісі  мен 

қасиеті. Ұлттық идея – ұлттық болмыстың, 

тарихтың көрінісі.

Жас ұрпақ бойындағы ерлік пен елдіктің 

рухын  себетін  негізгі  күш  –  туып  өскен 

жері  мен  елі,  ұлттық  мұра  мен  ұлттық 

байлығымыз екені дау туғызбайды. Ұлттық 

рухты қалыптастыруда жеке адамның рухы 

мен  халықтың  руханилығы  негізгі  орын 

алады. 

Қоғамда  ұлттық,  ұлттық  патриотизм, 



ұлттық  тәрбие  ұғымына  әртүрлі  көзқарас 

бар.  Ұлттық  деген  ұғымды  жекеленген, 

оқшауланған ұғым деп қабылдауға тырысады. 

Жоқ, ұлт бар жерде, ұлттық патриотизм бар. 

Қазақ  халқының  жер  бетінен  жойылмай 

сақталуы  да  ата-бабаларымыздың  ұлттық 

рухының  жоғары  болуында  десек  артық 

айтпаған  болар  едік,  яғни  бұл  –  тарихи 

шындық. 

Ұлтжандылық  дегеніміз  –  елі  мен 



87

86

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жерін,  халқының  бостандығын  және 

мемлекет  ретінде  тәуелсіздігін  сақтау,  ұлт 

намысын  жоғары  дәрежеде  ұстау  үшін 

күресу. Яғни, аталған идеяларды іске асыру 

бүгінгі  жаһандандыру  үрдісінде,  ұлттық 

идеялардың  әлемдік  идеялармен  өзара 

сабақтастыру  жағдайында,  Қазақстанның 

әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  мемлекеттер 

қатарынан  көрінуі  тұтас  педагогикалық 

процестен  күрделі,  түбірлі  өзгерісті  талап 

етеді.


Философиялық  тұрғыда  «ұлттық  идея», 

«ұлттық  идеология»  елдің  іргетасын 

қалыптастырады»,  –  деген  тұжырым 

жасайды.


Осы 

тұрғыдан 

алғанда 

философ 


Ә.Нысанбаевтың  «Қазақстан  секілді  бір-

тұтас  унитарлық  елде  «ұлттық»  және 

«мем лекеттік»  сөздері  бір  ғана  мағынада 

қолданылуы  қажет.  Әлемдік  түсінікте  де 

солай. «Ұлттық идея» десе мемлекеттік идея  

деп  біледі.    Біз  бұдан  былай  осы  түсінікті 

бойымызға сіңіруіміз қажет.

Философ  А.Айталының  тұжырымдауы 

бойынша  “Өркениетті  ел,  ұлт  деп  мә-

дени  құндылықтарды  өз  бойына  сіңі-

ре  білген,  өз  ерекшеліктерін  басқа 

өркениетпен  ұштастырылған  мемлекеттер 

мен  халықтар  ажыратылады”  деп  атап 

көрсетсе,  «Этникалық  мәдени  білім 

беру» 

тұжырымдамасының 



авторы 

Ж.Ж.Наурызбаев  ұлттық  идеологиямыздың 

негізі  болып  табылатын    ана  тілі,  ұлттық 

мәдениет мәртебесі «Қай халық үшін де ұлы 

мұрат ана тілі мен төл мәдениетін сақтау жә-

не болашаққа аманаттау міндеті – ең алды мен 

білім  беру  саласымен  байланысты»  деген 

тұжырымдары бүгінгі біздің педагогика ғы-

лымының,  ұлттық  тәрбие  пәнін  оқытудың  

әдіснамалық  негізі болып табылады.

Ғалымдардың  еңбектерін  зерделей  келе, 

жалпы философия, психология, әлеуметтану, 

филология  т.б.  ғылымдары  саласы  бойын-

ша  көптеген  іргелі  зерттеу  жұмыстары 

жүргізіліп  отыр.  Университет  ректорының  

басшылығымен  «Жоғары  оқу  орындары 

жағдайында  ұлттың  зияткерлік  әлеуетін 

қалыптастыру»  атты  ғылыми  жобаға 

алыс  және  жақын  шетел  ғалымдарымен 

бірлесе  отырып  іргелі  зерттеу  жұмыстары 

жүргізілуде.  Аталған  жобаның  нәтижесі 

ретінде  «Қазақстан  Республикасы  үздіксіз 

білім  беру  жүйесінде  интеллектуалды 

ұлт  қалыптастыру»  атты  тұжырымдама, 

«Жоғары  оқу  орындары  жағдайында 

зияткер  ұлт  әлеуетін  қалыптастыру»  атты 

монография дайындалды. 

Ерекше  атап  өтетін  жағдай  «Ұлттық 

тәрбие» пәні Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік 

кеңесінде  педагогикалық  мамандықтар 

бойынша  білім  бағдарламасына  енгізіліп 

отыр.  «Ұлттық  тәрбие  негіздері»  атты 

элективті  курсында  қамтылған  мазмұнның 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 

тарапынан  2012-2020  жылға  дайындалып 

жатқан  мемлекеттік  кешенді  бағдарламада 

көрініс  беруі  үлкен  нәтиже  деп  бағалауға 

болады.  Аталған  бағдарламаны  дайындауға 

қоғам  қайраткерлері,  депутаттар  мен 

көрнекті  ғалымдардың  ішінде  университет 

профессоры Н.Н.Хан қатысты. 

Дискуссиялық клубта қамтылып отырған 

ұлттық  тәрбие,  интеллектуалды  әлеуеті 

қалыптасқан  тұлғаны  қалыптастыру  тек 

педагогикалық  мәселе  тұрғысынан  ғана 

қарастырылмайды. Бұл мемлекеттік мәселе. 

Н.А.Назарбаевтың  “Тарих  толқынында” 

атты  еңбегінде  ұлттық  келбетті  ұлықтау 

үшін ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті 

танып, түсіну арқылы, мемлекет дамуының 

жалпы бағыттарын нақтылау көзделген. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

еңбектерін,  әр  жылдардағы  халыққа  жол-

дау ларын  талдай  келе,  қазақ  деген  халық-

тың    әлемдік  дәрежеде  танылуы,  оның 

ұлттық  рухында,  болмысында,  ұлттық 

санасында,  танымында,  мінезінде,  ділінде, 

т.б.  екенін  негіздей  отырып,  ұлт  келбетінің 

сипаттамасын айқындайды (Сызба 1).



ҰЛТ КЕЛБЕТІ:    

            Ұлттық сана              

                                                            Ұлттық тарих           

                                                                  Ұлттық сезім      

                                                                           Ұлттық тіл

                                                           Ұлттық құндылық

                                                                  Ұлттық дәстүр

                                                                        Ұлттық салт

                                                                   Ұлттық мүдде

                                                             Ұлттық қасиет

                                                         Ұлттық болмыс

                                                    Ұлттық таным

                                               Ұлттық жадын

                                          Ұлттық намыс

                                     Ұлттық мұрат

Сызба 1  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

еңбектеріндегі ұлт келбетінің сипаттамасы

Елбасы  “Бүгінгі  идея  –  еліміздің 

бүтіндігін,  тыныштығын,  тәуелсіздігін 

сақтап,  оның  экономикасы  мен  мәдениетін 

дамыту,  ілгері  тұрған  елдермен  теңдес 

болу”  және  “ұлтаралық  бірлікті  сақтаушы 

атамекеннің иесі – қазақ халқы”, – деп қазақ 

халқына, ұлтымызға үлкен сенім артады.

Автор  еңбегінің  ғылыми  негізі  мынада: 

“ұлттық идея дегеніміз ол біздің арманымыз 

(егемендігімізді,  тәуелсіздігімізді  сақтап 

қалу),  намысымыз  (бақытымызды  мықтап 

ұстау,  айырылып  қалмау),  сеніміміз 

(еліміздің  ұдайы  дами  беруі),  тірегіміз 

(еліміздің  тыныштығы,  бейбітшілік,  басқа 

елдермен достық қарым-қатынастарымызды 

арттыра беру).

Біздің  басты  ұлттық  идеямыз  –  қазақ 

екендігімізді,  мол  тарихымыз,  бай  тіліміз, 

адамгершілікке  негізделген  әдет-ғұрпымыз, 

салт-санамыз,  орасан  зор  ауыз  әдебиетіміз, 

кең  дамыған  дүниетанымымыз,  биік 

рухымыз,  жайдары-жайсаң  мінезіміз  бар, 

батыл да, батыр халық екендігімізді әлемге 

жеткізу,  әлем  тарихынан  өз  орнымызды 

табу”.


«Тарих  толқынында»  атты  еңбекті  

ғылыми  зерделегенде  мемлекет  алдындағы 

негізгі  ұлттық  мұрат  –  халық  бірлігі, 

мемлекетіміздің  тұтастығы  мен  дербестігі, 

ұлттық  құндылықтар  негізінде  өркениетті 

елдер қатарында болу (Сызба 2)



Негізгі ұлттық мұрат (идеал)

халық                Мемлекеттік              Мемлекеттік                 Өркениеттілік

бірлігі                  тұтастық                  дербестік

Сызба 2 – Тәуелсіз Қазақстан Президентінің мемлекеттік мұраты

89

88

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Қазақ халқы елі мен жерін жауға бермей 

ұрпақтарына аманаттауы бұл ұлттық рухтың 

биік  шыңы  деуге  болады.  «Қазақ»  деген 

терминнің өзі ер, ер жүрек деген мағынадан 

туындағандықтан, 

ұлттың 

бойындағы 



қасиеттер  де  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан 

мұра іспеттес.

Қазіргі  таңда  ұлттық  идеологияның  іске 

асыруда, яғни интеллектуалды тұлға әлеуетін 

қалыптастыруда  университет  ректорының 

басшылығымен  және  ғылыми  зерттеу 

орталықтары,  институттары,  кафедрадағы 

профессор-оқытушылар құрамы көптеген іс-

шаралар  жасап  отыр.  Ұлттық  идеологияны 

іске асырудың бір жолы – университеттің оқу 

тәрбие  үдерісіне  енгіліп  отырған  «Ұлттық 

тәрбие»  пәні.  Үш  жылда  ғылыми-зерттеу 

жұмысының  жетістігін,  жеткен  нәтижесін 

айқындауға  мүмкіндік  болды.  Эксперимент 

нәтижесі жақсы көрсеткіштерді беріп отыр. 

Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие 

беру әлеуметтік-педагогикалық тұрғысынан 

қарастыратын болсақ ­ қоғамның әлеуметтік 

даму  жағдайына  әлеуметтенген,  ұлттық 

пен  өркениеттік  мәдениетті  менгерген, 

интеллектуалды  әлеуеті  қалыптасқан,  ха-

лық  бірлігі,  мемлекетіміздің  тұтастығы 

мен  дербестігін  қорғай  алатын  патриот  - 

азаматты қалыптастыру болып табылады». 

Келесі баяндаманы п.ғ.д., Абай атындағы 

ҚазҰПУ-нің  «Ұлттық  тәрбие  және  өзін-

өзі  тану»  кафедрасының  профессоры  хан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет