Мәңгүрттік мінезді тәрбиелеу
Тексіздіктен, ділсіздіктен, тілсіздіктен,
жатжұрттықтан, жаутанымастықтан, отан-
сыздықтан, опасыздықтан пайда болатын
мәңгүрттік мінез адами қасиеттерді жояды.
Басқа елде өсіп «басқаша» тәр бие-
ленгендіктен мәңгүрт адам тегін білмейді.
Ататектің асыл қасиеттерін көрмей, білмей
өсіп, ұлттық (тектік) болмысы жоқ болады.
«Адамға екі нәрсе тірек – тегі: Бірі – тіл, бірі
– ділі жүректегі» деп, Жүсіп Баласағұн нағыз
адамның, тіректің қасиеттерін түйіндейді.
Тілі, ділі ұлттық болмаған соң, ол «миқұла»
ұлтын сыйламайды.
Әрбір тұлғаның ұлттық қасиеті өзінің
ұлттық тілінде қалыптасады, ал басқа ұлттың
ішінде өскен, өз ұлтын білмейтін адамның
«қаны бір», жаны басқа болады да, басқа
ұлтты (өзінің бірге өскеніне қарай) артық
көріп, бірақ ділі дүдәмал, жаны жалтақ,
тілі дөрекі болады. Әдептілік, имандылық,
инабаттылық,
ізгілік,
қайырымдылық,
өнер паздық, шешендік сияқты қазақтың
ұлттық қасиеттерінің бірде-бірін білмейтін
мәңгүрт, тегін кемсітіп, жек көреді. «Ана
тілін білмесең, ағайынсың кімге сен?» деп,
халық адами қасиет ана тілімен ғана бойға
сіңетінін түйіндеп айтады.
Отансыз өскен адам опасыз болады. Онда
ұлттық, елдік, отандық сезім болмағандық-
тан тегіне, отанына жақсылық жасай ал-
майды, қайта опасыздық жасайды. «Не
ол емес, не бұл емес» болып, мәңгүрттің
«мәдениеті» де, рухы да күңгірт, күйдіргі
болады.
Мәңгүрттік өз отанында жүрген кейбір
кесірдің бойында да болады. Өз ана тілін
біл мейтін, білгісі келмейтін, басқа тілде
«батыл» сөйлеп, өзін өзгеден биік санап,
санасын сасытатын мәңгүрт адам, адами
қасиеттерінен айырыла бастайды. Мәң гүрт
өзін-өзі тәрбиелемесе, оған сөз жұқпайды.
Мейірімсіздік мінезді тәрбиелеу
Шапағатсыздықтан, қатігездіктен, қара-
ниет тіліктен, тасжүректіктен, әдепсіз діктен
пайда болатын мейірімсіздік – қырсық.
Мейірімсіз адамның адам баласына
мейір-шапағаты болмайды. Балаға мейрлену,
ата–анасын сүю, туылын туғандай қадірлеу
дегенді білмейтін «білешөк»
Қатыгез, қатал адам дөрекі сөйлеп,
дөңайбат көрсетіп, жан біткенге жаны
ашымай, қатарленетін қаталдық жасайды.
«Үлкене мейір болмаса – кішіде пейіл
болмайды». Мейірімсіздік ерге зиян, елге
жау.
Мейірімсіздік, көбнесе, қара ниеттіліктен
пайда болады. Жақсылық істеудің орнына,
жамандық жасап, көре алмай «көрсоқыр»
болып, қара ниетті адам адамгершілікті
жойып алады.
«Байда мейір, кедейде пейілде жоқ, Адас-
тырған екеуін құдайым – ай» деп, Абай
дана тас жүрек адамдардың қоғамдағы
қорлықтарын ашына сипаттайды. Тас-
жүректік – адамзатқа қас.
Мейірімсіз адам әділетсіз болады,
жақсыны жақсы деп айта алмай, «іші
күйеді», әдеп сақталмай, әбірге түсіп,
айналасына арсыздықтың уын шашады.
«Қатыгез болса мінезің, жалғыз қаларсың
өзің» деп, халық мейірімсіз адам түбінде
азап көретітін дәлелдеп, жұртқа мейірімді
болуды уағыздайды.
Мейірімсіздік мінезді дәлелдеу, мойын-
дату, үлгі өнеге көрсету тәсілдерін тәрбие леу
керек.
Менмендік мінезді тәрбиелеу
Өзімшілдік, өркөкіректік, өзін білермендік,
өктемшілдік, өрескелдік, өрсіздік арқылы
пайда болатын менмендік мінез басшының
басқаның сағын сындырады.
Өзімшілдікпен «мен білемін, менікі дұ-
рыс, мен артықпын, мен озықпын, мен
жақ сымын яғни мен, мен, мен» деп, өзін-
өзі артық санап, өрікпеген адам менмендік
мінезбен өзінің «осалдығын» білдіріп опық
жейді.
Өркөкірек адам өзгенің жақсылығын
«жақ тырмай, жетістігін жете білмей, өзін
мақтап, өзгені табалап, көкірегін көтеріп,
асылдан алға батырмайды» «Мен деп кеуде
қақпаңыз, адамдықты сақтаңыз».
Өзін білермандық жасап, менменшіл
адам, басқаның байыбына бармайды, өз
ойын, өз шешімін ұсынып, ұрыс-керіс шыға-
рып, теріс ойын тексініп, тепсініп, айтқаны-
нан қайтпайды.
Өктемшілік пен менменшіл адам, өзге-
нің құқығын құртса, өзінің жаман ойын
жариялайды. Көбінесе, бүлік басында
жүрген адам басынан басып жіберіп,
әділдікті бұзады.
Менменшіл адам өрескел «қылық»
көрсетіп, құқұқтық құлықты базады.
Мазмұнсыз мақтаныш жеңген менменшіл
адам, қылмыстық әрекет жасағаннын өзі де
білмей қалады. «Өзімдікі дұрыс!» деп, өре
тұрады.
Өре тұрып, өзгенің мысын басып,
доңайбат көрсетіп, менменшілдікті көпшілік
жек көріп, «жеріне жеткізеді».
Менмендік мінез көбінесе өрескіл ойдан,
ақмақтықтан пайда болады да, мінез иесінде
77
76
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әдептілік байқалмайды. Әдепсізді әлем жек
көреді, оның халық тәліміне көп кедергісі
тиеді. «Өресіздің өңмені биік, ойы аласа
болады да» оны арсыздыққа апарады.
Менмендік мінезді менмендік мерт қы-
лады деп дәлелдеу, мойындату, мәжбүрлеу,
талап ету тәсілдерімен, ұжымдық және жеке
тәлім арқылы тәрбиелеу керек.
Салғырттық мінезді тәрбиелеу
Немқұрайлықтан, кернаулықтан, бей-
берекет тіктен, еріншектіктен, жауап сыз-
дықтан, санасыз, салақтықтан пайда бо-
латын, салғырттық мінез.
Әрбір іске, құбылысқа немқұрайлы қарап,
«арқан ессе, бас ессе» адам салғырттық
мінездің кесірінен, сан соғады. Әрбір істің,
құбылыстың құрылымы, реті бейқамдықтан
бұзылады.
Салғырт адамның іс-әрекеті бей-бе-
рекет болады. Өйткені ол, іс жүзесін
қалыптастыруды ойламайды. Жүйесі қалып-
таспаған, іс-әрекет толық нәтижесі болмайды.
«Салғыртттық сағыңды сындырады» дейді
халық. Салғырт болма, саналы бол.
Еріншектік салғырттық мінезге себепші
болады. «Еріншектің ертеңі таусылмайды»
дейді халық. Ертеңін ойламаған адамның
ертеңі жүйесіз болады. «Жүйесіз еңбек
иесіз» болып, қырсығын табады.
Салғырт адам әрнәрсеге жауапсыз қарай-
ды. Іс-әрекеттің әр түрлі құбылыстарына
жауап сыз қарау – адамның адами қасиетін
бұзды да, қилы әрекетте қырсығын тигізеді.
«Салғырт деме, сал қырт» де деп, халық,
салғырттықты қарғайды.
Салғырттық негізінде санасыздықпен
байланысты. «Салғыртта сана жоқ, саяқта
пана жоқ» дейді халық. Есті адам ақыл жинап,
адамдық әрекетке тура қарап, тұлғалық
бейнесін көрсетеді. Санасын сауықтырмаған
адам опық жейді.
«Салақтықтың салы суға кетеді» дейді
халық. Салғырттықтан пайда болған салақ-
тық, «сананы бұзып» ұятқа қалдырады.
«Олақтан салақ жаман» деп халық бекер
айтпаған.
Салғырттық мінезді сынау, дәлелдеу,
мойындату, талап ету, мәжбүр ету, көрсету
тәсілдері арқылы тәрбиелеу керек.
Сараңдық мінезді тәрбиелеу
Қанағатсыздықтан, дүние құмарлықтан,
іштарлықтан, қараниеттіліктен, қанпезер-
ліктен, көзтоймастықта пайда болатын
сараңдық мінез – жазылма дерт.
Сараң мінезде қанағат болмайды. «Кедей
байға жетем дейді, бай құдайға жетем дейді».
«Қанағатсыздықтан – қарын тоймайды». Ол
«алсам» дейді, біреуді ойламайды. «Жетіқат
дүние» оған аз болып көрінеді. Байыпсыз
жан бар дүниенің бағасын білмейді, тек
жинайды.
Дүние құмар сараң дүниені қанша жина са
да, оның қадірін білмейді және де пайда ла ну
жолдарын ойламайды. «Сараңдықтың – іші
тар, айтатыны – зар» деп, халық ішітар мен
сараң ның «сан соғып қалатынын» ескертеді.
Іштарлық ірітеді, қоғамға кесірін тигізеді.
Сараң адам – қараниет. Ол ешкімге де
тіпті анасына да жақсылық жасамайды, қа ра
ниеттілікпен халыққа зиян келтіретін кесерлі
әрекет жасайды ды, елден қарғыс естейді.
Сараңдық қастектекілік әрекет жасап,
жақсы ның жанына тиіп, аяғынан шалып,
айуандық жасайды.
Қарнын ойлап, қан пезерлікпен халықты
тонап, байыса өз еліне сыймай отансыз
болып, отандарынан кететін көз тоймастар
болады.
Көзтоймас көрлаттық құлықпен ақша
үшін анасын сатқан, санасы сырсыған
сараңдар – қоғамның шіріген жұмыртқасы
болып, іріген әрекет жасайды.
Сараң «жоқ» деп қайталайды, «бар» деп
айта алмайды, «Сараңның жүрісі – дара,
ниеті – қара» деп халық сараңдық мінезінен
аулақ болуды ескертеді.
Сараңдық мінезді дәлелдеу, түсіндіру,
көзсету, көзін жеткізу тәсілдері арқылы
тәрбиелеудің әсерлі әдістемесі керек.
Тәккәпарлық мінезді тәрбиелеу
Мастанғандықтан,
мансапқорлықтан,
мен меншілдіктен, асқынудан, ақымақтық-
тан пайда болатын тәкапарлық жеке тұлға-
ның жетесіздігін көрсетеді.
Байлыққа, мансапқа, бақытқа, атаққа мас-
танған адам есі кете, елеріп, танауын көте-
ріп, тарпақтанып, әдепсіздік көрсетеді. «Екі
көзің елеріп, құр қарайсың аспанға» деп,
Абай дана масаиған адамды қатты мінейді.
Мансапқа ие болса, маңғазданып, марғау
тартады, туғанына тура қарамай, еліне
елеріп мансапқор «Құдайды құлағынан
ұстағандай» тәккәпарланып, тантып кетеді.
«Ұлық болсаң да кішік бол», «кішілікте
–
кісілік» дейді халық.
Менмаясы тасып, менменшілдік жең-
ген адам өзін басқа өр адам жоқ деп
өркөк ректеніп, өрге қарап, өз меділігін
адам баласына адамша қараудан қалады.
Менмендіктен мейірі жоғалып, қандасына
қарайып, халқына қасірет әкелетін тәк-
кәпарды өмір өркендетпейді.
Тәккәпар адам мейірімсіз болады. Ол
анасына да барланып, әкесіне әкіреңдеп,
туғанына ту сыртын бермей, халқын
қапаландырады. Отбасында от шашады, до-
сы жоқ «доқ» болады, қолынан билік кетсе,
қор болып, қоңқи түседі
Тәккәпарлықтан асқындаған адам өзін
«данышпан санап», даңқын шығармақ
болады, дандайысып далағы шығады. «Көп
асқанға бір тосқан» дейді халық. Ондай
асқан адам өз қылығынан өзі соққы көріп,
соры қайнайды.
Тәккәпарлық, негізінен, ақымақтықтан
пайда болады. «Кішілікте
–
кісілік» деп
халық ақылды адамның кісілігін жоғары
бағалайды. Есті ер, ақылды адамның
болмайды, әдепті, мейір – шапағаты болады.
Тәккәпар адам өз мінін мойындайды,
оның іс-әрекетін, жүріс-тұрысын дәледеу,
көрсету, сынау, жазалау тәсілдері арқылы
тәрбиелеу керек.
Ынжықтық мінезді тәрбиелеу
Жасқаншақтықтан, жасықтықтан, сенім-
сіздіктен, қорқақтықтан, қолапайсыздықтан,
қорғансыздықтан пайда болатын ынжықтық
мінез жеке тұлғаның жан күйіне, «жара-
тылысына» байланысты.
Қарашадайынан қиғажу көрініп өскен
адам жасқаншақ болады. «Ықаласты бол,
ынжық болма» дейді қазақ. Кейде биязды
мінез де жасықтық болып көрінуі мүмкін,
бірақ биязы мінезді адамның сөзі қисынды,
өзі сүйкімді болады.
Сенімсіздік сезім жеке тұлғаның сағын
сындырып, бағын қайтарып, ынжықтығын
арттырады. Өмірден соққы көрген адам, сол
соққының зардабын тартып, ынжық болады.
Ынжықтық, көбінесе, білімсіздіктен пай-
да болады. Іс-әрекетті, әр құбылысты толық
білмеген адам, ыңғайсызданып, ойын іске
асыра алмайды да, ынжық тіршілік жасай-
ды.
Өмірден секем алып сескенген, қор-
лығынан қорыққан адам өз мақсатын
орындай алмай опық жейді. Қорқақ адам
ынжық болып, қоғамдағы адами орнын
олпыландырады. «Тәуекел түбі желқайық,
жүзесің де, өтесің» дейді халық.
Қолы іске бара алмай, ойы ақылға жете
алмай, қолапайсыз болған адам, тіршіліктегі
«тіршілігін» көре алмай, ыңғайсыздықтан
ырықсыздық жасайды.
Үйренер үлгісі, сенімді сүйеніші жоқ,
қорғансыз адам өз ойын орайына келтіріп,
ісін ретіне келтіре алмай, қиналады да
ынжық болады.
Ынжықтық мінезді тәрбиелеу үшін
қамқорлық, қажырлық, байыпты бағалау, үл-
гілі үйрету тәсілдері керек.
Іштарлық мінезді тәрбиелеу
Тарпейілділіктен, қызғаншақтықтан, қы-
ты мыр лықтан, қараниеттіліктен, қарақан-
дықтан, сараңдықтан, санасыздықтан пайда
болатын іштарлық мінез – адамға қырсық.
Пейілі – тар, зейілі – зәр, адам ешкімге
жақсылық ойламайды, қимайды, біреудің
қуанышын көрсе, қуарып, табысын көрсе,
тарынып, өскенін көрсе, өртеніп, кең дүниені
тарылтып, талағынан жарылады да, көңілі
көтерілмейді.
Іштарлық, көбінесе, қызғаныштан пайда
болады. «Іші тар қатын ұл таппас» деп,
халық іштарлықтың кесір-кесапатын кесіп
айтады. Қызғанудан «іші күйіп, у жалайды».
Іштар адамның қолы
–
сараң, мінезі –
қытымыр болады. Алуға – бар, беруге – жоқ
79
78
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
берекесіз адам қытымырлықтың азабын
тартады. «Береген қолым
–
алаған» деп,
қазақ халқы қытымырлыққа ұрпағын қарсы
тәрбиелейді.
Іштар адам – қараниетті, ол әркімге
жамандық ойлайды, біреу
–
өлсе, «жері кеңіп
қалғандай» сезімде болады, біреу жамандық
көрсе, «сауап бопты дейді».
Іштар адам қарақан басын ғана ойлайтын
өзімшіл, өнегесіз, көргенсіз болады. Оның
жанына жаны ашымайды, ағайынға адам
ретінде жақсылық жасауды білмейді де, өз
қадірін өзі кетіреді.
Іштарлық мінезді үлгілеу, дәлелдеу,
мойындату, шығарма талқылау, ұжымдық
әсер тәсілдерімен тәрбиелеуге болады.
Резюме
В статье рассматриваются способы воздействия на негативные проявления у молоде-
жи в национальном воспитании.
Summary
In the article is considered ways of influence the negative displays young people in national
education.
КОНФУЦИЙ ЖӘНЕ АДАМ ТӘРБИЕСІ
Ізтілеуова Салтанат Далбайқызы –
ҚазҰПУ- дың Абайтану
ғылыми-зерттеу орталығының
жетекші-ғылыми қызметкері,
филология ғылымдарының докторы
Адамзаттың озық ойы ғасырлар қой-
науынан бастау алады. Олардың көтер-
ген мәселелері барлық халықтарға, мем-
лекеттерге және түрлі қауымдастықтарға
ортақ. Себебі адамзат дамудың белгілі бір
заңдылықтарына сәйкес өркендейді. Бір
елдегі озық ой, өркениетке бастайтын стан-
дарттар мен құндылықтар басқа елдер ге
жылдам тарайды. Әсіресе жалпыадамзаттық
құндылықтар, мұраттар мен идеялар ортақ
болуға бейім. Оларсыз өркениет пен таным
дами алмайды.
Бүгінгі жеткен дүниетанымдық және
гуманистік құндылықтар өзінің бастауын
б.з.д. VIII – II ғасырлардан алады. Ол осы ға-
сырларда остік уақыт, яғни әлемнің берне ше
нүктесіндегі қат-қабат адамзаттың рухани
сілкінісін, жаңа дүниетанымын әкелген
өзгерістер болған. Персияда рухани ойдың
дамуы Заратуштра есімімен байланысты
болса, Грецияда Гомер, Демокрит, Платон
си яқ ты философтар шоғырымен анықталды.
Ал, Қытайда бұл құбылыс Лао – цзы және
Кун – цзы есімдерімен байланысты. Соңғы
есім иесі әлем халқына Конфуций деген ат-
пен танымал болды. Оның Қытай халқы ғана
емес, бүткіл әлем өркениетіне ықпал еткен
рухани мұраны жасаушы болғандығына еш-
кім дау айтпайды.
Конфуций ілімінің басты ерекшеліктері-
нің бірі – оның Қытай халқының ырымдары-
на, дәстүрлеріне және салт-нанымдарына
сүйенуі еді. Адамның әрбір қылығы мен
әрекеті нің мәні неде деген қағидаға жүгіне-
ді. “Егер білетін болсаң білем деп айт, ал
білмейтін болсаң, білмеймін деп айт”. Ақын
түрлі жырларды оқумен қалыптасса, мінез
– қатаң ережелерді сақтаумен қалыптасса,
түпкілікті білімді музыка береді”, – деп
есептейді Кун – цзы. Оның заманында б.з.д.
VI ғасыр білімді болу үшін 6 өнер түрін
меңгеру керек: ырымдарды сақтау, музы-
каны түсіну, садақ ата білу, ат – арбаны бас-
қару, оқи білу, математиканы білу.
Отыз жасқа кеткенде Конфуций көне қы-
тай мәдениетінің жетістіктерін меңгереді.
Осы уақытта оның этикалық-философия лық
дүние танымы да қалыптасады. Бұл алды мен
“жэнь” концепциясы (ізгілік, адамды сүю)
және “ли” (ереже, этикет). Мұнда ли жэнь ңің
ең жоғарғы көрінісі ретінде түсініледі. Де мек,
ере же лерді қатаң сақтау ізгілік пен адамды
сүю көрінісі болмақ. Осыдан конфуциял-
дық доктринаның тіректі қағидаларының
бірі – қызметкердің, чиновниктің мемлекет
басшысына міндетті түрде адал болуы, оған
берілген болуы туады. Мемлекеттегі, елдегі
тепе-теңдік пен жарасымдылық патша
мен қызметкердің бір-біріне адалдығында.
Сонда ғана билік пен әділеттілік қауышады,
– деп біледі Кун – цзы.
Билік пен әділділіктің бірігуі Аспан
талабы. Осы бірліктен “ортаңғы жолмен
жүру” (жун - юн), немесе “ортаңғы”
идеясы туады. Кун – цзы шектен шығудың
қауіптілігін ескертеді. Әрбір құбылыстың
ортасын
ұстау
маңызды.
Қоғамдық
құбылыстардың ережелердің, ырым –
ритуалдардың сақталуы мен орындалуы
жағдайында өрбігені дұрыс. Сондықтан
конфуциандық дәстүрге басқару дегеніміз
ережелер мен ырымдарды (ритуалдарды)
орындау болып табылады. Басқару ережелер
арқылы өзіңді түзету. Ал, түзету адамның
негізінде болатын “жүректің туғандағы
тазалығы” қайта оралу.
Конфуций адамзат табиғат пен адам-
ды бірге қамтитын жалпыға ортақ тәртіп-
ке бағынып өмір сүреді деп білді. Ол
материалдық және рухани саланы да
қамтып тіршілік иелерінің, тіптен сананың
да өсуін өз заңдылықтарына бағындырады.
Конфуций үшін “рухани сілкініс дегеніміз
адамның толыққанды өмір сүруі”/1/.
Конфуций дүниетанымы мен шешімдері
марксистік, одан кейін батыстық методо-
логияға жүгінген қазақ ғалымдарына мүл-
дем тың таным. Оның түрлі ережелер,
ритуалдар, симфолдарға және ырымдарға
негізделген жүйесін түсіне қалу тіптен
оңай емес. Конфуций құпиясы Қытай
халқының ұзақ тарихи дамуындағы саналық
эволюцияларға негізделген. Конфуцийда
астарлы мәнге толы қағидалар ұсынылады.
Осы қағидаларды басшылыққа алу арқылы
қоғам, мемлекет және адам түзелу, түзету
жолын ұстанады. Бұл ұстаным елдің саяси
тұрақты дамуында жетуші күшке айналады.
Конфуций үшін ізгілік, түсінік, еріктілік
жолы маңызды. Онымен пікірлескен
шәкірттерінің бірі мемлекетті басқару ісі
хақында “жолы барларға жақындату үшін
жолы жоқтарды жазаласақ қалай болады”, –
деп сұрақ қояды.
Конфуций жауап береді:
– Сіздің қолыңызда басқару тізгіні, Сізге
жазалаудың қажеті не? Сіз жақсы істермен
ғана айналысыңыз, сонда барша халық
барлық жақсылыққа ден қояды. Қадірменді
басшының жақсылығы – жел, ал халықтың
жақсылығы – шөп. Шөп желдің бағытына
иіледі /2/.
Екі үш жолдан ғана тұратын трактатта
аса мәнді мемлекетті басқару принципі
көтерілген. Конфуций елдің күші бас-
шысында. Ал, басшының күші жақсы
істермен үлгі бола білуінде. Басшының
жақсы істерін халық үнемі қолдап кетуге
дайын, – деген шындықты ойшыл нәзік
астармен жеткізеді. Шындығында, мем-
лекеттің кері кетуі басшылардың заңсыз
әрекеттерге баруынан, биікті қарақан басы-
ның пайдасына жаратуға ұмтылуынан
басталатыны белгілі. Конфуций мемлекетті
басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің
және ережелердің басым болуын қалайды.
Ол үшін диктатура мен зорлық жүйесі
билікке зиянды болып есептеледі. Конфуций
“Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші
Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз
бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап
түзейді”, – деп айтады. Бұл ой түрленіп әл-
Фарабиде қайырымды қаланың басшылары
туралы айтылса, Абай мен Шәкәрімде “не
істейді өңшең нөл, единица болмаса”, –
делініп адамның, тұлғаның кемелдігі туралы
идеяға ұласады.
Конфуцийдің тракаттарынан Абай көксе-
81
80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ен “толық адам”, Шәкәрім армандаған
“ұж данды адам”, “шын таза жан” үлгі-
лерімен үндестік байқаймыз. Қытай
ойшылы “адамдарға танымал емеспін деп
қиналмайтын адам парасатты. Достарың
алыстан іздеп келсе саған қуаныш емес пе?
Оқып ұдайы жетілуге ұмтылу бақыт емес
пе?”, – деп түйіндейді. Демек мақтаншақ тық,
өркөкіректік, жалған атақ, билікқұмар лық
адамға зиянды. Қарапайым, абзал жандар
адамды алыстан өзіне тартады. Ал, осындай
адам білім мен өнер үйренсе нұр үстіне нұр
болады, – деген ойды анық ұғынамыз және
үлгі етеміз. Конфуцийда қазақ ойшылдары
сияқ ты қарапайым адами құндылықтарға
ден қою арқылы өзінің тәрбиелік, насихат-
тық және рухани ұстаздық үлгісін ұсынады.
Адамгершіліктің жасандылықпен және
әдемі айтылған жалған сөзбен мүлдем
қауышпайтынан ескертеді Конфуций. Қы-
тай халқын ұстаз ұлттық тамырларға,
яғни ұлдың әкеге құрметіне, ал әке мен
ұлдың билеушіге құрметіне шақырады.
Үлкенді сыйлап үйренген ұл Билеушіні де
сыйлауды біледі. Ондай ұл үшін бүлік пен
көтеріліс жат қылық. Мемлекеттің тамыры
сыйластықта, адамдардың өзара сыйлас-
тығы даму дың жолы. Осындай жолды
таңдасақ адамгершілікті таңдағанымыз емес
пе?, – деген терең қағидалық тұжырымды
күн тәртібіне қояды.
Бұл ойлардың қазіргі адамзат қоғамы үшін
маңыз дылығы бір мысқал да кеміген жоқ.
Өкінішке орай үлкен мен кіші арасындағы,
ер мен әйел арасындағы, билік пен халық
арасындағы өзара силастық құбылысына
терең сызат түсуде. Сыйластыққа түскен ауру
халықты меңдей берсе халық адамгершілік
сапаларынан мүлдем алыстап кетпек. Қазір
заманды “ақша патша” билеп тұрғанда,
прагматизм философиясы сананы жаулап
тұрғанда Конфуций ұсынған “сыйластық”
категориясының рухани құтқарушылық
рө лі арта түсуде. Этникалық, әлеуметтік,
саяси тұрақтылық баянды болатындығын
Конфуций дұрыс анықтап берді. Мәселе,
түптің – түбінде жанұядан басталатын өзара
сыйластыққа келіп тіріледі. Конфуций айтып
отырған адамның тамыры осы.
Конфуций адам өмірін жақсартып, игілік
пен молшылыққа жетелейтін қарапайым
шындықтарға ерекше ден қояды. “Көптеген,
мыңдаған жүк арбасы шығарылатын
аймақтың басшысы іске ұқыпты, қорларға
үнемді, әділетті болуы міндетті. Ол
адамдарды жақсы көріп, өзгеріп отыратын
жыл мезгілдеріне сәйкес еңбекке бастап
отыруға тиісті”, - деп көрсетеді. Дананың ойы
халыққа түсінікті, қарапайым және пайда лы.
Конфуций еңбек процесін ұйымдастыру-
дың барысында үнемділік пен тиімділіктің
маңызын ерекше атап көрсетеді. Оның
пікірінше табысқа білімділік пен ғылымы
барлар тез жетеді. Ал, білімнің бастауында
адамгершілік тұрады. Адамгершіліктің
бас тауында кішілердің ата-анасын құрмет
тұтуы тұрады. Сыртта да үлкендерді тыңдау,
сақ бола білу, шындықты айту, адамгершілігі
бар адамдармен жақын болу абзал, – деп
біледі қытай данасы.
Конфуцийдің осы ойына назар салсақ
“тыңдай білу, сыйластық – үлкенге құрмет
– еңбеқорлық – білімқұмарлық” сияқты құн-
дылықтар жинақтала синтезделініп адам-
гершілік деген аса мәнді адами сапаны
жасайды екен. Білімдімін деп кеуде соққан
білімді емес, нағыз білімді ата-анасына
жан-тәнімен қызмет ете алған, билеушісінің
қауіпсіздігі үшін жанын қыйюға дайын,
достарына әділ сөз айта білетін жан. Ондай
адам өзін білімдімін деп санамаса да
білімділер қатарында.
Осы трактатында Конфуций нағыз зиялы-
лықты меңзеп отыр. Нағыз зиялы үшін бірін-
ші кезекте шындық пен әділет болуы маңыз-
ды. Ол әділетті өзінен бастайды және маңы-
на әділдіктің нұрын төгуге ұмтылады. Оның
билеушімен, ата-анасымен, достарымен
және ауылдастарымен қатынасы да әділет
пен шындыққа негізделінеді”. Парасатты
азамат қатал бола алмаса да, оның білімділі-
гі жетіспесе де, ең бастысы адал және шын-
шыл болу. Өзіңмен тең еместермен достаспа,
қателіктеріңді жөндеуден қорықпа”, – деген
Конфуцийдің ойларының әрбір халық үшін
зәрулігі күдік тудырмайды.
Адами құндылықтар аруақтарды, өлген-
дерді сыйлаудан, ата-текті білуден күшейе
түседі. “Ата – тегін білмеу тексіздік”, – деп
есептелетін қазақ халқының талабы бұл
жерде Конфуцийдің ойымен бірдей болып
үндестік тауып тұр. Ұстаз “әкесінің тірі
кезінде оның іс-әрекетіне ден қойған, ал ол
ол өлген оның үлгісін үш жыл бойы ұстан ған
адамды ата-анасын сыйлай білген адам деп
есептеуге болады”, – дейді. Қытай халқының
ұстазы Конфуцийдің осы ойы қазақтың “Әке
көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”
– деген ойын қайталап тұрғандай. Адамдар
мені білмейді деп ренжіме, мен адамдарды
білмеймін деп ренжі”, “Кедеймін деп
қайғырмасаң, бай болдым деп мақтанба саң
жақсы, ал кедей болып жүріп қуана алсаң,
бай болып жүріп тәртіп пен ережелерді сақ-
тай алсаң тіптен жақсы”, – деп есептейді
Конфуций.
Жоғарыда айтылған пікірлер мен ойлар
Конфуций жасаған жетілген адам “цюнь
цзы” (билеушінің ұлы мағынасында) обра-
зының бір ғана қыры. Осының өзінде біз
Қытай ойшылының ғасырларды және ал-
ған қағидаттық рухани мұраны бүткіл
адам затқа ұсынып кеткендігін сезінеміз,
түсінеміз. Конфуций айтқан пікірлер,
ойлар мен идеялардан қазақ халқының ұлы
ойшылдарының рухани мұрасымен үндес-
тік, сабақтастық анық байқалады. Себебі,
жалпыадамзаттық рухани құндылықтар
ортақ, олар үшін ұлттық, мемлекеттік
шекаралар жоқ. Демек, Қытай халқының
данасы Конфуцийдің рухани мұрасы қазақ
халқына да жат емес.
Достарыңызбен бөлісу: |