Нормативті әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының жастар саясатының тұжырымдамасы. 7 шілде, 2004
жыл.
2. Қазақстан Республикасының 7 шілде 2004 жылғы «ҚР-дағы мемлекеттік жастар
саясаты туралы» Заңы.
3. «Мәдени мұра» атты 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық ұлттық жоба
тұжырымдамасы. Астана, 2008 ж.
Н.НАЗАРБАЕВТЫң ИННОВАЦИЯЛЫҚАҒАРТУШЫЛЫҚ
ИДЕЯЛДАРЫНЫң МӘДЕНИӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ
ПЕРСПЕКТИВА ЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
Аташ Б.М. –
Алматы энергетика және байланыс университеті әлеуметтік пәндер
кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы
Джилысбаев Д. Д. –
Қазақстан-Ресей медициналық университеті,
Алматы қаласы
Қазіргі адамзат қоғамының өркениетке
ұмтылуының маңызды, әрі болашаққа бой
сермейтін түйткілдерінің бірі – ағарту мен
білім беру саласы. Ендеше, біріншіден, бұл
саланың субьектілерінің ауқымды бөлігін
жастар құрайды, сондықтан, еліміздің
болашағын, түптеп келгенде, адамзаттың
келешектегі жарқын өткелді белестерін
жүзеге асыратын бұл әлеуметтік топқа осы
тұста үлкен жауапкершіліктер жүктеліп
отыр деп айта аламыз. Екіншіден, ғылым
мен білімге негізделген постиндустриалдық-
ақпараттық қоғам талаптары дәстүрлі білім
мазмұнымен қатар, продуктивті-креативті
ойлауды, шығармашылық интенцияны,
ізгілік пен гуманизмге негізделген пара-
саттылықты, жалпы алғанда, зиялылық
пен зайырлылықтың кемелденген дең-
гейін талап етеді. Үшіншіден, осындай
жалпыадамзаттық ұлы стратегиялық бағ-
дар аясында әрбір ұлт пен мемлекет
өздерінің ішкі болмысымен үндесетін жаңа
пардигмаларын жасайды және оны әлемдік
өркениет талаптарымен келіп үйлестіру үш-
ін бәсекелестік арнаға ерікті-еріксіз түрде
тап болады.
Осындай әлемдік беталысты жете баға ла-
ған Елбасы Н.Назарбаев Астана қаласында
әлемдік талаптарға сай ашылған жаңа оқу
орнының студенттері алдында сөйлеген
сөзінде: «Білікті бірді жығады, білімді
мыңды жығады» деген халық даналығының
ұстанымының әрі қарай сабақтасуы тиіс
екендігін және оның нақты нәтижелермен
көрініс табуы қажеттілігін баса айтқан
Елбасы, алдымен, университеттің ғылыми
әлеуеті мен климатын сипаттап өтеді, оның
болашағы зор екендігін, алыс мақсатқа
бағдарланғандығын атап көрсетеді, жас-
тардың әлеуметтік жауапкершіліктерін
арнайы тұжырымдайды: «Қазақстанға ХХІ
ғасырда табыс пен игілікті қамтамасыз
ете алу үшін сіздердің оқуларыңыз бен
өз-өздеріңізді жетілдіруге барынша қо-
лай лы жағдайлар туғыздық. Бұл, қажет
деп тапсаңыздар, сіздер дің болашақ
миссияларыңыз және сіз дердің аға буын
алдындағы жауап кершіліктеріңіз».
Шындығында да, еліміздің ғылыми
потенциалы мен ұлттық ғылыми машық-
тарының әлемдік аренада ешкімнен кем
түспейтін өзіндік келбетін жуық арада айқын
көрсететін кезеңі келіп жетті. Бергі тарихқа
бойласақ, Кеңес дәуірі кезеңінде қазақ
зиялыларының қуғын-сүргін жылдарында
құр бан болуы және оның ұрпақтарына жа-
сал ған қудалаулар тек жай ғана адамдардың
физиологиялық өлімінің қайғысы емес, тұтас
ұлттың интеллектуальдік-теорилық санасын
тек сол дәуірде ғана емес, алдағы бірнеше
жыл бойы құлдыратуды көздеген негативті
перспектива. Бүгін де оның руханияттық
зардаптары түбегейлі жойылмаса да, орнын
отанымызда қалыптасып келе жатқан – жаңа,
еркін, белсенді, ең бастысы рухы да тәуелсіз
ұрпақтардың легі алмастыруда. Демек, іске
қосылатын потенциалды интеллектуальдік
жаңа бір ресурс қалыптасты және ол білім
мен ағартуды қатаң талап етуде, жай ғана
білім беруді емес, инновациялық-әлемдік
деңгейдегі сапаны, бәсекелесе алатын
қабілетті болып шығуды қалайды.
Қазақстандық қоғамның білімі мен
ғылымының дамуы көптеген түйткілді
мәселелерді шешудің кілтіне айналып,
заманауи тәжірибелер мен шынайы адам
болмысының игілігін қалыптастырып,
оны іс жүзінде жасап беруі тиіс. Елбасы
осындай түйкілді нәтижелердің бірі
ретінде қазақстандықтардың денсаулығы
мықты, өмірі шатты, әлемде ұзақ жасайтын
ұлттардың бірі болуын баса атап өту де
осының айғағы. Бұл біріншіден, жастарға
шабыт пен оптимистік сенімді сіңірудің
жобасы, екіншіден, өркениеттілік пара-
дигмасының айқын критерииі ретінде – ден-
саулық пен ұзақ өмір келбетін паш етудің
теориясы, оны іске асырудың практикалық
ұстанымы. Үшіншіден, денсаулықтың тек
«жеке өзі-үшін» ғана емес, қоғам мен ұлт
болашағы үшін маңызды модус екендігін
атап көрсетудің тиянақты ұстыны. Демек,
білім мен денсаулық тек университет жас-
тарының ғана аясындағы мәселе болып
табылмайды, жалпы ұлттың болашағына
алаңдаулы барша қауымға арналған маңызды
түйткіл. Осындай әлеуметтік стратегиялы
міндеттерді жастардың бойына сіңіре беру
тек Елбасының ғана міндеті емес, барша
зиялы қауымның парызды борышы болуы
тиіс.
Экономикалық өрлеумен қатар әлемді
алаңдатып отырған тіршілік ету үшін үшін
күрестен туындайтын, болуы ықтимал азық-
түлік дағдарысының алдын-алу шараларын
Елбасы мал шаруашылығымен де келіп
49
48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
түйістіреді. Біздіңше, бұндай дағдарыстар
тарихта бірінші рет емес, жекелеген ұлт-
тарда, кейде жалпыадамзаттың тірші-
лігін жалғастыруының эволюциясында
бірнеше рет кездескен сыңайлы. Сондықтан,
шындығында да, көшпелі өркениетті же-
тік меңгерген біздік арғытектеріміз бен
кейіннен сабақтасқан қазақ халқының мал
шаруашылығы азық-түлік дағдарысын
болдырмаудың экологиялық-эволюциялық-
мәңгілік қорғаныш тетігін атқарған де-
се де болады. Болашақта, адамзаттың
материалдық-экономикалық келбеті осы мал
шаруашылығын жаңаша тұрпатта жаппай
дамытуға келіп тірелуі әбден мүмкін, ендеше
біздің ата кәсіп жаңа бір серпілістерде,
жаңарған сапада өзінің өткен бейнесін қайта
жаңғыртуы ықтимал.
Осы тұста Елбасының: «Біздің мақсатымыз
– өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек
тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыс-
тарымызды нығайта, осы жаңа әлемге
өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте
отырып, дамуымызды жал ғастыру»,-деген
тұжырымдары да ойсаларлық мәселе және
болашақтың ғылыми-теориялық нақты
модельдерін құруды қажет ететін үлкен
ізденісті меңзейді.
Н.Назарбаев өз сөзінде атап өткен,
бұрыннан да қуаттап жүрген діни
психоәлеуметтік климат аясындағы зайыр-
лылық түсінік тек біздің еліміз ғана емес,
жалпыадамзат
қоғамының
қауіпсіздігі
үшін қажетті басты ұстанымдардың бірі.
Біз де осындай жолды қалаймыз. Себебі,
бұндай зайырлылықтың қазақ халқында
көнеден жалғасқан тарихи тамыры бар деп
болжамдаймыз. Қазақ халқы қашанда діни
фанаттылық пен әсіре берілушіліктен тыс
даму жолын таңдаған. Тарихымыздағы
діни сенімдер эволюциясына көз жібер-
сек, тәңіршілдіктің, шамандықтың, зорас-
тризмнің, кейіннен исламның кейбір
элементтері тұтаса келе, бір-бірімен
жымдасып, өзара келісімдіілк ыңғаймен,
іріктеліп-сұрыпталып, сан мыңдаған жыл-
дар бойы өмірлік тәжірибе сынағынан
өткізіліп барып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып
институтын жасап шығарды. Осы үлгі
құрамындағы ешқандай дінге басымдылық
пен артықшылық бермеуді қамтамасыз ететін
зайырлылықтың ерекше бір моделін жасады
және оны кейінгі ұрпақтарына мұраға
қалдырды. Бұндай ата-бабаларымыздың дала
даналығы университеттері арқылы жасаған
ұлттық құндылықтарын аяқ асты ету тарих
пен ата-баба аруағы алдында кешірілмес
күнә, болашақ жастарды «дұрыс» жолдан
тайдырудың мақсатындағы «қылмыс» десе
де болады. Дәстүрді аяқ асты етудің бүгінгі
күнгі тағы бір беталысы діни фанаттықтың
агрессияшыл түрі арқылы жалғасатын діни
экстремизм мен терроризм екендігі сөзсіз.
Елбасы өзінің сөйлеген сөзінде мектепке
дейінгі білім беру жүйесін дамыту да жаңа
бағдарлар бойынша өрістеуі қажеттігіне
ерекше көңіл аударды. Себебі, қазіргі
инновацияшыл-ақпаратшыл қоғамда «бү-
гін гі» жаңашылдықтың кейбір қырлары
«ертең-ақ» ескіріп қалып отырады. Сондық-
тан, иннновациялық оқыту белгілі бір
парадигмаларды орнықтырып қою ғана
емес, оның тез өзгеретін заманауи талап тар-
ға сай үздіксіз қайта-қайта жаңғыртылуын
қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Өмірдің
ағымы мен дамуының жылдамдығы уақыт
өткен сайын тездеп келеді. Сондықтан,
үздіксіз инновациялану қағидаты оның
обьектілерін (жастарды) ғана емес, субьек-
тілерінің (ұстаздардың) де біліктілігін
талап етеді, бұл ерікті-еріксіз түрде үздіксіз
білім алуға жетелейтін заңдылық ретінде
қалыптасып қалады.
Қорыта айтқанда, Елбасы елге үлес
қосу, тәртіп пен реттілік, білімге ұмтылу,
болашаққа сенім мен оптимистік көзқарас,
көп қырлы тұлға болып қалыптасу, тың
ізденістерге
жетелейтін
продуктивті
ойлау сияқты витальдік-онтологиялық
құн дылықтарға ерекше назар аударып,
оны этникалық-әлеуметтік құндылықтар
деңгейіне көшіру қажеттігін ұсынды. Сай ып
келгенде, бұл ғылыми қауымдастық, әсіресе,
қоғамдық ғылым өкілдері болашақтың
стретегиялық-саяси моделінің жүйесін
жасауға ұмтылу қажеттігін меңзейді.
Резюме
В статье автор показывает, что лидер нации Н.А. Назарбаев в своей речи перед
студентами нового учебного заведения учитывает, что сегодня сфера просвещения и
образования стала ключевым фактором цивилизованного развития человечества, что
в данном процессе огромная роль принадлежит молодежи, современным требованиям
постиндустриального информационного общества, разработке каждой нацией и
государством повышающих их конкурентоспособность парадигм.
Summary
In the article, the author shows that the leader of the nation, Nursultan Nazarbayev, in a
speech to students at the new educational institutions took into account that today education and
education was a key factor in the development of the civilization of humanity, that in this process
the huge role belongs to the young, modern requirements of the postindustrial information society,
the development of each nation and the State to improve their competitiveness paradigms.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫң ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒДАР
Жұматаева Е. –
п.ғ.д., профессор,
Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық
технологиялары ғылыми-практикалық орталығының директоры,
С.Торайғыров атындағы ПМУ
Назарбаев Университеті студенттерінің
алдында Елбасының оқыған интерактивтік
дәрісінің жас ұрпақтар, жалпы қазақ-
стандықтар үшін маңызы ерекше.
Ақпараттық технологиялар жетістігімен
барлық қазақстандықтардың қаперіне ілік-
кен Н.Ә. Назарбаевтың интеллектуалдық
дәрісі – болашақ бағдарламасы, Жобасы.
Біздердің күнделікті өнімді еңбегіміздің жол
бастар құжаты десек те артық айтқандық
емес.
• Тәуелсіздікке дейінгі кедейлік деңгейден
соңғы 10 жыл ауқымында жоғарыға бағдар 4
есеге артып, экономикалық өрлеу алғашқы
сатыдан 16 рет көтерілгеніне дәрісте ба-
сымдық берілген.
• Әлемдік дағдарыстың (2007 АҚШ-
тан 2008 Еуропаға бағыт алған) дағдарыс
бүгінгі таңда Қазақстандықтарды жұмыла
еңбек етуге, өнімді, табысты нәтижелерге,
бәсекеге қабілеттілік қасиетінің ширауына
бағдар жасап отырғанына көңіл бөлінген.
Бұл
орайда
әлемдік
экономика
құрылымына,
сұранымның
негізгісін
трансформациялауға, әлемдік қаржылан-
дыруға қатысты қайта қарастыру тұр-
ғысындағы модель ұсыну маңыздылығы
айтылған.
• Елбасымыз практикалық (теориясыз
тәжірибеден) өнімсіз еңбектен гөрі сыртқы
саясатты прагматикалық іскерлікпен жүзеге
асыру көрсетілген (жаңа қарым-қатынас
пен партнерлықты ұдайы алға ілгерілету);
экономикалық дипломатияны іске асыру.
• Сол секілді инвестициялық саясатқа
маңызды түзетулер енгізу, максимальды
тұрғыда кірістер алу; халықаралық эко-
номикалық ынтымақтастыққа жаңа қадам
жасауға анықтық, нақтылық орнық-
тыру қарастырылған, кіші және орта
51
50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
мекемелердің жаңа бағытта өркен жаюына
жол ашу көзделген. Мұның бәрі дерлік –
индустриалды Қазақстан мәртебесі екені
ескеріліп, «Қазақстан – шикізат мекені»
деген ұстаным оның негізгі стартегиясын
айқындаушы индикаторы деп қабылдаймыз.
• Біздердің құзырет мазмұнына сәйкес
еңбегіміздің тірек көзі жаңа кезеңдегі
административтік реформа екенін талдап
отырған дәрістен байқаймыз. Бұл блокта
жоғары оқу орындарында білім мен
ғылым мазмұнының жүзеге асыратын
құзыретін орталықтандыруды ыдырату
(децентрализация), жеке меншікті қорғау,
контрактылық қарым-қатынас институтын
бекіту, заң алдындағы тепе-теңдікті сақтау
секілді мәселелердің шешілуі қарас-
тырылған.
• ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ
Өмір сүретін елдер санатынан орын алатыны
ескерілген.
• «Энергетикалық Интернет» жүйесі
ашылып, Еуропаға Жерорта теңізінен
су асты кабельмен Энергия қуатын алу
жайлы мәлімет әлемдік модернизацияның
қарқындылығын айғақтайтынына маңыз
берілген.
• Еліміздің өлке-аймақтық жерінің 90
пайызында химия жоқ екені анықталғаны
және ауылшаруашылық өнімнің әлем кеңіс-
тігінде таза тағам екендігі ашылған.
• Постиндустриалды әлем ретінде «білім-
ғылым-инновация» триадасын негізге алу
көзделген.
• Қазақстандықтар боссөзділік пен
радикалдылыққа төзбейді. Ұлтаралық араз-
дық елімізді ортағасырлыққа шегеріп,
азаматтық соғысқа апару қаупі ескертілген.
Әлем өте нәзік шыны секілді. Оны таспен
ұрса, сынады. Сол себепті қазақстандық
табысқа жетудің үш кілті ұсынылған.
Біріншісі – 140 этностан құрылған қазақстан
Бірлігі – уникалды құндылық. Екіншісі –
толеранттық. Үшіншісі - өзгеріске толы жаңа
заманауи қиындықтарын қауымдастықпен,
ынтымақтастықпен жеңу, әркім өзінің мүм-
кіндігінше жаңа әлемге өз үлесін қосу
көзделген.
• Қаржыландыру саласында инжиниринг
қызметінің орталықтануына басымдық бе-
ріл ген.
•
Орындалуға
тиіс
проектілерді
инновациялық
кластерге
негізделген
инсти тут тар жүйесін орнықтыруға бағдар
жасалған.
Интерактивтік дәрісте жоғарыда ұс-
ыныл ған бағдар-бағыттардың көзі –
«адам-капитал» формуласына жүгінетіні
ескерілген.
Қорыта келгенде, болашағымыздың Жар-
қын, Салтанатты тұрғыда құрылуына бұл
интерактивтік Назарбаев университетіндегі
Елбасының оқыған дәрісінің алар орны
айрықша.
С.Торайғыров
атындағы
ПМУ-нің
Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика
және білімденудің инновациялық техно-
логиялары ғылыми-практикалық орталығы
өзінің 2012-2013 оқу жылында атқарар
жұмыстарында аталған маңызды деген
мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосу
мақсатында іс-шара құрды. Бұл іс-шараның
негізі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» ұсынымы
басшылыққа алынды. Еңбек жай ғана іс-
әрекет емес, ол мемлекеттік тапсырысты
орындау барысындағы әрқайсысымыздың
сүйіспеншілікпен, кірпияздылықпен табыс-
ты болуға нақты қадамдарды бастай білу. Бұл
мәреден көрінудің бірінші қадамы – адам-
ның өз-өзін капитал болуына өзгерте алу
ерік тілігі демекпіз. аталып отырған дәрістің
жалғасы
Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев «Интеллектуал-
ды ұлт – 2020» проектісі оны жүзеге
асырудың негізгі мақсаты – Қазақстанның
жаңа формациясына лайықты тұлғалық
болмыс бәсекеге қабілетті, адами капиталды
рухани құндылық ретінде іс-әрекетте
қолдану деп тұжырымдайды.
Бұндай сүбелі мәселені шешуде Н.Ә.
Назарбаев үш әлеует мүмкіндігін проектінің
тұғыры деп басымдықта ұсынады:
1) Білім жүйесін инновация тұрғысында
өркендетуі;
2) Біздің жастарымыз білімді ғана
меңгеріп қоймай, жаңа білім жиынын құ-
ра алатын, оның шешімін таба алатын,
инновациялық өнерді игеретін тұлға болуы;
3) Жаңа бетбұрыстағы, болмысында ой-
лау, парасаттау, тұжырым жасау өнері жаңа
әдістер мен оқыту үдерісінде нәтижеге
бағдарланған сабақ түрлерін қолдануы.
Бұл орайда Н.Ә. Назарбаевтың қазақ
тілі барлық қазақстандықтардың басын
бірік тірудің қозғаушы күші болады деген
салиқалы ұстанымы – біздің проектіміздің
қағидасы [30.01.2008, Астана «Казахстан
сегодня»].
ХІХ ғасырдағы Қазақтың сан және сапа
жағынан құлдырап, бар инттелектуалды
әлеуетінен айрылған тұсын «надан қазақ»
деген ұғыммен ауыстыру арқылы жастардың
санасында жалпы қазақ ежелден надан
деген пікір туғызылуда. Бүкіл мектеп және
жоғары оқу орнындағы оқулықтарда, әдеби
нысандарда, ғылыми еңбектерде әлі күнге
дейін осындай ұстаным жалғасып келеді.
Қазақ қазақ болып жаратылғаннан бері
қазақ халқы надан екен деген тұжырым
бірталайымыздың санамызға бекіп қалды.
Надандықтың туу себеп-салдары болып
отырғандығына дәйектеме жасап, бірақ
сол дағдарысты өткергеннен кейін еліміз
өзінің ойлау өнерін қайтарып отырғанына
әр ғасырдағы топ-тобымен өмірге келген
зиялылар куә емес пе?
Мәселен, Асан Қайғыдан басталған
абыздар жыраулық дәстүрге жалғасты, одан
кейін ақындар легі келді. ХІХ ғасырдан
бүгінгіге дейінгі жазушылар, зерттеушілер
басымдық міндет атқаруда. Олай болса, сөз
шырынын қанына сіңірген қазақ халқының
ойлау өнері ұдайы өзімен бірге, тек сол
тетікті оқыту үдерісінің инновациялық
технологияларымен түртіп ояту міндеті тұр-
ғанын ескереміз. Ж.Аймауытовша айтсақ,
соқыр сезімдерді жойып, саңылау сезімдерін
өркендетуді басымдықта алу көзделеді.
Ж.Аймауытов жұлма жад пен пәлсапалық
жадты қосақтап ұстауына, оны саналы
өркендете алу іскерлігіне конструктивті ой
түйеді. Автордың өз сөзіне үңілейік. Жұлма
жадтың ойлау әрекеті: бір нәрсені ақылға
тоқып алудың ең жақсы жолы ақылды
жүйе, басқаша айтқанда «білім» жүйесіне
тізбелеуі; жиған «білім» жүйесін өз тобының
ішінде тиісті орынға орналастыруы; оның
себебін ойға қаттап салып түсіндіруін табуы;
одан керекті салдарын қорытып шығаруы;
ол қорытынды-тұжырым табиғаттың қандай
заңына келетінін білуі; білім қоймасы –
еңбек жолының ең тиімдісі деген түсінікке
келуі; толып жатқан ұсақ-түйек ойлардан
білім жүйесінің тууы – жабайы ұғымның
орнына меңзес іліктестіктің пайда болуы:
заңды білу арқылы жадты толып жатқан жеке
мысалдардан құтқаруы; заң арқылы керекті
нәрсені дәйім еске түсіруі; Пәлсапалық
әрекеті: барлық нәрселер ақылға тірелуі;
түсіндіріліп, себеп-салдар есебінде бірімен-
бірі байланысуы, жүйе жаттау шарттарының
ең жақсы болуы; оның сілемімен көп нәтиже
қаражатпен қолға түседі; кімде-кімнің жұлма
жады кем болса, ол кемшілікті пәлсапалы
ойлауды күшейту арқылы толықтыруы;
бір нәрсені үнемі бір түрмен жаттаудан
сақтануы; сөз ойдың табылмайтын құралы
екенін елеуі; егделенген сайын адамның көру
арқылы білім жиюы кеміп, сөз арқылы көп
ұғынуы; миындағы ығы-жығы бернелерді
реттеуі; нобайлап айтудан арылып, дәл қып
айта алуы (заңы алаңы); өрнекті, пәлсапалы
ойды аудырмай айтуы; мақсатқа жетудің
жолын талдау, тексеру, ойлай білу екенін
ұғуы; оны қайталауы, қорытуы, жинақтауы,
пысықтауы, толықтыруы».
Біздер «интеллект» ұғымын жаңада
қолданымға енгізсек, Әбу Насыр әл-Фараби
оның төрт түрін ұсынғаны ғылыми нысанаға
орнықпағаны өкінішті.
Мәселен, актуальды интеллект, потен-
циалды интеллект, жүре келе дарыған интел-
лект, әрекетшіл интеллект.
«Ұлттық код» моделін фольклор мен ауыз
әдебиеті материалдарынан жіктеу орынды
болмақ. Өйткені оның түпнұсқасын тек
қондырма көрінісінен ғана табамыз. Базистік
қалып санадан өткендіктен, әдеби нысандар
қондырма рөлін атқарады.
«Интеллектуалды ұлт – 2020» проектісін
53
52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
іске асыру үдерісінде ұлттық код, ұлтының
сипат моделін ұстағаннан кейінгі кезеңі
– имплементацияның қазақстан елінің
халықаралық міндеттемелерін орындауға
бағдар жасауы.
Бұл орайда, біздер бірден имплемен-
тацияға бағдар жасасақ, кешегі тотали-
тарлық баз кешіп, дүбәралық халге қайта
ораламыз. Сол себепті алдымен «ұлт»,
«ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық
тәр бие» ұғымдарының тарихи желіге сәйкес
қолданылу мүмкіндігін айқындау көзделеді.
Аталған мәселені шешуде алты алаштан
бастап, түркі, қазақ елі тұсындағы ғұлама-
даналардың озықтық тұжырымдары негізге
алынады.
Ұлттық код моделін іске асыру жолдары
айқындалғаннан
кейін,
консолидация,
яғни жаһандану кеңістігіне сәйкес ұғ-
ым дар білімденудің инновациялық тех-
нологияларын интеллектуалды ұлт құрауға
мүмкіндік туғызады. С.Аязбекованың «он-
тология», «гносеология», «аксиология»
жайлы философиялық ғылыми ұстанымын
негізге алып, әсіресе «ұлттық код» сипатын
ЖОО педагогикаға қалай пайдалану
мәселелері зерделенді. Әлемдік өркениетті
мемлекеттер қатарына қосылмау диалектика
заңдылығына қайшы. Сол себепті 50
өркениетті мемлекеттер қатарына кіру –
стратегиялық міндеттер.
«Ұлттық код» моделін құру, интел-
лектуалды ұлт құруға көмек берер әдіснама
нысандары ретінде зерттеушілердің ал-
ты алаш, түркі, қазақ елі тарихының
желісіне сәйкес еңбектерге талдау жасап,
тұжырымдау.
Зерттеудің негізгі тірегі – Қазақ-
стан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев тың «Интеллектуалды ұлт
– 2020» проектісі екендігін дәйектеу; «Ұлт-
тық код» «имплементация» (инкорпорация,
транс формация, жеке және нұсқалы
сілтеме) ұғымдарының қолданылу мүм-
кіндігін анықтау; Интеллектуалды ұлт
құрау үдерісінде тарихи желіге сәйкес
аналитикалық, мониторингтік іс-әрекеттің
тұлғалық болмысқа қатысты әсерін ашу;
Интеллектуалды ұлт құрауға қатысты
жарық көрген еңбектерге талдау жасап,
зерттеудің әдіснамалық негізін тұжырымдау;
Жоғары оқу орындарында студенттердің
интеллектуалды ұлт құраушылық ынтасын
инновациялық технологияны тиімді қолдану
арқылы өркендету; Интеллектуалды ұлтқа
қатысты монография, оқу құралдары,
электрондық оқулықтар құру.
Күтілетін
нәтижелер:
Білімденудің
инновациялық технологияларын интел-
лектуалды ұлт тарихының желісіне
сәйкес құрау үдерісінде тиімді қолданылу
мүмкіндігін анықтау, оның моделін құру,
жоғары оқу орындары жүйесінде пай-
далану жолдарын ашу, тұжырымдарын
ұсыну, арнайы оқулықтармен, оқу құрал-
дарымен, электрондық оқулықтамен қам-
тамасыздандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |