Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Қолданылған әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Қолданылған әдебиет тізімі

1. Булшекбаева А., Аймбетова У. Человеческий капитал как основа совершенствования 

мировоззренческой  культуры  личности  (в  аспекте  анализа  современного  состояния 

проблемы). – Алматы, 2012 (на правах рукописи).

2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. 

/ Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде оқыған лекция. – Егемен Қазақстан, 2006, 

27 мамыр.

3. Қазақстан Республикасының заңы «Білім туралы». – Егемен Қазақстан, 27 шілде, 

2007.

4.  Назарбаев  Н.  Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!  /Қазақстан  халқына  Жолдау.  – 



Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2011 жыл. 

5.  Болонский  процесс:  Бергенский  этап/Под  ред.  В.И.Байденко.  –  М.:  Исслед.  центр 

проблем качества подготовки специалистов. – Астана: НАК МОН РК, 2006. – 184 с.

6.  Болонский  процесс:  середина  пути/  Под  ред.  В.И.Байденко.  –  М.:  Исслед.  центр 

проблем качества подготовки специалистов. – Астана: НАК МОН РК, 2007. – 400 с.

Резюме

В статье рассматриваются вопросы формирования личности в системе высшей шко лы 

в контексте изменений, совершающихся в современном образовании, и запросов общества. 

Становление личности понимается как основная задача системы образования, проводится 

связь с результатами обучения и студентоцентрированной парадигмой развития выс шей 

школы.

Summary

In the article is considered questions of identity formation in the system of higher education 

in the context of the changes taking place in modern education, and the needs of the society. The 

personality is understood as the main task of the educational system, a link is to the learning 

outcomes and studentcentralized paradigm of higher education.

Білім берудің қай түрі болмасын – тәрбие

Л.Н.Толстой

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫң АДАМГЕРШІЛІК САПАЛАРЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕхНОЛОГИЯСЫНЫң МҮМКІНДІКТЕРІ

Манас Р.Т. – 

№101 мектеп-лицейінің оқытушысы,

Қарағанды қаласы

Қазіргі кезде Республикада болып жатқан 

реформалар  білім  беру  саласына  үлкен  өз-

герістер әкелуде. Осы орайда білім беру дің 

көкейкесті міндетіне бастауыш сынып оқу-

шыларын  адамгершілікке  тәрбиелеу  құ-

ралы  ретіндегі  ізгілендіру  технология сын 

пайдаланудың  жолдарын  айқындау  бо лып 

табылады.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесін-

де  білім  беруді  дамыту,  дүниежүзілік  білім 

бе ру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  елімізде 

білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатқаны 

белгілі.  Осыған  орай  Ұлт  көшбасшысы 

Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»  атты  биылғы  Жолдауында  елдегі 

білім беру үдерісіне тәрбиелік мәнді енгізуге 

ерекше назар аудара отырып, «Патриотизм, 

адамгершілік  нормалары,  өнегелік,  ұлтара-

лық  келісім,  толеранттылық,  дене  және 

ру хани  саулық,  заңға  мойынсұнушылық 

–  осы  құндылықтарға  барлық  білім  беру 

мекемелері  баулуы  тиіс»,  –  деген  талап 

қойды [1].

Білім  беруді  дамыту  ісі  жеке  тұлғаға 

мәдени-тарихи  құндылықтарды,  нормалар 

мен  дәстүрлерді,  білім  берудің  арнайы 

таңдап  алынған  мазмұны  мен  нысандарын 

беруді  көздейді.  Нәтижелі  білім  алудың 

мәнісі  сол,  мұнда  оқушының  іс-әрекеті 

оның жеке басының әлеуметін іске асыруға 

негізделген және оның оқытылатын пәндер 

мен  салаларға  сәйкес  келетін  білім  алуын 

талап  етеді.  Сондықтан  ұстаздардың 

алдында  өмірге  жан-жақты  дайындалған, 

еңбек  сүйгіш,  ынталы,  шығармашылықпен 

ойлайтын,  санаткерлік  және  адамгершілік 

тұрғысынан бай тұлғаны оқытып, тәрбиелеу 

мәселесі тұр. Осы мәселенің шешімін табу да 

ізгілендіру технологиясының мүмкіндіктері 

мол.


Соңғы  он  жылдықта  біздің  қоғамы мыз-

дың  қоғамдық-саяси  және  экономикалық 

шарттары  білім  және  тәрбие  берудің 

парадигмасының  өзгеруіне  алып  келді. 

Авторитарлық-технократиялық  парадиг ма-

ның  орнына  білім  және  тәрбие  беру  ісінде 

білім беруді ізгілендіру парадигмасы келді. 

Ізгілендіру  әл-Фарабидің  педагогикалық 

идеясының  негізгі  өзегі  болған,  ғұлама 

білім  берудің  ізгілендіру  принципіне  не-

гіз делуі  қажет  екендігін  өз  уақытында  ғы-

лыми  тұжырымдалған  ой-пікірлерімен 

ай қындап  кеткен.  Міне,  бүгінгі  таңда  әл-

Фарабидің  көрегендігі  мен  ғұламалығы 

дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа 

білім  беру  парадигмасы  ретінде  ізгілендіру 

танылып  отыр.  әл-Фараби  білімді  болудың 

нәтижесінде  бақытқа  жету  үшін  оны  із-

гілендіру  керектігі  туралы  былай  деп 

жазады:  «Жаратылысында  әрбір  адамға  өз 

тіршілігі  үшін  және  ең  жоғары  кемелділік 

дәрежесіне  жету  үшін  көп  нәрсе  керек, 

ол  мұны  өзі  жалғыз  жүріп  таба  алмайды 

және  бұған  жету  үшін  ол  қандай  да  бір 

адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы 

адамдардың  әрқайсысын  оған  қажетті 

нәрселердің  жалпы  жиынтығынан  қандай 

да  бір  затты  тауып  беріп  отырады.  Оның 

бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші 

адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. 

Міне,  сондықтан  да  бір-біріне  көмектесіп 

отыратын  біреуі  екіншісінің  өмір  сүруіне 

қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп 

отыратын  көптеген  адамдар  бірлестіктері 

арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай 

кемелділік дәрежесіне жете алады» [2].

«Ізгілік-гуманизм» 

(лат.gumanus-



105

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

104


ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

адам  герші лік)  –  дүниетаным  принципі. 

Оның  негізіне  адамның  мүмкіншілігінің 

шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне де-

ген сенімі мен ерік-бостандығын, абыр ойын 

қорғау,  адамның  бақытқа  жету  жолындағы 

құқығы  мен  оның  барлық  сұраныстарын 

қамтамасыз  ету  қоғамның  түпкілікті  мақ-

саты деген мұрат жатады. Ізгілендіру Қай та 

өрлеу  дәуірінде  XIV-XVI  ғ.ғ.  қоғамдық  ой-

пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдың ғы 

қатарлы идеялық ағым ретінде қалыптасты. 

Бертін  келе  адамды  барынша  ардақтайтын, 

адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын 

қорғайтын  біртұтас  көзқарастар  жүйесіне 

айналды  [3].  Білім  берудің  ізгілендіру  тех-

нологиясының  мақсаты  –  баланы  азамат 

етіп  тәрбиелеу,  баланың  танымдық  үшін 

қалыптастыру және дамыту, баланың жаны 

мен жүрегіне жылылық ұялату.

Ізгілендіру  технологиясы  түсінігін  ай-

қын дау  үшін  негізгі  мынадай  мәселелерге 

тоқтала кеткеніміз жөн:

–  баланың  тұлғалық  қасиеттерін  ашу 

арқылы бекзат адам тәрбиелеу және дамыту, 

қалыптасуына ықпал ету;

–  бала  жүрегі  мен  жан  дүниесін  ақ 

пейілдендіру;

– баланың танымдық күшін дамыту жә не 

қалыптастыру;

–  терең  және  толық  көлемді  білім  алып, 

дағдыларды  қалыптастыру  үшін  жағдай 

туғызу;

– тәрбие идеалы - өзін-өзі тәрбиелеу.



Біз  бастауыш  сынып  оқушыларының 

бойын да  ізгілендіру  технологиясы  арқы-

лы  адамгершілік  қасиет-сапаларды  қалып-

тастыру үшін С.Қожагелдиеваның зерттеуін 

[4]  негізге  ала  отырып,  ізгілік  бағытынды 

тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырдық.

Жоспардағы  iс-шаралардың  мазмұны 

ізгілендіру технологиясы арқылы бастауыш 

сынып  оқушыларына  адамгершілік  тәрбие 

беруде  халық  педагогикасы  материалдарын 

тиімді пайдалануға бағытталды.

Мақсаты  –  ізгілендіру  технологиясы 

арқы лы  бастауыш  сынып  оқушыларының 

бойында  адамгершілік  асыл  қасиеттерді 

қалыптастыру.

Мiндеттерi: 

–  оқушылардың  бір-біріне,  өздерін 

қоршаған  адамдарға  сыйлы  қатынастарын 

тәрбиелеу;

–  адамгершілік сапаларды – адалдықты, 

мейірімділікті, кішіпейілділікті, сөзге берік-

тікті, т.б. балалардың бойына сіңіру;

–  үлкенді  сыйлау,  кішіге  қамқор  болу, 

әділеттілікті  биік  ұстау  сияқты  әдет  пен 

ғұрып қағидаларын үйрету; 

–  балалардың өмірлік мақсат-мүддесін 

айқындауға,  тұлғалық  сапаларын  дамытып, 

оны  қоғам  талабына  сай  іске  асыруға 

көмектесу;

–  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құн-

дылықтар негізінде оқушылардың дамуына 

жағдай жасау.

Іс-шаралардың  мазмұны  мынадай  мә-

селелерді қамтыды: 

1.  Мектептегі  мінез-құлық.  Мінез-

құлықтың  ең  қарапайым  ережелері,мектеп 

тәртібі,  ережелері,  оларды  сақтау.  Түйінді 

сөздер: орындаушылық, дәлдік, міндеттілік, 

қайсарлық,  тәртіптілік,  жауапкершілік, 

жауап сыздық, бетімен кетушілік. 

2.  Қалай  ұқыпты  болуға  болады?  Адам-

ның  ұқыптылығы,  гигиеналық  ережелер, 

көрікті,  әсем,  күшті  болу,  денені  әрқашан 

шынықтыру,  тісімізді  күту,  киімімізді 

ұнамды  және  ұқыпты  күте  білу.  Түйінді 

сөздер:  тазалық,  тәртіп,  ұқыптылық,  ұнам-

дылық, еңбек адамдарын сыйлау, салақ тық, 

сараңдық.

3.  Сыпайылық  ережелері.  Сыпайы  адам 

өзінің  және  басқаның  уақытын  үнемдеу, 

ескертушілік, сіз өзіңізді қайбір кезде кінә-

лімін  деп  санау,  кешірім  сұрайтын  қандай 

сөздерді  білу,  оларды  сіз  жиі  пайдалану. 

Түйінді  сөздер:  дәлдік,  міндеттілік,  жауап-

кершілік, ұқыптылық, орындаушылық, сөзге 

сенімділік, ұмытшақтық. 

4. Қалай еңбексүйгіш болуға болады. Адам 

мәдениеті,  еңбек  тәртібі,  кәсіптің  бәрінде 

бірдей  тәртіптілік,оқушыға  тәртіпті  болу 

міндеті,өз  бетіңмен  жұмыс  істеу,  біз  өзіміз 

не  істей  аламыз?  Түйінді  сөздер:  тәртіпті, 

мәдениетті,  тәрбиелі,  сыпайы,  зейінді, 

жауапты, дербес.

5.  Базалық  моральдық  ұғымдар.  Адал-

дық  пен  шыншылдық,қайырымды  болу,біз 

әр қашан  солай  болуымыз  керек,бұ-

ған  бізге    кедергі  жасайтын  іс-әрекеттер. 

Түйінді  сөздер:  адалдық,  шыншылдық, 

жүрекжардылық,  қайырымдылық,  мейірім-

ділік,  ниеттестік,    көңіл  білдірушілік, 

қамқоршылық,  тәкаппарлық,  дөрекілік, 

немқұрайдылық, 

ұрлықшылық, 

қайыр 


сұраушылық.

6.  Маңайындағылармен  қарым-қатынас. 

Басқалардың  қылығын  баға-лау,  басқа 

адамның  қылығына  дұрыс  баға  беру,  өз 

достарыңмен  өзіңді  қалай  ұстау,  берген 

сөзіңде  тұру.  Түйінді  сөздер:  әділдік, 

адалдық, өзін сынаушылық, жауапкершілік, 

көмек,  өзара  құтқару,  сенімділік  /сөзге, 

уәдеге/,  достық,  ұмытшақтық,  уәдені 

орындамаушылық,  зейінділік,  сезімталдық, 

қолдау,  достық,  қайырымдылық,  дөрекілік, 

тәкаппарлық [4].

Бастауыш  сыныптағы  мектеп  оқушысын 

адамгершiкке тәрбиелеу ең алдымен мектеп 

қызметiнiң  басты  түрi  оқыту  үдерісінде 

жүргiзiледi.  Баланың  адамгершiлiк  қасиетi 

сабақ  үстiнде  мұғалiммен  және  құрбы- 

құрдастармен  ұдайы  қарым-қатынаста 

қалыптасады.

Сабақ  үстiндегi  адамгершiлiк  тәрбиенiң 

тиiмдiлiгi,  біріншіден,  сабақ  мазмұнының 

ғылымилығына,  екіншіден,  мұғалiм  жұ-

мысы ның 

әдiстерi 

мен 

тәсiлдерiнiң 



адамгершiлiк  эмоциялық  қуатына,  үшінші-

ден,  сабақ  үстiнде  мұғалiм  мен  балалар 

арасында  қалыптасатын  өзара  қарым-

қатынас стилiне, төртіншіден, мұғалiмдердiң 

өздерiнiң  адамгершiлiк  бағытына,  оның 

оқылып  отырған  материалға  көзқарасына, 

жалпы  адамзаттық  iзгiлiктi  түсiндiре 

бiлуiне  байланысты.  Атап  айтатын  болсақ, 

әлiппеден «ң» әрпi мен дыбысын таныстыру 

тақырыбын  өткенде,  оқушыларды  ең 

алдымен    әрiппен  және  оның  дыбысталу 

ерекшелiктерiмен  таныстырдық.  Оқушы-

ларды  өзара  достыққа,  татулыққа,  мейірім-

ділікке  тәрбиелеу  мақсатымен  сабақ  саяхат 

түрiнде  өткiзiлдi.  Саяхат  барысында 

балалар  әр  аялдамаға  тоқтаған  сайын 

тапсырмалар  мен  жаттығуларды  орындап, 

бір-біріне  өзара  жолдастық  көмек  көрсетіп 

отырды.  Сабақ  барысында  мақал-мәтелдер, 

жұмбақтар пайдаланылып, қазақтың ұлттық 

«Сақина  салу»  ойыны  ойнатылды,  мұнда 

да  оқушылардың  бойына  адамгершілік 

асыл қасиеттерді тәрбиелеуге ерекше көңіл 

бөлінді.


Ұлт  мектебі  болудың  басты  белгісі  онда 

халықтың  ұлттық  рухы  болуы  шарт.  Ол 

мектептің  барлық  тіршілік  тынысынан, 

тәрбие  жұмысының  барлық  саласынан 

айқын  көрініс  табуы  керек.  Ұлттық  тәрбие 

мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүгінгі 

баланың бітімінен, мінез-құлқынан, қасиет-

сапасынан  бастау  алуы  керек.  Бала  – 

болашақтың  адамы,  жаңадан  қалыптасып 

келе  жатқан  ел  азаматы.  Ал  бүгінгі  бала 

дүниетанымы  мен  өсіп  жетілуі,  дене  бітімі 

мен көзқарасы, тіршілігі мен түсінігі бұдан 

10-15  жылғы  балалардан  мүлдем  өзгеше, 

сонымен бірге олардың әрқайсысының бір-

біріне ұқсамайтын өзіндік дара ерекшеліктері 

мен  мінез-құлықтары  бар.  Сондықтан  тәр-

биешілер,  мұғалімдер,  ата-аналар  барлық 

жылы жүрек, мейірбандылықпен балаларды 

қазқалпында сүюге тиіспіз. Олардың ішінде 

ақылдысы  да,  жалқауы  да  тілалғышы  да, 

еркесі  де,  тілазары  да  болуы  заңдылық. 

Балалардың осы ерекшелігін түсіну арқылы 

баланы  жан  тәнімен  жақсы  көре  отырып, 

танып білуге, олармен санасу, қам-қарекетін, 

ісін,  көңіл-  күйін  білу  басты  шарт.  Бала 

қоғамның  барлық  ақпарат  құралдарынан 

хабардар,  адамдар  өмірінен,  еңбегінен, 

техникадан  қарым-қатынас  ережелерінен 

мағлұматы  бар.  Сондықтан  қазіргі  қоғам-

ның  жаңару  жағдайы  болашақ  ұрпақты 

тәрбиелеуде  тұтас  педагогикалық  үдерістің 

барлық саласында халықтық педагогиканың 

озық  идеялары  мен  тәжірибесін  кеңінен 

қолдануды  талап  етеді.  Бүгінгі  мектеп 

оқушылары  жоғары  мәдениетті,  ой-өрісі 

кең,  мамандығын  еркін  таңдап  алатын, 

білімді  болумен  қатар,  өз  халқының,  өз 

ұлтының  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе 



жатқан  ата-баба  мұрасын,  салт-дәстүрін, 

әдет-ғұрпын, тарихы мен әдебиетін, өнерін, 

адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін 

қарым-  қатынас,  мінез-құлқын  бойында 

қалыптастыру  керек.  Міне,  осындай  шын 

мәніндегі  асыл  қасиеттер  болашақ  жас 

адамның  бойында  қалыптасуы  оқу-тәрбие 

жұмысының  өзара  дәйектілікпен  ұштасып 

жататын алуан түрлі саласына тәуелді.

Қазіргі  кезде  бүкіл  әлемде  жүргізіліп 

жатқан  ізгілендіру  үрдістері  қоғамның 

білім  беру  мекемелеріне  қойылатын 

жаңа  талаптарды  анықтауда.  Техникалық 

прогресс  пен  ғылыми  ақпарат  көлемнің 

ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын 

қайта  құру  және  оқу-тәрбие  орындарының 

іс-әрекет  қағидаларын  қайта  қарау,  мұның 

бәрі  мұғалімнің  кәсіби  біліктілігі  мен 

106

тұлғасына,  бүкіл  педагогикалық  үдерістің 



тұлғалық  бағдарлануына  қойылатын  та-

лап тардың  сөзсіз  арта  түсуіне  алып  келеді. 

Бүгінгі  таңда  мектептің  оқу  үрдісін 

жетілдіру  үшін  инновациялық  білім  беру 

технологияларын  пайдаланудың  тиімділігін 

өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр.  Педагогикалық 

технологиялардың  принциптері–оқытуды 

ізгілендіру  болып  табылады.  Оқыту  тех-

нологияларын  сауатты  қолдана  білген  әр 

ұстаздың  білім  беру  үрдісі  нәтижелі  және 

сапалы  болатыны  сөзсіз.  Тек  қана  осындай 

ұстаз  сабағында  тұлғаның  білім,  білік, 

дағдысын  қалыптастырып,  өздігінен  даму 

бағдарын  анықтап,  дұрыс  шешім  қабылдай 

алатын, өзін-өзі жетілдіріп дамытатын тұл ға 

тәрбиелей алады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 

бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.edu.gov.kz/kz/news/ 

2.  Әбдікәрімұлы  Б.,  Сарбасова  Қ.А.  әл-Фараби  педагогикасы.  –  Қарағанды:  ҚарМУ 

баспасы, 2008. – 126 б.

3.  Қожагелдиева  С.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  ана  тілі  арқылы  адамгершілікке 

тәрбиелеу // п.ғ.к...автореф. – Түркістан, 2006. – 26 б.

Резюме

Гуманистическая технология образования позволяет преодолеть отчуждение учителей 

и  учащихся  от  учебной  деятельности  и  друг  от  друга.  Такая  технология  предполагает 

поворот  к  личности,  уважение  и  доверие  к  ней,  ее  достоинству,  принятие  ее  личных 

целей, запросов, интересов. В статье раскрывается роль гуманистических технологий в 

нравственном воспитании младших школьников и рассматриваются возможности пути 

их использования при проведении воспитательных мероприятий в начальных классах.

Summary

Humanistic technology of education allows to overcome alienation of teachers and students 

from educational activity and from each other. Such technology supposes a turn to personality, 

respect and trust to her, her dignity, acceptance of her personal aims, queries, interests. In the 

article a role opens up humanistic to technology in moral education of junior schoolchildren and 

possibilities and ways of their using are examined for realization of educator events in initial 

classes.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІң ТӘРБИЕЛІК МАЗМҰНЫН 

АРТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ­ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕхНОЛОГИЯНЫң РӨЛІ

Исхан Б. Ж. – 

ф.ғ.к., доцент 

Оспанова Б. Р. – 

ф.ғ.к.,

 Абай атындағы ҚазҰПУ

Әдебиеттану және тіл білімі

 ҒЗИ қызметкерлері

Әрбір  жеке  тұлғаның  қоғамның  сан 

салалы  еңбек  майданында  өзінің  игерген 

кәсібіне,  мамандығына  сәйкес  еңбек  етіп, 

қызмет  істеуі,  өзін  саяси  тұрғыдан  еркін 

сезінуі отандық білім беру жүйесімен етене 

байланысты екені анық. Көп жағдайда сапалы 

білім  алып,  дәстүрлі  ұлттық  тәрбие  көрген 

азаматтардың өз Отанын саналы түрде сүйіп, 

өз  елінің  бай  да  даңқты  тарихына,  оның 

жарқын  болашағына  сеніммен  қарап,  оған 

өзінің  де  қатысы  бар  екенін  мақтанышпен 

сезіне алатынын қазіргі заманның алдыңғы 

қатарлы  өркениетті  мемлекеттерінің  іс-

тәжірибесі,  өнегелі  дәстүрі  көрсетіп  отыр. 

Сол  себептен  еліміздің  бүгінгі  күрделі 

мәселелері  де,  жарқын  келешегі  де  ендігі 

уақытта  оның  өркендеп  дамуына  қажетті 

сапалы  білім  алып,  ұлттық  дәстүрлі 

тәлім-тәрбие  көрген  жас  маман-кадрларға 

байланысты  екенін  қазақ  қоғамы  терең 

пайымдай бастады.

Мәселен, 

мектеп 


жеке 

тұлғаның 

қалыптасатын  жері  екені  баршаға  аян.  Ол 

–  жас  ұрпаққа  білім  бұлағынан  нәр  алып, 

базалық  білім  жинақтауды  негіздеп  қана 

қоймай, одан әрі білім алуына бағыт-бағдар 

береді,  рухани  дамуының  негізін  қалайды, 

өмірлік  тәжірибелер  мен  машықтарды 

үйретеді,  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілік 

сана-сезімін  оятады.  Демек,  жас  ұрпақ-

тың  ел-жұртына  деген  сана-сезімін  қалып-

тастырудың бір жолы – білім беру мен тәр-

бие  ісін  бір-бірімен  ұштастыра  жүргізуде 

жатыр. 


Ұлтымыздың  тілі  мен  ділін,  таным-

түсінігін,  тұрмыс-тіршілігін,  әдет-ғұрпын, 

салт-дәстүрлерін,  мәдени-әдеби  рухани 

құн дылықтарын  насихаттап,  солар  арқылы 

жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәні  орасан  зор  қызмет  атқарады. 

Әлбетте,  жас  ұрпаққа  түрлі  деңгейлік 

білім  ошақтарында  сапалы  білім  беріп, 

елжандылыққа  тәрбиелеуде  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  пәнімен  қатар  қоғамдық-

гуманитарлық  пәндердің  де,  атап  айтқанда 

тарих,  философия,  педагогика,  психология, 

мәдениеттану,  саясаттану,  әлеуметтану  се-

кіл ді  т.б.  пәндердің  де  маңызы  ерекше. 

Дегенмен  тіл  мен  әдебиет  пәні  қоғамдық-

гуманитарлық  басқа  пәндерден  гөрі  жас 

ұрпақтың  таным-түсінігін  кеңейтуде  орны 

ерекше. Өйткені ол өскелең ұрпаққа көркем-

эстетикалық  тұрғыдан  тереңірек  әсер  етіп, 

олардың 


отаншылдық 

сана-сезімдерін 

ұлт тық  рухани  құндылықтар  негізінде 

қалыптастырады.  Мәселен,  атамекенге  де-

ген іңкәр сезім көркем әдебиеттің әр тегінің 

түрлі жанрларында көркем бейнелер, көркем 

суреттеулер  арқылы  беріліп,  жас  ұрпақтың 

көркем-эстетикалық  талғамын,  ой-өрісін 

кеңейтеді. Мысалы, қазақ халқының эпостық 

жырларындағы  батырлар  бейнесі,  олардың 

ел-жұрт  үшін  жан  қиярлық  ерліктері  және 

солардың  жоғары  көңіл-күйде  (пафоста) 

суреттеліп  дәріптелуі  жақын-жұрағаты 

мен  атамекеніне  деген  сүйіспеншілік 

сана-сезімі  енді-енді  оянып,  қалыптасып, 

өркендеп  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың 

намысын жігерлендіріп, ерлік іс-әрекеттерге 

жетелейтіні сөзсіз. 

Демек,  жақын-жуыққа,  туыс-жұрағатқа, 

өскен ортаға, туған жерге деген сүйіспеншілік 



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

107


109

108


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

оқу-тәрбие  үдерісінде  үнемі  қолданып 

келеміз.  Компьютерді  сабақтың  барлық 

кездерінде: түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, 

бақылауда  қолдану  білім  сапасын  арттыра 

түсетіні  тәжірибеде  дәлелденуде.  Мәселен, 

жаңа  сабақ  тақырыбын  түсіндіргенде 

түрлі  оқыту  бағдарламаларымен  қатар 

оқушылар  мен  студенттердің  өз  бетімен 

орындаған  материалдарын  қатыстырамыз. 

Осы  кезеңде  АҚТ-ны  қолдану  барысында 

білім  алушының  психологиялық  және  жас 

ерекшелігі  ескеріліп,  олардың  әрбірінің 

өзіндік  қабылдауының  жетекші  арнасына 

сай  (аудиал,  киестет,  визуал)  тапсырманың 

қолайлы түрін таңдауға мүмкіндік беріледі. 

Бекіту және қайталау кезеңдерінде бақылау 

жүргізуге  компьютерлік  тестілер  ыңғайлы. 

Өйткені  қағазға  басылған  тестіден  гөрі, 

мониторға  шығатын  тестілерді  орындау 

білім алушыға қолайлы әрі қызығырақ.

Берілген  білімді  тест  арқылы  бағалу-

бақылау  мұғалім-оқытушылардың  да,  оқу-

шы-студенттердің  де  уақытын  үндемейді, 

білім  алушының  өзін-өзі  бағалауына  мүм-

кіндік  береді.  Сондай-ақ  тестілік  бақылау 

нәтижені  әділ,  тура  (оъективті)  бағалаумен 

ерекшеленеді.  Әр  білімгер  өз  шамасына 

қарай  жұмыс  істеп,  бағасын  бірден  алады. 

Жауабын  көруге,  жіберілген  қателерінің 

санын білуге мүмкіндік алады. Материалды 

қаншалықты  терең  меңгеріп  игергенін 

анықтайды.  Қанағаттанарлықсыз  нәтиже 

сту дентті (оқушыны) курсты немесе кейбір 

тапсырмалар  мен  сұрақтарды  қайталауға, 

нақтылауға  мәжбүр  етеді,  яғни  олардың 

өзін-өзі  бақылау-бағалау  дағдылары  жетіле 

түседі.  Әлбетте,  әрбір  студент  өз  бойына 

өз білімін, таным-түсінігін жүйелі баяндап, 

көркем жеткізу дағдыларын қалыптастыруы 

керек-ақ.  Сондықтан  да  олардан  ауызша 

емтихан-сынақ  алудың  өзіндік  маңызы  зор 

екені даусыз.

Еліміздің  қазіргі  білім  беру  саясаты  мен 

жүйесінің  алдында  тұрған  негізгі  мақсат-

міндеттердің  бірі  –  өскелең  ұрпақ  бойына 

дүниетанымдық  және  шығармашылық, 

зерттеу  сипатындағы  мәселелерді  өзігінен 

сана-сезім  көркем  әдеби  шығармаларда 

поэтикалық, көркемдік-эстетикалық жолмен 

беріледі.  Сондықтан  да  жастар  бойындағы 

елжандылық  сана-сезімді  оятып,  оны  берік 

қалыптастыруда  ұлтымыздың  ертегілері 

мен  аңыз-әңгімелерінің,  дастандары  мен 

жырларының,  мақал-мәтелдері  мен  нақыл 

сөздерінің, қазақ ақын-жазушылары роман-

дары  мен  повестерінің,  өлеңдері  мен 

поэмаларының т.б. берері мол. 

Көркем  әдебиет  жанрларының  ішінен  өз 

еліне деген іңкәр сезімді, ыстық махаббат ты 

дәріптеудің  аса  бір  айқын  көрінетін  жанры 

нақыл  сөздер,  мақал-мәтелдер,  қанат ты 

сөз дер  болып  келеді.  Мәселен,  «Отан  – 

отбасыдан  басталады»,  «Отан  –  оттан    да 

ыстық»,  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе», 

«Береке  басы  –  бірлік»,  «Ер  туған  жеріне, 

ит тойған жеріне үйір», «Бөтен елде сұлтан 

болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол»,  «Көппен 

көрген ұлы той», «Бірліксіз тірлік болмас», 

«Ынтымақ  болған  жерде  ырыс  болады», 

«Еліңді  құрметтеу  –    өзіңді      сыйлау  деген 

сөз» деген сияқты т.б. көптеген мақал-мәтел, 

нақыл,  қанатты  сөздер  жас  ұрпақты  туған 

жер,  атамекен,  қоршаған  ортаны  сүюге 

тәр биелейді.  Сондықтан  да  жас  ұрпақты 

отаншылдыққа, елжандылыққа баулып тәр-

биелеуде тіл мен әдебиет пәнінің және оны 

оқытып-үйрететін  пән  мұғалімдерінің  жөні 

бөлек  екенін  ескере  отырып,  осы  пәндерді 

заман  талабы  мен  өмір  қажеттілігіне  қарай 

дәстүрлі  әдіс-тәсілдермен  қатар  заманауи 

жаңа технологиялардың көмегімен де жаңа-

ша  оқытып-үйретуге  қазіргі  кезде,  әсіресе 

соңғы онжылдықта аса мән беріле бастады.

Заманауи  технологияларға  негізделген 

білім  берудің  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қазақ 

тіл  мен  әдебиет  сабақтарында  пайдалану 

студенттердің  (оқушылардың)  әлемдік 

бә се кеге  қабілетті  маман,  ізгілік  пен 

адамгершілік  қасиеттерді  бойына  жинаған 

өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптастыруда 

мәні  зор.  Бұл  технология  өскелең  ұрпақты 

оқыту мен дамыту сапасын арттыруға үлкен  

мүмкіндік беріп қана қоймай, адамгершілігі 

мол,  рухани  жандүниесі  таза,  имандылығы 

жоғары, ізгілікке жаны құштар кемел азамат 

етіп  тәрбиелеуде  де  үлкен  рөл  атқарады. 

Өйткені кез келген білім алушының, соның 

ішінде  филология  факультеті  студенттері-

нің өз заманына лайықты нағыз майталман 

маман  болып  қалыптасуы  дәстүр  мен  жаңа 

технологияларды  бір-бірімен  үйлестіре 

отырып, жетік меңгертуде жатыр.

Ақпараттық-қатынастық  техналогиялар 

кең  қолданыс  тапқан  қазіргі  кезеңде  оқыту 

үдерісіне  осы  технологияларды  белсенді 

енгізу  –  заман  қажеттілігінен  туындатып 

отыр ған заңды талаптардың біріне айналды. 

Айталық, ғаламтор қорлары мұғалім-оқыту-

шыға ғана емес, оқушы-студенттерге де мол 

мүмкіндік  береді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің  мұғалім-оқытушыларының  басқа 

пән  иелерінен  айырмашылығы  –  руханият 

мәселелеріне  аса  көңіл  бөлуі,  оқушылар 

мен  студенттерді  тілдік,  көркем  әдебиеттік 

білімі  мен  көркем-эстетикалық  талғамы 

жетілген шығармашыл тұлға ретінде дамыту 

екені  ақиқат.  Осы  міндеттерді  шешуде  ең 

алдымен  түрлі  мәтінмен,  әсіресе  көркем 

мәтінмен  жұмыс  істеу  бірінші  кезекте 

тұрады,  алайда  сабақ  анық  та  қанық, 

жетімді де әсерлі өтуі үшін мультимедиялық 

технологиялардың  мүмкіндігі  шексіз.  Осы 

мүмкіндікті  оңтайлы  да  тиімді  пайдалана 

білу  үшін  филолог-педагог  мамандардың 

компьютерлік  техниканы  және  қандай  да 

болсын  электронды  құрал-жабдақтардың 

түрімен жұмыс істей алуды жетік білуі өте 

қажет.

Компьютермен  дұрыс  ұйымдастырылған 



жұмыс  білімгерлердің  танымдық  және 

қарым-қатынастық 

(комуникативтік) 

қы  зы ғу шылығын  арттырады,  тіл  мен 

әдебиет  материалдарын  өз  бетімен  тү сініп 

меңгерулеріне септігін тигізеді.

Еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдардың 

соңғы  онжылдығында  өскелең  ұрпақтың 

зерттеушілік,  шығармашылық  дағдыларын 

дамыту, 


жоғары 

деңгейде 

дамыған 

ақпараттық  қоғамға  лайықты  тұлға  етіп 

тәрбиелеу 

мақсатында 

ақпараттық-

коммуникативтік  техналогияларды  (АКТ) 

шешуге  мүмкіндік  беретін  білім  деңгейін 

қалыптастыру  болып  отыр.  Осыған  орай, 

жалпы  еліміз  бойынша  қолға  алынып 

жатқан қазіргі бағдарлы білім ұстанымдары 

оқытудың  жаңа  жолдары  мен  әдіс-тәсіл-

дерін,  сан  алуан  амалдарын  талап  етеді. 

Мәселен,  жобалау  іс-әрекеті  электронды 

және  дәстүрлі  оқу  материалдарын  үй-

лесімді  ұштастыруға  мүмкіндік  береді. 

Жаңашыл АҚТ-ны пайдалану дәстүрлі әдіс-

тәсілдермен  шешілмейтін  педагогикалық 

жағдаяттарды  айқындауға  көмектеседі. 

Мұн дай  жобалау  әдісін  үйренуді  ғалымдар 

жоғары  білімділікті  сипаттайтын  іс-шара 

деп қарастырады. Бұл әдіс, әсіресе, әдебиет 

сабақтарында  өзекті.  Өйткені  студенттер 

белгілі  бір  ақын-жазушының  өмірлік  (шы-

ғармашылық)  жолымен  таныса  отырып, 

материал  жинақтап,  көрсетілім  дайындауға 

дағдыланады.  Үздік  үлгілер  сабақта  көр-

сетіледі. АКТ сабақта іс-әрекеттік оқыту әд-

іс ін пайдалануға мүмкіндік береді, бұл кез де 

студент  оқу  әрекетінің  белсенді  субъек тісі-

не  айналып,  білімді  саналы  түрде  меңгере 

бастайды.  Аймақтық  компонент  бойынша 

студенттер көрсетілім дайындағанда оларда 

өз  қаласы,  көшесі,  ауылына  қызығушылық 

қалыптасып,  дүниетаным  аясы,  ой-өрісі 

кеңейеді,  зерттеушілік,  шығармашылық 

қабілеті ұшталады.

Көрнекілікке  мысал  ретінде  І  курста 

«Менің  сүйікті  кейіпкерім  (сипаттама)» 

немесе «Менің сүйікті авторым» деген тақы-

рыпта  танымдық  әдістемелік  дайын дап 

ұсыну ға  болады.  Әр  сабақ  тақырыбының 

мақсат-міндеті  өзгерген  сайын  қосымша 

материал таңдалып, жаңа слайдтар жасалады. 

АҚТ-ны  пайдалану  саралау  ұстанымын  іс-

ке  асырады.  Әр  студентке  жеке  тапсырма 

бе ріледі:  оқушылардың  біреуі  материал 

іздестірсе,  біреуі  оны  сканерден  өткізеді, 

үшіншісі мәтін тереді, тест дайындады, енді 

біреулері  музыка  таңдайды  т.б.  Жобалау 

ба рысында  Microsoft  Word,  Power  Point, 

Microsoft  Internet  Explorer  бағдарламалары 

пайдаланылады. 

АҚТ  пәнаралық  байланыс  түзуге 


111

110


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

көмектеседі:  қазақ  тіл-әдебиетті  мен  ин-

фор матика,  қазақ  тілі-әдебиеті  мен  мә-

дениеттануды,  қазақ  тілі-әдебиеті  мен 

ақ параттануды,  қазақ  тілі-әдебиеті  мен 

тарихты,  қазақ  тілі-әдебиеті  мен  геогра-

фияны т.б. ұштастырады. Мұғалім-оқытушы 

АКТ-ны  пайдалана  отырып,  студенттердің 

(оқушылардың)  оқуына,  сапалы  білім 

алып  дамуына  қатысты  проблемалық 

жағдаяттарды  ойластырады.  Филолог-педа-

гог  осы  жағдаятты  шешуге  талпынғанда 

ғана  білім  алушылар  тарапынан  өздері 

зерделейтін  нысан  жөнінде  ұғым  қалып-

тасып,  олар  іздену  әдістерін  меңгереді. 

Мәселен,  әдебиет  сабағындағы  электронды 

құрал-жабдықтарға  негізделіп,  АҚТ-ның 

көмегімен  орындалатын  жобалық  әдіс 

кез  келген  ақын-жазушының  туындысын 

игеруге  түрткі  бола  алады.  Бірінші  кезеңде 

студенттер  өздері  қалаған  бір  ақын-

жазушыны  таңдап  алып,  оның  өмірбаянын 

зерттеп-зерделейді, қажетті деген деректерді 

таңдап  алады  немесе  ондай  жұмыстарды 

топтарға  бөлініп  те  орындайды.  Өмірбаян 

деректерін баяндау жеткіліксіз, қаламгердің 

немесе  шығармашыл  тұлғаның  (жыршы, 

жырау  т.б.)  бейнесін  жаңғыртып,  оның 

идеялық-тақырыптық  ізденісін,  өзіндік 

шығармашылық ерекшелігін (стилін) анық-

тауы  қажет.  Компьютерлік  жоба  сабақтар-

ын  пән  бағдарламасы  аясында,  яғни  бөлін-

ген  сағат  пен  мерзімге  орай,  бір-екі  рет 

өткізіп тұрған жөн. Жоғары курс студенттері 

зерттеуге авторларды немесе көркем шы ғар-

маларды өздері таңдағаны дұрыс. Жұмысты 

орындау  мерзімі  мектептерде  бір  тоқсанға, 

ал  ЖОО-да  бір  семестрге  шамаланады. 

Әлбетте, бұл мерзім шартты түрде алынып 

отыр.


Әр  студент  немесе  топ  зерттеу  жоспары 

мен  бағдарламасын  дайындайды,  мақсат-

міндеттерін  айқындайды.  Мысалы,  М.Әу-

езов тің  өмірі  мен  шығармашылығын  зер-

делегенде жазушының өзі құрастырған өмір-

баянынан мынадай сұрақтарды ірік тейді:

1. Неліктен жазушы өз өмірбаянында жас 

шағына көңіл бөлген?

2. Жазушы өмірінде Абай Құнанбайұлы, 

Ахмет Байтұрсынұлы қандай орын алады?

Бұдан  кейін  студент  (топ)  өз  бетімен 

жұмыс  орындайды.  Бұл  кезеңде  оқытушы 

кеңесші  рөлін  орындайды.  Студенттер  ға-

лам тор  желісін  пайдаланып  жұмыс  істеп, 

дереккөздерді зерделейді, егер ғаламтордан 

жеткілікті  мөлшерде  мәлімет-ақпарат  жи-

нақтай  алмаса,  кітапхана  қорына  жүгініп, 

жазушы  замандастарының  естеліктерін, 

басқа да қосымша  әдебиеттерді оқиды. АҚТ 

нәтижені көрнекі беруге, нақты бір мәселені 

талқылауға басқаларды да тартуға мүмкіндік 

береді.


Ғаламтор  желісін  пайдалану  студентті 

ал ынған  ақпаратты  жинақтауға,  талдауға, 

көрсете білуге машықтандырып, белгілі бір 

шығармашылық  (жазушылық,  ақындық, 

зерттеушілік,  сыншылық  т.б.)  дағдының 

қалыптасуына  негіз  қалайды.  Оқу,  бі лім 

алу  тиімділігінің  жаңа  түрі  (типі)  қалып-

тасады,  яғни  қысқа  мерзімде  көлемді 

материалды  меңгеруді  үйретеді.  Жобаның 

қорытындысында 

ғылыми-практикалық 

кон фе ренция,  пікірсайыс  (дисскусиялық) 

клуб  отырысын,  компьютерлік  көрсетілім 

(презентация)  ұйымдастырып  өткізуге  бо-

лады. 

М.Әуезовтің  немесе  басқа  да  ақын-



жазушылардың,  шығармашыл  тұлғалардың 

өмірі  мен  шығармашылығын  зерделеу  са-

бағына  Power  Point  бағдарламасының  кө-

мегімен  компьютерлік  көрсетілім  жасаған 

жағдайда,  сабақ  психикалық  тұрғыдан 

жеңіл өтеді, себебі компьютерлік көрнекілік 

жетімді де жедел (эмоциалды-экспрессивті) 

қабылдауға  оң  әсерін  тигізеді.  Мұндай 

материал ЖОО-ның медиа қорын байытып, 

студенттерге  өз  еңбегінің  жемісін  шынайы 

көруіне  мүмкіндік  туғызады  және  бұл 

нәтижелерді  басқалар  да  қолдана  алады. 

Ал  Microsoft  Publisher  бағдарламасы  га-

зет,  журнал,  буклет,  ақпарат  бетшелерін 

дайындап шығаруға ыңғайлы.

Міне,  осылайша  АҚТ  қолдану  арқылы 

тұлға  қалыптастырудың  бағдарлы  оқыту 

жүйесін  іске  асырып,  студенттерді  жоғары 

технологиялы  ақпараттық  ортада  өмір 

сүруге дайындауға болады. 



Резюме

В статье рассматривается роль и значение информационных технологий в предмете 

казахского и казахского литературного языка 

Summary

 In the article discusses the role and value of information technologies in the subject кazakh 

and кazakh literary language.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет