Бас редактор


ӨЗІНДІК ДАЙЫНДЫҚ: ӨРІС ЖӘНЕ ӨЛШЕМ



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата01.01.2017
өлшемі5,11 Mb.
#946
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

ӨЗІНДІК ДАЙЫНДЫҚ: ӨРІС ЖӘНЕ ӨЛШЕМ
 
Ж.Ж. Молдабеков 
филос. ғыл. докт., әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ң профессоры
Резюме
В  статье  раскрываются  формы,  этапы  и  механизмы  повышения  профессионального 
уровня  самостоятельной  подготовки  специалистов  и  возможности  ее  реализации  в 
контексте Стратегии «Казахастан-2050». 
Summary
This article analyze the forms, levels and mechanisms of the professional grades of specialists 
self preparing and its realizations in the contexts of strategy «Kazakhstan-2050».
“Қазақстан-2030″ Стратегиясында біз өз-
індік  жолымызды  айқындадық.  Қоғамдағы 
әрбір  өзіндік  қадам  тиімді  әлеуметтік 
сая сатқа,  демократиялық  жүйеге  және 
адам  құқықтары  саласындағы  ең  жоғары 
стандарттарға  жақындатуда.  Оқу  жүйесін 
инновациялық  зерттеулерді  дамытатын 
жаңа саясатпен және көп салалы гуманистік 
дәстүрмен толықтыру – жаңа заман талабына 
айналуда.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру 
–  ұлттық  мүдде.  Ұлттық  мүддеге  қызмет 
ету  үшін  әркім  өзгені  емес,  алдымен  өзін 
қамшылауы тиіс.
Өзіндік  дайындық  мақсатты  міндетке 
және  бағдарлы  мүддеге  орай  үнемі 
нақтыланады,  пәрменді  қарқын  алады, 
жаңа практикалық қолдауын табады. Онсыз 
өзіндік  дайындық  адамның  ынта-ықыласы-
на  және  дүниетанымдық  талғамына  орай 
жүйеленбейді, бағдарлы арнасын таппайды. 
Өз шоқтығыма жетемін деген адамға – бұл 
нақты  үлгі,  үдемелі  үрдіс.  Оның  өлшемі 
мен  өрісі  қандай?  Өзіндік  дайындықтың 
жаңа  сапасы  мен  сабақтастығын  қалай 
қалыптастыруға және жетілдіруге болады?
Өзіндік  дайындықтың  өрісі  –  тұлғалық 
және  әлеуметтік  әлеуетті  әзірлеуде,  рухани 
кеселдерден  бой  тартудың  әрекетін  бірлесе 
үдетуде,  үйлестіруде.  ал  өлшемі  -  озық 
өміршең  құндылықтарды  қолдауда  және 
оларды  тұрмыстық  айналымға  ендіруде. 
Алды-артын  ойластырған  дайындық  бой-
дағы  ресурсты  құрайды,  руханият  қуатына 
талпыныс ендіреді.
Президент Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» 
Стратегиясында:  «Біз  бүгін  –  өзіндік  бет-
бейнесі  бар,  өзіндік  ерекшеліктері  мен 
өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. 
Әлемдік қоғамдастық таныған елміз...» деп 
бүгініміз  бен  болашағымызды  үйлестіре 
атап  өтті  (1).  Ескеретін  жай:  өзіндік 
дайындық – тұлғаға, азаматқа керек тәсілді 
әрекет,  ал  өзіндік  ұстаным  –  мемлекет  пен 
елдің  белсенділігін  арттыратын,  қолдайтын 
бағыт-бағдар.
Жолдауда  білім  саласына  қатысты  қо-
мақты  да  кешенді  саяси-әлеуметтік  мін-
деттер  белгіленген.  Атап  айтсақ:  Біз  бә-
секеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  және 
сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз 
керек.  Ол  үшін  (1)  азаматтарымыз  ең  озық 
жабдықтармен және ең заманауи өндірістер-
де  жұмыс  жасау  машығын  меңгеруге  (2), 
мемлекет ұлттық экономиканың мамандарға 
деген  қазіргі  және  келешектегі  сұранысын 
барынша өтеуге (3), әлеуметтік институттар 
өздерінің  ғылыми-зерттеушілік  қызметін 
белсенді дамытуға дайын болуға тиіс. Дай-
ындықтың  азаматтық,  экономикалық,  әлеу-
меттік  жақтарын  үлағаттатқызатын  және 

56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
соған тұрарлық ұлы, үйлесті ұстанымдар.
Ендігі «Қазақстан – 2050» стратегиясының 
жаңа саясаты бағдарына лайықты білім беру 
жүйесін  қалыптастыру,  қоғамдық  сананы 
жетілдіру міндеті айқындалуда. Бүгінде білім 
беру жүйесі мен қоғамдық сана арасындағы 
алшақтық  ұлғаюда.  Алшақтықты  аяқтан 
алудың  жолдары  да,  алда  тұрған  міндеттер 
де аз емес.
Әдістемелі тұрғыдан алсақ: 
*  бізге  оқыту  әдістемелерін  жаңғырту 
және  өңірлік  мектеп  орталықтарын  құра 
отырып,  білім  берудің  онлайн-жүйелерін 
белсене дамыту;
*  кәсіпкерлікті  дамыту  және  бизнесті 
қолдау  жөніндегі  бұрын  қабылданған 
барлық бағдарламаларды ықпалдастыру;
*  ұлттық  рух,  ұлттық  болмыс  негізінде 
инновациялық  терең  білім  алу  және 
технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту 
керек. 
Философиялық-интеллектуалды 
және 
білім беру деңгейде:
*  дүниентанымдық  дағдарыстан  дү-
ниетанымдық жаңа жүйеге шығу;
*  қоғамдық,  мемлекеттік  және  ұлттық 
сана-сезімді ояту, жетілдіру;
*  жас  ұрпақтың    сапалық  құрамын  арт-
тыру, тән мен жан тазалығын тәрбиелеу;
*  көп  сатылы,  көп  деңгейлі  білім  беру 
философиясын қалыптастыру;
*  гуманистік  дәстүр  мен  қазақстандық 
патриотизмді үйлестіру керек.
Осы бағытта сұраныс артуда және ол тегін 
емес.  Білімге  негізделген  саясат  сындарлы, 
экономика  пайымды  келетінін  өркениетті 
дәуір дәлелдеді. Оның үстіне білім де, ғылым 
да  әлеуметтік  капиталдың  құрамдас  бөлігі, 
тіпті  құралы  болуы  керек.  Себебі  іргелі 
зерттеулер  әріптестер  мен  серіктестердің 
бірлескен  іс-шараларының  жемісі,  жеңісі 
екенін жиі байқаудамыз.
Тұжырымдамалы  ұстаным  біртіндеп, 
өр кениет  салдарын  болжау  барысында 
қалыптасты.  Елбасы  «Интеллектуалды 
ұлт  –  2020»  ұлттық  жобасын  ұсынғанда 
өз  ұлтының  бақытты  болашағын,  кемел 
келешегін  ойластырды,  қуатты  мемлекет 
құруды  мақсат  тұтты.  Мақсаттың  басты 
ұстанымы  –  жан-жақты  дамыған  білімді, 
мәдениетті,  отаншыл,  ұлтжанды  ұрпақ 
қалыптастыру.  Ұлттық  жоба  негізгі  үш 
бастаманы  қамтиды.  Біріншісі,  қазақстан-
дық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау; 
екіншісі  –  ғылым  саласын  дамыту  мен 
еліміздің  ғылыми  потенциалын  арттыру; 
үшінші бағыты – қазақстандықтардың жаңа 
генерациясын  қалыптастыруға  бағыттал ған 
инновациялар  жүйесін  дамыту.  Сонымен 
инновациялық  даму  білім  жүйесін  жаңа 
сапаға көтеруге және интеллектуалды ұлтты 
қалыптастыруға қызмет етуімен маңызды.
Инновацияның  қарқыны  мен  қуаты 
адамның  өзіндік  түсінігіне,  өзіндік  дай-
ындығына,  өзіндік  әрекетіне  тікелей 
байланысты.  Қарқынды  өзіндік  әрекеттің 
саналы,  субъективті,  сабақтас  жақтарын 
білдіреді.  Оны  төртбірдей  тұрғыдан  – 
тұлғалық, ұрпақтық, ұлттық, елдік деңгейде 
қарастыруға,  талдауға  және  бағалауға 
болады.  Төрт  тірек  –  өзіндіктің  өлшемі  әрі 
ауқымы. 
Өзіндік  дайындық  әлеуметтік  қатынас-
тан  тәуелді,  ал  жеке  әлеуметтің  мамандық 
бойынша,  тұрғын  өңір  мен  өлке  бойынша 
өзіндік  сипаты  қандай  десек,  жауап 
әлеуметтік-мәдени  мазмұнымен  немесе 
көрсеткішімен  қанағаттандырады.  Нақты 
өңірдің  өмірін,  нақты  өмірдің  аумағын 
құрайтын  өзіндік  кәсіптің  машақаты 
ерекше  мәнді,  нақты  нәтижелі.  Өзіндік 
-  өз  бетінше  жұмылатын,  әрекеттенетін 
даралық. Заңдылық пен ережеге, дәстүр мен 
сабақтастыққа  сүйенетін  өзіндік  әрекеттің 
нәтижесі жаңа, мәнді, тартымды болуы тегін 
емес.
Өзіндік  машақат  нағыз  жарастық  пен 
жасампаздықта,  интеллектуалды  мәдениет 
пен  демократиялық  дәстүрдің  аясында 
қалыптасады.  Өзін-өзі  тани  білу  машақаты 
интеллектуалды 
адалдық 
пен 
еркін 
жігерлілікте  өмір  ережесіне  айналады. 
Интеллектуалды  талпынысқа  өзін-өзі  тани 
білу,  көргенін  зейін-зердемен  таразылау, 

57
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жеке  бастың  жауапкершілігін  қатар  алып 
жүру тән. 
Адам  өмірінде  бұқаралық  ақпаратқа 
сүйенген 
индивидуалистік 
талпыныс 
үдеуде.  Оның  нәтижесі  кімді,  қалай 
қанағаттандыруда?  Білім  жүйесінде  өзіндік 
ізденістің  көпсатылы  ерекшеліктері  нақты 
және  толық  ескеріле  бермейтін  кезеңге 
ұшыраудамыз.  Оқытудың  технологиялық 
параметріне  баса  назар  аударушылық  адам 
факторының формалдық ұқсастығын негізге 
алады.  Мұнда  жалпы  мәліметке  деген 
әуесқойлық айқын. 
Білім  берудің  технологиялық  желісі 
моральдық  ережемен  де,  әлеуметтік 
тәжірибемен 
де 
үйлесе 
бермейді. 
Технологиялық  желіде  моральдық  өсиет 
те,  әлеуметтік  ұстаным  да  жартылай 
орындалады, жартылай бұрмаланады. Проб-
леманы  жалпылама  сипаттау  немесе  жар-
тылай  шешу  дүниетанымдық  көзқарасқа 
нұқсан  келтіруде,  гуманистік  көзқарасты 
жүдетуде,  технологиялық  тоталитаризмді 
өрістетуде.  Ақпараттық  ағымда  адамның 
санасын  қорғау  қиындыққа  ұшырауда, 
жастардың  көзқарасын  болжау  ырықсыз 
қалуда. 
Дүниетанымдық 
дағдарыстың 
бастауы осында. Өкінішке орай, а) техникалық 
тоталитаризм әлеуметтік-гуманитарлық оқу 
жүйесінің  шешуші  факторына  айналуда; 
ә)  оқу  жүйесінің  рухани-адамгершілік 
мағынасы 
мен 
әлеуметтік 
мазмұны 
техникалық  тәсілдермен  толық,  дұрыс 
жеткізіле алмайтынын ұғынушылық кемшін. 
Осы  орайда  К.  Поппердің,  «біз  жартылай 
абстрактілі  қоғамда  өмір  сүретінімізді 
мойындаймыз, сол ымыраға көнеміз» деген 
сөзі ырықсыз еске түседі.
Біржақтылықтан  арылу  немесе  өзіндік 
дайындықты көтермелеу мақсат болса, оны 
проблема ретінде зерттеу керек. Технология, 
техникалық  тәсіл  салыстырмалы,  салалы, 
қолданбалы білім беруге жарамды, тартымды. 
Мұнда  үшбірдей  өлшем  –  дүниетанымдық 
жүйе,  ұлттық  үлгі,  тұлғалық  тәжірибе 
ескеріле  бермейді.  Бұл  қиыншылықты 
ұстаздар  тобы,  ғалым-мамандар  алқасы 
қалай шешіп жатыр десек, осы әлеуметтік-
мәдени  тәжірибе  арнайы  зерттелінбеуде. 
Озат  педагогикалық  тәжірибелер  ауқымды 
деңгейде, жер-жерде талқыланбауда немесе 
одан  қажетті  тұжырымдамалы  бағдар 
жасалынбауда. 
Үзіксіз  білім  берудің  ұйымдастыру 
құрылымына үнемі, баса назар аударушылық 
практиканың  бірден-бір  басым  түріне 
айналуда.  Қазіргі  бас  қосуда  білім  берудің 
сапасын көтермелеудің теориялық, идеялық, 
әдістемелік,  психологиялық  жақтарын  бір-
бірімен  үйлестіре  талдаушылық  сиреуде. 
Осыдан  сабақ  берудің  дүниетанымдық 
деңгейін, 
интллектуалды 
мәдениетін 
көтермелеу 
мәселелері 
толыққанды 
жүйелілікпен, 
сауаттылықпен 
талдау 
сала-салаға  бөлініп,  тіпті  ұмытылып  бара 
жатқандай көрінеді.
Өзіндік  дайындық  жеке  тұлғалық 
жауапкершіліктің  негізін,  тетігін  құрауы 
тиіс.  Бұл  бағытты  бағалауда  шалалық 
жетіп  артылады.  Шалалық  методикалық 
талапты 
методологиялық 
принциптен 
алшақ  қараудан  басталады.  Біреулер  үшін 
қалыптасқан жүйені бұзу – индивидуализм, 
ал  кейбіреулер,  жаңа  жүйені  өздігінше 
қалыптастыру  мен  қолдануды  –  бойдағы 
ерекше  жігерлі  күш-қуат,  ойдағы  тиянақты 
талғам  деп  жатады.  Бәлкім  жөні  де  бар 
шығар. Өйткені, бірінші жайда адам ортаға 
өзінше  бейімделе  алмайды,  ортаны  өзіне 
бейімдей  де  алмайды.  Өзгені  кемітіп  не 
тең  санамай,  өзін  ортаға  қарсы  қояды. 
Ал  жігерлі  жан  болса  өзін  де,  өзгені  де 
бірдей  құрметтеп,  адамның  жан  дүниесін 
құрметтейді.  Құрметтеп  қана  қоймай  өз 
еркімен  діттегеніне  бейімделіп,  әлеуметті 
өзіне бейімдей алады. 
Бірақ  ұмытылмайтын  ереже  бар:  екі 
жақта тек бір-бірімен ықпалдасу барысында 
ғана  жаңа  нәтижеге  тез  әрі  ұзақ  мерзімге 
қол  жеткізеді.  Ескеретін  тағы  бір  жағдай: 
индивидуализм ұғымы қоғамтануда әрқилы 
мағынада  қолданылуда.  Біріншіден,  инди-
видуализм белгілі бір шеттеген топтың өмір 
салты  іспеттес.  Жұртқа  үрке  қарайтындар 

58
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
іштей  тұйықтықта  шектеледі,  қарым-
қатынастың  ережесін  қатаң  орындамайды. 
Өз  кемшілігін  мойындамаушылық  гу-
манистік  дәстүрге  үйлеспейді.  Екіншіден, 
индивидуализм  индивидтердің  өз  бетінше 
социумды, 
қауымдастықты 
құрауды 
білдіреді.  Бірақ  қауымдастықтың  нақты 
болмысы  ескерілмей,  жалпы  түсінікпен 
қанағаттанушылық  басымырақ  болады. 
Индивидтік  ұқсастық  еліктеудің  сырт 
нышанын  елестетеді.  Үшіншіден,  инди-
видуализм  жеке  тұлғалыққа  қатысты 
белгілер, үлгілер, ерекше құндылықтар. Әр 
адам болмысы мен санасының құндылығын 
өзінше  қабылдау  –  қабілеттілерге  тән. 
Бірақ  жекенің  құндылығын  мойындау 
басқаның  қабілет-қасиетін  жоққа  шығару 
емес. Индивидуализм бірінші жайда жалпы 
сипатталынады,  екіншіде,  адами  және 
құқықтық  тұрғыдан  бағаланады,  оның 
әдістемелі  жағына  баса  назар  аударылады; 
үшіншіде,  оның  біржақтылыққа  қарсы 
күресте  құндылығы  айқындалады,  дара 
қасиеттері  ескеріледі.  Өз  қабілетіне  сенген 
қай ратты да қайсар, мейірімді де қайырымды 
келеді.  Өзіне  сын  көзімен  қарайтындар  ой-
парасаттық алғырлықты сабақтауды, рухани 
тазалықты сақтауды басшылыққа алады. 
Сонымен  индивидуализмнің  көрінісі 
ал уан,  оны  шектеу  тәсілі  әрқалай.  Осы 
алуандықты  қалай  дұрыс  ескеруге  немесе 
сонымен  есептесуге  болады?  Индивидуал-
изм өмір сүрудің жалғыз монистік принци-
пін құрмайды. Оның біржақты көрінісі мен 
қызметі  адам  болмысының  ашық  жүйесіне 
қайшы келеді, оған сыйыспайды. 
Қазір  оқу  жүйесінде  ведомстволық  үс-
тірттен  толассыз  келіп  жатқан  нормативті 
ұсыныстар  «эксперимент»  ретінде  ат-
үсті,  үдемелі  тұрғыдан  жүргізілуде. 
Бұл  ұсыныстар  білім  беру  саласындағы 
«модель-  теория-  методология-  методика» 
арасындағы  үйлестікті  ыдыратуда,  пән-
аралық  байланысты  нығайытқан  жоқ. 
Соның  салдарынан  деуге  болар,  бұрынғы 
(немесе батыстық) қандай модель, гипотеза 
біздің  нақты  жағдайымызға,  болашақ 
бағдарымызға сәйкес келмейді деген ресми 
ұсынысты  есітпеппіз.  Толассыз  сан  алуан 
қосымша  талаптар,  аяқсыз  іс-әрекеттер 
ұстаз-ғалымдардың  басын  көтертпейді, 
түрлі мәліметтер жинаумен уақытын алады. 
Өнімсіз  «былықпа»  жүйкені  жұқартады. 
Қағаз  бетіндегі  мәліметті  тірі,  тартымды, 
өнімді  еңбектен  жоғары  бағалау  дағдыға 
айналып бара жатқандай. Қауіпті мұндай дерт 
асқынып кетсе, оқу жүйесінің сапасын қалай 
арттыратынымыз  неғайбыл,  оның  басты  
ұлттық  бағдарын  анықтау,  жүзеге  асыру 
қиындай  түсері  даусыз.  Демек,  орынсыз, 
өнімсіз  қиналу  жалғаса  бермек.  Ол  кімге, 
не  үшін  керек?  Ұрандаған  сөздер  болмаса, 
дәйекті,  дәлелді  жауапты  есітпеппіз,  өнеге 
тұтарлық нақты үлгіні көрмеппіз.
Өкініштісі,  оқушы  жастар  санасының 
мотивациялық  құрылымы  зерттелінбеуде, 
арнайы  ғылыми  зерттеудің  ұсыныс-
кеңестері педагог қауымдарға жете бермейді. 
Қысқасы,  бүгінгі  білім  беру  практикасын 
сыни 
тұрғыдан 
талдау 
жасайтын 
жұмыстар  аяғына  тұрған  жоқ.  Білім  беру 
практикасының  мотивациялық  құрылымын 
зерттемеу,  Гадамердің  сөзімен  айтқанда, 
әрдайым «біреуден өзін тани алатын, біреуді 
игере  алатын»  [2],  қысқасы,  жаңарған 
адамды  дайындауға,  оның  интеллектуалды 
практикасына  арнайы  мән  бермеу  деген 
сөз.  Интеллектуалды  практиканы  ескермеу 
адамның  өзіне-өзі  қамқорлық  жасауға 
үйрететін және өзін субъект ретінде жүзеге 
асыруға жұмылдыратын руханиятқа, рухани 
факторға алып-қашты қарауға итермелеу.
Алып-қашты  оқу  жүйесінде  жастардың 
өзін-өзі 
жетілдірудің 
психологиялық, 
әлеуметтік,  рухани,  гуманистік  жақтары 
қатар  жүргізілмейді,  бұл  деңгейлер 
бірін-бірі  толықтырудан  қалады.  Жастар 
ойының,  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетінің 
бірлестігін тұтас бағаламай, оның тұлғалық 
қабілет-қасиеттерін,  өмірлік  ұстанымы 
мен  кәсіби  деңгейін  дұрыс  сараптау 
екіталай  күйге  ұшырамақ.  Қағаз  бетіндегі 
мәлімет  жастардың  интеллектуалды  және 
методологиялық 
мәдениетін, 
олардың 

59
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
өмірлік позициясының деңгейі мен бағдарын 
білдіре  бермейді.  Бүгінде  біз  осы  айрықта 
есімізді  жинай,  кәсіби  дайындықты  еркін 
қолдана алмай жатқан жайымыз айқын.
Сонда  тұлғалық  жетілудің  шығар-
машылық  бағдары  қандай  болмақ?  Адам 
өзіндік дамудың субъектісі болса әлеуметтік 
дамудың  субъектісі  бола  алады  ма, 
керісінше,  әлеуметтік  қарым-қатынастың 
субъ ектісі болған сайын, өзін-өзі дамытудың 
дербес  субъективті  мүмкіндігі  артады  ма? 
Педагог-ғалымдардың  өзін  жұбататын, 
қана ғаттандыратын  жауап  таба  алмай 
жүрген  сұрақтар.  Өзіндік  дайындықтың, 
тұлғалық  белсенділіктің  толыққандылығы 
–  осы  қайшылықты  шешу  жолында 
екенін  түсінушілік  артуда.  Адамның  ішкі 
дүниесін,  дүниетанымдық  бағдарын  ұқпай 
педагог  білім  саласындағы  индивидуалды 
белсенділіктің 
пәрменділігіне, 
«Мен» 
дерлік  тұлғалық  қасиеттің  қалыптасуына 
мардымды ықпал ете алмайды [3]. 
Өзіндік  дайындыққа  техникалық  тәсіл 
мен  жүйеден  гөрі  қабілет  үйлестігі  әр 
сақтан  икемді,  мекем  ықпал  ете  алады. 
Техникалық  тәсіл  жеке  операция  мен 
кәсіби  қызметті  жылдам,  дөп  орындауға 
ұтымды,  ал  қабілет-қасиет  өзіндік  дамуға, 
азаматтық 
белсенділікті 
жетілдіруге 
ыңғайлы,  тұрақтатуға  тартымды.  Өзіндік 
дайындық  көп  деңгейден  –  парасатты 
таңдаудан, салыстырмалы талдаудан, шешім 
мен нәтижені салыстырып бағалаудан, теріс 
пікір  мен  жалған  болжамнан  бас  тартудан 
құралады.  Көп  сатылы  танымдық  қызмет 
өзіндік  дайындықтың  ғылыми  негізін 
құрайды.  Өзіндік  дайындықтың  идеялық, 
теориялық  негізін  ғылым  философиясы 
құрайды  десек,  артық  айтпағандық.  Бірақ 
оқу  практикасына  «философия  докторы» 
деген  ғылыми  дәрежені  енгізсекте,  оның 
білім беру саласын жетілдірудегі тетіктерін 
тиянақтау 
жұмыстары 
қадағалаусыз 
қалуда.  Оқу  жүйесіндегі  ұстаным  мен 
ұмтылыстың  алшақтығы  басты  бағдарды 
жүзеге  асыруға,  яғни:  біріншіден,  өзіндік 
дайындықтың  ашық,  есептеулі,  айқын, 
қолданбалы  көрсеткіштерін  нысаналы 
айналымға  ендіруге,  екіншіден,  ғылыми 
ізденістің  сабақтас  сатылары  мен  мәнді 
құндылықтарын  ғылыми  прогресс  пен 
әлеуметтік 
капиталға 
айналдыруға 
жарамсыз.  Оған  ғылыми-әдістемелі  ізденіс 
жүргізілмейді, тәжірибе жетіспейді. Сыртқа 
еліктеушілік  өз  тәжірибемізді,  әсіресе 
әлеуметтік-гуманитарлық  саладағы  өзіндік 
ерекшелікті жинақтауға мұрша бермеуде. 
Сондықтан  көп  сатылы,  көп  деңгейлі 
білім  беру  философиясын  қалыптастыру 
қажет.  Білім  беру  философиясының  басты 
мақсаттары,  мамандар  ескертіп  жүргендей, 
жеке тұлғаның интеллектуалды мәдениетін, 
сыни  ойлану  қабілетін  қалыптастыру,  оқу 
жүйесін  қазіргі  әлеуметтік  және  мәдени 
ағымның  құрамына  ендіру,  қоғамдық 
дамудың  қуатты  құралына,  тәсіліне 
айналдыру,  адамның  ақыл-парасаты  мен 
сезім дік  үйлестігін,  азаматтық  борышын 
тәр биелеу жұмыстары тұтас дүниетаным дық 
түбірі мен ұлттық құндылығынан айрылып, 
саясат  пен  идеологияның  науқанына 
айналуда. [4]. 
Идеологиялық талпыныс не марапаттауға, 
не керағарлыққа қарсы тұруға бағытталады. 
Бұл – науқан. Мұнда қарама-қарсы жақтың 
себеп-салдарын  ажыратуға  мән  берілмейді, 
содан  жақсыны  жетілдірудің  жүйесі, 
жаманнан  жиренудің  этикасы  қалыптаспай 
қалады.  Қос  шындыққа  жүгінелік.  Бір-
іншіден,  байлық  пен  билік  қуған  саясатта, 
техникалық  жеңілтекті  жеке  басының 
қамына  жарататын  тіршілікте,  бәсекелестік 
күтпеген  қырынан  белең  алуда.  Алып 
дүбірде таңғажайып жетістіктер баршылық, 
күн санап толастауда. Технология қарыштап, 
өмірдің жылдамдығы артты. Екінші «ғажап» 
–  адамдар  мейірімін  жоғалтып  алуда, 
қайырымнан  ажырап  барады,  қатыгездік 
күшеюде.  Адами  қабілет-қасиет  тауарға, 
алыс-беріс  амалына  айналуда.  Мейірімді 
жанашырлар  азаюда.  Мейірімсіздіктің  сал-
қындығы  отбасынан  етек  алып,  үлкен  мен 
кішінің арасында жиі көрініс алуда. Жұмыс 
іздеп еңбектің қадірін білмеушілер, бәсекенің 

60
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
талабын  назарына  ілмеушілер,  нарықтың 
есебімен  жүрмеушілер  арамызда  аз  емес. 
Содан  жеңілдің  үстімен  жүрмек,  дайын 
нәрсені  аңсайтын,  қолдағыға  жұбанатын 
психология  кей  топта  орын  алуда,  әлі  де 
басымдылық танытуда. 
Сыртқа  жалтақтайтындар  «тәуелсіздік» 
ұғымын  толық  түсінбейді,  тәуелсіздіктің 
негізгі  құндылықтарын  дұрыс  бағалай 
бермейді.  Мұндай  тұрлаусыз  жағдайда, 
біріншіден, адам өзіне, еліне не тиімді, ненің 
тиімсіз  екенін  жөнді  білмейді,  білейін  деп 
талпынбайды; екіншіден жалқаулығы айқын 
қазақта  жұмысқа  деген  тиянақтылық  пен 
табандылық  жетіспейді.  Енжарлық  басым. 
Жеке  бастың  қамы  туралы  алып-қашты 
ойлар  немесе  біржақты  әрекеттер  ұлттық 
мүддеміздің  жөн-жосығын  ескермейді, 
ұлттық  мәртебе  тұрғысынан  бар-жоқты 
түгендеуге ұмтылдырмайды. Табан тірер ұс-
таным  ескерусіз  қалады.  Білім  беру  жүйесі 
немесе өзіндік дайындығы мол орта қандай 
ұсыныс  енгізе  алады,  бұл  бағытта  қандай 
әлеуметтік тәжірибе жинақталды?
Жалаң  сұрақ  емес.  Бүгінгі  шалалық, 
ауытқушылық 
іштей 
суынудың, 
ал 
жатжұрттық  елдің  болашағына  сенім-
сіздікпен  қараудың  нышаны  екені  мәлім. 
Сондай-ақ,  сауатты  да  саламатты  жаңа 
ұрпақ  бәсекелестіктің  сұранысын  ескеріп, 
байырғы салтқа да, ескіше ойлауға да көнгісі 
келмейтіні – өсер жанның талпынысы және 
өркениет заңдылығы. Жаңашылдар ескі дағ-
ды  мен  ескіше  ойлаудан  арылғысы  келеді. 
Қызба жастың бұрынғыдан кейінгіге, ескі ден 
жаңаға  өтудің  тетігін  қарастыра  бермейтін 
кезі сире емес. Барға баппен қарамаушы лық 
біржақтылыққа  ұрындырады.  Біржақты-
лық тығырықтан шығудың төте жолы емес. 
Сенімсіздік  пен  біржақтылықта  адамның 
өзіне,  елдің  келешегіне  деген  белгісіздік 
сейілмейді.  Белгісіздікте  ұлттың  өз  түр-
тұлғасы  мен  сыр-сипаты  ерекшеленбейді, 
керісінше, өшеді. Қауіп осында.
Күнделікті  тіршіліктің  мұқтаждығы 
іргелі  іске  жеткіліксіз.  Енжарлық  кезде 
мемлекеттік  түйсікті  жоғалтып  алдық. 
Мемлекеттік  түсінік  пен  жауапкершілік 
ХХІ  ғасыр  талабына  орай  қалыптаспаса, 
онда екіұштылықтың әлеуметтік қаупі – ын-
жықтық пен алауыздық күшейе бермек. Со-
дан  жаңа  ұлттық  бағыт-бағдарға  лайықты, 
ХХІ  ғасырдың  бәсекелестігінен  туындай-
тын,  өркениет  қажетіне  бағытталған  жаңа 
дүниетаным,  мемлекеттік  түйсік,  жүйелі 
ұлттық тәрбие, нысаналы әлеуметтік қолдау 
қажет деген жанайқай шығады. Жанайқайды 
қолдауға адамның өзіне деген сенімділік, ар-
намысын арқа тұтушылық керек.
Адал  терді  естілікпен,  есеппен,  жігерлі 
ерікпен  жұмсайтын  кез  келді.  Себебі 
«еңбектің  артында  тұрған  еңбекті  құратын 
көптеген  құндылықтар  бар.  Олар:  ар-
намыс,  бала  шағасының,  елінің  алдындағы 
жауапкершілік, адамгершілік сезімдері, мақ-
сат-мұраттар.  Мұның  бәрін  жинақтағанда 
еңбек жәй ғана құрал екеніні түсінеміз» (5). 
Бәсекелі  кезде  еңбектің  салмағы,  қатардан 
қалмаудың,  жақсы  жұмысқа  ұмтылудың, 
қолға  алған  істі  қадағалаудың  маңызы 
анағұрлым артуда.
Ал  ХХІ  ғасырда  адамзатты  дара-
ландыратын  да,  жақындататын  да,  дамы-
татын  да  жеке  ұлттар  екенін  және  ұлттық 
қозғалыстар  қоғамның  басты  қозғаушы 
күшіне  айналып  бара  жатқанын  ескерсек, 
онда  ұлтшылдық  сезімнің  әлемде  өрбіп 
жатқаны  тегін  емес.  Империялық  саясат 
ұлтшылдыққа  теріс,  жағымсыз  мағына 
енгізді.  Ұлттық  мүдде  таптық  ұстанымның 
таптаурында  қалды.  Қазақ  халқы  ұлтын 
ұлықтайтын қоғамдық  біртұтас күшке айна-
луы керек. Талпыныс күш алуда, кедергілік 
таңбасын қалдыруда. Іштей рухани қақтығыс 
басылмауда.  Жас  ұрпақтың  сыртқы  қалпы 
сұлуланды,  ақыл-парасаты  өсті,  көп  нәр-
седен хабардар, өмірдің жылдамдығы артты. 
Біржағы, әлемдік информациялық кеңістікке 
араласқан  сайын,  көп  тілді  ортаға  енген 
сайын    кейбір  жастар  арасында  ұлттық 
мәдениетке,  өз  халқының  дәстүр-салтына 
деген салқындық, немкетерлік, менсінбейтін 
әдеттер,  аумалы-төкпелі  түсініктер  белең 
алуда. 

61
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Информациялық  сарын  мен  рухани 
құндылық арасындағы қайшылық шиеленісіп 
жатқаны  анау.  Мәдениет  пен  мемлекет 
аясында ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық 
мүдде  қалыптаспай  адамның  ар-ұжданы 
нақты  арнасын  таппайды,  азаматтық  сана-
сезім  ұлттық  болмыспен  қабыспайды.  Бұл 
құндылықтарды  қолдан  жасауға,  әркімнің 
өзінше  бұрмалауына  және  тіптен  ескерусіз 
қалдыруға  болмайды.  Ұлттық  мінездерді 
қалыпастыруда  мемлекеттік  мекемелер  мен 
әлеуметті институттардың рөлі едәуір артуы 
заңдылық.
Өмірде,  әлемде  Қазақстанның  ықпалы 
артып  жатқан  кезде  қазақ  ұлтына  деген 
ұлтшылдық  көзқарастар  өресін  кенейітті. 
Қазақтың  ұлтшылдығы  –  туған  жұртына 
деген  шексіз  махаббатқа,  ақыл-ойға,  берік 
патриотизмге,  парасат-пайымға,  болашаққа 
деген  нық  сенімге,  келісім  мен  рақымға 
негізделген.  Бұл,  біріншіден,  мейірім  мен 
қайырымдылыққа негізделген жаңа түсінік, 
екіншіден,  мемлекет  құрушы  ұлт  ретінде 
өз  болмысы  мен  келбетін  тұтас  сақтамақ 
жүйелі ұстаным, үшіншіден, бұрын өктемдік 
еткендердің  ықпалынан  арылуға  арналған 
ұзақ та өршімелі ұмтылыс. «Ұлтшыл» деген 
ұғымдық  жаңа  түсінік  ұлттық  фактордың 
өсуінен және қоғамдық сананың жаңаруынан 
туындауда. Тәуелсіздігін жаңадан алған елде 
ұлтшыл  сезім  қоғамдық  сананы  өзгертуге 
және жаңаша ойлану қабілетін қалыптастыру 
қажетінен туындауда. 
Ұлттық  мүдделерді  әртарапта  ілге-
рілету  де,  ұлттық  қауіпсіздік  үшін  өз 
жауапкершілігімізді  сезіну  және  оны 
тұрақтандыру  да  –  прагматикалық  прин-
цип,  прагматизм  қағидасына  негізделген. 
Прагматикалық 
стратегияға 
ғылыми 
мек тептердің  арнаулы  ақпарат  және 
білімдерінің  көлеміне  негізделген  дербес 
ғылыми  база  жасау,  шетелдік  ғылыми-
зерттеушілік  қоғамдастықпен  ықпалдас 
инновациялық  бағыттарды  бетке  ұстау, 
ғылым  мен  бизнестің  кооперациясына  бү-
гінгі күнгі ең озық құралдар мен тетіктерді 
енгізу  міндеттері  жатады.  Оның  қуатын 
төртбірдей тұғыр – әріптестік әрекет, талай 
буынның тәжірибесі, мәдениет пен өркениет 
диалогына  бейілділік,  қазақстандық  па-
триотизмді тәрбиелеу құрайды. 
Қазіргі  өткір  проблемалардың  дұрыс 
шешімін  табу  үшін  дүниетанымдық  дағ-
дарыстан  дүниетанымдық  ілгерілеуге  өту 
қажет.  Бұл  жаңашылдықтың  ілгері  үрдісі 
ғана  емес,  гуманистік-ұлттық  сана-сезімді 
толықтырудың іріктемелі бағдары. Іріктеме 
сапалы  өзгерістерге  мұқтаж.  Азаматтарды 
ар-ождан  бостандығымен  қамтамасыз  ету, 
біздің  дәстүріміз  бен  заңдарымызға  қайшы 
келетін жат әрекеттерге қайсарлықпен қарсы 
тұру – гуманистік дәстүрден нәр алады.
Гуманистік  дәстүрдің  тірегі  –  елдің  тәу-
елсіздігінде,  ұлттық  сана-сезімнің  нығаю-
ында,  этносаралық  және  конфессияаралық 
қарым-қатынастың  орнығуында.  Қазақ-
станның ел болып жаңаруына, өзіндік даму 
жолын  қалыптастыруға  гуманистік  дәстүр, 
рухани фактор, этносаралық қарым-қатынас 
мәдениеті  ерекше  ықпал  етті.  Үш  фактор 
түрлі  тарихи  кезеңдерде  қалыптасты. 
Бүгінде  олардың  арақатынасы  қоғамның 
саяси  тұрақтануына,  рухани  тұтастануына 
арналуда.  Технологиялық  әдістер  бұл 
міндеттерді  жүйелі  және  дәйекті  түрде 
шешуге жарамсыз.
Мәдениет  пен  мемлекет  аясында 
ұлттық  сезім,  ұлттық  мінез,  ұлттық  мүдде 
қалыптаспай  адамның  ар-ұжданы  нақты 
арнасын  таппайтынын,  азаматтық  сана-
сезім  ұлттық  болмыспен  қабыспайтынын 
информациялық қоғам көрсетуде. Адамдық 
және  ұлттық  құндылықтарды  қолдан 
жасауға, әркімнің өзінше бұрмалауына және 
тіптен  ескерусіз  қалдыруға  болмайтынына 
көзіміз  жетуде.  Осы  міндеттерді  жүзеге 
асыру  –  ұлттық  мүдде.  Ұлттық  мүддеге 
қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен 
өзін қамшылауы тиіс.
Түсінбеушілікті  сейілту,  қақтығысты 
кеміту  үшін  адам  мен  қоғамға  үлкен 
дайындық керек. Бұл үшін бізге дағдарысқа 
қарсы  әрекет  етудің  көпдеңгейлі  жүйесін 
құрудың  қажеттілігі  артуда.  Гуманистік 

62
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
дәстүрде  –  жалпы,  жалаң  тілектен  гөрі  о 
бастан-ақ жанашырлық пен адам бақытына 
деген ұмтылыстың айқын болғаны оң. Ұлт-
тық  мәдениет  гуманизмге  жанашырлық, 
туыстық дәстүрін ендірумен құнды.
Құндылық мәйегі – өзіндік дайындықтың 
ережесі  мен  машақатында.  Дайындық  ма-
шақаты:
–  әр  салада  барынша  мол  қуатпен  еңбек 
етуден, өзгелерге сөзімен де, ісімен де үлгі 
болудан, өз ісіне адал болудан; 
–  адамгершіл  жанның  көкірегі  сезімді, 
тілі  орамды  болуынан,  ақылдыға  қайғы 
қалдырмайтын,  ақымақты  ойландыратын 
ынталы ықыластан;
– жеке адамдардың көңілі мен сыңайына 
қарап сөйлеуге дағдыланып, шындықты бұр-
маламаудан;
–  салалық  жұмыстағы  үйлестіруді  кү-
шейтуден,  адам  жаңа  мамандық  игермек 
болып,  қайта  даярлықтан  өтуге  бет  бұрған 
жағ дайда атаулы көмек көрсетуден және оны 
әлеуметтік қолдаудан;
–  жаңа  қарқынды  жағдайда  талаптылар-
дың  толыққанды  еңбек  етуіне  жағдай 
туғызудан құралады.
Бұл ұстанымда дүниетанымдық бағдар ды 
бетке  ұстаушылық,  мемлекеттік  білім  беру 
жүйесін үздік үлгіге сәйкес келтірмек және 
еліміздің  зейін-зердесін  әлемдік  үлгімен 
теңестірмек  әрекет  қабаттаспақ.  Білім 
беру дің  әлеуметтік  саласында  тұлғаның 
қажеттіліктері  тізімін  кеңейтудің,  оған 
білім  беру  мен  денсаулық  сақтау  баптарын 
енгізудің өмірлік маңызы артуда.
Өмірлік сабақ – тәуелсіздік тәжірибесінің 
үйреткені  мен  гуманистік  жаңғыруда. 
Тәуелсіздіктің  қатаң  ережесі:  өз  халқың 
мен  мемлекетіңнің  мүддесін  өзіңше  қорғай 
біл, соған қамқорлық жаса; өзіңнің қабілет-
қасиетіңді  әрекетте  көрсет.  Ол  міндетті 
шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге 
тиіспіз.  Өзіндік  әрекет  –  әлеуметтену  мен 
индивидуальдық  ерекшелікке  бөленудің 
өлшемі, сондай-ақ гуманизмді жаңғыртумен 
үйлес.  Дұрыс  идеяны  белгілі  бір  ретпен 
байланыстыру тәртібі ойлану қасиеттері мен 
ойлау  әдісін,  олардың  арасын  біріктіретін 
тоқтам-түйіндерді  қалыптастырды.  Нақты-
лық – сенімге жол. Сенім – жеке идеялардан 
ерекше  әдіспен  құрылған  жүйе,  адамның  
ішкі бірлігін сақтайтын дәйекті мүмкіндікті 
арттырады.
Гуманистік жаңғыру – өз еліне пайдасын 
тигізуден, өз Отанының тағдырына жауапты 
болудан;  жаңа  тұрпаттағы  мемлекеттік  ой-
сананы  қалыптастырудан  және  бірлесіп 
пәрменді жұмыс істеуді үйренуден білінеді. 
Бұл  –  қоғамдағы  тұрақтылықтың  ең  мекем 
кепілі,  ел  бірлігінің  асыл  қасиеті.  Бірлік, 
ынтымақ,  сабырлылық  пен  парасаттылық 
ең  алдымен  өзімізге  керек.  Тек  бірлесіп 
қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп 
қана  біз  алға  баса  аламыз.  Ол  үшін  жаңа 
қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеуіміз, 
көпұлтты  сипаты  бар,  біртұтас  елдікті 
нығайтуымыз  керек.  Бұл  –  біздің  мемлекет 
ретінде,  қоғам  ретінде,  ұлт  ретінде  өмір 
сүруіміздің  айнымас  шарты  екендігі 
«Қазақстан-2050»  стратегиясында  кеңінен 
ширатылған.  Гуманистік  дәстүрдің  басты 
шарттарын  әрбір  адам  дербес,  пәрменді, 
нәтижелі  шешуге  тиіс.  Гуманизмнің 
құндылығы да қадірі де, қажеті де осында. 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты. 
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 15.12.2012 ж.
2.  Гадамер Х.Г. Истина и метод. – М., 1988. с. 55
3.  Арламов А.А. Проблемы современной педагогической науки и философия (заметки 
педагога-методолога) // Вопросы философии. – 2008. № 1. с.167
4.  О жизни и философии. Беседа Б. И. Пружинина с В. А. Лекторским //Человек в мире 
знания. К 80-летию В. А. Лекторского. – М., 2012. с. 587–588
5.  Әбдіғалиұлы Б. ХХІ ғасыр және 21 жыл. //Қазақ әдебиеті, 14.12.2012

63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ ЭТНО-ЭКОЛОГИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ И 
ВОСПИТАНИЯ В ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ШКОЛАХ
Аужанова Н.Б.
Доцент Жетысуского государственного университета им. И.Жансугурова, 
г. Талдыкорган 
nasqul@mail.ru
Резюме
Мақалада  жалпы  білім  беретін  мектептерде  этно-экологиялық  білімнің  кейбір 
мәселелері ашылған.
Summary
In the article some questions of этно-экологического education and education are exposed in 
general schools.
Сегодня трудно найти человека, которого 
не  волновало  бы  будущее  нашей  планеты. 
К  главной  проблеме,  волнующей  наше 
общество,  относится  охрана  и  сохранение 
окружающей  среды,    физическое  и  духов-
ное  здоровье  людей.  Одна  из  причин 
такого  положения  –  забытые  традиции 
народа,  неумение  предвидеть  последствия 
вмешательства  человека  в  природу.  Эко-
логическая  ответственность  на  прямую 
связана  с  экологическим  воспитанием 
и  с  такими  качествами  личности,  как 
самоконтроль,  умение  предвидеть  бли-
жайшие  и  отдаленное  последствия  своих 
действий  в  природной  среде,  критическое 
отношение  к  себе  и  другим.  Соблюдение 
моральных  требований,  связанных  с 
отношением  к  природе,  предполагает 
раз витую  убежденность,  а  не  страх  за 
возможное наказание и осуждение со сторо-
ны окружающих. 
Среди  многочисленных  проблем  особое 
место  занимают  углубление  и  расширение 
комплексных 
экологических 
знаний 
учащихся средних школ.
Конструктивным  принципом  при  осу-
ществлении  обучения    и  воспитания  явля-
ется  этно-экологическое  воспитание,  то 
есть  воспитание  учащихся  традициями 
своих  родителей,  прародителей,  предков, 
обычаями  родного  народа.  Ведь  мир 
народной  культуры  открывает  детям 
нравственные  ценности  нашего  народа: 
трудолюбие,  милосердие,  толерантность, 
любовь  к  природе  и  родной  земле.  Вос-
питание  экологически  грамотных  детей 
дает  надежду  на  изменение  экологической 
обстановки к лучшему. Окружающей детей 
мир чрезвычайно разнообразен и многолик 
и  наша  задача  помочь  детям  установить  с 
ним гармоничное отношение, акцентировать 
их  внимание  на  красоте    и  многообразии 
природы,  необходимости  бережного  отно-
шения к ее обитателям.  
В  условиях  современной  ситуации  важ-
на  экологизация  системы  образования  и 
воспитания. Одним из важнейших принцип-
ов  экологического  образования  считается 
принцип непрерывности – взаимосвязанный 
процесс  обучения,  воспитания  и  развития 
человека на протяжении всей его жизни. 
Включение  ценностей  и  традиций  куль-
туры казахского народа в процесс обучения 
и воспитания школьников дает возможность 
решить следующие цели и задачи: 
1.  формирование  этно-экологического 
мышления  на  основе  понимания  взаимо-
связей в природе и обществе
2.  формирование  системы  интеллек-
туальных  и  практических  умений  по 

64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
изучению,  оценке  и  улучшению  состояния 
окружающей среды своей местности
3.  воспитание потребностей поведения и 
деятельности, направленных на соблюдение 
здорового образа жизни; 
4.  овладение  целевым  анализом  эко-
логических ситуаций; 
5.  создание  условий  для  саморазвития 
ребенка  как  субъекта  деятельности,  как 
личности и как индивидуальности; 
6.  содействие  физическому,  интел-
лектуальному,  психическому,  духовному  и 
нравственному развитию детей, воспитанию 
патриотизма,  гражданственности  и  реа-
лизации  личности  ребенка  в  интересах 
общества и в соответствии с традициями и 
обычаями своего народа; 
7.  овладение 
основами 
этно-эко-
логической  педагогики  и  психологии, 
реализация  лучших  традиций  народной 
педагогики  и  на  этой  основе  приобщение 
детей к культуре предков. 
С  целью  реализации  данных  задач 
используется  краеведческий  материал,  ме-
тод  проектов,  исследовательский  подход, 
ИКТ,  такие  формы  уроков  и  внеклассных 
мероприятий, как уроки-путешествия, уроки-
экскурсии,  уроки-викторины,  уроки-КВН, 
интегрированные уроки, защита творческих 
проектов,  экологические  театрализованные 
представления,  экологические  праздники, 
утренники, народные игры, игры-аукционы. 
Итак,  главная  цель  этно-экологического 
воспитания  заключается  во  включении 
учащихся  в  процесс  осознания  и  пере-
живания  ценностей  народной  культуры  в 
качестве  потребностей  личности  ребенка, 
субъективно  значимых,  устойчивых  жиз-
ненных  ориентиров  на  основе  лучших 
традиций  русской  культуры,  экологических 
фактов.  Реализация  этой  цели  включает  в 
себя ряд признаков воспитания: 
1. 
 Целенаправленность; 
2. 
Процесс  взаимоотношения  педа-
гога и ученика; 
3. 
Создание воспитательной среды; 
4. 
Содержание воспитания; 
5. 
Творческий характер воспитания. 
Создается  механизм,  в  котором  уроки 
и  внеклассные  мероприятия  становятся 
источником 
этно-экологического 
вос-
питания.  Для  достижения  этой  цели 
используются  три  канала  в  рамках  сущес-
твующей образовательной системы: 
1. 
Через самого педагога; 
2. 
Через 
историко-краеведческий 
ма териал родного края
3. 
Через форму подачи материала. 
В  широком  смысле  надо  стремиться  к 
включению  всех  этих  каналов  на  уроке. 
В  узком  смысле  моя  задача  сводится  к 
пробуждению  в  учениках  желания  само-
совершенствоваться,  что  особенно  ярко 
проявляется в их отношениях. 
Формирование личности, ее социализация 
связаны  с  социальным  воспитанием.  Эта 
забота  общества  о  своем  подрастающем 
поколении. Социальное воспитание связано 
с  образованием,  просвещением,  обучением 
и  самообразованием  ребенка.  На  ребенка  в 
процессе формировании личности влияют:
1. 
Природа и родной язык;
2. 
Общение  в  семье,  в  школе, 
окружающая среда;
3. 
Его деятельность;
4. 
Средства  массовой  информации, 
искусство, литература;
5. 
Образ  жизни  самого  ребенка, 
его  стремления,  планы,  роль,  которые  он 
выполняет в микросреде.
В  настоящее  время  каждый  человек,  не 
зависимо от его специальности, должен быть 
экологически  образован  и  экологически 
культурен.  Только  в  этом  случае  он 
сможет  реально  оценивать  последствия 
свой  практической  деятельности  при 
взаимодействии  с  природой.  Экологически 
культурная  личность  должна  иметь 
экологические  знания  по  основным  раз-
делам  экологии  и  экологии  родного  края 
(краеведению), то есть:
1.  Иметь  правильное  определение 
и  характеристику  терминов  и  понятий, 
широко  используемых  в  современной 

65
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
экологии:  экология,  биосфера,  ноосфера, 
природопользование, естественные (природ-
ные) ресурсы и т.д.
2.  Знать  организации,  движения  и 
общества,  которые  занимаются  природо-
охранной деятельностью: Всемирный фонд 
дикой  природы,  Международный  союз 
охраны  природы  и  природных  ресурсов 
(МСОП),  Гринпис и другие;
3.  Знать природу своего родного края, а 
именно:
4.  Местные природные условия
5.  Природные  особенности,  реки  и 
водоемы, ландшафты, типичные растения, и 
животных, климат и т.д. и т.п.;
6.  Местные,  охраняемые  природные 
объекты;
7.  Животных местной фауны;
8.  Местных птиц;
9.  Видов рыб местных водоемов;
10.  Лекарственные  растения  местной 
флоры;
11.  Памятники  культуры  и  искусства 
местного и республиканского значения.
Человек познает мир на протяжении всей 
своей  жизни.  В  созидании  целостности 
личности,  культуры  окружающего  мира 
огромную  роль  играет  образование. 
Особенностью  экологического  образования 
было  то,  что  оно  появилось  ввиду 
жизненной  необходимости  всех  людей 
на  планете.  Сластенин  Ц.А.  отмечает, 
что  «экологическое  образование  это  не 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет