МОЛОДОСТЬ – ВСЯ ЖИЗНЬ
Цыренжапова Г.Г.
к.филол.н., начальник Управления регистрации
КазНПУ имени Абая
Түйіндеме
Мақала ҚР-ның Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор Марат
Алмасайұлына арналады.
Summary
This article is dedicated to Marat Almasaevich Nureyev, Professor, Honored Worker of Higher
Education of Kazakhstan.
Знаю Марата Алмасаевича столько, что
уже и не считаю годы, а он при случае всегда
подчеркивает наше давнее знакомство. Это
несколько смущает, поскольку, наверняка,
возникает вопрос: «Да?.. Тогда сколько же ей
лет?» Порой Марат Алмасаевич с присущ им
ему юмором заявляет: «Галина запретила
говорить, сколько лет мы знакомы!»
Марат Алмасаевич известен в стране
как опытный и авторитетный работник
высшей школы, более полувека своей
жизни посвятивший развитию системы
образования. Несмотря на свой высокий
статус аксакала во всех смыслах, Марат
Алмасаевич всегда открыт для общения.
Он знает цену дружбы, доверия. Причина
востребованности и бодрости духа Марата
Алмасаевича – не только интеллект,
способность воспринимать все позитивно
новое, но и отсутствие в характере таких
качеств, как зависть, гнев, леность или уны-
ние, физически и духовно разрушающих
лич ность. Его врожденная работоспособ-
ность закалена самодисциплиной и высокой
ответственностью руководителя советского
времени.
Коллектив Республиканского института
по вышения квалификации госслужащих
при Правительстве Республики Казахстан,
думаю, до сих пор с чувством благодарнос-
ти вспоминает своего ректора М.А.Нуриева
за заботу и поддержку в тяжелые 90-е. В
расчетные дни (тогда еще не было банковских
карточек) Марат Алмасаевич выходил к
кассе пообщаться с сотрудниками. Все весе-
ло шутили, смеялись. Как руководитель
Марат Алмасаевич всегда поддерживал в
коллективе спокойную рабочую атмосферу,
без интриг и каких-либо недоразумений
частного порядка, непременным правилом
были интеллигентность и уважение друг к
другу.
Позже Марат Алмасаевич стал одним
из основателей Алматинской академии
экономики и статистики, в становление ко-
то рой вложил немало усилий, времени и
души. На протяжении многих лет одной
из причин выбора абитуриентами этого
учебного заведения была репутация вуза,
«где не берут взятки», и репутация ректора, у
которого двери всегда открыты (так и было в
буквальном смысле). Любой студент в любой
момент мог без особых формальностей
попасть к ректору на прием.
Очень ответственно относился Марат
Алмасаевич к качеству обучения. Будучи
лично знаком со многими преподавателями
КазЭУ имени Т.Рыскулова, приглашал
лучших из них для чтения лекций, про-
ведения семинаров в молодой академии
и со временем сформировал достойный
профессорско-преподавательский состав.
25
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Имевшийся в то время дефицит учеб ной
литературы восполнялся разработанны-
ми ППС академии «Рабочими тетрадями
для студента». Идея данного проекта при-
надлежала Марату Алмасаевичу. Пред-
ложенная им структура «Рабочей тетра-
ди» (цели, задачи изучения курса, учебно-
тематический план дисциплины, со дер-
жание лекционного материала, задания
семинарских занятий, список обязательной
и дополнительной литературы, тестовые
задания и вопросы для самоконтроля),
а также особый дидактический аппарат
способствовали рациональной аудиторной
и самостоятельной работе студентов.
На
обложках
изданий
размещались
фотографии лучших студентов, что вызы-
вало неподдельный восторг не только
самих отличников и активистов, но и
остальных студентов академии. Так в АЭСА
вознаграждали за хорошие результаты в
учебе. Учиться по таким «Рабочим тетрадям»
было и полезно, и радостно.
Марат Алмасаевич, наверняка, запомнил-
ся студентам неординарным ректором,
который помимо академического общения
(он читал лекции по курсу «Маркетинг»),
всегда был готов выслушать по любому
вопросу, дать совет, принять взвешенное
решение.
Преимущество
некрупного
по численности контингента вуза в том,
что практически всех студентов знают
по имени и фамилии и это способствует
созданию комфортного микроклимата. Пом-
ню, по-отечески предостерегал одну сту-
дентку, решившую из-за материальных
проблем устроиться на работу. А как Марат
Алмасаевич танцевал на студенческих веч-
ер ах!
Вспоминаю совместную с Маратом Ал-
масаевичем работу того времени с понятным
чувством ностальгии, большого уважения за
его преданность делу, которому посвящена
целая жизнь, самоотверженность и стрем-
ление сделать окружающий мир лучше. И
все это каждодневно, без пафоса и позы.
Без жалоб на недомогание, усталость (ну,
неужели не случалось!), что называется «от
звонка до звонка» – всегда на своем рабочем
месте. Марат Алмасаевич относится к тому
типу людей, которым привычка к работе,
воспитанная в молодости, вечно доставляет
радость.
Перед тем, как зайти к ректору, мы порой
уточняли в приемной или друг у друга: «Как
Марат Алмасаевич? В духе?», хотя он и не
проявлял признаков дурного настроения,
напротив, всегда отличался спокойствием,
дружелюбием, готовностью выслушать, по-
шу тить. Но вот если Марат Алмасаевич
переходил на «вы», то это действительно
было признаком его неодобрения или
недовольства. Эта черта характера – сви-
детельство его глубокой внутренней куль-
туры и интеллигентности.
Сегодня, будучи директором НИИ
фор мирования интеллектуальной нации
КазНПУ имени Абая, Марат Алмасаевич
занят научной разработкой основных
факторов формирования интеллектуальной
нации в условиях высшей школы, проблем
национального
воспитания
молодежи,
педа гогических технологий и методик сов-
ременного образования.
Издаваемый НИИ журнал «Ұлттық тәр-
бие» стал республиканской площадкой для
обсуждения актуальных вопросов обра-
зования и воспитания, формирования ново-
го интеллектуально-культурного типа лич-
ности, образованность которой должна быть
сопряжена с богатым внутренним миром,
высоким уровнем культуры, осознанно гу-
манным отношением к внешнему миру,
приверженностью к национальным и об-
щечеловеческим ценностям.
Марату Алмасаевичу присуща способ-
ность узреть в чем бы то ни было рацио-
нальное зерно либо до поры до времени
сокрытый потенциал, оценить реалии нас-
тоящего, распознать веяния и тенденции
бу ду щего. Оптимист, человек большой жиз-
ненной силы, он в своих публикациях не
просто назидательно наставляет с высоты
своего опыта, но и продолжает генерировать
свежие идеи, новые решения. Главное в
нем – та искра, которая заставляет быть
позитивным и энергичным. Он интересен,
потому что молод душой.
26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МҰҒАЛІМНІҢ БҮГІНГІ ҚОҒАМДАҒЫ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫ
Серік Жайлауұлы Пірәлиев
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор,
Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі
Резюме
В данной статье рассаматриваются оснавные направления по формированию статуса
педагога в современном обществею.
Summary
Main trends on shaping the status of teacher in modern society is considered in this article.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты өзінің кезекті
жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған
мем лекет болу үшін біз сауаттылығы жоға-
ры елге айналуымыз керек», – деп білім,
ғылым саласының алдына нақты міндеттер
қойды. Сауатты елге айналу жолында жас
ұрпаққа берілетін оқу мен тәрбиені дұрыс
жолға қойылуын бағдарлауымыз керек. Бұл
жерде дұрыс жолға қою деп отырғанымыз
– балаға білім беретін мұғалімдерге жағ дай
жасап, біліктілігі мен білімділігін арттыр ып,
дамыту үшін, ұстаздың қоғамдағы беделін
көтеру мәселелері. XXI ғасырда кез келген
мем лекеттің дамуында ғылым мен білімнің
алатын орны ерекше. Кеше ғана көк туын
жел біретіп шаңырақ көтерген егемен еліміз-
ді өркениетке жетелейтін білім бастауында
мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына
білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы
– ұстаз тұрады.
Ендеше ғылымның да-
му асуына, білімнің халық игілігіне қыз-
мет етуіне ықпал ететін ұстаз беделін
арттыру өзекті мәселе. Инновациялық
дамудың негізінде білімді ғылыммен, ал
ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы
технологиялық кеңістік қалыптастыру ар-
қы лы дамыған отыз елдің қатарында болу
– еліміздің даму стратегиясының басты сая-
сатын жүзеге асыра аларымыз сөзсіз.
Бүгінде қазақ елі бүкіл әлемдік қо-
ғамдастыққа өзінің әлеуметтік-эконо ми-
калық табыстарымен танымал, белсенді
сыртқы саясатымен жоғары халықаралық
беделге ие болған мемлекет. Алдыңғы
қатарлы технологияларға иелік етіп отыр-
ған мемлекеттердің әлемдік аренада сая-
си-экономикалық салмағы басым болуы-
ның басты себебі, бұл елдер ғылыми-тех-
нологиялық дамуда үлкен көрсеткіштерге
қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда кез келген
елдің экономикасының дамуы, халықтың
рухани және материалдық игіліктерінің
артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен
білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына
байланысты екені шындық. Бүкіл әлемдегі
ішкі жалпы өнімнің 50% астамы ғылыми-
техникалық өркендеу есебінен жүзеге асыр-
ылатыны осыны аңғартады. Бүгінгі бәсеке
заманында білім, ғылым мен техниканы
жетілдірмей, дамыған елдер қатарына қо-
сылу, шын мәнінде тәуелсіз ел болу мүмкін
емес. Елдің саяси-әлеуметтік дамуын, мәде-
ниетін, қорғаныс қабілетін жан-жақты дамы-
ған ғылым ғана қамтамасыз ете алады.
Қазіргі кезде ел экономикасын көтеру,
тұрақтылықты арттыру, халықтың әл-ау-
қатын жақсарту өте маңызды мәселе. Себе-
бі, қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік,
экономикалық құндылықтарды, оның ішін-
де қарым-қатынас және адам мәдениетінің
27
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп
отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-
қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған
шағында өзіміздің ұлттық болмысымызды
сақтап қалу, рухани мәдени ахуалымызды
әлемдік өркениет биігіне көтеру мәселелері,
соған орай тұлғааралық қарым-қатынасты
ізгілендіру, оны ең жоғары мәдениеттілік-
тің деңгейіне көтеру негізінде тұтастай
интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажет-
тілік талабы айқындала түсуде. Ол үшін,
әрине, отандық білім беру саласындағы
тәлім мен тәрбие үдерісін әлемдік тә-
жірибелерге сүйене отырып, өзіміздің ұлт-
тық дүниетанымдық ерекшеліктерімізді
ескере отырып, ұлттық және жалпы аза-
маттық құндылықтар негізінде жаңа ин-
новациялармен толықтыру керек.
Елдің дамығандығының белгілері ғылым
мен техниканың, экономиканың жетістіктері
болса, оның бастауы – білімде, ал білім беру
негізі – мұғалімнің біліктілігігі мен біліміне
келіп тіреледі. Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайын-
дау. Бәсекеге қабілетті маман дайындай-
тын мұғалімнің білім мен біліктілігі оның
педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз үнемі
жетіліп отыруды қажет ететін балаларды
оқыту мен тәрбиелеу өнерінің негізі. Ол
өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен
жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі
мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары
мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым
мен өнердің тиісті салаларынан хабардар,
жалпы, әсіресе балалар психологиясының
мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің
әдістемесін жетік игерген маман. Дүниеде
адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан
артық абырой мен құрмет, сондай-ақ, одан
ауыр міндеттің жоқтығы. Сондықтан, ұс-
таздың сапасын ең жоғары деңгейге
көтеруіміз керек. Өйткені, келешек ұр-
пақтың барлығы ұстаз қолынан өтіп,
тәлім-тәрбие алады. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекшелігі – оның
сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір
тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр
мұғалімнің борышы. Қазіргі таңда «ұстаз»
деген ұлағатты есімді арқалап жүрген ма-
мандардың барлығы дерлік өз маманының
шебері деп айта алмаймыз. Себебі, ұстаз
болуға мүлдем қабілеті жоқ балалардың
кез дейсоқтан осы мамандыққа түсе салуы
да әсер етуде. Педагогикалық бағыттағы
біл ім беретін оқу орындарына Ұлттық
бір ыңғай тестілеуден алған балы кейбір
мамандықтарға түсетіндерден төмендерді
де қабылдай береді. Тағы да осы сияқты
қоғамда ұстаз беделін төмендеуіне алып
келіп жатқан келеңсіздіктерді жою үшін,
Қазақстан Республикасы мектептеріне
зиялы, қабілетті мұғалімдерді даярлау ба-
ғытында педагогикалық білім беретін білім
ошақтарына түбегейлі реформаларды енгізу
керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Кей-
бір мемлекеттік оқу орындарына ай-
рықша мәртебе беру туралы» 2001 жыл-
ғы 5 шілдедегі Жарлығымен ұлттық
уни верситеттерге бұрынғыдан гөрі кең
құқықтар берілгені белгілі. Бұл жоға-
ры оқу орындарының басшылары Прези-
дент Жарлығымен тағайындалатын бо-
луы мен қатар, оқу орындарына жоғары
жауапкершілік жүктеді. Отанымыздағы осы
айтулы ұлттық университеттердің ректорын
Елбасының бекіту үрдісінің қалыптасуы бұл
оқу орындарының беделін көтерумен бірге
уақыт өлшеміне сай білім берудің деңгейін
көтеруге өлшеусіз үлес қосуда. Бұл сапта
еліміздегі айтулы тоғыз ұлттық универси-
тет жұмыс жасауда. Осы тоғыз ұлттық
университет қатарынан Абай атындағы Қаз-
ақ ұлттық педагогикалық университетін
бөліп көрсетудің маңызы ерекше. Себебі,
ол Республикамыздағы педагогтарды даяр-
лайтын «Ұлттық педагогикалық» ста-
тусына ие жалғыз университет болып
табылады. Бұл мақсатқа жету жолында
бір ін шіден, біздің университет елде же-
тек ші педагогикалық ЖОО-ның бірі
бол ғандықтан, біз ең алдымен білікті,
28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
білімді педагог мамандарын даярлаумен
айналысатын республикамыздағы жетекші
беделді жоғары оқу орнына айналуымыз
қажеттігін айқындап отыр. Қазіргі таңда
елімізде мамандықтардың әр түрлі жеке
меншік жоғары оқу орындарында жаппай
қайталануынан, диплом алған мамандардың
кәсіби білімінің төмендігі көзге ұрып
тұрады. Сол себептен, біздің университет-
тегі педагог мамандарды даярламайтын
профилді емес мамандықтарды қысқартып,
барлық интеллекуалды потенциалды мұға-
лім дайындауға арналуымыз керек деп
ойлаймын.
Екіншіден, оқытудың коммерциялық
түрі белең алып кету себебінен, тек оқу
ақысын төлей алса болғаны, ешқандай
да дайындығы жоқ адамдар қиналмастан
қалаған
университетіне
оқуға
түсе
алады. Педагогикалық шеберлік – ұс-
таздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын
қан шама жетік білгенмен, педагогикалық
әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған
оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.
Сондықтан, педагогикалық мамандықтың
қолжетімді мамандыққа айналуын бол-
дыртпаудың бірден бір жолы – ақылы
бөлімдердің оқу ақысын мемлекеттік грант
мөл шерімен теңестіріп ұстаз болуға қабілеті
бар жастарды ғана таңдап қабылдау керек.
Жоғары білімнің жаппай коммерциялануы
мен кадрлар дайындаудағы кемшіліктердің
одан сайын көбейіп кетуінің тағы бір себебі
– ЖОО-да сырттай оқудың тым көбейіп
кеткені. Өңірлердегі бірқатар жоғары оқу
орындарында сырттай бөлімдерде оқитын
студенттердің саны студенттердің жалпы
санының 55 пайызынан да асып отыр. Бұдан
сырттай оқу бөлімдерін жабуды тездетіп
қолға алу қажеттігі туындайды.
Экономикамызды, мәдениетіміз бен ғы-
лыми өркендеуімізді іске асыратын, елі-
міздің басты капиталы, жоғары білікті ма-
мандардың әрқайсысы ұстаз алдынан білім
алады. Демек, қоғамға қажетті адам ресурсын
даярлап шығатын педагог-ұстаздар қауымы.
Ал, осы педагог мамандарын даярлайтын
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика лық
университеті өзіне талантты да, дарынды
жас тарды тарту үшін оқуға қабылдау
тала бын өзгерту қажет. Мұндағы мақсат,
ұлттық мәртебесіне ие педагогикалық уни-
верситетті республикамыздағы ең жет-
екші оқу орындары қатарынан да биікке
көтеріп, халықаралық дәрежеге сай сәй-
кестендіру. Ол үшін, ең алдымен, бұл
оқу орнына қабылдану ереже-талабын
өзгертіп, Назарбаев университеті немесе
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы та-
лаптарына орайластырып, өзіндік дәстүрін
қалыптастыруымыз керек. Ол ең алдымен
біз дің университетке оқуға қабылдау мерзі-
мі басқа республикадағы университеттер-
ден ерте басталуы шарт. Әр мамандықтың
ерекшелігіне байланысты шығармашылық
емтихан тапсыруы тиіс. Халықаралық және
Республикалық олимпиада жүлдегерлері
конкурссыз қабылданғаны жөн. Бұл деге-
німіз біздің университетке дарынды да
талантты жастарды тарту деген сөз.
Мемлекеттік стипендиялар көлемі басқа
ЖОО-нан екі есе жоғары болу жағын қа-
растыру. Себебі, халықққа білім беріп, ел
ертеңін оқытатын мамандықтың қиындығы
мен ерекшелігін ұғындыруда осындай іс-
әрекеттер орынды деп санаймын.
Қалалық қоғамдық көліктердің барлық
түріне жүріп-тұруына 50 пайыздық жеңіл-
дік жасалынып, студенттерге мемлекет-
тік мәдениет орындарында (музей, театр,
көрмелерге) тегін, ал жекеменшік мәдени
орындарға 50 пайыздық жеңілдікпен болуы
үшін бонустық карточкалар ұсынылуы
қажет. Бұл жасалынатын жеңілдіктердің
мақсаты болашақ ұстаздардың бойына ру-
хани-мәдени деңгейлерін көтеру ар қылы
отанына деген сүйіспеншілік пен ұлт-
жандылық қасиетті дарыту. Мұражай лар
мен театрларға классикалық туындылармен
танысып, оның терең мәнін ұғынуына,
болашақ ұстаздың өнердің қасиетін терең
ұғынуына жол ашатын осындай жұмыстар
аса қажет-ақ.
29
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Білім алып жатқан мамандықтарының
оқу құралдарын сатып алу үшін қалалық
кітап дүкендерінен арнайы сертификат
ұсынылып, студенттерді барлық жағдай
жасалынған жатақханамен қамтамасыз
етілуі тиіс. Сондай-ақ ағылшын, қытай
тілдерін толық меңгерген студенттерге 50-
60 мың көлемінде жылына бір рет бонус тық
карточка тағайындалуы керек. Бұл дегені-
міз қазіргі күнде экономикалық қатынас пен
ақпараттық тасқын әлемінде жетекшілік
етіп отырған тілдерді үйренуге деген ынта
жігерін арттыру.
Оқу орнында тәрбие мен білімді кіріктіру
мақсатында қала сыртынан студенттердің
арнайы қалашығы салынуы қажет. Бұл
қа лашықта білім алушылар оқудан тыс
уақытын үнемді пайдалану мүмкіндігіне ие
болады. Мұнда алған теориялық білімдерін
практика жүзінде іске асыруға, мәдени
деңгейлерін көтеруге, салауатты өмір сал-
тын қалыптастыруға мүмкіндік беретін
зертханалық, спорт кешендік және мәдени
орталықтары болуы тиіс.
Осындай оқу орнында білім алу құқығына
ие болған студенттерге арнайы төс белгі
(значок) берілуі қажет. Мұндай төс белгіге
ие болған әр студенттің кеудесіне аталмыш
университетте білім алып жатқандығына
деген мақтаныш сезімі ұялауы тиіс.
Сонымен қатар, бітіріп шыққан маман-
дарымызды да ары қарай жұмыспен
қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар
қолдану қажет деп ойлаймын. Диплом алған
жас маман мектепте жұмыс істеу құқығына
ие болу үшін жолдама арқылы бөлінген
мектепте екі жыл жұмыс істеп келіп, арнайы
құрылған комиссияға кезекті Мемлекеттік
емтихан тапсыруы қажет. Соның нәтижесінде
мектепте сабақ беруге рұқсат сертификатқа
ие болулары тиіс. Себебі, бітіріп шыққан
жас маман бірден мектепте сабақ беруге
даяр емес. Сондықтан, мектепте екі жылдық
тәжірибеден өту арқылы сертификатқа ие
болған маман ғана толық қанды мұғалім
құқығына ие болуы шарт. Сонымен қатар,
мұғалімдерге қосымша пәндерден сабақ
беруі үшін арнайы сертификаттарға ие
бола алатындай мүмкіндік туғызуымыз
керек. Айтып отырған жайт Германияның
білім беру бағдарында бүгінде жүзеге асып
отырған тәжірибе. Германияда мұғалім
бірнеше пәнді қатар бере алу құқығы бар.
Мысалы, математика пәнінің мұғалімі
физикадан немесе дене шынықтыру
пәнінен бере алады. Әр пәннен сабақ беру
мүмкіндігі оларға емтихан тапсырып,
сертификат алғаннан кейін рұқсат етіледі.
Бұл тәжірибе республикамыздағы шағын
комплектілі мектептердің мамандыққа деген
тапшылығын шешудегі бірден бір жол.
Педагогикалық оқу орны болғандықтан,
мектеппен өзара байланыс үздіксіз болуы
шарт. Бұл бағыттағы жаңа жұмыстардың бірі
– теорияны практикалық жұмыспен тығыз
ұштастыру, сабақты мектепте, колледждерде
өткізу. Сондықтан, университеттің педагог-
оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында
бес жылда бір рет мектепте 6 ай көлемінде
сабақ беріп отыру тиіс. Соған сәйкес мектептің
тәжірибелі мұғаліміне де университетте
біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Бұл кезеңде екі жақтың да еңбекақысы өз
тараптарынан сақталуы шарт. Тәжірибеден
өту қорытындысы арнайы құрылған комис-
сияда қорғалуы қажет. Бұл мектеп пен
жоғары оқу аралығындағы бүгінде белең
алған алшақтықты жақындатып, тығыз
байланыс орнатады деп ойлаймын. Осы
көтерілген мәселелерді үкіметтің арнайы
қаулысымен іске асыруға болады.
Бұл ретте, барлық үміт – ұстаз бойындағы
міндетте. Ұстаз – ұлағатты атау. Алтын ұя
мектептің жаны да, ары да – мұғалім. Өнегелі
ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі.
Себебі, ұстаз қаншалықты қабілетті болса,
оқушы да соншалықты талапты болмақ.
Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін
биік тететін де, тағлымын қалыптастырып,
танымын кеңейтетін де осы ұстаным. Тіпті,
халықтың элитасын қалыптастыратын да –
осы ұстаздар. Тек жоғары білікті мамандар
ғана қоғамда нақты құрметке бөлене алады.
Ол үшін біз, жастарымыздың еуропалық
30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
деңгейге тең біліктілік алуы қажет деген
тұрғыдан, ЖОО-дағы педагогикалық ма-
ман дықтар бойынша білім берудің тұжыр-
ымдамасы мен стандарттарын түпкілікті
қайта қарауымыз қажет. Және мұның бәрі
оқы тушы мамандығының абыройын көтер-
іп, педагогикалық ЖОО-на нағыз дарын-
ды да қабілетті жастардың ұмтылулары-
на жол ашады деп сенемін. Қазіргі жұмыс
істеп жүрген мұғалімдер үшін біліктілікті
арттырудың мүлде жаңа жүйесін енгізу
қажет.
Біліктілікті арттыруда шетелдің озық
тәжірибелеріне сүйене отырып, жүзеге
асыруымыз қажет. Мұғалімдердің беделін
көтеру үшін мемлекеттік қызметкер рет-
інде қабылдап, еңбекақысы орташа мем-
лекеттік жалақыдан жоғары, және салық
жеңілдіктеріне
ие
болуымен
қатар,
медициналық сақтандырылуы тиіс. Кейін
жоғары зейнетақымен қамтамасыз етілуі
тиіс. Мысалы: Германияда мұғалімдер
мемлекеттік қызметкерлер болып саналады,
сонымен қатар салықтағы жеңілдіктер мен
жоғары зейнетақыға ие болады. Көп теген
Еуропаның басқа салаларымен салыс-
тырғанда жалақылары да жоғары болып
келеді. Аптасына 25 сағаттық жүктемеге
3500 евро жалақы алады.
Сондай-ақ, мұғалімдерге дербестік бе-
ру мәселесі де жолға қойылуы қажет.
Мәселен, жұмысқа қабылдағанда мектеп
директоры емес, мемлекет тарапынан ал-
ынуы қажет. Мектеп директоры жо ғары
жақтың келісімінсіз, өз бетінше мұға-
лімдерді жұмыстан босата алмауы тиіс.
Бұл жерде Франция елінің тәжірибесіне
сүйенгеніміз абзал. Ол елде мұғалім жұ-
мысқа қабылданғанда мектеп директоры
емес, мемлекеттік өкілетті ұйым тарапынан
алынады. Сол себепті, мектеп директоры
жоғары жақтың келісімінсіз, өз бетінше
мұғалімдерді жұмыстан босата алмайды.
Мұғалімдік қызметке тұру да бұл елде
әлдеқайда қиын. Бұл дегеніміз – мұғалімдік
кәсіп абыройының жоғарылайтының бір-
ден бір жолы. Мұғалімдік кәсіптің қиын
да, жау апты жұмыс екенін кез келгеніміз
сөз сіз білеміз. Израильде мұғалімдерге әр
алты жыл сайын бір жыл көлемінде шығар-
машы лық демалыс беріліп, оның орны
мен еңбекақысы сақталады. Біздің елде
де мұғалімдерге әр алты жыл сайын бір
жыл көлемінде шығармашылық демалыс
беріп отыру еш артықтық етпейді. Әрине,
бұл мерзім аралығында оның орны мен
еңбекақысы шетелдегідей сақталануы кер ек.
Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мек-
тептеріндегі мұғалімдердің таңертеңгі 09.00
дан кешкі 18.00 дейін мектеп қабырғасында
міндетті отыруы шарт ереже Республика-
дағы барлық мектептерге таратылуы қажет.
Себебі мұғалім сабағы жоқ уақытында да
мектепте ізденушілік жұмыспен айналы сып
өзінің біліктілігін шыңдау қажет.
Грузияда педагогикалық университеттің
студенттері мен мұғалімдері үшін меди-
циналық сақтандыру тегін беріліп, ағыл-
шын тілі мен компьютерді толық игерген
мұғалімге жалақысына қосымша ақша
беріледі. Бізге де осы елдердің озық тә-
жірибесін ескеріп, ұстанымдарын қолдану
артықтық етпейді. Өйткені, сапалы білім
беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу – айтуға оңай,
істеуге өте қиын міндет. Дамыған елдер-
дің қатарына қосылу үшін, әрбір оқушыны
бірегей тұлға етіп тәрбиелеуіміз шарт. Бұл
тұрғыда келешекте мұғалімдер міндетті
қо сымша бос тегін 2 сағатын оқушыларға
арнауы қажет. Осы қосымша сағатта мұғалім
оқушыларды театр мен мұражайларға апар-
ып, экскурсиялық сабақтар өткізуге мін-
деттелуі қажет. Мәдениет орындарына оқу-
шыларды апару арқылы әр мұғалім олар дың
ой өрісі дамыған, өз елі мен дүние жүзілік
мәдениет пен тарихтан хабары бар тұлға
қалыптастыруға өз үлесін тигізуі шарт.
Бүгінде мұғалімнің мәртебесін көтеру
дегенде мұғалім жалақысын көбейту деген-
мен орайласатырып жататын жайттар кез-
десіп жатады. Шын, мәнінде мұғалімнің
мәр тебесі тек қана оның жалақысын көте-
ру емес, ең бірінші ұстаз мәртебесі он-
ың интелектуалды, білімдік, жеке-дара
31
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ерекшеліктерінің бағалануымен көтер іле-
тінін естен шығармағанымыз жөн.
Біз көтеріп отырған бұл мәселелер мем-
лекет тарапынан қолдау тауып жатса, ке-
мел ел болашағын қалыптастыруды дұрыс
жолға қоя білдік деп ойлаймыз. Себебі,
эли талы қоғам қалыптастыру үшін ең ал-
дымен, еліміздің жарқын болашағы, жас-
тарымызға берілетін білім мен тәрбиені
қолға алып, жөндеуіміз керек. Білімді де,
білікті мамандар даярлайтын педагог-ұстаз-
дарымыздың мәртебесін көтеріп, қажетті
жағдай жасағанымыз абзал. Қазақстан
Рес публикасының Білім туралы заңының
7-тарауында педагог қызметкердің мәртебесі
жан-жақты қамтылған. Бірақ қоғамдағы
педагог мамандардың әлеуетін дамытудағы
белең алған келеңсіздіктерді реттеуде бұл
аздық етеді. Бүгінгі таңда педагог еңбегін
материалдық және моральдық жағынан
ынталандыратын және оның әлеуметтік
мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық
база мен жүйе құрылмаған. Білім туралы
заңның арнайы тарауы ретінде қарастыр-
май, мұғалімдеріміздің беделін көтеретін
және мемлекет тарапынан осы ұсыныстар-
ды бекітіп, жүзеге асыратын арнайы заң
қабылдануы қажет.
Бұл ретте бәрі де ұстаздың біліктілігіне
байланысты. Білімді мұғалім – қай кезде де
ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интел лек-
туалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұл ға.
Сол себепті, ұстаз мәртебесін көтеру бүкіл
ел мәртебесін көтеретін өзекті шаруа, келе-
лі мәселе болып табылады. Елбасы да бұған
баса назар аударып, Қазақстанды әлемдік
деңгейдегі білім орталығына айналдыру
ту ралы биік мақсат қойды. Соған орай біл-
ім беруді дамытудың 2011-2020 жыл дар-
ға арналған мемлекеттік бағдарламасы да
қабылданды.
Озық елдер өздерінің білім саласындағы
жетістікке жетуін негізгі үш міндетпен
байланыстырады. Олар:
– ұстаздардан әрбір балаға тең дәрежеде
көңіл бөлуді талап ету;
– педагогикалық кадр құрамының кәсіби
деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында
ұстау;
– мұғалімдік қызметке барынша дарынды
жандардың тартылуына көңіл бөлу.
Бізге де осынау ұстанымдарды әркез
есепке алу артықтық етпейді. Өйткені,
білім игеру – айтуға оңай болғанмен, жай
міндет емес. Шешімі жан-жақты әрі жүйелі
жұмыстың нәтижесіне байланысты.
Ол үшін педагогикалық университетте
оқитын болашақ мұғалім-студенттердің
сапа сын ең биік сатыға көтеріп, шәкіртақы-
ны көбейтіп және шәкірттеріне сапалы біл-
ім, саналы тәрбие берумен қатар, тіл үйре-
ту, ағартушылық бағыттарында да елеулі
еңбек ететін ұстаздардың да әл-ауқатын
жақсартуымыз керек.
Ол үшін университеттегі атқарылатын
ғылыми жұмыстардың сапасын арттыру –
жас ұрпақты тәрбиелеуде нәтиже беруде
үлкен мүмкіншілікке ие. Сол себепті, жас-
тарды тәрбиелеуде бүгінгі күнге сай жол-
дарын қарастырып, амал-тәсілін табатын
ғылыми жұмыстар ұйымдастырылу керек.
Алысқа бармай-ақ, көрші қоңыстанған Ре-
сей мемлекетін мысалға алатын болсақ, он-
да педагогикалық ғылыммен шұғылдана-
тын көптеген ғылыми-зерттеу институттары
бар екендіне куә боламыз. Ал, біздің рес-
публикада бұл жоқтың қасы. Сондықтан,
осы университетте ұстаз тәрбиелеу мә-
селесін теориялық және практикалық ғы-
лыми негіздерін қарастыратын ғылыми-
зерт теу институттары мен орталықтарын
ашу мемлекет тарапынан көңіл бөлініп,
жолға қойылса құба-құп болар еді. Өйткені,
елімізге керек дарынды тұлғаны да, білікті
маманды да, адами қасиеті жоғары азаматты
да қалыптастыратын – ұстаз.
Ұстазға қойылатын талап пен тілек қа-
шан да ортақ. Ол – білімділік, имандылық,
парасаттылық барлық ғылым атауылының
алғашқы әліппесі өркениет ұстазының тә-
лім сабағында күн сайын үйретіліп, үлкен
«білім мұхитына» айналып, рухы мықты,
интеллектуалды ұрпақ тәрбилеп шығару.
Ол ай болса, осындай игі ниеттен туындаған
32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
өзіміз тарапынан ұстазға қойлар талаптарды
жүйелеп ұсынар болсақ:
Біріншіден – мәдениеті жоғары дамыған
маман болуы керектігі:
1.
Қазақ халқының және дүниежүзілік
тарихтан жүйелі хабардар болуы;
2.
Қазақ философиясын терең түсініп,
одан нақты мысалдар келтіре алатындай
болуы;
3.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
даму жолдарын дұрыс саралап, жаңа заман
талабына сай баға бере алатын, дүниежүзілік
әдебиеттен өзгешеліктерін түсініп, сара лай
алатындай болуы;
4.
Қазақ қандай мәдениет түрлерімен
мақтана алатындығы;
5.
Бізде дамыған мәдениеттің түрлері
мен одан қандай тәлім-тәрбие алуға бо-
латындығы туралы мағлұматтардан хабары
болуы.
Екіншіден – Қазақстан экономикасы мен
оның даму жолдарының ерекшеліктеріне
талдау жасай алуы. Қазақстанның дүние-
жүзілік қоршаған ортадан қандай жетіс-
тіктерімен (брендпен) орын алады деген
сауалға жауап таба алуы. Үшіншіден
– ұстаздың адами қасиетіне қойылатын
талаптар. Төртіншіден – білім, біліктілігіне
қойылатын талаптар. Бесіншіден – жан-
жақты дамыған «толық адам» екеніндігіне,
оқушылардың қызыға қарайтын қасиет-
терінің болуы. Алтыншыдан – ұстазға тән
лидерлік қасиеттерге ие болуы. Жетіншіден
– ұстаздықты таңдап алған оқушылардың
дайындығы.
Еліміздің өркениеті мен экономикасын
тұрақтандыру, патриоттық сезімін арттыру
жолында Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде жастарды
ұлттық тәрбиенің қайнар көздерімен су-
сындату қажеттіліктері дұрыс жолға қойы-
лып отыр. Мұндағы біздің мақсатымыз
– жаһандану кезінде халқымыздың асыл
қасиеттерін білім беру үрдісіне сіңіру арқылы
ұлттық қасиетімізді сақтап қалу, келешек
ұрпақты тәрбиелеу арқылы интелектуалды
ұлт қалыптастыру.
Сонымен, өркениеттің ғарыштап даму ын-
дағы ғажап идеялар, дархан істер, ғаламат
жоспарлар – жаңа ғасырдың қолынан
ғана келеді. Ал, осы ғасырдың тізгіні –
ұрпақтарының қолында ғана, ендеше ұр-
пақтың бар бақыты озық ойлы ұстаздың
еншісіне ғана берілмек.
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су
болған жақсы
Мұхтар Әуезов.
33
ТҰЖЫРЫМДАМА
Достарыңызбен бөлісу: |