ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1995.
1
Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 1995. 30
2
маусым.
Назарбаев Н.
3
Тарих толқынында // Ұлттық келбетті ұлықтайық. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
Утемиш-хаджи.
4
Чингиз-наме / Факсимиле, перевод, транскрипция, текстологические примечания, исследование
В.П. Юдина. – Алма-Ата: Гылым, 1992. – 296 с.
Сыдықов Ә.С.
5
Ы. Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі. ОҚБ. – Алматы, 1950. –
261 б.
Портреты. Степь глазами извне. От Геродота до Гумбольта / Авторский коллектив:
6
Касымжанов А.Х. (ответственный
редактор), Кодар З.М., Куранбек С.А., Кабылова А.С., Мурзалин Ж., Атамбаева К.М., Омаров Е.С. (редактор-составитель),
Любаев А.Г., Хамзеева Б.Х. – Алматы, 2000. – 148 с.
История Казахстана в русских источниках ХVI-XX веков. Народные предания об исторических событиях и выдающихся
7.
людях Казахской степи (XIX-XX вв.) / Сост. С.Ф. Мажитов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. Т. IX. – 500 с. а) Есмағамбетов К.
Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 240 б. б) Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники
по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII вв. (биобиблиографические обзоры). – Алматы: Дайк-
Пресс, 2001. – 426 с.
Резюме
В данной статье раскрываются эффективные пути внедрения национальных идей посредством национального
исторического образования.
Summary
In this article the effective ways of inculcation of the national ideas by the national historical education are
considered.
атрибуттарының бәрін қазақ халқының тілі
мен өнерінің және тәңірлік дінінің негізінде
орнықтырып отыр;
7) Қазақстан жерінде негізін қазақтар
құрайтын бір ғана ұлт бар;
8) Қазақстандағы жүзден асатын этнос пен
диаспоралардың тарихын оқыту мүмкін емес;
9) Қазақстандағы бірнеше этностар мен
диаспоралар өз ана тілінде білім алғанымен,
міндетті түрде Қазақстан тарихын оқиды.
Ал, Қазақстан тарихы болса, негізінен түркі
тілдестерден бастау алатын қазақ халқының
тарихы; 10) Жоғарыда айтылғандай, қазақ
тарихында Қазақстанға қазіргі құрамдағы
келімсектер келгенге дейін, әлемдік өркениетке
қосылған үлгілер болған. Сондықтан, біздің
ойымызша, «Қазақстандық ұлт» идеясы алыс
болашақты көздейтін саясат шырмауындағы
іс. Осы орайда, Қазақстан тарихын оқытуды
іргелендіру шараларында әзірге біртұтас
қазақстандық ұлтты емес, біртұтас Қазақстан
халқын қалыптастыруды мақсат етіп қойып,
барлық қоғамдық ғылымдардың күшімен, оның
жүйелі тұжырымдамасын жасауды қолға алуымыз
керек.
Сонымен, Кеңес дәуіріне дейін халықты топқа
бөлгенмен, тапқа бөліп көрмеген, әрі саясатпен ісі
жоқ қазақ кедейлері кеңес үгітшілерінің әділетті
қоғам туралы айтқан пікірлерін «Қой үстінде
бозторғай жұмыртқалайтын заман» тұрғысынан
қабылдап, ауызша дәстүрлі тарихты білетін өз
билерін бай тапқа жатқызды. Нәтижесінде, 70
жыл бойы дәстүрлі тарихи білімінен ажырап
қалды да, оның бүгінгі оқулықтардағы бейнеленуі
өзінің дұрыс шешімін таба алмай отыр. Жалпы,
біз Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздері
мен 2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия университетінде оқыған
дәрісінен туындайтын және жылда жарияланатын
«Жолдауларынан» өрбитін бүгінгі тарихи
білімнің негізгі бағыттарының патриотизмнен
бастау алатынын жеткізуге тырыстық. Егер,
біз Қазақстандық патриотизмді тарихи білімді
дамытудың өзегіне айналдыра білсек, ол үшін оның
мынандай басымдықтарын да барынша жақтаймыз.
Олар:
1) ұлттың рухани баюы;
2) еуразиялық идея;
3) адамгершілік;
4) өзге халықтардың мәдениетін құрметтеу;
5) еңбекті қастерлеу;
6) қоғамдық өмірге белсене араласу.
Қазіргі таңдағы тарихи білімдік ой-сананың
осы басымдықтардың негізінде қалыптасып,
дамуына қамқор бола білсек, егемендігіміздің
тұрақтылығына да шек келтірілмейді деп
ойлаймыз.
69
Біз, қазақтар – табиғаттың төл перзенті
едік. Кеңес үкіметінің алдында ғана ұшы-қиыры
жоқ кеңістікті еркін жайлап, аймен, жұлдызбен
сырласып, күннің қас-қабағына қарап-ақ,
қаншама құпияларға қанықтық. Негізгі кәсібіміз
мал шаруашылығының өнімінен-ақ, ішер ас, киер
киімімізді бүтіндедік. Табиғатпен дәл біздей етене
араласты түсініскен халық бұл дүниеде кемде-
кем шығар?! Жыл қайырдық, жұлдыз санадық,
құстың келу-кетуіне қарап-ақ, көп жайларға күні
бұрын болжам жасап, шаруа келешегін алдын-ала
бағдарладық. Ұлт ретінде өзгеше үрдістерімізбен
танылдық.
Қонақжайлылық,
бауырмалдық,
мәрттік, кісілік қасиетімізге, шешендік өнерімізге,
әншілік-жыршылық салтымызға жат жұрттан
келгендер сүйсінетін. Енді, міне, нарықтық
қатынастарға көшкелі толып жатқан қылмыс
түрлерінен қынжылатын жағдайға жеттік. Жаңағы
биік қасиеттерімізді қастандық, жатбауырлық,
жылпостық, дүниеқоңыздық жеңіп бара жатқан
секілді.
Нарық – жер шары халықтарының баршасының
басынан кешетін дәуірі деп жүр ғой ғалымдар.
Бірақ, осының қажеттілігі экономикалық
жағынан дәлелденген де, рухани мәні жағынан
көп ғалымдардың көкейіне сыр ұялатқан да жайы
жасырын емес. Атам заманнан бері қарай, бізді
анау Аристотель заманындағы скифтердің ұрпағы
деген де сөз бар. Оны қойып, берісі ұлт ретінде
танылған мың жарым жылдық дәуіріміздің өзінде
өмір сүрген ұлы ғұламаларымыздың барлығы
сауданы, ақшаны, байлықты адамды аздыратын
факторлар ретінде құлағымызға сіңірген болатын.
Тіпті, кешегі Абайдың өзі қара сөздерінде қазаққа
тән 15 түрлі ерсі қасиеттерді атаған екен. Мұның
бәрі патша өкіметінің жаулап алу саясатынан
туындаған жексұрын қасиеттер.
Біз, қашаннан талантқа мол халықпыз емес.
Дей тұрғанмен соңғы жылдары, әсіресе кеңес
дәуірінде орыс басылымдары бізді кеще де,
жалқау да, ұлтшыл санап келді. Әйтеуір, жаман
қасиеттерді тыққыштап бақты. Абай қазақтың жер-
жебіріне жеткенде орыстың табанына салып беруі
үшін емес, қазақы керенаулыққа, бойкүйездікке,
селсоқтыққа, шенқұмарлыққа соққы беру үшін
жаны ашығандықтан айтқан ғой. Мен мұны
айтқанда, өзім куә болған мына мысалға сүйеніп
отырмын. 1979 жылы докторлық диссертациямды
қорғау қамымен Киев қаласында 5-6 ай болғаным
бар. Сонда қасымда жүрген бір украин ғалымы
С.Санбаевтың аудармасы бойынша жарық көрген
Абай қара сөздерін менен алып, оқып шығып:
«Ойпыр-ау, қазақтардың өзі жаман халық екен
ғой» дегені бар. Мен оған Абай кезіндегі қазақтар
қазіргі қазақтардың арасындағы қасиеттердің
аспан мен жердей айырмасы барын айттым. Ел
ішінде қайта бой көтере бастаған қызғаншақтық,
күндестік, бақталастық, маскүнемдік, нашақорлық,
алауыздық, қаныпезерлік т.б. жантүршігерлік
мінездер «мен мұндалап» барады.
Осының бәрі елін сүйген, халқын қастерлеген
қай азаматтың да жанына жайсыз тиетіні ақиқат.
Ақпарат құралдарының сөзіне сенсек, қазіргі қазақ
жастарының арасында 120 000 қыз көкжамбас
болып үйде отырса, 40 000-ы сүрбойдақ бар екен.
Тіпті, атамыз қазақтың аза бойы қаза қылатын
жезөкшелік деген нарық тұсында қаптағанға
ұқсайды. Түнгі ресторандар мен казиноларды
төңіректеп,
қалталылардың
«келемежіне»
ұшыраған қазақ қыздары ел намысын қайтсін?
Оларға ар, иба туралы не айтарсың? Іш қазандай
қайнайды, күресуге дәрмен жоқ деген уәж бұл
жерге жүрмейді. Мұндаймен халық болып,
мемлекет болып жан-жақты саналы күрес жүргізу
қажет-ақ. Асылы заңымыздың солқылдақтығы
жөнінде әр жерде-ақ айтылып жүр. Заң жақсармай,
жаман қасиеттер тыйылмайды.
Маскүнемдік пен дүниеқоңыздық сияқты
келеңсіз қасиеттерімізді ұлтымыздың келешегі
үшін аса қауіптілері деп білемін. Маскүнемдік
жөнінен алдымызға тек орыс ағайындарды
жібереді екенбіз. Қазір Қазақстандағы түрмелер
түгелдей қазақ жастарына толы екен. Мұнан артық
қандай масқаралық керек. Екіншісі – бізде нарық
келгелі өріс алған келеңсіз қасиет-дүние жинау,
ақша құмарлық. Сонау Аристотель, Платон,
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қ.К. Жарықбаев –
педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері,
Т.Т. Тәжібаев ат. Этнопсихология және
этнопедагогика орталығының директоры
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ӨРІСТЕТКІМІЗ КЕЛСЕ, ҚАЗАҚЫ
ҚАСИЕТІМІЗДІ ҚАСТЕРЛЕЙІК!
70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Фарабиден бастап Абайға дейінгі ғұламалардың
барлығы, аса байлықты тіпті ұнатпаған. Бірақ,
осы американдық прагматистік философия, біздің
ұлттық санамызға кереғар пәлсафаны ұялатты.
Олардың айтуынша, өмірде ақша бірінші кезекте
тұрады. Егер, ақша қажет пе, оған қол жеткізу
үшін алдында қандай кедергілер тұрса да көктеп
өте бер, ол айып емес. Мәселен, Америкада
мынандай анкеталар бойынша көптеген сауал
алынған: «шешеңнің суретінің бетіне қанша
долларға түкіресің?» дегендей. Оларға адам өлімі
түкте емес. Күшің жетсе жұлынын үзіп жүре
бер. Өйткені, олар ізгілік сезімінен жұрдай, ақша
үшін хайуандық психологияға бой алдырғандар.
Оларға керегі тек доллар. Сонау Жоңғар
шапқыншылығынан бері қарай 300 жылдай
езгінің небір зіл батпанын көрген біздей ұлт тарих
сахнасында некен-саяқ шығар. Сол дәуірден бері
қарай қалыптасқан құлдық психологиядан арылу
үшін алдымен, ұлттық сананы, ұлтжандылықты,
ұлттық менталитетті барлық тәрбие арналары
арқылы бойға сіңіру қажет. Рухымыз ұлттық
салт-дәстүрлерімізден көрініс табары хақ. ТМД
елдерінің ішінде мәңгүрті көп біз шығармыз.
Қазір өзі Қазақстанда 10 миллион, сыртта 5
миллион, барлығы 15 миллион қазақ бар деп
жүрміз. Осының үштен бірі өз тілінің қайнарына
қанбаған мәңгүрт шала қазақтар екені бәрімізге де
жұмбақ жай емес.
Ал, соларды қатарымызға қосу үшін біздің
барлық ақпарат құралдарымыз қазақ рухын
мақсатты түрде көтерудің жолын іздестірулері
керек. Ана бір жылы жол сапарымен Ташкентке
барғанымда телеарналары батыстың «алқын-
жұлқынын»
көрсетпейді
екен.
Барлық
хабарларынан өзбек рухын аңғарып, риза
болғаным бар. Бізге неге сүйтпеске?! Көп этносты
ел екенімізді желеу етіп, байырғы ұлтты қашанғы
біреудің бодауына байлай береміз?!
Меніңше, ең алдымен Мемлекеттік тілге
ерекше мән беруіміз керек. Мемлекеттік тіл –
қазақ тілі десек те, оның қолданылу аясы баяғы
қалпында қалып келеді. Ұрпақ қамын ойласақ,
ана тілін балаға құрсақта жатқанда сіңетіндей
жағдайға жеткізуіміз керек. Жақында мен бір
кітаптан Америка ғалымдарының мынандай
бір зерттеулеріне зейін қойдым. Мәселен,
екіқабат әйелдің жатырында жатқан 6-7 айлық
ұрықтың дамуына ғылыми талдау жасалынған.
Сонда жаңағы кішкентай ұрықтың өзі рок
музыкаларын ойнағанда кірпідей жиырылып,
әлденеден қорыққандай бүрісіп қалады екен де,
Моцартты ойнағанда бостандыққа шыққандай
жазылып, рахаттанғандай кейіп байқатады екен.
Өйткені, ананың жүйке жүйесі арқылы ол сыртқы
құбылыстарды қабылдай алады екен. Организмде
13–15-тей талдағыш бар. Біздің сыртқы ортамен
байланыстыратын қазақтар айтатын он екі мүшең
сау болса дейтіні дұрыс-ақ. Мүше деп отырғаны
– сол қабылдағыш мүшелерді меңзегені. Кейде
жеті мүше деп те атайды. Дұрысы – он екі мүше.
Сондықтан, балаға берілетін тәрбие құрсақта
жатқанда-ақ берілуі керек. Сол алғашқы бала
қимылдаған сәттен бастап-ақ, ата-ана «бізді
бақытқа жеткізетін ұрпақ келеді» деген үміт пен
тілекті тірек етсе, теріс болмайды. Ғылымда
әлдеқашан дәлелденген мынандай қағида бар,
ана құрсағындағы 5 айлық бала анасының барлық
қимыл харакетін қайталайтын көрінеді. Осының
өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек. Түрік ғалымдары
аралас некеден моралі төмен ұрпақ пайда болады
дейді, ол да негізсіз болмауы тиіс. Мәселен,
аралас некеде көбінесе, саны жағынан көп
халықтың өкілі ген үстемдігін жасайды екен. Осы
ретте бір мысал келтірейін, мәселен, ХV ғасырда
ноғайлы-қазақ дәуірінде қазақтар бір миллион,
орыстар екі миллион, ноғайлар да бір миллион
екен. Бүгінгі жер шарында орыстар 210 миллион
да, ноғайлар 80-ақ мың, қазақтар 15 миллион
шамасында. Біздің тарихшылармыз қазақтар
Жоңғар шапқыншылығында бір қырылса, 1917,
1932 жылдардағы ашаршылықта екі қырылған деп
жүр. Оның үстіне Отан соғысы жылдарынла 350
мың қазақ қаза тапқан. Мұндағы айтпағым, мынау
ХV ғасырдағы 2 миллион орыстар ноғай этносын
да өз арнасына қосып алуы. Енді әлгі айтқанға
қайта оралайық. Жалпы ана құрсағында жатқанда
ұлттық нышан ұялатудың ахуалына жетуіміз
керек. Алматыдағы қазақ балалар бақшалары
мен қазақ мектептерінде балалар әлі орыс тілінде
сөйлесіп, орысша тәрбиеленіп жүр. Бұған көз
жұмып қарауға болмайды. 1910 жылдың өзінде-
ақ «Қазақ» атты газетте Ахмет Байтұрсынов: «Өз
алдына ел болуға – өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана
жарай алады» депті. Осынау көрегендікті біз әлі
күнге дейін парақтай алмай келеміз. Шынында,
тіл – ұлттың жаны. Барша тәрбиені бала бойына
дарытатын баға жетпес құралымыз да – тіл.
Атақты украин педагогы А.С.Макаренконың
өзінен кеңес сұрай келген, қолында тоғыз айлық
баласы бар келіншекке: «Тәрбие туған бойдан
басталады, сіз тура тоғыз ай кешіктіңіз», – дейтіні
бар ғой. Шынында асыл қасиеттердің бір бастауы
текте (гендік фонда) жатса керек. Бұл ретте
қазақтардың белқұда, бесікқұдаларына да өзінше
бір мән жатыр.
Патшалық Ресейдің тұсында бізді танып
білуге талпынған француздар, ағылшындар,
71
Резюме
В статье прослеживаются лучшие психологические черты казахского национального характера, поднимаются
вопросы их возрождения современных условиях.
Summary
In the article the best psychological features of the Kazakh national character are retraced. Questions on their revival
modern conditions are stated.
Қ. Бөлеев –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
“Педагогика және этнопедагогика” кафедрасының меңгерушісі
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛІМІЗДЕ ДАҒДАРЫСТЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ,
ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУДЫҢ ЖӘНЕ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
Қазақ педагогикасының тарихында “ұлттық
тәрбие” ұғымын тұңғыш енгізген ұлы ағартушы-
педагог Мағжан Жұмабаев. Ол 1992 жылы
Орынбордан бірінші басылым көрген мұғалімдерге
арналған “Педагогика” атты әрі оқулық, әрі
әдістемелік сипаттағы кітабында: “Шамам
келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым”
деп, мұғалімдер курсында оқылған дәрістерден
түзелген еңбегін шығарды. Сол кітабында “... әр
тәрбиешінің қолданатын жолы
–
ұлт тәрбиесі.
Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден
келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі
баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе
жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші,
сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті.
Және, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында,
өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті” деп, тәрбиешілерге (ата-ана мен
мұғалімге) өте қатал талап қойған (1, 16-17б.).
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
поляктар болған. Солардың бәрі Ресейге қараған
бұратаналардың ішінде өнерінен де, жер көлемінен
де Ұлы даладағы қазақтармен шендесетіндер жоқ
деген ғой. Рас, мінімізді де көрсеткен, бірақ жақсы
қасиетімізді де қастерлеген.
Қазақ тілдік қоры жөнінен аса бай халық. Тек
қана мал шаруашылығына байланысты 3000-дай
атау бар екен. Мен көптеген елдердің сөздіктерін
қарадым, бізге жететін ел жоқ. Ең алдымен,
біз, өз жетістіктерімізді бағалауға ұмтылуымыз
керек. Неге орыстар орыс орманы, орыс қысы,
орыс шайы деп әр сөзге тоқсан тоғыз орыс сезім
тіркейді. Ал ұлы даланы иеленген қазақ неге
осылардан үйренбейді? Орыстың мақсаты айқын,
қазақ жалтақтығынан сорлап отыр. Қазақ даласы,
қазақ жайлауы, қазақ жыры, қазақ таулары деуден
тартынбауымыз керек. Ұлттық ерекшеліктерімізді
паш етуді парыз санағанда ғана барып діттеген
мақсаттың төбесінен шаламыз. Өзінің дәстүрін
аяламаған, тілін қадірлемеген, ұлттық намысы
қозбаған қазақ ел болып еңсе де көтеруі қиын.
Сөз соңына айтарым, біз сияқты ананы пір
тұтқан, әке сөзін екі етпеген, үлкеннің алдынан
кесе-көлденең өтпеген, кішіге қамқор болған,
ағайынмен тату болған, қонақ келсе қуана қарсы
алған бауырмал, ақжарқын халыққа өз дәстүрі
мен мәдениетіне бұдан былай теріс қарамау
үшін әсіресе, Еуропа дәстүрін «көзді жұмып»
сіңіре бермеу үшін қандай ұлт тәрбиесінің
өзекті мәселелеріне баса назар аудару қажет
деген ойға келер болсақ, бастылары мыналар;
тарих толқынан да «мың өліп, мың тірілген»
қазақ секілді қайсар халықтың отаршылдық
салдарынан тапталып, қаңсырап қалған ұлттық
намысы мен абыройы, ұлттық мінез бітістері мен
ұлттық мақтанышын ұлттық дүниетанымы мен
сенімін, бір сөзбен айтқанда басқа халықтардан
өзіндік қайталанбас бар салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын, оларды қалыптастыру, дамыту, тәрбиелеу
жолдарын іздестіріп, зерттеуді бәріміз жұмыла
қолға алуымыз қажет. Бұл айтқандар барша
қазаққа ортақ мәселе болса, бұл ең алдымен
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жаңадан құрылған
«Ұлттық тәрбие» кафедрасы ғалымдарының
көтерер жүгі болса құба-құп.
72
Кеңестік дәуірде қазақ халқына, әсіресе, жас
ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге, ол бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізуге мемлекет тарапынан тиым
салынғаны белгілі. Ал еліміз егемендік алысымен
қазақтың ұлттық мектебін құру, оқушыларға
ұлттық тәрбие беру, оған мұғалімдерді даярлау
проблемалары кең көлемде көтеріліп, ғылыми-
педагогикалық зерттеулер жүргізіліп, нәтижелері
– жеке мақалалар, оқу құралдары, монографиялар
мен диссертациялық жұмыстар болып жарық
көруде.
1922 жылы М.Жұмабаевтың «Педагогика»
атты ұлттық мазмұнды оқу құралы шықты. 1995
жылы Ж.Наурызбаевтың «Ұлттық мектептің ұлы
мұраты» кітабында оқушыларға ұлттық тәрбие
беру ұлттық мектепте жүзеге асырылатыны, ол
үшін оқушыларға этномәдени білім беру, сонда
ғана «Бізге қажеті – жаны да, қаны да қазақы,
халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-
дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, туған
жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді
азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»
деп, ұлттық тәрбиенің мақсатын нақты көрсетті
(2, 53б).
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру
оның әдіснамалық, теориялық және әдістемелік
негіздері жасалғанда ғана тиімді және нәтижелі
болатындығы анық. Сондықтан, қазақ ғалым-
педагогтары К.Оразбекова, К.Қожахметова,
Қ.Бөлеев, Ш.К.Беркімбаева, Б.Ж.Жиентаева,
М.Қ.Құрсабаев,
Д.С.Ешмұратова
өздерінің
ғылыми зерттеулерінде аталған проблемаларды
өз шамалары келгенінше шешуге арнады.
К.Оразбекова
“Жеке
тұлға
ұлттық
тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негізде-
рі” атты диссертациялық жұмысы мен
монографиясында жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеудің
алғышарттарын, жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің
теориялық-әдіснамалық негіздерін, жеке тұлға
ұлттық тәрбиесі тәжірибесін жоғары мектеп білім
беру жүйесінде пайдалану жолдарын қарастырған
(3).
К.Қожахметованың
“Мектептің
ұлттық
тәрбие жүйесі” атты оқу құралында ұлттық тәрбие
туралы ой-пікірлерге тарихи сипаттама, мектептің
ұлттық тәрбие жүйесінің ғылыми-теориялық
негіздері, ұлттық тәрбиені қазақ мектептеріне
ендіру жолдары баяндалған (4).
Қ.Бөлеевтің
“Болашақ
мұғалімдерді
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың
теориясы мен практикасы” атты диссертациясы мен
монографиясында қазіргі қазақ мектептеріндегі
оқушылардың ұлттық тәрбиелілік жағдайы,
оларды жақсарту жолдары, мектеп мұғалімдерін
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау,
сондай-ақ болашақ мұғалімдерді оқушыларға
ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориялық
және әдістемелік негіздері қарастырылған (5).
Соңғы жылдары мектеп оқушыларына ұлттық
тәрбие беру бойынша диссертациялық жұмыс
қолғала бастады. Мысалы, Ш.К. Беркімбаева
жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі
тәрбие үрдісінің этнопедагогикалық негіздерін
қарастырып,
этнопедагогиканың
ұлттық
тәрбие берудегі мазмұнын сипаттайды, Б.Ж.
Жиентаева 5-7 сынып оқушыларына технология
сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы
ұлттық тәрбие беру, М.Қ. Құрсабаев мектептегі
оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің
педагогикалық шарттары, Д.С. Ешмұратова
бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары проблемалары
бойынша жұмыстары орындалды.
Қазақстанда ұлттық тәрбие мәселелері
бойынша шыққан педагогикалық әдебиеттер
мен диссертациялық жұмыстарда “ұлттық
тәрбие”, “ұлттық тәрбиенің мақсаты”, “ұлттық
тәрбиелілік”, “ұлттық тәрбие көрсеткіштері”,
“ұлттық тәрбиенің нәтижесі” т.б. ұғымдардың
сипаттамасы мен анықтамалары әлі де болса
нақтылауды қажет етеді. Мысалы, “Ұлттық
тәрбие” ұғымына нақты жауап жоқ. Біздіңше
“Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ана
тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық
Достарыңызбен бөлісу: |