«ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық логистика операторы ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясының транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды 2020 жылға қарай 2 есе, 2050 жылға қарай 10 есе ұлғайту жөніндегі міндеттерін орындап жатыр.
Сыртқы ортаның өзгергенін және компания қызметі спектрінің кеңейгенін ескере отырып 2015 жылғы 26 қарашада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекітті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ миссиясы Жүйе құраушы инфрақұрылымдық компания бола тұрып, біз экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы көліктік негізді қамтамасыз етеміз, Акционер үшін құнды құрамыз, қажет және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтерді көрсету жолымен тұтынушыларға және тұтастай қоғамға пайда келтіреміз.
Пайымдауымыз Біз бизнесті жүргізудің озық тәжірибесіне сәйкес әрекет ететін нәтижелі және инновациялық компания болуға тырысамыз.
Біз өзімізді келесі қызметтердің жеткізушісі ретінде ұстанамыз:
теміржол инфрақұрылымы мен желісі қызметтері;
транзиттік тасымалдарды, сондай-ақ импортталатын және экспортталатын жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі көлік-логистикалық қызметтер.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналдың жоғары кәсібилігінің, жоғары техникалық стандарттардың, сондай-ақ басқару мен өндірудің озық процестерінің арқасында қызметтердің сапасы бойынша да, экономикалық тиімділігі бойынша көшбасшы болуға ниетті.
Миссиямыз бен пайымдауымызға тиімді қол жеткізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ келесі стратегиялық мақсаттар бойынша жоспарлы қимылдауға ниетті:
акционерлік капиталдың жиынтық құнын барынша жоғары ету;
тасымалдау қауіпсіздігі;
клиенттердің қанағаттануы;
тиімді корпоративтік басқару;
әлеуметтік тұрақтылық;
экологиялық қауіпсіздік.
Алға қойылған стратегиялық мақсаттарды іске асыру, сондай-ақ бар мүмкіндіктер мен шектеулерді ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық бастамалардың 8 блогына көзделеді: Ішкі нарықта сату функциясын дамыту.
Өз вагондарымызды кәдеге жаратуды арттыру.
Контейнерлік транзитті дамыту.
Жолаушылар тасымалдау тиімділігін арттыру.
Операциялық тиімділікті арттыру.
Жобалық офисті дамыту (стратегиялық бастамалардың тиімділігін арттыру және іске асыру мерзімін қысқарту үшін).