Басқару экономикасы


Трестке қарсы заңдарды орындауға мәжбүр ету және реттеуші органдардың қылықтары



бет106/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   112
12.5. Трестке қарсы заңдарды орындауға мәжбүр ету және реттеуші органдардың қылықтары

Кәсіпкерлер трестке қарсы заңдар туралы жақсы хабардар болуы керек, әсіресе, өз бизнесін ұлғайтамын деген жоспары болса. АҚШ тәжірибесінен екі мысал келтіруге болады.

1969 жылы АҚШ үкіметі «IBM» компаниясын, компьютер нарығында тез монополия орнатты, өнімін тек пакетпен сатып, жаңа жабдықтың бағасын өзіндік құнынан төмен қойды, деп сотқа береді. Үкіметтің айыбы 16 жеке берілген айыптарға негізделген болатын, бірақ «IBM» компаниясы барлық сотты ұтып алды. Тап сол кезде ғылыми-техникалық революция үкіметті әлсіздендіргені соншама, трестке қарсы органдар «IBM» компаниясын мазасын алмауға шешім қабылдады. Бұл көпшілікке аян, оқулықтарға кірген мысал.

Екінші мысал: «National Collegiate Athletic Assocition`s - NCAA» 1984 ж. ірі телевизиялық желістерімен келісімшарттар жасайды, онда бұл желістер кем дегенде екі жыл ішінде 82 футбол ойындарын көрсетуге міндеттенеді. Бір колледжтің тек алты ойынынан артық көрсетуге болмайды, колледжке өз ынтасымен телевидениемен келісімшарт жасауға тыйым салынады. Сол жылы Жоғарғы Сот түскен айыпқа орай «NCAA» монополиясы трестке қарсы Шерман Заңын бұзды деген қаулы алады.

Қазіргі кезде монополия туралы пікірлер келесі факторлардың – нарықтағы фирманың саны мен күші, олардың өлшемі, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамның төмен шығынды және үздіксіз өндіріске деген мүддесі – айналасында негізделеді. Монополия заңсыз деп жариялануы мүмкін, егер жеткілікті дәлелдер болмаса да. Монополияның өлшемі өз бетімен заң бұзылды деуге негіз бола алмайды.

Монополиямен байланысты заңдарды сақтауды, жосықсыз сауда мен алдауды бақылап, реттеуші органдар келесі әдістерді қолданады:



  • ынтымақтастық әдісі. Жеке және сала деңгейінде конференция ұйымдастырып, ерікті келісімге келу;

  • келісімге келу. Реттеуші орган компаниядан заңсыз тәжірибені бұзуды тоқтатамын деген келісімін алады;

  • мәжбүрлеу әдісі. Ресми айып беруге негізделген заңды әрекеттер.

Реттеуші органды, оның құрамын, функцияларын және қызметінің критерилерін заң шығарушы орган құрады. Оған жүктелген қызмет тым кең және тым сүйір болып келеді, сол себепті реттеуші органға өз қызметін атқаруға үлкен кеңдік беріледі. Реттеуші органның іс-қылықтары оның басшысынан жиі тәуелді болады. Неғұрлым ұзақ реттеуші орган қызмет жасаса, соғұрлым бюрократиялық тәжірибе етегін кең жаяды.

Реттеуші орган қоғам мүддесін қорғауға арналған, ол қоғам талабына сәйкес фирманың іс-қылығын қалыптастыруы керек. Бірақ мынандай ой да бар: қай себеппен құрылғанына тәуелсіз реттеуші органдар өздері реттейтін фирманың мүддесіне қызмет істеу керек.

Басып алу теориясына сәйкес, үкімет тыйым салады немесе рұқсат береді, көмекқаржы немесе салық түрінде береді немесе алады, яғни нақты салаға көмектеседі немесе залал келтіреді. Реттеуші органдар осы реттеулерді іс жүзіне асырудың құралы болып келеді. Салалар кейітетін жайттарға қарамай реттеуге қызығушылық танытуы мүмкін, олар реттеуші органдарға келесі себептермен елеулі ықпал жасай алады:

- реттеуші орган треттеп отырған саласын жақсы білуге тиіс. Демек, шешуші қызметкерлерді осы саладағы мамандадан жалдайды, олардың арасында достық қатынастар орнайды;

- сала өнімі тұтынушылар сатып алатын көп өнімдердің бір ғана түрі, сондықтан тұтынушылар лоббистер тобы бола алмайды. Ал реттелінуші фирма ресурстар мен ынтаға толы болғандықтан өз позициясын мұқият әзірлеп реттеуші органдарға дайындап береді.

Реттеу саласындағы мамандар өз лауазымын сақтағысы келсе өте сақ болуы керек, өзін сайлаған адамдар тарапынан қолдау және мақұлдауды табу керек. Реттеу мамандарын сайлаушылар үш топтан тұрады:

- реттеуші органды құрған заң шығарушы орган;

- реттеуге жататын сала;

- реттелетін сала өнімінің тұтынушылары.

Бұл топтың әрқайсысы өз пікірі болады, бұл жағдайда реттеу мамандары теңдестіру функциясын атқарады. Реттеуші органдар өндірушілерді қосымша шығын жасауға апаратыны ашық болғанмен, шотты төлеу мәселесі біржақты шешілмейді. Егер реттеу нақты саланың барлық фирмаларын қамтыса, онда төлем жасау фирманың өнімі сатылатын нарықтың құрылымына тәуелді болады. Егер сұраныс икемсіз болса немесе жақын ауыстырғышы болмаса, онда шекті шығынның өсуі тұтынушыларға аударылуы мүмкін. Алсүраныс икемділігі жоғары болған немесе жақын ауыстырғыш бар нарықта ықтимал өскелең шығындар болсын, барлығын фирма иелері көтеру керек.

АҚШ-нда экономиканы мемлекет тарапынан реттеуге жүз жылдан астам уақыт өтті, қазір реттеу көп ауыртпалық әкелуде деген пікір бар. Сол себепті конгресс банк жүйесінде, көлік, байланыс және кейбір басқа салаларда құқықтық номаларды, өкімдер мен заңдар түріндегі шектеулерді алып тастады. Экономистер мен кәсіпкерлер нарықтық бұрмалау мен тиімсіздікті, орынсыз реттеу мен оның жиі болуын, реттеуге жұмсалатын тым көп шығындарды сынға алуда. Мысалы, бұрмалар мен тиімсіздік үш бағытта көрінуде:

- егер табиғи монополия жағдайынан тыс шығарылған өнімге бақылау жасалса, сөзсіз ол тиімсіз бөлуге, тапшылық пен тиімсіз тұтынуға алып келеді;

- нарыққа кіруді реттеу адал бәсекелестікті тұншықтырады;

- табиғи монополияны реттеу тым жиі тиімсіз өндірісті қорғайды.

Осыған орай трестке қарсы саясаттың керегі бар ма деген сұрақтар тууда. Арнайы зерттеулерде осы саясатқа берілген келесі бағалауларды кездестіруге болады:

- ерікті кәсіпкерліктің болуы трестке қарсы заң шығарылуынан тәуелді болып келеді;

- трестке қарсы заңдр жақсы болар еді, егер олар орындалып жатса; қаржының жетіспеуінен және реттеуші органдарындағы артық қызметкерлер олардың орындаулын тежейді, кейбір зерттеушілер үкіметтің өзінде монополия мен олигополияға қарсы емес адамдар бар деп болжайды;

- трестке қарсы заңдардың тиімділін арттыру үшін оларды жетілдіру керек: заң орындалмаған жағдайда жаза қолданылмай қалмауы керек, сонда ғана олар міндетті түрде орындалады;

- трестке қарсы саясат пен экономиканың даму деңгейі арасындағы байланыс жете зерттелмеген. Осыған орай зерттеушілер, экономика трестке қарсы заңды енгізу алдындағы мен енгізу кейіндегі экономиканың даму деңгейлерін салыстыру керектігін айтады. Сонымен қатар, мысалы, монополия өркендеген елдердің экономикасын болмашы монополия саны бар елдермен салыстырған пайдалы болар еді.

Қайта реттеумен қатар кейбір үкімет реттейтін қызметтерді жекешелендіру туралы ұсыныстар бар, оның ішінде пошта, қалдықтарды кәдеге жарату, қоғамдық көлік, өрт сөндңру қызметі, қоғамдық парк пен жолдарға қызмет көрсету және басқалары қамтылады.

Мемлекет тұрғысынан нақты қызметті жекешелендіру келесі міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді:


  • шығындарды қысқарту;

  • тиімділікті арттыру;

  • қызмет көрсету сапасын жақсарту;

  • мемлекеттік бюрократияны қысқарту;

  • тиімсіз мемлекет органын қайта құру;

  • нақты қызмет бойынша мемлекеттің шектеулі мүмкіндіктерін кеңейту;

  • жеке адамдарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға мүмкіндік беру.

ық нормалар, өкімдер мен заңдар түріндегі шектеулерді алу ық нормалар, өкімдер мен заңдар түріндегі шектеулерді алу

құқықтық нормалар, өкімдер мен заңдар түріндегі шектеулерді алу

құқықтық нормалар, өкімдер мен заңдар түріндегі шектеулерді алу

Мемлекет қызметшілерінің жекешелендіруге қарсы шығуы таңқалдырмайды, олардың келтіретін дәлелдері:

- олар жұмыссыз қалады;

- жекешелендіру нітижесінде қызмет көрсету сапасы төмендейді;

- мемлекет бақылаудан және есеп жүргізуден айырылады;

- сыбайлас жемқорлыққа және жанжалға негіз туады.

Өкінішке қарай, бұл дәлелдердің біразы расталынады, сонда да көптеген салаларда жеке фирмалар өзінің қызметтерін мемлекет фирмаларымен салыстырғанда тиімдірек және төмен шығынмен орындайды. Сол себепті дамыған елдерде жекешелендіруге үлкен мән береді, Қазақстан жағдайында да бұл көкейкесті мәселенің бірі болып келеді. Қазіргі уақытта елде жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатыр. Көп компанияларды жекешелендіру келесі нәтижеге алып келеді:

- жекелеген адамдар мен фирмаларға ақша табуына мүмкіндік жасайды;

- мемлекеттік қызметтер жеке фирмалардың әзірлеген технологиясына негігізделеді;

- қызметтер көрсету аясы өскен сайын қоғамдық қызметке сұранысты қаржымен қамтамасыз ету мемлекеттің мүмкіншілігінен асады; осы шығынды жекешелендіру арқылы шешуге болады;

- жекешелендіру шығындарды қысқартуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді;

- үкімет жекешелендіру үдерісін қолдайды;

- жекешелендіру – нарыққа бағдарланған ел үшін экономика жүйесінің қалыпты дамуы болып келеді.

Сонымен, қабылданатын заңдар монополияның тек ұлғаюына қарсы шықпай, бәсекелестікті қолдауды көздеуі керек. Реттеудің нәтижесінде көзделген мақсатқа жетпегендіктен жеке меншікті салаларда экономикалық қызметтен мемлекеттік құқықтық нормалар, өкімдер мен заңдар түріндегі шектеулерді алу туралы сұраныс тууда. Көптеген бұрын мемлекет атқарып жүрген қызметтерді жекешелендіру керектігі байқалынуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет