Басқару экономикасы



бет104/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   112
ТеңгеG

LRAC

LRMC

MR

D

H

E

F

G

0

QG











Баға, шығын мен табыс (бірлікке шаққанда)

Мезгілдегі өндіріс



12.2 сурет. Монополия жағдайында пайданы максималдайтын өндіріс

12.2 суретте табиғи монополия теориялық тұрғыдан қарастырылған, шынайы өмірде өндірісті берілген деңгейде сақтау қажет негізгі капитал сомасын, LRAC-тың функциясын дәл анықтау мүмкін емес. Осы қиындықтардан өндірісте баға белгілеу, инвестиция деңгейін анықтау, тиімсіз өндіріс мәселелері туады.

Егер реттеуші орган сұранысты дұрыс болжамай тым жоғары баға орнатса, онда монополия біршама пайда алады. Алайда, ROI көрсеткіші шектелгеннен, артық пайда өндірісті ұлғайтуға жұмсалады. Егер баға тым төмен деңгейде орнатылса, қажетті ROI көрсеткішіне жете алмай, фирма ұлғаймайды.

Егер ROI көрсеткіші капитал құнынан жоғары болса, монополия үшін капиталды көбірек қажет ететін өндіру әдістеріне көшу пайдалы. Ал ROI көрсеткіші тым төмен болған жағдайда монополия ескі капиталды аз қажет ететін, бірақ тиімсіз өндіріс әдістерін қолдануға мәжбүр болады.

Реттелінетін монополиялар жасаған инвестициясына белгілі пайда алуына кепілдік болғандықтан, олар шығындар туралы мазасызданбайды. Сөйтіп, монополия тиімсіз өндірістен қорғалады.

Реттеумен байланысты шығындар мен мерзімін ұзарту. Реттеу шығындары екі негізгі баптан тұрады: біріншіден, реттейтін органдардының жұмысын қамтамасыз ететін және тиісті құжаттарды дайындауға кететін шығындар; екіншіден, мұқият және қымбатқа түсетін экономикалық талдау едәуір шығындарды талап етеді.

Реттеу мерзімін ұзарту монополияға екі жақты ықпал жасайды. Өндіріс ауқымының өсуінен және технологиялық жетістіктерінен түскен үнем шығындарды төмендетеді, бірақ тарифтердің төмендеуі кешігеді. Ал инфляция мен жоғарғы пайыз мөлшерлемесі шығынды көтеріп, тарифтің жоғарылауын кешіктіреді. Инфляция нәтижесінде жаңа тарифте орташа шығындарды пайдаланғанда бұрмалау тууы мүмкін, реттеуші органдар орташа шығынды ағымды емес, бұрынғы көрсеткіштерге қарап есептейді. Демек, шекті шығындар шындығында орташа шығындардан жоғары болады, ал реттеуші баға орташа шығындарға негізделеді. Бағаны өндірістің шекті шығынан төмен орнату нәтижесінде тұтынушылардың монополия өнімдерін үнемсіз пайдалануын көтермелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет