Даму стратегиясының шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлердің мақсаттарына: Компания активтерінің ұзақ мерзімді құнын жоғарылатуға және ұлттық экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға қол жеткізуге деген өзінің ұмтылысын дәлелдейді.
Миссия: Ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін барынша жоғары тиімділікті қамтамасыз ету:
бизнесті әлеуметтік-жауапкершілік тұрғысынан жүргізу, отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жеткізушілерін қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.
Көрініс: ҚМГ – өндірістік қызметтің жоғарғы қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жоғары тиімді әрі бәсекеге қабілетті интеграцияландырылған мұнай-газ компаниясы.
Талап: Сұйық көмірсутегілер қорлары (мұнай мен конденсат) және мұнай өндіру көлемдері бойынша әлемнің отыз ірі мұнай-газ компанияларының қатарына кіру.
Компания мынадай стратегиялық бағыттарда орнықты даму мен тиімділікті арттыруға қол жеткізуге тырысады: