Басқару экономикасы


Шығындар теориясы және шығындарды бағалау



бет56/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112
Байланысты:
treatise75256

6. Шығындар теориясы және шығындарды бағалау

6.1. Басқару шешімдеріндегі шығындардың маңыздылығы. Шығындар анықтамасы

Соңғы жылдары шығындарғам ерекше мән берілетін болды, өйткені бәсеке күресі күшейе түсуде, технология мен тұтынушылардың сұранысы тез өзгеруде, бұл жағдайда фирмалар үшін бағаны көтеру арқасында жоғары пайда түсіру қиынға соғуда.

Экономикалық жағдайдың өзгеруі «шығындар плюс тиянақталған пайда» стадиясынан «шығындарды басқару» принципіне көшуге мәжбүр етті..

Соңғы он – он бес жылдары шығындарды төмендету немесе шектеудің ең кең тараған жолы фирма жұмыскерлерінінің сандарын қысқарту болып келді. Әр уақытта бұл әрекеттер қайта құру, оптималды өлшемді таңдау, штатты қысқарту және әлеуетті менеджмент деп аталынған.

Бұдан басқа, өз шығындврын төмендету үшін компаниялар аутсорсингке жүгінді және еңбекақысы төмен елдерге өндірістік қуатты көшірумен айналысты. Сонымен қатар фирмалар бір бірімен қосылу, бірігу арқылы қызметкерлер санын қысқартуға кірісті.

Шығындарға экономикалық талдау өндірістік функциядан, өндірістік функциясы мен шығындар функциясы арасындағы байланысты көрсетуден басталады. Экономикалық талдауға кірісуден бұрын шығындарға анықтама беру керек.

Әдетте, коммерциялық ұйымдарда шығындарды көбінесе бухгалтерия бөлімінің қызметіне жатқызады. Ішкі талдау және шешім қабылдау мақсатында шығындар анықтамасы маңыздылық концепциясына негізделеді. Анықтама бойынша шығындар маңызды болып саналады, егер де олар басқару шешіміне қатысты болса. Қай шығындар болсын, егер олар шешімге ықпал жасамаса, болмашы шығындар болып саналады. Маңызды шығындар термині коммерциялық мәселелер және шешімдерді ұсынған кезде пайдалынады.

Балама және тікелей шығындар. Балама құн экономикалық талдауда маңызды және пайдалы түсініктердің бірі болып келеді, өйткені ресурстар шектелінген жағдайында шешім қабылдаудың нәтижесіне қатысты.

Балама құн – ол бір әрекетті басқадан артық көріп, бас тартатын субъективтік құндылық.

Шығындардың бұл типі «тікелей шығындарға» қарсы қоюға болады. Кейде экономистер балама шығындарды жанама шығын, немесе жүктелме шығындар, деп аталады. Ал тікелей шығындарды бухгалтерлік, немесе анық шығындар, деп атайды.

Қайтарылмайтын және қосымша шығындар. Қосымша шығындар – ол мүмкін болатын шешімдермен бірге өзгеретін шығындар. Қайтарылмайтын шығындар деп әр түрлі шешімдерден тәуелсіз, өзгермейтін шығындарды атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет