Бақылау сұрақтары және есептер
1. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мезгілдегі өндірістік функцияның айырмашылығын түсіндіріңіз. Коммерциялық жағдайдан осы туралы бір мысал келтіріңіз.
2. Азаймалы қайтарым заңына анықтама беріңіз. Неге бұл заң қысқа мерзімді құбылыс ретінде қарастырылады?
3. Азаймалы қайтарым заңы мен өндірістің үш стадиясы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
4. Егер фирма MRP = MLC ережесіне сүйенсе, онда ол қажетті айнымалы шығындардың оптималды сан бірлігін қысқа мерзімді мезгілде өндірісте пайдалануға таба алады, соны түсіндіріңіз.
5. Ауқым эффектіне анықтама беріңіз. Неге ол қысқа мерзімді құбылыс ретінде қарастырылады?
6. Маржиналды (шекті) өнім мен орташа өнім арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Неге өзінің максимум нүктесінде орташа өнім маржиналды өнімге тең болады деп күтеміз?
7. Фирма қысқа мерзімді өндірістік функцияның I немесе III стадияларында жұмыс істеп қалуы мүмкін, бұл жағдайлар не себептен тууы мүмкін?
8. «Тәж» автомобильді жуу шағын фирманың иесі келесі қысқа мерзімді өндірістік функциясы негізінде қанша адмды жалдау туралы шешім іздеуде:
Q = 6L - 0,5,
бұл жерде Q – бір аптада жуылған машина саны; L – жұмыскерлердің саны.
а) Жалпы өнім, орташа өнім және маржиналды өнімді көрсететін функцияны шығарыңыз. Осы функцияны график түрінде бейнелеңіз.
б) Осы бизнес орналасқан аймақта автомобильді жай жуудың құны $5 тең делік. Егер кәсіпкер әр жұмыскерге сағатына S6 төлесе, ол қанша адам жалдауы керек?
в) Ол толымсыз жұмыс күніне студенттерді сағатына S4 төлеп жалдау ойы бар. Осы төмендеген еңбекақыға жұмыскерлерді көбірек алуы дұрыс бола ма? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
9. Электроника тауарларын сататын америкалық компанияның Мексика, Тайвань және Канадада кәсіпорындары бар. Әр елдегі орташа сағаттық жалақы, жылдық шығару және үстеме шығыстары төменгі келтірілген
|
Мексика
|
Тайвань
|
Канада
|
Сағаттық жалақы, $
|
1,50
|
3,00
|
6,00
|
Бір адам өнімділігі
|
10
|
18
|
20
|
Тиянақталған үстеме шығындар, $
|
150000
|
90000
|
110000
|
а) Осындай көрсеткіштер жағдайында қазіргі мезетте фирманың ресурстары оптималды орналасқан ба? Егер олай болмас, қандай шара қолдану керек? (Бір адам өнімділігі маржиналды өнімді ауыстырады деп есептеңіз).
б) Фирма барлық өндірісінен бір кәсіпорын жасағысы келсе, оны ол қай жерде орналастыруы керек? жерде қомдастырғысы келсеПредположим, что фирма хочет объединить все свое производство в одно предприятие. Где оно должно располагаться? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
10. Guldyz Corporation тек бір тауарды – ұсақ сувенирлерді – өндіреді. Компанияның жаңадан келген экономисі қысқа мерзімді өндірістік функция келесідей болады деп есептеген:
Q = 7V + 0,6- 0,1,
бұл жерде Q – бір күнде өндірілетін сувенирлер саны, V – өндірісте күніне 8 сағат жұмыс істейтін жұмыскерлер саны.
а) V мағынасы 1-ден 10-ға дейін өзгерген жағдайындағы өндіріс графигін келтіріңіз.
б) Маржиналды және орташа өнімді есептеңіз. График түрінде көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |