Бақылау сұрақтары мен есептер
1. Сатып алушылар мен сатушыларды баға алушы болуға мәжбүрлейтін жетілген нарықтың негізгі сипаттамаларын келтіріңіз.
2. Жетілген нарық жағдайында нарыққа еркін кіріп және одан еркін шығудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
3. Неге жетілген нарық жағдайында фирма үшін сұраныстың қисық сызығы мүлде икемді болуы қажет?
4. Неге фирма-монополист үшін сұраныстың қисық сызығы икемсідеу болып келеді, егер оны монополистік бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін фирмамен салыстырсақ?
5.Неге экономистер нөлге тең экономикалық пайданы «қалыпты» деп санайды?
6. Экономикалық пайда – ол бәсекелесті нарықтағы фирмалардың іс-қылығын түсіндіретін теориялық ұғым. Осы ұғымды нақты өлшеу жолдарын ұсыныңыз.
7. Неге жетілген бәсекелесті фирмаларға Р = МС және MR = МС ережелері бірдей болып келеді?
8. Электроника өндіретін фирма телефон жабдықтарын өндіру туралы ойлануда. Оның бағалауынша, радиотелефонды өндіруге кіріссе, онда қысқа мерзімді шығындар келесідей болмақ:
Q, мың дана
|
AVC
|
АС
|
MC
|
9
|
41,40
|
52,51
|
30,70
|
10
|
40,00
|
50,00
|
30,10
|
11
|
39,10
|
48,19
|
30,10
|
12
|
33,40
|
46,73
|
30,70
|
13
|
37,90
|
45,59
|
31,90
|
14
|
37,60
|
44,74
|
33,70
|
15
|
37,50
|
44,17
|
36,10
|
16
|
37,60
|
43,85
|
39,10
|
17
|
37,90
|
43,78
|
42,70
|
18
|
38,40
|
43,96
|
46,90
|
19
|
39,10
|
44,36
|
51,70
|
20
|
40,00
|
45,00
|
57,10
|
а) График түрінде орташа шығындарды (АС), средние переменные издержки (AVC), маржиналды шығындарды (МС) және бағаны көрсетіңіз.
б) қазір радиотелефонның орташа көтерме сауда бағасы $50 болсын. Қалай ойлайсыз, компания осы нарыққа кіруі тұрарлық па? Графикте фирма оптималды өнім көлемі деңгейінде алатын пайда (залал) көлемін көрсетіңіз.
в) Фирма нарыққа кірді деп ұйғарайық. Уақыт өткеннен кейін бәсеке телефон бағасын $35 түсірді. Бұл жағдай өндіріс көлеміне және фирма пайдасына қандай әсер етті? Сіз фирмаға қандай кеңес берер едіңіз?
9. Automotive Supply Company тек спидометр өндіретін шағын зауыттың иесі. Осы зауыттағы жылдық тұрақты шығындары S30 мыңға тең, ал өнімнің бірлігіне шаққанда айнымалы шығындар $10 тең. Ол спидометрдің бағасы $25 деп сатады.
а) Залалсыздық деңгейіне шығу үшін компания қанша спидометрді сатуы керек?
б) Өткен жылы компания 3 мың спидометр сатты. Қанша пайда алды?
в) Алдағы жылда тұрақты шығындар $37 500 өседі деп болжануда. Онда залалсыздық сан қаншаға тең болуы керек?
д) Егер компания осы санда өнімін көлемін сатып өткен жылғы пайданы аламын десе, жаңа баға қандай болуы керек?
10. Writers' Pleasure, Inc. компаниясы алтын жалатылған қалам мен қарындашты өндіреді. Жылдық тұрақты шығындары S50 мыңға тең, ал үлестік айнымалы шығындар – өнімнің бірлігіне шаққанда айнымалы шығындар $20 тең. Компания алдағы жылда 5 мың жинағын сатуды көздеп отыр.
а) Залалсыздық деңгейіне жету үшін компания бағаны қай деңгейде тағайындауы керек?
б) Инвестиция жасау үшін компания $30000 жылдық пайда алу керек. Сонда ол осы пайданы алу үшін жинаққа қай бағаны тағайындауы керек? (Сатылатын жинақ саны 5 мың дананы құрайды).
Достарыңызбен бөлісу: |