Болжалды маржиналды пайда
D
MC = AVC
Маржиналды
залал
Q
MR
7.4. Сұраныстың линиялық азамайлы қисық сызығы , маржиналды табысының қисық сызығы және тұрақты маржиналды шығындарының қисық сызығы
Егер фирма тым жоғары баға тағайындаса (мысалы, ), оның маржиналды табысы маржиналды шығынан асады; демек, маржиналды пайданың бір бөлігінен бас тартуға мәжбүр болады. Егер фирма тым төмен баға тағайындаса, оның маржиналды шығындары маржиналды табыстан асады; фирма маржиналды шығынға ұшырайды.
Одан әрі, монополияның өз бағасын тағайындау қабілеті өндірістің маржиналдық шығындары өсу мүмкіндігімен шектеледі. Егер ол орын алса, онда қалайда бір заматта өнімнің қосымша бірліктерін өндіру шығындары осы қосымша бірліктерін сатқаннан маржиналды табыстан асады.
Қорытындысында келесіні айту керек: өз бағаларына монополиялық билігі бар фирма бағаны максимал жоғары деңгейде емес, дұрыс деңгейде орнатуы тиіс. Дұрыс деңгей – ол MR = МС жағдайындағы деңгей..
7.7 кестеде монополист қай жолмен MR = МС ережесін пайдалануға болатыны көрсетілген.
7.7 кесте. Маржиналды табыс және маржиналды шығындарды оптималды баға мен оптималды өндіру көлемін табу үшін қолданылуы: монополия жағдайы
Көлемі (Q), теңге
|
Баға
(Р)
|
Жалпы табыс (ТP), теңге
|
Маржинал-ды табыс (МR), теңге
|
Орташа жалпы шығын-дар
(AC), теңге
|
Жалпы шығын- дар
(ТС), теңге
|
Маржи-налды шығын-дар (MС), теңге
|
Жалпы пайда
(π), теңге
|
0
|
900
|
0
|
|
|
500,00
|
|
-500,00
|
1
|
850
|
850
|
850
|
778,50
|
778,50
|
278,50
|
71,50
|
2
|
800
|
1600
|
750
|
514,00
|
1028,00
|
249,50
|
572,00
|
3
|
750
|
2250
|
650
|
423,15
|
1269,50
|
241,50
|
980,50
|
4
|
700
|
2800
|
550
|
381,00
|
1524,00
|
254,50
|
1276,00
|
5
|
650
|
3250
|
450
|
362,50
|
1812,50
|
288,50
|
1437,50
|
6
|
600
|
3600
|
350
|
359,35
|
2156,00
|
343,50
|
1444,00
|
7
|
550
|
3850
|
250
|
367,95
|
2575,50
|
419,50
|
1274,50
|
8
|
500
|
4000
|
150
|
386,50
|
3092,00
|
516,50
|
908,00
|
9
|
450
|
4050
|
50
|
314,05
|
3726,50
|
634,50
|
323,50
|
10
|
400
|
4000
|
- 50
|
450,00
|
4500,00
|
773,50
|
-500,00
|
11
|
350
|
3850
|
- 150
|
493,75
|
5433,50
|
933,50
|
-1583,50
|
12
|
300
|
3600
|
-250
|
546,50
|
6548,00
|
1114,50
|
-2948,00
|
Кестеде фирма қалада жалғыз-ақ өзі деп қараймыз. Баға маржиналды табысқа тең болып келмейді, өйткені ұсынылған бағамен келіспейді, өз бағасын орнатады.
Өндіріс көлемінің нөл деңгейінен бастап, өнімнің қосымша көлемін өндірген сайын пайда болған бағаны, өндіру көлемін, маржиналды табысты, маржиналды шығындарды және маржиналды пайданы қарастырайық.
Өнім көлемі ұлғайған сайын өнімнің әр бірлігімен байланысты маржиналды табыс маржиналды шығындарынан астам болып келеді, осылай 6 бірлігіне дейін созылады.
Осы деңгей шегінен өткен соң фирма шынында маржиналды шығындарды шегеді. Осы шектен шыққан сайын жалпы пайда оң болып қалады, бірақ енді максимал болмайды. Басқа сөзбен, За пределами этого уровня фирма на самом деле несет маржинальные убытки. По мере того как фирма выходит за эти пределы, общая прибыль все еще остается положительной, но она уже не является максимальной. Другими словами, в соответствии с правилом MR = МС ережеге сәйкес өз пайдасын максималдайтын фирма 6 өнім бірлігін өндіргісі келеді, ол үшін бағаны 600 теңге деп орнатуы керек.
Жетілген нарықта монополиялық фирма алатын қысқа мерзімді экономикалық пайдасына ұзақ мерзімді мезгілде қауіп төнеді, өйткені пайданы осы көлемде алғысы келетін басқа фирмалар нарыққа кіреді. Ал монополия туралы сөз болғанда, қарастырып отырған фирмамызға ұзақ уақыт бойы қауіп төнбейді.
Жоғары кестедегі мысал монополия қысқа және ұзақ мезгіл бойы өзінен өзі экономикалық пайда алып отырады деген әсер тудырмауы керек. Фирманың пайда алуы тауарларға деген сұранысқа тәуелді. Мысалы, бір компания балалар ойыншықтарын өндіруде монополист болды делік. Ойншықтарға үлкен сұраныс қанағатанғаннан кейін олар балаларды қызықтырмайды,сұраныс құлдырауы мүмкін. Нәтижесінде, фирма тек қалыпты пайда алады, мүмкін залалға да ұшырауы мүмкін.
Ал бағаны тағайындайтын фирма өзінің қысқа мерзімді пайдасын емес, өзінің табысын максимал жасағысы келеді дейік. Ол үшін 7.7 кестеге қайтадан көңіл аударайық: жалпы табысты максимумға жеткізу үшін қандай баға қоюды жай ғана бақылау арқасында табуға болады. Егер тауар бірлігіне бағасы 450 теңге деп тағайындасақ, фирма 4050 теңгеге тең максимал жалпы табыс алады. Табысты максимал өсіретін баға (450 теңге) фирманың жалпы пайдасын өсіретін бағадан (600 теңге) аз болып келеді (450 теңге < 600 теңге).
Менеджердің шешім қабылдауына жетілген бәсеке мен монополияның ықпалы. Қорытындысында, жетілген бәсеке мен монополияның менеджердің шешім қабылдауына тиетін ықпалы туралы бірнеше ой айтайық. Жоғарыда жасалған талдаудан кейін менеджерлер баға мен өндіру көлемі бойынша шешім қабылдауда қийыншылық көрмейді деген пікір тууы мүмкін. Жетілген бәсеке жағдайында менеджер үшін нарықтық баға сұраныс пен ұсыныс ара қатынасымен анықталады. Олардың үлесіне тиетіні – шығынның қазіргі құрылымында фирма кем дегенде қалыпты пайда түсіре ме деген сұрақтың шешімін табу болып келеді. Фирманы жетілген бәсеке және монополия жағдайларында осылай егжей-тегжейлі талдау Р = МС, немесе MR = МС ережелерін қарапайым пайдалану шеңберінен шығатын менеджерлер үшін үлкен сабақ болып келеді.
Жетілген бәсеке нарығын зерттеуде менеджердің алатын ең басты сабағы – ол қатаң бәсеке бар нарықта ақша табу өте-мөте қиын. Шын мәнінде, жетілген бәсеке жағдайында фирманың аман қалудың жалғыз-ақ жолы бар – шығындардың максимал тиімділігіне жету, өйткені ол мүлде бағаға еш ықпал жасай алмайды.
Жетілген бәсеке моделінен туатын екінші сабақ, егер фирма басқа компаниялардан бұрын нарыққа келуі оның жұмсаған шығындары ақталуы мүмкін. Бұл нарыққа үстеме пайданы алуға сұраныс онша жоғары болмаған кезде келу керек дегенді білдіреді. Осындай келешегі бар нарықты табу және оған енгенде тәуекелге бару қабілетінің болуы – тиімді менеджердің алдында тұрған басты міндеттер.
Үкімет тарапынан реттеуге түспеген монополиялық нарықта менеджерлерге ерекше оғаштық кездеседі. Бәсекешілермен сонша ойдағыдай күресу арқасында фирма монополистке айналып кетуі мүмкін немесе монополия билігіне ие болады. Осыған байланысты менеджерлер тағы бір маңызды сабақты ұғынуы керек: масайрап, тәкаппар болмау керек және экономикалық пайда алуына ешнәрсе фирманың қабілетін азайта алмайды деп ойламау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |