Басқару экономикасы


Жетілген бәсеке нарығында баға мен өндіру көлемі туралы шешімдер



бет72/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   112
7.2. Жетілген бәсеке нарығында баға мен өндіру көлемі туралы шешімдер

Фирма менеджерлері жетілген нарыққа кіру үшін алдын ала келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

1. Біз қанша өндіруіміз керек?

2. Егер өнімді осы көлемде өндірсек, қанша пайда аламыз?

3. Егер фирма пайда алмай, залалға ұшыраса, осы нарықта ұзақ уақыт бойы әрі

жұмыс істеу керек пе немесе одан шыққан дұрыс па?

Өндіру көлемі туралы сұрақ орынсыз болып көрінуі мүмкін, өйткені нарықтық бағаға әсер етпей-ақ қанша тауар сатамын десе, сонша сата алады. Бірақ өнімнің бірлігіне келетін шығын өзгеріп тұрады. Жетілген бәсеке жағдайында қысқа уақытта фирма өндіретін өнімнің қайда да бір көлем шегі болады, оны фирма өзі орнатуға тиіс.

Жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма сату бағасына ықпал жасай алмағандықтан, кейбір жағдайда баға өнімнің бірлігіне кететін шығынның (яғни өндірудің орта шығынның) орнын толық толтыра алмай қалуы мүмкін. Сөйтіп, фирма өндіруден бас тартса, одан келетін ысырап көлемін бағалауы қажет.

Ұзақ мерзімді келешекте залалға дұшар болып жатқан фирма нарықтан кетуге мәжбүр болады. Бірақ қысқа мерзімді келешекте жақсы заман туады деген үмітпен, нарықта қалу экономикалық тұрғыдан өзін ақтауы мүмкін. Олай болатыны себебі, қысқа мерзімді келешек тұрғысынан шарасыз шығындармен тап болудан қаша алмайсыз. Фирма бизнесте қаламын деп шешсе, фирма шеккен залалдарды тұрақты шығындармен салыстыруы керек. Фирма бизнесте қалуы мүмкін, егер еі кем дегенде қысқа уақыт мезгілінде залал тұрақты шығындардан аз болса.

Жетілген бәсеке нарығына қатысты шешуші тұспалдар. Фирма экономикалық талдау нәтижесінде баға мен өндіру көлемі туралы бірегей шешімді қабылдау үшін ол жалғыз ғана және анық мақсатты тұжырымдау керек. Бұл мақсат қысқа мерзімді келешекте пайданы максималдау болып келеді. Фирманың жалпы шығындар құрылымына балама шығындарын кіргізу шешім қабылдау моделі үшін төтенше маңызы бар. Фирма нарықтық баға оның мүмкіншіліктерді толық пайдаланбауына байланысты шығындарды жауып, табыс алуға көмектесуін тексеру керек. Осыны ұғынуға келесі сандық мысал көмектеседі.

Өзіне-өзі қызмет көрсету азық-түлік дүкенінің директоры Б. Оспанқызы осы дүкеннің иесі болып, оның жұмысын өзі ғана басқаруға бел байлайды. Ол үшін жұмыстан шығып, өзінің жинаған қорынан 7500 мың теңгені (осы заматта олар инвестицияланған және 10% табыс әкелетін) жұмсады.


7.2 кесте. Жуық жылдағы болжалды шығындар

Сатылған тауарлардың құны

Жалпы басқару шығындары

Жалпы бухгалтерлік шығындар

Дүкен директорының алынбаған еңбекақысы

Инвестициядан алынбаған табыс (100% табысы)

Жалпы балама шығындары (күңгірт шығындар, жүктеме шығындар)

Жалпы экономикалық шығындар (бухгалтерлік шығындар плюс балама шығындар)


45000 мың теңге

22500 мың теңге

67500 мың теңге

6750 мың теңге

750 мың теңге
7500 мың теңге
75000 мың теңге


Есептерді оңайлату үшін амортизация мен салықтар кіргізбейік.

Ал енді жаңа кәсіпкер бірінші жылы 75000 мың табыс түсіремін деп болжасын.

Бухгалтерия тұрғысынан оның пайдасы 7500 мың теңге болады (75000 мың - 67500 мың).

Бірақ экономикалық тұрғысынан оның пайдасы нөлге тең болады, өйткені табысы жалпы экономикалық пайдаға тең. Экономикалық тұрғыдан мұндай нәтиженің еш жамандығы жоқ: ол тек дүкен табысы тура (бухгалтерлік) шығындар мен балама шығындарын жабуға жеткілікті болғанын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпкердің жылдық табысы 75000 мың құрса, онда бухгалтерлік пайда оның бизнепен шұғылдануға кеткен балама шығындардың орнын толтырады. Экономика тілімен бұл кәсіпкердің қалыпты пайда алғанын білдіреді.

Егер кәсіпкердің табысы 82500 мың теңге болса, онда ол 7500 мың пайда түсіреді (82500 мың – 75000 мың). Бұл соманы «пайдадан артық», «таза» немесе экономикалық пайда деп атайды.

Егер табыс экономикалық шығындардан аз болса, ашықтан-ашық залал келгені көрінеді. Алайда, мұндай экономикалық залалдарды бухгалтерлік пайда алған фирмаларда байқауға болады. Мысалы, мысалға келтірген кәсіпкеріміздің табысы 72000 мың теңге болса, экономикалық залал 3000 мың теңге болады (72000 мың – 75000 мың), бірақ бухгалтерлік пайда 4500 мың теңгені құрайды (72000 мың - 67500 мың).

Осы алғышарттарды еске сақтап, енді шешім қабылдау үдерісін талқылауға кірісуге болады. Көз алдына келесіні келтірейік: фирма нақты нарықта өндіру көлемінің белгілі деңгейі туралы шешім қабылдауда. Ол 7.3 кестеде көрсетілген қысқа мерзімді мезгіл ішіндегі жалпы шығындардың келесідей құрылымымен танысады. Ал 7.4 кестесінде табыс мағыналары берілген.
7.3 кесте. Қысқа мерзімді мезгілдегі жалпы және орташа шығындары*

Көлемі (Q)


Жалпы тұрақты шығын-дар


Жалпы айныма-лы шығын-дар

(TVC),$


Жалпы шығын-дар

(ТС), $



Орташа тұрақты шығын- дар (АFС),$


Орташа айныма-лы шығын-дар

(AVС), %



Орташа жалпы айныма-лы шығын-дар

(АС),$



Маржи-налды шығын-дар (МС),$


0

100

0,00

100













1

100

55,70

155,70

100,00

55,70

155,70

55,70

2

100

105,60

205,60

50,00

52,80

102,80

49,90

3

100

153,90

253,90

33.33

51,30

84,63

48,30

4

100

204,80

304,80

25,00

51,20

76,20

50,90

5

100

262,50

362.50

20,00

52,50

72,50

57,70

6

100

331,20

431,20

16,67

55,20

71,87

68,70

7

100

415,10

515,10

14,29

59,30

73,59

63,90

8

100

518,40

618,40

12,50

64,80

77,30

103,30

9

100

645,30

745,30

11,11

71,70

82,81

126,90

10

100

800,00

900,0

10,00

80,00

90,00

154,70

11

100

986,70

1086,70

9,09

89,70

98,79

186,70

12

100

1209,60

1309,60

8,33

100,80

109,13

222,90



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет