«басқару психологиясы»



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

Біріншіден, 
басқару 
психологиясы тұлғаның барлық мінезі, қыры мен сапасын яғни, басқарушылық іс-әрекетін 
табысты іске асыруға көмектеседі. 
Екіншіден, 
басқару процесі кезінде тұлғаны қарастырады. 
Кез келген коллектив – ол, ең әуелі, өз мақсаттарын қуушы, өз міндеттерін шешуші
өздерінің формальды және формальды емес статустарын сақсап қалушы немесе өзгертуші 
адамдар. Еңбек ұжымдары бір бірімен, өкінішке орай, өте қиын қатынастар жүйесімен 
байланысты. Барлық кез келген ағза сияқты ұжым, дамуында жақсы әрі жаман пероидтарды 
кешіреді. Кез келген сәтте ішкі не сыртқы кешендердің себептері мен жағдайларының әсерінен 
дағдарыс болуы мүмкін. Жетекші деңгейі мен кезеңдері оның өз ұжымын қалай басқара 
алатындығында ғана емес, сонымен қатар, дағдарыс жағдайында, қиын сәттерде ол қандай іс- 
әрекет жасайтындығында. Жетекші кез келген, тіпті басқара алмаймын-ау деген жағдайларды 
басқара алу керек. Ал ол үшін, конфликт пен дағдарыс жағдайында нақты жетекшілік дағдылар 
мен білімдер керек. 
Басқару психологиясы ғылым ретінде әртүрлі психологиялық әдістерге сүйенеді, олардың 
негізгілері бақылау мен эксперимент болып табылады. 
Бақылау өз сипаты мен мәніне байланысты- шынайылылықты бейнелейтін қиын обьективті 
психологиялық процесс. Бақылауға ақпараттар жиынтығы ретінде әртүрлі жағдайлар қатысады. 
Біріншіден
, жоспарланған зерттеуді нақтылау бағытында алдыңғы материалды алу. Зерттелініп 
отырған құбылысты нақтырақ кеңейту, іс-әрекет етуші тұлғаны анықтауда, маңызды 
жағдайлардың көрінуінде себеп болғанда , бақылаудың мақсаты іске асады. 
Екіншіден, 
басқа бөтен психологиялық ақпараттар жетіспегенде, бақылау шартардың 
өзіндік әдісі ретінде қолданылады. 
Бақылау кезінде көрінетін, мынадай маңызды элементтердің тізімдері кездеседі: 
а) бақыланушылар- жағдайға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік- 
демографиялық құрылымы, ондағы қарым-қатынастың сиапты, жағдайға қатысушылардың 
арасыдағы бөлінген ролдері; 
б) жағдай (обстановка)- іс-әрекетке заттық ортаның әсер ету ерекшелігі мен бақыланушы 
жағдайының орналасу орны; 
в) топтың іс-әрекет мақсаты- кездейсоқ немесе заңды бақыланушы жағдай, топтың 
жинақталуының себебі ретіндегі формальды немесе формальды емес мақсаттардың жиынтығы, 
әртүрлі жағдайдағы қатысушылардың ұқсастықтары мен теріс жақтары. 
г) әлеуметтік мінез-құлық- бақыланып отырған топтың іс-әрекет сипаты, іс-әрекет стимулы, 
іс-әрекет кімге (неге) бағытталған, топтың психологиялық атмосферасы,әлеуметтік мінез-
құлықтың осы орынға тән типі, бақыланып отырған топтың мүмкін деген ауытқушы мінез-
құлықтары; 
д) жиілік пен ұзақтығы-бақыланып отырған жағдайдың уақыты мен, қайталанушылығы мен 
ұзақтығы, оның кереметтілігі мен типтілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет