«басқару психологиясы»


Жапониядағы мененджмент жүйесінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет8/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

Жапониядағы мененджмент жүйесінің қалыптасуы. 
Жапондықтардың психологиясы 
олардың мәдениетімен байланысты. Жапония менеджменті әлеуметтік құндылықтар мен мәдени 
дәстүрлерге негізделген. Жапон менеджерлері өндірісті басқарудың өз құрылымын америка және 
де басқа әлем менеджментінен алған теория мен практикасы жүзінде жасап шығарды. Қазіргі 
әлемде ең жақсы менеджерлер жапондықтар болып есептеледі. Жапон мәдениеті міндет, 
қызметтестік және топшылдық құндылықтарын басты деп санайды. Жапон тілінде ағылшын 
баламасы жоқ «эмэ» сөзі көбінесе адамдардың өзі қарайтын тобынан тәуелді екенін түсіндіреді. 
Әрбір жапондық өзін сыйлап құрметтегенді, жақсы көргенді қалайды. 
Америка ғалымы И. Олстол жапон компанияларын зерттеп менеджменттің бес басты 
ұстанымын бөліп көрсетті: 
Бірінші ұстаным жапон жұмысшылары өз міндеттерін орындаумен қатар оны жетілдіруге 
тиіс деп есептейді. Әрбәр жапон заводында ашылған тың жаңалық жұмысшы ұсынған ұсыныс 
негізінде жасалып,оны талқылауда инженерден жұмысшы белгілі бір міндеттерге қатысты білімді 
деген қағидаға сүйенеді. Сондықтан жапон менеджерлері өз бағынушыларынан кеңес сұрауға 
арланбайды. 
Басшылар осыған орай үш ұстанымды қалыптастырды: 
1.
Сапа үйірмесі. Бұл үйірмеде жұмысшылар өзінің шығармашылық ойларын ұсынуға 
көмектеседі, ол үйірмелер сегіз адамнан және басшыдан құралады. Олар айына бір рет бас қосып 
еңбек өнімін арттыруда үлестерін қосады. Көптеген жапон заводтарында жұмысшылардың 90% 
осындай үйірмелерге қатысады. 
2.
Жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін тәжірибе өткізу. Әрбір жас жұмысшы 
біліктілігін арттыру үшін кешкі мектептерге барып, тәлімгерлерден сабақ алуы тиіс. Жапонияда 
аса білікті мамандармен тәжірибе бөлісу үшін мина – рай әдісі қолданылады. Оларда білікті 
мамандар жетістік сырларын жасырмай басқалармен бөлісуге дағдыланған. 
3.
Жұмысшылардың қызмет орнын ауыстыруы. Кез – келген жұмысшы еңбек демалысына 
шыққанша заводтағы барлық қызметтерді атқарып шығады. Осының нәтижесінде ол біліктілігін 
арттырып, қызметінде жоғарылап, соған сәйкес жалақы алады. 
Екінші ұстаным 
бойынша жұмысшы жұмысын жақсы атқаруға талпынуы. Ол жұмысын 
атқара отырып оны дамытуға үлес қосып материалды және рухани рахаттанады. Жапон 
менеджерлары жұмысшы еркін шектемеді. Осы ұстанымды дамытуда жапон менеджерлері екі 
әкімшілік жолын қарастырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет