қолданады. «Ағымдағы Мен» түсінігінде ағымдағы уакыт аралығында өзін – өзі сезінудің нақты
пішіндерін, яғни өзін – өзі сезінудің әрекеттер процесстерін көрсетеді. «Тұлғалы Мен» - бұл өзіне
деген қатынастың тұрақты құрылымды сызбасы, «ағымдағы Мен» ұғымының ядросы. Өзін – өзі
сезінудің әр актысында өзін – өзі танудың және өзіне деген қатынастың элементтері байқалады.
Дамыған тұлға өзінің өмір сүруінің мағынасын анықтауды қажет етеді. М. К. Мамрдашвили
өзін – өзі сезіну адамның тұлғасы оның алған білімінің нәтижесін ғана емес, тұрмыс әрекеті мен
іске асқан ойларының нәтижесін көрсетеді деп тұжырымдайды.
В. В. Столинның берген анықтамасында адамның «Мен» ұғымы өзінің жеке сапасы менен
қасиеттері, субъект мақсаттары мен армандарының өзінің тереңіне бойлауы мен субъект
әрекеттерінің бірігуінің, субъектттің қажеттіліктерінің басқа қажеттіліктен туындаған
мақсаттарымен қақтығысуы салдарынан адам бойында ерік – жігер, такаппарлық сияқты адами
қасиетттердің қалыптасуымен суреттеледі.
Бұл қатынастар позитивті ( «Мен» - өз – өзін жасаушы шарт), негативті («Мен» - өзін – өзі
жасауға қарсы шарт) және шиеленісті («Мен» - бір мезгілде өзін – өзі жасауға қарсы да, қолдаушы
да шарт) болып келеді.
Т. Галкина өз – өзіне қатынастың өзін ұстаудың басты себебі болып табылады деп есептейді.
Адамның әлеуметтік белсенділігі оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің әр түрлі ортада
әсер етеді деп көрсетеді. Мысал ретінде өз бағасын төмен санаушы адамды алуға болады. Ол
өзіне деген қатынастардан кемшілікті, жетіспеушілікті көріп өте әлсіз әрі көңілшек болып келеді.
Олар алдына мақсат қоя тұра да сәттілікке үміт артпайды.
А. А. Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа адамдарға қатынас
жасаудың негізінде көрінеді.
Бұл жерде негізгі мінез қатарына белсенділік ( өз қызметтеріміздің аумағын үлкейтуге
тырысу), бағыттылық (себепердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, сендірудің) және
әлеуметтік топтардың ортақ әрекеттеріне қатысу сияқты белгілер кіреді.
Белсенділік тұлғаның маңызды қасиеттерінің біріне жатады және ол қажеттіліктерден
туындаған мақсатқа жетіге бағытталып, оларды қанағаттандыруға жұмсалады.
Адам өз қалауымен өмір сүрмейді, ол қоғамда әр түрлі топтар ықпалымен түзіліп,
әрекеттеріне қарай қабілеттілігі мен ерік – жігер бағыты айқындалады.
Топтың мүшелерінің әр түрлі қатынастары қызметтік, жеке қатынастармен көрсетіледі.
Тұлға қатынастар жүйесінде белгілі бір орында болады, оның атағы, даңқы басқаарына әр түрлі
деңгейде әсер етіп қиындыққа әкеледі. Қиындық адамның барлық әрекеттерінің анық еместігінде,
яғни пайымдаудың шегіне жатпайтын психикалық процесстерді жалпы түрде аңғарымпаздық
арқылы анықтауымен түсіндіріледі. Анық ес аумағына ағзаның ішкі және сыртқы ортасынан
келген белгілер де әсер етеді. Келген белгілер адамның өзін ұстауың есті жолдарымен
қолданылады, ал кейбір белгілер соқыр сезім деңгейінде басқарылады. Адамның ішкі дүниесін
көрсететін көптеген әрекеттер, қатынастар, әсерленушіліктер онымен есті түрде басқарылмайды,
осыдан туындайтын мінез – құлқы өзіне де өзгелерге де түсініксіз болып қала береді. Ессіз
регуляция есті басқарушылық кездегідей белгілі бір мақсатқа жеткен соң шиеленісті күйі басылса
ғана мағыналы деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: