қызығушылықтар, бейімділіктер, мақсаттар, идеалдар. Екінші топқа интеллектуалды, еріктік,
эмоционалды мінез ерекшеліктері жатады.Мінез құрылымын анықтау-мінездегі негізгі және қиын
қарым-қатынаста шартталған спецификалық ерекшеліктерді орнату. Мазмұны жағынан мінез
адамның қоршаған ортаға, әрекетке, басқа адамдарға ,өз-өзіне деген қатынастағы жүйе ретінде
қарастырылады.
Қоршаған ортаға қатынасы тұлғаның бағыттплуында көрінеді. Ол оның әрекетінде,
көзқарасында,қажеттіліктерінде байқалады. Жалпы адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы
жайлы идеялы және идеясыз айтуға болады.
Идеялы мінез белгілі бір нақты көзқарасы бар адамдарды жатқызуға болады. Керісінше,
идеясыз мінезді адамдарға нақты көзқарасы жоқ ,өзгелердің айтуымен жүретін адамдарды
жатқызамыз. Идеялы мінезді ерекшеліктеріне оның мақсат бағытталуын айтуға болады.
Еңбекке қатысты әрекетті және әрекетсіз мінез деп бөледі. Әрекетті мінезді адамға еңбегін
ұйымдасқан ететіндей мақсат бағыттылығы бар адамдарды айтады.Әрекетті, алайда ұйымдаспаған
адамдар сырттан әбігер көрінеді, мақсаты жоқ болуымен ерекшеленеді.Әрекетсіз мінезді адамдар
пассивті. Адамдарға қарым қатынасы жанындағылармен қарым-қатынас жасау негізінде көрінеді.
Өмірде жеңіл қарым-қатынасқа түсетін адамдар кездеседі.Олар оңай танысып, тілдесе
алады. Мұндай адамдарды ұшқалақ мінезділер дейді.Мұндай адамдарды үнемі қадағалап бақылап
отыру қажет. Адамдардың (общительность) әңгімелесуі таңдамалы,қызығушылықтарына
байланысты негізделеді.
Адамның мінез құрылымында маңызды орынды өз-өзіне деген қарым-қатынасы алады. Әр
адамның белгілі бір дәрежеде өзіне өзіне деген қатынасымен ерекшеленеді.Өзін асыра бағалау,
өзіндік қызығушылықтарын жоғары ұстау эгоистті мінезді адамдарға жатады. Эгоист адамдар
сенімсіз адамдар тобы , себебі коллектив қызығушылықтарынан гөрі өзінің қызығушылықтарын
бірінші орынға қояды.Мұндай адамдарға сенуге болмайды. Альтруист мінезді ерекшелігі бар
адамдар ең алдымен коллектив қызығушылықтарын бірінші кезекке қояды. Алтруизм- жасанды
коллектив мұнысыз өмір сүре алмайтын басты мінез ерекшелігі.
Мінез ерекшілктерінің ішінде жалпы және локальды түрін ажырату қажет.Жалпы түріне
бес ерекшелікті бөлуге болады.(А.Г.Шмелев, М.В.Бодунов,У.Норман және т.б)
1)
Өзіне деген сенімділік- сенімділік
2)
Татулық ,достық- дұшпандық
3)
Саналылық- импульсивтілік
4)
Эмоционалды тұрақтылық- қобалжулық
5)
Интеллектуалды икемділік-ебдейсіздік. Мұндай қасиеттер, экстра-интроверсия сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: