«басқару психологиясы»


Эмоция және оның балалық шақта дамуы



Pdf көрінісі
бет26/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

Эмоция және оның балалық шақта дамуы
. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы 
ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып 
қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. 
Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында арнайы мәселе 
ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемді туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып 
эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық 
туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы 
психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда 
бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік 
интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен 
натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, 
арпа ішіндегі бидай дәніндей болып көрінеді. 
Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. 
Ол өзінің «Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда болуы» деген еңбегінде бұрынғы 
биология ғылымынын дәстүрлерін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы 
хайуанаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффекттік серпілістерімен тығыз байланысты түрде 
дамып жетіле түсті дейді. Оның жақында орыс тіліне аударылған мақаласында адам бойындағы 
жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, 
адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімінің пайда болуы, адамның 
өзі сияқты, жануарлар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазады. Мәселенің шындығына 
үңілетін болсақ, Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы 
ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды. 
Бір тарихшы ғалымның айтуына қарағанда орта ғасырлық діни көзқарастарынан арыла 
қоймаған ағылшынның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған 
көзқарасын бетіне перде етіп тұтып, оған жанашырлық кейіп біріп былай депті: Дарвин адам 


тіршілігіне тән адам максат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күйі мен 
әмоциясының пайда болуын дәлелдеп берді. 
Сонымен осы айтылған жайттар психологиялық ойдың екі түрлі бағытта дамуына түрткі 
болды. Оның бірі Дарвин идеяларын дамытуға үлес қоскан психологтар (біршама үлес қосқан 
Г.Спенсер) мен оның шәкірттері, француз позитивистері Г.Рибо жәнс оның мектебі, немістің 
биологиялық бағыттағы психологтары адамның сезімі мен аффектік және хайуанаттрдың соқыр 
сезімге негізделген идеяларын әрі дарай дамыта түсті. Осы бағыттағы зерттеушілердін эмоция 
жайындары теория (бұл теорияны тиісті әдебиеттерде рудиментарлық деп атайды) барлық дерлік 
оқулықтарға, соның ішінде орыс тілінде жазылған құралдарымызға да енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет