Сыртқысаясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастардеп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі ,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.