Бақылау сұрақтары Формалар қандай мақсатта қолданылады?
Формалардың қүрылымдары қандай?
Қандай режимдерде формалар жасауға болады?
Автоформалар қалай жасалады?
Мастер режимінде формаларды қалай жасауға болады?
Формада есептелетін өріс қалай жасалады?
Форма тақырыбы қалай көркемделеді?
Форма тақырыбына суретті қалай қоюға болады?
№6 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Кестелер режиміндегі форманы беру және олармен жұмыс
Мақсаты: Кестелер режиміндегі форманы беруді үйрету, сорттауға, қажетті критерийлер бойынша іздеуді ұйымдастыруға, фильтрді жасап және қолдануға үйрену.
Тапсырмалар Кестелер режиміндегі Чемпионат кестесі бойынша форма жасаңыз. Форма режиміне көшіңіз және бұрынғы жерлерде өрістер қалған жоқ па қараңыз.
Кестедегі жазбаларда елдер альфавит бойынша орналасатындай етіп, сорттаңыз. Форма режиміне көшіп, жазбалардың орналасуы сақтала ма жоқ па, тексеріңіз.
Тек қана оның фамилиясын біле отырып, адресаттарды табыңыз.
Егер сіздің телефон анықтауышында звондаған адамның нөмірі қалса, кім звондаған екенін анықтаңыз.
Тек қана оның телефон нөмірінің алғашқы үш цифрін біле отырып, адресатты табыңыз.
Формаға фильтрді қолданып, оны жабыңыз. Қайтадан сол форманы ашыңыз. Сүзгіден өткен тізім сақталды ма немесе барлық бар жазбалар көрсетілді ме, немесе фильтрдің өзі сақталды ма, соны тексеріңіз (бұрынғы жасалған фильтрді қолдануға бола ма).
Фильтрді қолданып, телефон нөмірі үш бірдей цифрдан басталатын нөмірлі барлық адресаттар тізімін алыңыз, мысалы 823.
Мысалы «ый»-ға аяқталатын барлық ер адамдар фамилияларының адресаттар тізімін жасаңыз.
«Я»-ға аяқталатын барлық аттар адресаттарының тізімін жасаңыз.
Тізімде 823-87-45 және 856-87-23 телефон нөмірлері ғана болатындай фильтр жасаңыз.