Тақырыбы: QUERY мәліметтер жиыны.
Мақсаты: SQL-сұранысының көмегімен мәліметтер базасының кестесін құру.
Query компоненті SQL-сұранысының орындалуы нәтижесінде жазбалары құрылатын мәліметтер жиынын білдіреді. Сұраныс мәтіні, оның негізінде мәліметтер жиынына жазбалар іріктеледі, SQL қасиеттерінде орналасады. Сұраныс SQL тіліндегі командалардан тұрады және мәліметтер жиыны ашылған кезде орындалады. Сұраныс бұл сұрақты қанағаттандыратын жазба немесе көптеген жазбаларды қайтаратын мәліметтер базасына қойылатын сұрақ.
Қадам1. Жаңа каталог құрыңыз және оған Demo-Query атты псевдоним көрсетіңіз. Delphi7 бағдарламасын жүктеп, форма бетіне суретте көрсетілгендей етіп DBGrid1, Button1, Button2, Button3, Button4, DataSource1, Query1 компоненттерін орналастырыңыз.
Сур.10. Сұраныс көмегімен кесте құру терезесі
Қадам2. Пәндер кестесін құру батырмасының OnClick оқиғасының өңдеуішін құрып, оған төмендегі келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin
Query1.DatabaseName:='Demo-Query';
with Query1 do
begin
SQL.Clear;
SQL.Add('Create Table Predmet ('); SQL.Add('Cod char (10) ,'); SQL.Add('Nazvanie char (15) ,'); SQL.Add('Prepodavatel char (15));');
try
ExecSQL;
except
on E:EDBEngineError do
begin
ShowMessage('МБ кестесін құру кезіндегі қате'+#13+E.Меssage);
end;
end;
end;
Query 1. Active :=false; Query1.SQL.Clear;
Query 1. S QL .Add('select*from predmet .db');
Query1.ExecSQL;
Query1.Active:=true;
end;
Осылайша біз Пәндер кестесін құрдық.
ҚадамЗ. Осындай жолмен көрші екі батырмаға Студенттер және Бағалар деген екі кесте құрыңыз.
«Пәндер» кестесі
Пәннің коды
|
Пәннің аты
|
Оқытушы
|
|
|
|
|
|
|
«Студенттер» кестесі
Сынақ кітапшасының №
|
Фамилия
|
Аты
|
|
|
|
|
|
|
«Бағалар» кестесі
Қадам4. Қайтадан жаңа форма құрып, оны негізгі қылыңыз және оған Button компоненттерін орналастырыңыз.
SQL-сұранысының көмегімен кесте құру батырмасының OnClick оқиғасының өңдеуішіне келесі кодты жазыңыз:
form1.show; form2.Hide;
Батырмаларға сәйкес форма құрып, оларға да осындай код жазыңыз.
Тақырыпқа байланысты бақылау сұрақтары:
Query компоненті қандай қызмет атқарады?
Сұраныс дегеніміз не?
SQL-сұранысы нені анқтайды?
ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Достарыңызбен бөлісу: |