Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы Бағдарлама мәтіні.
Тестілеу нәтижесі
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий Кестелер режиміндегі форманы беру Автосалон кестесі бойынша алдыңғы сабақта жасалған форманы кестелер түрінде беріңіз және жаңа мәліметтер жазыңыз. Ол үшін :
Түр (Вид) менюінен Кесте (Таблицы) командасын орындаймыз, немесе саймандар панеліндегі сәйкес батырманы таңдаймыз.
Кестені ашып, жаңа мәліметтер енгіземіз.
Сұрыптау Автомобильдердің зауыттық бағамының кему реті бойынша алдыңғы кесте мәліметтерін сүрыптаңыз.
Кестедегі жазбаларды сүрыптауға болады. Ол үшін:
Сүрыптау жүргізілетін бағанды ерекшелеңіз(форма режимінде форманы ерекшелеңіз).
Жазбалар (Записи) менюіндегі Тез сүрыптау(Быстрая сортировка) және Өсуі бойынша (По возрастанию) немесе ішкі менюдегі Кемуі бойынша (По убыванию) таңдаңыз.
Саймандар панеліндегі " Өсуі бойынша "( По возрастанию) немесе "Кемуі бойынша " (По убыванию) батырмаларының біреуін басу керек.
5-сурет. Сұрыптау және топтастыру.
Іздеуді ұйымдастыру
Координаттар кестесі бойынша Координаттар кестесінің өрістерінен түратын Мекен-жайлар формасын жасаңыз. Бүл форманы кесте түрінде беріңіз және Василисаның телефоны мен мекен-жайын табыңыз.
Аты өрісіне курсорды орналастырамыз;
Түзету(Правка) менюіндегі Табу(Найти) командасын орындаймыз немесе Саймандар панеліндегі батырманы қолданамыз. Егер ашылған <Аты өрісіндегі іздеу > (Поиск в поле Имя) сұхбат терезесі форманы жауып тұрса, онда оны міндетті түрде «ысырыңыз».
Іздеу үлгісі ретінде Василиса- атын енгізіңіз. Сіздің жазбаңызда қайталанатын ат таңдаңыз. Алғашқы қадам(Первое вхождение) батырмасын басыңыз. Сіздің формаңызда, Іздеу(Поиск) терезесінің астында орналасқан, бірінші кезекте сәйкес аты бар жазба орналасады. Қараңыз, сол адрес пе жоқ па, әйтпесе программа сондай атпен тағы бір адресті табады (егер ондай болса). Осылайша, таңдалған атпен барлық адресатты қарап шығуға болады және керектісін табуға болады.
Егер сіз өз адресіңізді тапсаңыз, Іздеу(Поиск) сұхбат терезесін жабуға болады. Іздеу тек қана Аты өрісі (алдын-ала курсор орналастырылған өріс) мәліметтері арасында ғана жүзеге асырылады. Бұл - Іздеу облысы ауыстырғышы ағымдағы өріс жағдайында орналасқанда ғана іске асады. Егер ауыстырғышты Барлық өрістер жағдайына қойса, онда үлгімен сәйкес келу барлық бар өрістер бойынша тексерілетін болады.
Бұдан басқа, сіздің үлгімен сәйкес келетін әртүрлі варианттарды таңдауға мүмкіндігіңіз бар.
Сәйкес келу ашылған тізімінде үш мүмкіндіктің біреуін таңдауға болады:
Өрістің кез келген бөлігімен - үлгінің сәйкес келуін өріс құрамының кез келген бөлігінен іздеуге болады. Мысалы, "Ира" үлгісі үшін "Кира" және "Ираида" табылған.
Өріс бүтіндей - оның құрамы үлгімен толық сәйкес келеді.
Өріс басынан бастап - үлгімен сәйкес келу өріс құрамының басынан бастап ізделеді. Мысалы, "Ира" - үлгісі үшін "Ираида" табылады, бірақ "Кира" емес.
Сондай-ақ іздеу бағытын анықтайтын да мүмкіншілік бар:
Жоғары қарай - ағымдағы жазбадан бірінші жазбаға қарай;
Төмен қарай - ағымдағы жазбадан соңғы жазбаға қарай.