Басылым: алтыншы


Гейзенбергтің анықталмағыштық принципі



бет7/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Гейзенбергтің анықталмағыштық принципі.

Классикалық механикада кез келген бөлшек белгілі бір траекториямен қозғалатын болса, онда кез келген уақыт мезетінде оның координатасы мен импульсін анықтауға болады. Классикалық бөлшектен айырмашылығы микробөлшектердің толқындық қасиеттері бар екенінде. Негізгі айырмашылығы микробөлшектердің траекториясы хаостық, ал оның координатасы мен импульсінің дәл мәнін анықтау мүмкін емес.

Бұл корпускулалық-толқындық дуализмнен шығады. Мысалы, бір нүктедегі толқын ұзындығы деп айтуға болмайды, оның физикалық мағынасы жоқ, ал импульс толқын ұзындығына тәуелді шама, осыдан, микробөлшектің импульсі белгілі болса, координатасы белгісіз және керісінше, микробөлшектерінің координатасының дәл мәні белгілі болса, онда оның импульсі белгісіз болады.

Мысалы, электрон үшін x координата мен импульс компонентінің px дәл мәнін анықтау мүмкін емес. ∆x пен ∆px анықталмағандықтары төмендегі қатынасты қанағаттандырады


xpx h/2π
Бұл анықталмағыштық қатынасын бірінші рет 1927 ж. В.Гейзенберг орнатты.

Бұл қатынастардың физикалық мағынасы төмендегідей: микроәлем объектісі координаталары мен импульс проекцияларының дәл мәні анықталатын күйде бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет