Әлсіз электролиттердің диссоциациясы. Жоғарыда берілген мәліметтердің негізінде әлсіз электролиттердің диссоциациясы қайтымды және де электролиттік диссоциациялану константасымен сипатталатын процесс екендігі анықталды.
Мысалы, әлсіз сірке қышқылының электролиттік диссоциациясының теңдеуінен
3-+
диссоциация константасы табылады:
Көп негізді электролиттің диссоциациясы сатылы түрде жүреді және әрбір сатысы сәйкес диссоциациялану константасымен сипатталады. Мысалы,
H2SO3 затының диссоциациясының бірінші сатысы:
2+3-
екінші сатысы-3+3-2
= 6,2 ·10-8
Алдыңғы сатының константасы кейінгі сатыныкінен жоғары болады. Келтірілген мысалда К1> К2.
Диссоциациялану константалары электролиттердің күшін сипаттайды. Константаның мәні неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым электролиттің диссоциациясы толығырақ жүреді. Төменде келтірілген 3 кестеде электролиттер К және рК мәндерін салыстыру негізінде электролиттік күшінің жоғарлау ретімен орналасқан.
Кейбір әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің диссоциациялану константалары (25оС)
Атауы
|
Формуласы
|
К
|
pK= -lgK
|
Бор қышқылы
|
|
|
9,24
|
Күкіртті сутек
|
|
|
7,22
|
Көмір қышқылы
|
|
|
6,35
|
Сірке қышқылы
|
|
|
4,75
|
Аммоний гироксиді
|
OH
|
|
4,75
|
Құмырсқа қышқылы
|
HCOOH
|
|
3,74
|
Азотты қышқыл
|
|
|
3,40
|
Күкіртті қышқыл
|
|
|
1,80
|
Кальций гидроксиді
|
Ca(OH
|
|
1,40
|
Электролиттің электролиттік диссоциациялану константасының мәні еріткіштің табиғатына тәуелді: еріткіштің полярлығы төмен болсаконстантаның мәні де кіші болады.
Электролиттік диссоциациялану константасының мәнін біле отырып, қышқылдар мен негіздердің Н+ және ОН-иондарының концентрацияларын,
электролиттік диссоциациялану, гидролиздену дәрежелерін және тепе-теңдіктегі жүйенің күйін сипаттауға мүмкіндік беретін басқада параметрлерді есептеуге болады.
Электролиттің тепе-теңдіктегі күйініңекінші сандық сипаттамасы -
электролиттік диссоциациялану дәрежесі α – ерітіндідегі заттың иондарға ыдыраған мөлшерін көрсететін шама :
Электролиттік диссоциациялану дәрежесінің мәні күшті электролиттердің ерітінділерінде бірге тең, ал әлсіз электролиттерде бірден төмен болатын өлшем бірлігі жоқ шама. Егер α өрнегін 100 көбейтсе, онда электролиттік диссоциациялану дәрежесінің пайыздық мәнін алуға болады.
Электролиттік диссоциациялану константасы да, дәрежесіде бір процесті сипаттайтын болғандықтан олардың арасында тәуелділік бар.
Айталық, НА электролиті үшін диссоциация теңдеуінен
+-
тепе-теңдік константасы келесі түрде анықталады:
Жоғарыда айтылған тәуелділікті анықтау үшін тепе-теңдіктегі иондар концентрациясы диссоциациялану дәрежесі және молекулалардың жалпы концентрациясы с арқылы өрнектеледі:
+-·
Электролиттің диссоциацияланбаған бөлігінің концентрациясы:
+-
Диссоциациялану константасын осы шамалар арқылы өрнектегенде :
Алынған теңдеу Оствальдтың сұйылту заңын өрнектейді. Өте сұйылтылмаған әлсіз электролиттердің ерітінділері үшін диссоциациялану дәрежесі бірден өте кіші болғандықтан, 1-α ≈1 деп қабылдауға болады. Онда соңғы теңдеу келесі қарапайым түрге айналады:
2бұдан
Бұл қатынастан ерітіндіні сұйылтқанда диссоциациялану дәрежесінің артатындығын көруге болады. Сондықтан есептеулерде электролиттің диссоциациялану дәрежесі мен қатар ерітіндінің концентрациясын да көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |