Басылым: алтыншы



бет32/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
М = N ∙ fэквекенін білеміз.

Олай болса: немесе
Титрі белгілі болған жағдайда MнеN- концентрацияларды да осы теңдеуден табуға болады.



Кей жағдайда жұмысшы ерітіндінің анықтайтын зат арқылы титрі – Т ж/А беріледі, бұл анықтайтын заттың 1 мл жұмысшы ерітіндімен (титрантпен) әрекеттесетін грамм мөлшері.

Мыс: Т H2SО4/СаО =0,004678 г /мл

T(A/Х)=немесе T(A/Х)=




ДӘРІС № 9 тақырыбы:

Судың иондық көбейтіндісі. Сутек және гидроксил иондарының концентрацияларының көрсеткіштері және оларды есептеу. Буферлі ерітінді. Буферлі ерітіндінің рН-ын есептеу.

С.Аррениустің электролиттік диссоциациялану теориясы бойынша электролиттер деп еріткіштің әсерінен иондарға ыдырап, электрөткізгіштік қасиетке ие болатын заттарды айтады. Диссоциация нәтижесінде түзілетін иондар ерітіндідегі басқа иондар мен молекулаларға тәуелсіз, әсерлесетін бөлшектер ретінде химиялық және электрохимиялық процестерге қатысады. Электролиттік дисоциацияның сипаты негізінен электролиттердегі химиялық байланыстардың полюстілігімен анықталады. Байланыс полюстілігі артқан сайын электролиттер тұрақты жағдайда жеңіл диссоциацияға ұшырайды. Мысалы, ROH типті қосылыстарда сутектің оттекпен байланысының полюстілігі сутек атомының немесе радикалдың R табиғатына байланысты өзгереді, дәлірек айтқанда, R-O и О-H байланыстарының полюстілігіне тәуелді. Айталық, сутек ионына қарағанда тотықсыздандыру қабілеті жоғарырақ болып келетін натрийдің оттек атомымен байланысы күшті полярлы, ал О-Н байланысының полярлығы аз. Сондықтан натрий гидроксидінің диссоциациясы ОН- иондарын бөле жүреді. Сулы ерітінділерде ОН-иондарының түзілуімен диссоциацияланатын қосылыстарды Аррениус теориясы бойынша негіздер деп атайды.

Азот қышқылында HONO2 сутек ионының– NO2 радикалына қарағанда металдық қасиеті басым болғандықтан О-Н байланысы күшті полярлы болып, диссоциация Н+ протондарын бөлу жолымен жүреді. Осындай қосылыстар электролиттік диссоциациялану теориясының бойынша қышқылдар деп аталады.

Егер R радикалының химиялық қасиеті сутекке жақын болса, диссоциация нәтижесінде Н+, ОН- иондарыда бөлініп шығуы мүмкін, мысалы, алюминий гидроксиді Al(OH)3. Мұндай қосылыстарды амфотерлі немесе амфолиттер деп атайды. Электролиттерді күшті, орташа, әлсіз деп жіктейді.


Электролиттердің жіктелуі.



Күшті электролиттер

Әлсіз электролиттер

1

Бейорганикалық қышқылдар: HNO3, HCl, HI, HClO4, H2SO4, HBr, HClO3, органикалық сульфаттар RSO3H

Бейорганикалық қышқылдар: H2CO3, HCN, H2SO3, H3BO3, H2S, H3PO4, H2SiO3, HNO2

2

Сілтілік және сілтілік жер металдарының гидроксидтері: KOH, NaOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2

Органикалық қышқылдар(көпшілігі): HCOOH, CH3COOH, CH3CH2COOH, CH3(CH2)2COOH, HOOCCH(OH), CH(OH)COOH және т.б.

3

Бейорганикалық қышқылдардың тұздары: KCl, KNO3, NaCl, NaNO3, K2SO4, NaSO4, CaCl2, BaCl2, Ba(NO3)2

Аммоний гидроксиді NH4OH және көпшілік органикалық негіздер: C6H5NH2, NH4OH, (C6H5)2NH, CO(NH)2, C10H7NH2, CS(NH2)2және т.б.

4




Тұздар: Cd(CN)2, Zn(CN)2, Hg(SCN)2, HgCl2, Hg(CN)2,Fe(SCN)3,CdI2

Күшті электролиттердің сулы ерітінділерінде тек қана сольватталған (еріткіш ретінде су болса гидратталған) катиондар мен аниондар жүреді және еріген зат молекула күйінде болмайды. Әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінде гидратталған иондар мен қатар еріген заттың диссоциацияланбаған молекулалары бірге жүреді. Бірақ күшті электролиттердің сулы емес ерітінділерде толық диссоциацияланбайды, себебі сулы емес еріткіштердің молекулаларының полярлығы суға қарағанда төмен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет