Әлсіз электролиттің диссоциациясына аттас ионның әсері. Әлсіз электролиттің, мысалы аммоний гидроксиді ерітіндісіне құрамында аттас иондары бар аммоний хлоридін қосқанда келесі тепе-теңдіктер орын алады:
4+-
4+-
Аммоний иондарының концентрациясы артқанда олардың гидроксид иондарымен әрекеттесуі толығырақ жүріп, әлсіз аммоний гидроксидінің молекулалары түзіледіде Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдік солға қарай ығысады. ОH- иондарының концентрациясы кемігендіктен аммоний гидроксиді өзін әлсіз негіз ретінде көрсетеді. Әлсіз қышқылдардың ерітінділеріне құрамында аттас иондары бар тұзды қосса, олар дәл осындай әсер етеді. Бұл құбылысты химиялық анализде практикалық мақсатта қолданады, мысалы иондарды бөлуде ортаның қышқылдығын өзгерту үшін.
Диссоциациялану константасы концентрацияға тәуелді емес, тұрақты шама, ол диссоциациялану дәрежесіне қарағанда электролиттің жалпы сипаттамасы болып табылады. Бұл жағдай тек қана әлсіз электрлиттерге ғана қатысты. Күшті электролиттердің ерітінділерінде, керісінше, иондардың бір-бірімен электростатикалық әсерлесуі орын алады. Ионаралық тартылыс күші салдарынан иондардың жылжу мүмкіндігі әлсірейтіндіктен олардың химиялық активтігі төмендейді. Бұл жағдай массалар әрекеттесу заңына қайшылық туғызады және ерітіндіні сұйылту барысында диссоциациялану константасы мәні өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |