ms- спин квант саны. Жоғарыда айтылған квант саны n, l, me – орбиталдың энергиялық қорын, пішінін, кеңістіктегі бағытын көрсетеді. Спин квант саны – ms- орбиталды емес, осы орбиталда орналасқан электронның магнит өрісін сипаттайды, яғни электрон өз осінен қай бағытта айналатынын көрсетеді. Олар
ms=-1/2, ms=+1/2 болады, олардың қосындысы 0-ге тең. Бір орбитальда екі электрон болса олардың біреуі өз өсінен оң бағытта екіншісі сол бағытта айналып қарама-қарсы магний өрісін береді, жиынтық магнит өрісі 0-тең болады. Электронның спині гарфикалық түрде стрелкамен көрсетіледі.