ДӘРІС №3 Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық заңы және жүйесі
ДӘРІС тезистері: Менделеев элементтерді жүйелеуге негіз етіп, элементтің шешуші қасиеті масса деп түсініп, массаның көрсеткіші атомдық массаны алады.
Менделеев сол кезде өзіне белгілі 63 элементті, жеке-жеке қағазға олардың таңбасын, атомдық массасын, валентілігін және басқа да басты қасиеттерін көрсете отырып жазып шығады. Бұларды элементтердің атомдық массасы өсу ретімен вертикаль бойына орналастырғанда, белгілі, бірақ бірдей емес интервалдерде, элементтердің қасиеттерінің анық қайталайтындығын байқаған.
Менделеев 1869 ж. ақпанда жүйенің бірінші нұсқасын ірі ғалымдарға таратып, жариялайды, және сол ж. периодтық заңның негізгі тезистерін жазады:
элементтерді атомдық массасы өсу ретімен орналастырса, қасиеттері периодты түрде қайталайтындығы байқалады;
атомдық масса элементті сипаттайды;
бұрын белгісіз жаңа элементтердің ашылуын күту керек;
элементтің атомдық массасын оның ұқсас элементтері белгілі болса, түзетіп дәлірегін табуға болады;
1870 ж. Менделеев «Химия негіздерінің» бірінші басылуында элементтер жүйесінің жаңа нұсқасын береді. Мұнда бірінші нұсқа да кестені 900 бұрған, сонда ондағы вериткаль қатарлар мұнда период болып, параллель горизантальдағы элементтер валентігі бойынша, топ түзеді. Біздің осы уақытта қолданатын кестелеріміз осы екінші нұсқаның негізінде жасалған.
Бұл нұсқаға сүйеніп Менделеев:
12 элемент тағы ашылу керек деп болжап, оларға бос орын қалдырады, ол осы күні табылған- скандий, галлий, германий, технеций, рений, гафний, полоний, астат, франций, радий, актиний, протактиний; бұлардан басқа лантаноидтар мен ураннан кейінгі элементтер табылуы мүмкін деген пікір айтқан;
10 элементтің атомдық массаларын 1,5-2 есе түзеп өзгертеді, олар берилий, индий, ванадий, торий, уран, лантан, церий және басқа лантаноидтар осылардың валенттіліктерін өзгертеді;
10 элементтің атомдық массаларын түзетеді;
8 элементті, ол уақытта ұқсас деп жүрген элементтерден басқа элементтермен ұқсастығын тауып солармен бір топқа орналастырады.
Осындай жұмыстардың ақтығында 1871 ж. Менделеев периодтық заңның анықтамасын береді:
Достарыңызбен бөлісу: |