Химиялық байланысты:
а) Химиялық байланыстың ұзындығы;
б) Химиялық байланыстың энергиясы;
в) Химиялық байланыстың қанығуы;
д) Химиялық байланыстың бағытталуы, бұрышы.
е) Химиялық байланыстың дипольдік моменті деген шамалармен сипатталады:
а) Байланыс ұзындығы – бұл ядролардың орташа ара қашықтығы. Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса, байланыс соғұрлым берік болады; ол (нм) өлшенеді.
Молекула |
Н-Н
|
HCl
|
O=O
|
N=N
|
Байланыс
ұзындығы (нм)
|
0,074
|
0,127
|
0,120
|
0,10
|
в) Алайда байланыс беріктігінің өлшемі байланыс энергиясы болады. Байланыс энергиясы деп Химиялық байланыс түзілген кезде бөлінетін энергияның орташа шамасын айтамыз. Байланыстың еселігі артқан сайын байланыс энергиясы жоғарылайды байланыс ұзындығы қысқарады.
с) Химиялық байланыстың қанығуы – бұл атомның ковалентті байланыстардың шекті санын түзу қабілеті. Мысалы сутегі бір байлаынс, оттегі екі байланыс, бор үш байланыс көміртегі төрттен аспайтын байланыс түзеді.
д)Химиялық байланыстың бағытталуы, бұрышы молекуладағы атомдар ядроларын түзусызықпен қосу арқылы анықтайды. Химиялық байланыстың бағытталуы – атомдар санына, табиғатына, гибридтелуге тәуелді болады.
е) Химиялық байланыстың дипольдық моменті – бұл химиялық байланыстың табиғатын сипаттайды, оң және теріс ауырлық центрлерінің ара қашықтығы
=e-l
Дипольдық момент артқан сайын байланыстың полярлығы артады.
Молекулалық орбитальдар әдісі (МО). МО теориясы бойынша молекула бүтін бір тұтас жүйе деп есептелініп, ондағы күллі электрондар сол молекулаға ортақ деп қарастырылады. Бұл жерде МО әдісінің ВБ әдісінен негізгі айырмашылығын ашып көрсеткен жөн. ВБ әдісі бойынша молекуладағы атомның байланыс түзуге қатысатын орбитальдары және сол орбитальдармен сипатталынатын электрондар ғана өзгерістер ұшырайды, ал байланыс түзуге қатыспайтын электрондар өзгеріске ұшырамайды, жеке атомда қандай күйде болса молекула да сондай күйде болады. Мысал ретінде ВБ әдісі тұрғысынан фтор молекуласын қарастырсақ. F2 молекуласындағы байланыс фтор атомдарының жалқы электронды 2рz – орбитальдарының өзара бүркесуі арқылы жасалады. Сондықтан F2 молекуласы түзілгендетек 2рz - орбитальдары ғана өзгерске ұшырайды, ал валенттік қабаттағы басқа орбитальдар өзгеріссіз қалады. Ал МО әдісі бойынша атомдар молекулаға қосылысқанда олардың валенттік қабатындағы электрондар жалпы молекулаға ортақ болады, яғни молекулалық электрондарға айналады.
Оттек (а) және азот оксидінің (2+) (б) молекулаларындағы орбитальдармен электрондармен толтырылуы және энергетикалық диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |