Басылым: алтыншы


Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы



бет23/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
Тезисы лекций (1)

Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы

Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін қарастыратын химияның бір бөлігін термохимия деп атайды.

Стандарттық жағдайлардағы химиялық реакция кезінде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Егер жылу бөлінсе, жылу эффектісі оң таңбалы болады (термодинамикалық жүйеде керісінше жылу сіңірілетін болса оң таңбалы болады). Тұрақты қысымда жүретін химиялық реакциялар изобаралық, ал тұрақты көлемде жүретін реакциялар изохоралық деп аталады. Жылу эффектісі және агрегаттық күйі көрсетілген реакциялар термохимиялық теңдеу деп аталады. Реакцияның жылу эффектісі реагенттердің агрегаттық күйлеріне байланысты, сондықтан термохимиялық тевдеулерде реагенттердің таңбаларының (символдарының) қасыңда олардың агрегаттық күйлері көрсетіледі: (г)-газ, (с)-сұйық, (қ)-қатты.

Гесс заңы (1840): реакцияның жылу эффектісі реагенттердің және өнімдердің агрегаттық күйлеріне тәуелді, бірақ жүру жолына төуелді емес.

Гесс заңын кез-келген энергиясы өзгере жүретін химиялық реаюцияларға қолдануға болады, ол арқылы химиялық байланыстың кристалл торларының энергияларын, еру жылуын т.б. есептеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет