Кванттық механикадағы бөлшектердің күйі. Толқындық функция
Кез келген фундаменталды физикалық теорияның құрылымында күй түсінігі және күй динамикасын түсіндіретін теңдеулер маңызды элементтер болып табылады.
Классикалық механикада бөлшектер күйі берілген уақыт мезетінде x, y, z координаттармен px, py, pz импульстермен беріледі, ал динамиканың негізгі теңдеу - Ньютонның екінші заңы. Микродүние физикасында бөлшектер күйінің мұндай анықтамасы және күй функциясы болып табылатын күштер түсінігі мүлдем мағынасын жоғалтады.
Бөлшектердің толқындық қасиеттерінің болуы микробөлшектердің күйін, толқындық қасиеті бар қандай да бір функция көмегімен түсіндіруге болатынын айқындайды.
Кванттық механикада микробөлшектердің күйі кеңістіктік координаттар және уақыт функциясы болып табылатын Ψ толқындық функциямен беріледі. Релятивистік емес жағдайда бұл күйдің уақыт бойынша өзгеруі, яғни микробөлшектердің динмикасы кванттық теориялардың негізгі теңдеуі - Шредингер теңдеуімен сипатталады.
Толқындық функция математикалық мағынада өріс болып табылады. Толқындық функцияның физикалық мағынасының түсініктемесін алғаш рет М. Борн берді, ол төменде келтірілген.
Ψ комплексті функциясының |ψ(x,y,z)|2 модулының квадраты координаттары x,y,z болатын нүкте айналасындағы dV көлемде бөлшектердің болу ықтималдығының тығыздығын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |