Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет14/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   174
Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану-бұл адамның әралуан өмірлік қажеттерін 
қанағанттандыру 
үшін 
табиғат 
объектілерін 
пайдалану 
жөніндегі 
табиғат 
пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. 
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи 
ресурстарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің 
қажеттерін қанағанттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.
Барлық уақытта адамның ескергені жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік 
қажеттерін қанағанттандыру құралы қызметін атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде 
қоршаған орта теріс ықпал етуі де мүмкін. 
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі – бұл табиғи ресурстарды пайдалануға 
берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген 
түрлерін жүзеге асыру.
Экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті белгілер болады – 
экологиялық принциптердің өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі болады. Бұдан басқа, бүгінгі 
кезде Қазақстан Республикасында дамыған экологиялық заңнама бар, мемлекет 
қызметтерінің арасында дербес ретінде экологиялық қызмет көрініс тапқан және арнайы 
өкілетті мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік-экологиялық құқықтық тетік 
құрылған. 
Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: дербес сала ретінде ол 
біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ бұны дамыту үшін алғышарттар бұдан көп бұрын 
қалыптасқан болатын. Тарихи тұрғыда бастапқы салаларды бірінен “”жер құқығы 
қалыптасқан болатын. Жер құқығы қатынастары қоғам мен табиғат ортасы арасында 
туындаған “алғашқы” қатынастардың бірі.
Экологиялық құқықты реттеудің мәні табиғат болып табылады, ол өзара байланысты 
табиғи ресурстардың кешені болып табылады. Осы ерекшелікті ескере отырып, біз 
мынандай қорытынды жасаймыз: экологиялық құқық-бұл кешенді сала, бұл етене біріккен 
сала, бұл бірқатар дербес салаларды біріктірген сала. 
Заң ғылымында экологиялық құқықтың мәніне мейлінше тәнті көзқарас ретінде ғалым – 
экологтардың төрт негізгі айқындамасын келтірген жөн. Олардың елеулі талдау мен 
құрметке лайықты көзқарастары экологиялық ойдың дамуы тарихын көрсетеді және 
мейлінше сипатты болып табылады. 
Н.Д. Казанцев (1967 жыл) айтқан бірінші айқындаманың мәні мынада болып табылады: 
құқықтың барлық салалары (жер, су, орман, тау және т.б.) дербес институттар ретінде 
табиғат ресурстары құқығының құрамына жатуға тиіс.Бұл орайда табиғат ресурстарын 
қорғау жөніндегі қатынастар жеке институт ретінде бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет