Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
министрлер Кабинетінің 1994 ж. 16 наурызынан басталған «Қоршаған ортаны қалпына
келтіру бойынша экологиялық іс – шаралар жүргізу туралы» қаулысы және т.б.
Табиғатты қорғау актілері - Жерқойнауын қорғаудың біртұтас ережелері, ҚР
Үкіметінің 1999 ж. 27 тамызынан бастап қабылданған «Ормандарда өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету туралы» қаулысы, 2001 ж. 23 мамырынан бастап бекітілген «ҚР
ормандарын сақтап қалуды қамтамасыз ету бойынша қауырт іс – шаралар жүргізу
туралы» қаулысы және т.б.
Табиғи – ресурстық актілер - ҚР Үкіметінің 2000 ж. 21 қаңтарында бекітілген
Жерқойнауын пайдалану ережесі, ҚР Үкіметінің 2001 ж. 21 сәуірдегі қаулысымен
бекітілген «ҚР ормандарында ағаш дайындауға белгіленген төлем құнын бекіту туралы»
ережесі және т.б
Айналадағы ортаны қорғау актілері – ҚР Үкіметінің 1996 ж. 18
қазанындағы
қаулысымен бекітілген зиянды заттарды көму және жерқойнауына ағын суларды жіберу
тәртібі туралы ережесі, ҚР Үкіметінің 1996 ж. 18 қазанындағы қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көму тәртібі туралы ережесі.
Экология құқығы экологиялық қатынастарды реттеудің өзіндік дәрежесіне қарай
негізгі және көмекші нормативтік – құқықтық актілер болып бөлінеді.
Негізгі нормативтік – құқықтық актілер қолданыстағы заңның конструкциясын құрайды
және осы актілерде бекітілген жалпыға бірдей ережелерді көрсетеді. Мысалға, жер
туралы заңнамада жер пайдаланушының өзіне бекітілген жерді рационалды түрде қолдану
міндеттілігі қарастырылған.
Халықаралық экологиялық құқық көздерінің арасында қоршаған ортаны қорғау
обылысындағы ТМД елдерінің арасындағы 1992 ж. 8 ақпанында, АҚШ Үкіметімен 1995
ж. наурызында, Туркия Үкіметімен 1997 ж. 4 наурызында, Израильмен 1996 ж. 5
маусымында қол қойылған келісімдер маңызды роль атқарады.
Демек экологиялық құқық экологиялық құрылымдар мен кешендерді қорғауды, барлық
қоршаған ортаның негізгі мәселелерін шешуге байланысты қоғамдық қатынастарды,
экологиялық мәселелерді кешенді түрде реттейді, жер, оның қойнауы, су, орман,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі және атмосфералық ауаны қорғауды және
тиімді
пайдалануды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: