Басылым: жетінші


Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері. Жалпы



Pdf көрінісі
бет15/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

2.Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері. Жалпы 
және арнайы табиғат пайдалану.
Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді. 
Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті 
сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін 
жүзеге асырылады. 
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды 
шектеуге жол беріледі. 
Арнайы табиғат пайдалану - Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының 
өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды 
және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды 
тұлғаның қызметі. 
Табиғат пайдалану түрлеріне: жерді пайдалану


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
суды пайдалану; орманды пайдалану; жер қойнауын пайдалану; жануарлар дүниесін 
пайдалану; өсімдіктер дүниесін пайдалану; қоршаған ортаға эмиссиялар; 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері 
жатады. 
Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау 
ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады. 
Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің 
жиынтығын қамтуы мүмкін. 
Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе 
уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін. 
Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады: 
- Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы. 
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту. 
- Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңменақы төлеуді енгізу және қоршаған 
ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу. 
- Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет