Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
суды пайдалану; орманды пайдалану;
жер қойнауын пайдалану; жануарлар дүниесін
пайдалану; өсімдіктер дүниесін пайдалану; қоршаған ортаға эмиссиялар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері
жатады.
Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау
ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің
жиынтығын қамтуы мүмкін.
Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты немесе
уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:
- Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы.
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту.
- Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңменақы төлеуді енгізу және қоршаған
ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу.
- Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.
Достарыңызбен бөлісу: