Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Ал Н.В. Кузнецованың айтуы бойынша, «табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи
ортаны қорғауды басқару - мемлекеттік органдардың табиғи ресурстарды рационалды
пайдалану мен өндіру, қоғамның экологиялық және экономикалық қажеттіліктерін
қамтамасыз ету мақсатында қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру
бағытындағы іс - әрекеттері, қызметі ».
О.И. Крассов қоршаған ортаны қорғау обылысында ,,басқару,, деп билеуші үкіметтің
мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының негізгі
мақсаттары қоршаған табиғи ортаны сақтауды қамтамасыз ету мен оны қалпына келтіру
және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатын іс - әрекеттерін ұққан.
Д.Л. Байдельдинованың пікірінше, экология обылысындағы мемлекеттік басқару –
мемлекеттік органдардың қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатынас кезінде
экологиялық тәртіпті қамтамасыз етуге, экологиялық құқықтың орындалуына және
мемлекеттің субъектілерінің экологиялық міндеттерін қадағалауға бағытталған
орындаушылық – белгілеуші іс - әрекеттері.
Эколгогия облысындағы мемлекеттік басқару органдарыңың іс - әрекеттері белгілі
басқарушы бастамалар негізінде жүргізіледі. Осылайша мемлекеттің экологиялық саясаты
құрылады. Осы басқарушы идеялар, белгілі бір мақсатқа жету барысындағы мемлекеттің
біртұтастығы, белгілі ерекшеліктері мемлекеттік басқарудың принциптері деп аталады.
Мемлекеттік басқарудың принциптері қолданыстағы заңнамадағы осы қоғамның
экономикалық және социалдық даму заңдарымен анықталады. Кейбір ғалымдар экология
облысындағы мемлекеттік басқару принциптерінің арасынан төмендегілерді атап
көрсетеді:
табиғат ресурстарына мемлекеттік меншік, мемлекет бақылаудағы жерге жеке меншік;
мемлекеттің социалды – экономикалық дамуындағы тапсырмаларды шешу кезінде қоғам
дамуындағы экологиялық тапсырмалардың шешімдері;
экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін экологиялық басқару әдістерін қолдану;
экологиялық проблемаларды шешугежергілікті басқару органдарын, қоғамдық
ұйымдарды, жеке азаматтарды қатыстыру;
адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру.
Басқа ғалымдардың айтуы бойынша, ондай принциптер болып:
табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтарды шешу комплекстік
(жан-жақты) тұрғыдан қарау;
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың әкімшілік – территориялық
принциптік басқарумен бірлігі;
шаруашылық – қолданушылық және контрольді – бақылаушылық функциялардың бөлінуі
табылады.
Табиғатты пайдалану облысында басқарудың жалпы принциптері де қолданылады:
заңдылық, жоспарлық, бағынушылық және т.б.