Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
5. Нургалиева З.Ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. EKMMN 4307 Экологиялык құқық,
менеджмент және маркетинг негіздері пәні бойынша Астан, Л.Н. Гумилев атындағы
ЕНУ. 2014.-206 б
Дәріс № 4 Тақырыбы: Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік
басқарудың ұйымдық-құқықтық нысандары.
Дәрістің мақсаты: Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік
басқарудың түсінігі мен қызметі, табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды
басқаратын жалпы және арнайы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жоспарлау бағдарламалау және стандарттау мәселелері және экологиялық нормативтер,
шекті рұқсат берілетін нормалармен танысу.
Негізгі түсініктер: мемлекеттік басқарудың түсінігі, жалпы және арнайы органдар,
стандарттау мәселелері, экологиялық нормативтер, шекті рұқсат берілетін нормалар.
Негізгі сұрақтар: 1.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі
мен қызметі.
2.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы
органдар.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау бағдарламалау және стандарттау
мәселелері. Экологиялық нормативтер, шекті рұқсат берілетін нормалар.
1.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі
мен қызметі.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық пайдалануды басқаруды мемлекеттік
реттеудің мақсаты экологиялық жүйе заңдарына сәйкес келетін қоғамдық және өндірістік
қатынастардың жүйесін құру болып табылады. Сондықтан елде қоғамның өндірістік –
шаруашылық бағыттарын реттейтін құқықтық жүйелерді табиғат заңдарына қарама –
қарсы болмайтындай тұрғыда экологияландыру жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық пайдалануды мемлекеттік реттеу ҚР
экономикалық және экологиялық жүйесін реттеу арқылы іске асырылады.
ҚР нарықтық қатынастарының дамуына байланысты мемлекетке табиғи ресурстардың
ғылыммен белгіленген бағасын және экологиялық пайдалану төлемін орнату, табиғи
объектілерді рационалды түрде пайдалану үшін оны пайдаланғаны үшін салық төлеуді
енгізу жолы арқылы экологиялық пайдалануды экономикалық түрде қалпына келтіру
керек.
Қазіргі кезде дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы үшін табиғатты қорғау
облысындағы сұрақтар аса маңызды болып отыр. Республикада 1995 ж. басталған
мемлекеттік органдар жүйесінің реформасы басқарудың жоғары дәрежеге жетуі
мақсатында әлі де жүргізілуде. Бұл басқару реформасы президеттік басқарудың
конститутциялық принципінің одан әрі жүргізілуін, мемлекет басшылары тарапынан
орындаушы органдарды қадағалаудың күшейтілуін қамтамасыз етеді.
Ғылыми әдебиеттерде ғалымдардың мемлекеттік басқару ұғымы туралы әр түрлі пікірлері
бар. Г.В. Атаманчук мемлекеттік басқаруға анықтама бере келіп, билеушілік әсер
принципін көрсетеді. Ол ,,мемлекеттік басқару - мемлекеттің қоғамдық жүйеге
жоспарлы, үздіксіз және билеушілік әсері,, дейді. М.М. Бринчуктің ойынша қоғам мен
табиғат арасындағы қарым – қатынасты басқару белгілі субъектілердің қоршаған ортаны
қорғау туралы заң талаптарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған іс - әрекеттер
жиынтығы болып табылады.