Баспа ісінің негіздері
Бақылау сұрақтары:
1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтың айырмашылығы неде?
2. Сабақтас құқықтардың пайда болуы.
3. Айрықша құқық деген не?
4. Айрықша емес құқық деген не?
5. Авторлық құқықтың қолданылу аясы.
6. Авторлық құқықтың пайда болуы.
7. Авторлық және сабақтас құқықтарды қалай қорғайды?
8. Қазақстандағы «Авторлық құқық туралы» заңы
1. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына орай авторлық құқықтың және (немесе) сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы.
Сабақтас құқықтар – орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары. Сабақтас құқықтар авторлық құқықпен қорғалатын шығармалар төңірегінде қалыптасады. Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы дайындау, жазу, тарату, барысында делдал қызметін атқаратын адамға тиесілі болады. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ісінде елімізде біршама жұмыстар жасалуда.
2. Айрықша құқық – автордың немесе сабақтас құқықтар иесінін туындыны, орындаушылықты, фонограмманы, хабарды Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы.
3. Айрықша емес құқық- Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың тиісті рұқсатымен басқа адамның құқық иесімен бірге туындыны пайдалана алатын құқығы.
4. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ:
1)Авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан , Қазақстан
Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған , бірақ қандайда болмасын обьекивті
нысандағы туындыларға :
2)Жарияланған не жарияланбаған , бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандайда
болсын обьективті нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының
азаматтары авторлар және олардың құқық мұрагерлері деп танылады .
3)Жарияланған не жарияланбаған , бірақ ҚР тыс жерлерде қандайда болсын обьективті нысандағы
туындыларға қолданылады және ҚР халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің
азаматтары авторлар (олардың құық мұрагерлері ) деп танылады .
4)Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған
жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз болған іс-әрекет немесе мән-жай орын
алған мемлекеттің заңы бойынша анықталады .
5. Зияткерлік қызмет өнімін құру фактісі оны жасаушының авторлық құқығын қорғауға әкеледі.
Үшін авторлық құқығы қорғалған міндетті түрде емес тіркеуге туындысы, немесе өзге де міндеттемелерді сақтауға міндетті формальды.
Авторлық құқықты бекіту үшін авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға болады, ол мыналардан тұрады:
- шеңберге қамалған "с"белгісі;
- автордың аты немесе авторлық құқығы бар ұйымның атауы;
- туындыны басып шығару (жариялау) күндері.
Егер авторлықтың қандай да бір дәлелі болмаса-туындының түпнұсқа данасында автор ретінде көрсетілген тұлға туындының авторы болып танылады.
Егер зияткерлік қызмет өнімі жасырын түрде жарияланса немесе бүркеншік ат пайдаланылса – туындының баспагері автордың заңды өкілі болып саналады. Бұл ереже аталған жұмысты жасаушы өзінің авторлығы туралы мәлімдеме жасаған жағдайда ғана Күшін жоғалтуы мүмкін.
6. Авторлық құқықтарды қорғау:
1 құқықтарды тану;
2 құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру;
3 құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттері тыю;
4 айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5 құқық бұзушы авторлық құқық бұзу салдарынан тапқан табысты өндіріп алу;
6 Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі ең
төменгі мөлшері, ал ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын
бұзған кезде жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі ең төмен мөлшерісомасында өтем төлеу
арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндіріп алудың орнына
өтемақы мөлшерін сот белгілейді.
7 олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану
арқылы жүзеге асырады.
7. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңына сәйкес жарияланған, сондай-ақ жарияланбаған, бірақ қандай да бір объективті нысанда жазылған туындылардың да авторлығы мемлекеттік қорғауға жатады.
Авторлық құқықты қорғау туралы заңға: идеялар, тұжырымдамалар, принциптер, әдістер, жүйелер, процестер, ашылулар, фактілер жатпайды.
Шығармалармен байланысты материалдық Нысандар авторлық құқық туралы заңға бағынбайды. Осылайша, егер мұндай объектіге меншік құқығы өзгертілсе, зияткерлік қызмет өнімін жасаушыға авторлық құқық сақталады.
Жаншина Мерей Полиграфия 224_1
Достарыңызбен бөлісу: |