Баспадан Қара нанның дәмі Алғашқы тәлімгерлер Ыстық стаж Тұйық шеңбер Мәселелер осылай шешілетін Уақыт перзенттері Ескі екпін күшімен Біреудің қатесі үшін біреу



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата28.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Біреуді   атесі  шін біреу к йіп...
Ауыздарынан екінің бірінде «халық» деген сөз түспейтін
саясатшыларға өз басым сене бермеймін. Халықтың атынан сөйлеу əйгілі
жетекшілердің ғана емес, сонымен қатар жергілікті деңгейдегі қоғамдық
қайраткерлердің де қанына сіңген əдетке айналғалы қашан; халықтың
пікірін одақтық жəне республикалық парламенттердің, аудандық
Кеңестердің депутаттары да, түрлі саяси қозғалыстардың атақты шешендері
де ұдайы алдарына көлденең тартатын болып алды. Алайда олардың
көпшілігі халықты қалай дегенде де дау-дамайлар мен айтыс-тартыс кезінде
өзге айтар салмақты дəлелдері қалмаған кездерінде жиі-жиі еске алатын
сияқты көрінеді. Ондай кезде олар өз қарсыластарына өлтіре соққы беретін
дəлел осы болар-ау деген оймен: «мұны халық түсінбейді», «мұны халық
кешірмейді», «мұны халық қаламайды», «халық бұған бармайды» деген
сөздерді қардай боратады... Ал егер екі жақтың бірі ондаған жылдар бойы
сыннан өткен осындай тəсілдің көмегімен де дегеніне жете алмай қалса,
«Мұның төрелігін халықтың өзі айтады əлі!» деген сияқты ең соңғы
ескерту жасап, үрейлендіруге құмар.
Бəлкім, саясатшыларымыздың өздерінің жауапкершілігін белгілі бір
дəрежеде сезінуі жəне өздері туралы халықтың не ойлайтынына енжар
қарамайтындығы, əрине, жақсы да болар. Бірақ маған олардың көпшілігін
халықтың күні ертең іс жүзінде қандай төрелік айтатыны онша
толғандырмайтын, қиналдыра қоймайтын сияқтанады да тұрады, өйткені
олар халқымыздың ақкөңіл рахымдылығын, ірілі-ұсақты күнə атаулының
қандайын болса да кешіріп, тез ұмытатын қасиетін жақсы біледі. Мүмкін,
менің бұл байқағандарым кейбіреулердің көңіліне қона да қоймас. Бірақ
өткендегі тартқан тауқыметтерімізге құпиясы бар, айдан-анығы бар тікелей
кінəлы адамдарды əшкерелеу науқанының қызу жүргізіліп жатқан кезінде
де, қарапайым халықтың арасында олардың қолымен істегенді мойнымен
көтеріп опына өкінуін талап еткен үнді де, немесе одан да бетер əлде
біреулерді дарға асуға шақыруды да өз басым естіген емеспін.
Халықтың көптеген, тіпті мейлінше өмірлік маңызы бар мəселелер
жөніндегі пікірлері көбінесе қарама-қайшы келіп жататынын жұрттың бəрі
де біледі. Кейде ондай пікірлерді қалыптастыру тіпті де қиын емес —
халықтың қамын жегенсіп айтылған ұрандар, ниеті бұзық журналистер мен
бұқаралық ақпарат құралдары шолушыларының қасақана жазғандары
165

болса, жетіп жатыр. Бұл ретте, өздерінің саяси көзқарастарының
қаншалықты құштарлығына қарамай, əркімнің-ақ көптеген мысалдар
келтіруіне əбден болады. Шамасы, өз тарихымызға көз жіберу де артық
болмас еді. Ең болмаса отызыншы жылдардағы қайғы-қасіретке толы
оқиғаларды еске алайықшы. Сол кезде халықтың «өз жауларын»
əшкерелеуге арандата айдап салынғаны жəне ең əділетсіз əрі ең зұлым
үкімдердің өздері бүкілхалықтық қолдау тауып жатқаны мəлім. Өкінішке
орай, көпшіліктің өзі де ақиқаттан көп алшақ кететін кездер болады. Оның
үстіне, көпшіліктің пікірі болып табылады-мыс деген қағидалардың өздері
ниеті бұзық сыңаржақ социологиялық зерттеулердің, пікір
сұрастырулардың, тіпті референдумдардың көмегімен көріне көзге қолдан
жасалады. Бұл үшін қажетті сұрақты сауатты түрде қоя білудің өзі
жеткілікті — керек деген жауапты ала қоясыз.
Бұл тақырыпта ұзақ толғауға болатынын айта кеткім келеді. Қандай
да бір саяси жетекшінің халық алдында айтқандарының, практикалық іс-
əрекеттерінің жəне халықтың шын мəніндегі көкейкесті мүдделерінің бір-
бірімен арақатынастарын айқындауға қаншалықты тырысып
баққанымызбен де, оған ең басты төреші оның өзінің ар-ұяты ғана бола
алатынын мойындауға бəрібір мəжбүрміз. Сондықтан да ол өзі жіберген
қателіктері мен кемшіліктері үшін ең алдымен өзге біреулердің — көп
жағдайда миллиондаған адамдардың күйетіндігін өзінің ар-ұятының
қаншалықты екеніне қарай ұдайы есінде ұстайды немесе ұмыт қалдырады.
Алуан түрлі саясатшылар асығыс-үсігіс қабылдаған шешімдердің, қалай
болса солай жүргізген саяси жəне экономикалық тəжірибелердің, қулық-
сұмдықпен арандатқан айтыс-тартыс əрекеттердің ауыр зардаптарын көп
жағдайда қарапайым халық қана шегеді.
Кейде мен өзіме-өзім: «Біздің халқымызға не қажет осы?»
деген сұрақ қоямын. Əзірше бұл сұраққа сеніммен қайтаратын бір ғана
жауабым бар: халық өзінің тұрмысының қашан жақсаратынын
тағатсыздана күтуде. Қазір ол қайдағы бір жарқын болашақты күтуді тіпті
де қажет етпейді. Оның үстіне, қазірдің өзінде сапалық жағынан тіпті
өзгеше көрінетін ондай болашаққа жету жолы кезекті сынақтар арқылы
өтетіні уəде етіліп отырса. Өз көзқарасым бойынша, қазір бірқатар белгілі
экономистердің арасында кеңінен айтылып жүрген «Жақсы өмір сүру үшін
тірі қалуды ғана ойлау керек» деген ұраннан бетер жауапсыздық жоқ.
Бұлай деп, бір жағынан, өздерінің əлеуметтік жағдайына қарай, қайткен
166

күнде де аман қалатындарына сенімі зор, екінші жағынан, ашыққан
балаларына берейін десе наны жоқ, оларды киіндірейін десе қаржысы жоқ,
баспанасы тағы жоқ адамның жағдайын түсінуден біржола мақұрым
қалғандар ғана мəлімдей алады.
Сондай-ақ халықтың əйтеуір бір ұзақ жылдардан кейін емес, қайта
тап қазір, бүгін, ертең, алдағы аптада жақсы тұруды қалайтынын есте
ұстаудың маңызы зор. Егер біз жақсылыққа қарай тіпті аз да болса ұдайы
ілгері жылжуды қамтамасыз ете алмасақ, онда біздің жасаған барлық
өзгерістеріміздің бағасы көк тиын тұрмақ. Өйткені біз қазірдің өзінде
миллиондаған адамдардың тақыр кедейленіп, ашаршылыққа
ұшырағанының куəсы болып отырмыз, ал, оның үстіне, бүгін-ертең
жұмыссыз қалатын адамдардың тұтас армиясы пайда болуы тіпті де ғажап
емес.
Міне, тап сондықтан да мен өзімнің экономикалық реформаларға
бой ұруымның себептері неде екенін айтқан кезімде мына мəселеге кəміл
сенімдімін: біз өркениетті нарыққа өркениетті тəсілмен өтуді жүзеге
асыруға тиістіміз, нарықтың қарадүрсін əрі адамгершілікке жат қатал
құбылыстарына, халықтың қанын сүліктей сорғысы келетін алыпсатар
саудагерлердің жаңадан пайда болған тобының экономикалық
тонаушылығының өріс алуына жол бермеуге міндеттіміз.
Нарық экономикасына бет бұру қажеттігін өмірдің өзі өктем талап
ете бастаған кезде көптеген адамдар үрейлене қауіптенді: халық бізді
түсінбейді, халық бұл жағдайға психологиялық жағынан əлі əзір емес десті.
Мұндай қауіптенудің негізі бар еді. Бірақ бұл жерде біздің халқымыз бейне
бір тарихи жағынан теңгермешілікке біржола душар болыпты-мыс, мүліктік
теңсіздікке төзе алмайды-мыс деген пайымдаумен келісе алмаймын. Менің
ойымша, басты мəселе, алдымен қалай дегенде де, халқымыздың қулық-
сұмдықпен байымақ арам ойлыларға төзе алмайтындығында болса керек.
Халықтық сана ең алдымен «Еңбек ет те, міндет ет» деген мақалдан
неғұрлым айқын көрінеді.
Ашығын айту керек, соңғы кезде көлеңкелі экономика,
алыпсатарлардың астыртын рыногы, түрлі айла-шарғылар мен саудагерлік
сұрқия əрекеттер арқылы əбден байып алған қалтасы қалың адамдар
туралы қоғамымызда алдын ала қалыптасқан көзқарас барынша негізді.
Былайғы жұрттың олардан хауіптенетіні де сондықтан: олар ертеңгі күні
пысықайлық жасап, жұрттың жұмыс істеп жүрген кəсіпорындарын сатып
167

алудан жəне оларды жалдамалы жұмыс істеуге мəжбүр етуден тайынбайды.
Мұны көз жеткізе керісінше дəлелдейтін жүйенің бар екеніне күмəндымын.
Сондықтан да мемлекетті меншіксіздендіруді жүзеге асырудың негізгі
жолы біреу-ақ: кəсіпорынды сатып алуға немесе жалға алуға онда жұмыс
істейтін коллективтердің ғана артықшылықпен пайдалана алатын құқы
басым болуы тиіс. Сондықтан да мен кəсіпорындардың негізгі қорлары мен
меншігінің бір бөлігін коллективтерге біржола тегін беру, қалған бөлігін
кəсіпорындардың қолында бар өз қаржысына сатып алуына, сондай-ақ
түрлі акциялар сатып алуы үшін материалдық ынталандыру қорларын
пайдалануына мүмкіндіктер жасау жөнінде шешім қабылдаған ССРО
халық депутаттары IV съезінің айқындамасын толығымен қолдаймын.
Коллективтер басы артық бос акцияларын тек өздерінің қалауы бойынша
өзге адамдарға, соның ішінде валюта табу мақсатымен шетел азаматтарына
да сата алады. Егер қандай да болсын əкімшілдік-əміршілдік тəсілмен
мəжбүр етудің түрлеріне үзілді-кесілді тыйым салу арқылы іске осы
тұрғыдан келуді мемлекетті меншіксіздендірудің мақсаттары мен
мүмкіндіктерін түсіндіру жолымен жүзеге асыратын болсақ, онда біз кезек
күттірмейтін шұғыл экономикалық реформаларды іске асыру саласында
елеулі түрде ілгері жылжи аламыз.
Мемлекетті меншіксіздендірудің қажеттігі экономикамыздың ашық
болуы керектігіне байланысты екенін атап өткім келеді. Экономикамыз
ашық болмайынша, қазіргі дүниеде халықаралық экономикалық
ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. АҚШ-тың, Канаданың, Кореяның
жəне басқа да елдердің бизнесмендерімен жеке өзімнің əңгімелесуімнің
жəне іскерлік байланыстар жасауымның алғашқы тəжірибесінің өзі-ақ
олардың біздегі экономикалық құрылым жүйелері өздеріндегі құрылым
жүйелерімен бір тектес болған кезде ғана бірлескен ұзақ мерзімді
бағдарламалар жасауға жəне оны жүзеге асыруға əзір тұра
алатындықтарына көзімді жеткізді. Бұл жерде мəселе, біздің бұдан бұрын
əдетте айтып жүретініміздей, тіпті де біреудің өз дегеніне, өз шарттарына
еріксіз көндіруге жəне не істеп, не қоюды қатаң белгілеп беруіне
тырысушылығында емес. Проблема екі жақтың да өзара мүдделі болуын
қамтамасыз етуде. Бұрын қандай жалақы алып келсе, тап сол жалақысымен
ғана қала беретіндіктен де өзара келісімнің нəтижесі қандай болатынына
қалай болса солай мейлінше енжарлықпен қарайтын советтік кəсіпорын
басшысынан немесе мекеме шенеунігінен батыстың іскер адамына келіп-
168

кетер қандай пайда болмақ? Мемлекеттің қалтасына валюта табысы түседі
деген моральдық қанағаттану сезіміне бөленуді ғана айтпасақ, бұдан
кəсіпорын коллективінің де табары шамалы. Ал, мұндай қанағаттану бізде
баяғыдан бері-ақ жүйке тоздыратын құбылысқа айналған болатын. Өйткені
əлгі тапқан валютамызды индустрия алыптарының іргетасы астына сенімді
түрде көміп тастауға көнбістікпен дағдыланып алған болатынбыз.
Түбегейлі экономикалық реформалар жолына түсе отырып, біз
меншіктің алуан түрлі формаларының тең праволы қатар өмір сүруіне іс
жүзінде жағдай жасауды қамтамасыз етуге тиістіміз. Ол меншіктердің
қайсысының үстем болуға тиіс екендігін көрсетіп беруге өмірдің өзі ғана
қабілетті. Мұны, қандай жағдайда болсын, кез келген парасатты экономист
түсіне алады: қалай дегенде де таяудағы көз жетер болашақта барлық
негізгі қорлардың, бүкіл меншіктің жеке адамдардың қолына өтіп кету
қаупі жоқ.
Əрине, мұның өзі мемлекет ешнəрсеге де араласпау айқындамасын
ұстануы тиіс дегенді тіпті де білдірмейді. Ал ол ең алдымен реттеушілік
роль атқаруы, экономикада шын мəнінде салауатты алуан түрлі жағдайды
қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, бұл ретте кооперативтік қозғалыстағы
заңдылықтың жəне салық жүйесінің шалағайлығы, тапқан табысты
бақылау механизмінің жоқтығы неге алып барып соққанын жұрттың бəрі
де жақсы біледі. Алайда мұның өзі бізде, Қазақстанда, перспективасы бар
əрі экономиканы дамытуға қажетті бұл істі шектеуге немесе тежеуге себеп
болмағанын атап етуге тиіспін. Қазір республикадағы он бес мың
кооперативте 220 мың адам еңбек етеді. Іс жүзінде бəрін де нөлден бастаған
олар 1990 жылдың аяғына дейін 2,2 миллиард сомның өнімін өндірді.
Экономикаға реформа жасау терең ойластыруды талап етеді деген
жалпыға мəлім ақикатты тағы да қайталап айтқым келеді. Бізде бір шектен
екінші шекке шығуға шақыратын қызу жанды адамдар тым көп. Мысалы,
өздерін ауыл шаруашылығының мамандарымыз деп санайтын бірқатар
экономистер совхоздар мен колхоздарға қарсы нағыз «ғазауат жорығын»
жариялады. Бұл жерде маған проблеманың өзі өңі аударылған күйінде
қойылып отырған сияқты көрінеді. Егер ауылшаруашылық өндірісінде не
нəрсеге қарсы күресу жөнінде мəселе қою керек болса, онда оны жерге
байланысты қалыпты қызмет пен шаруашылықты жүргізудің дəстүрлі
түрлеріне, жаңалықтың, ең алдымен фермерлік шаруашылықтың дамуына
қырсығын тигізіп отырған толып жатқан кедергі атаулыны жоюдан бастау
169

керек. Егер колхоздардың мойнына ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің
кез келген инициативасын басып тастайтын əкімгершіліктің қамыты о
баста-ақ кигізілген болса, онда біз қазір олар, колхоздар, өзін өзі ақтай
алмады деп айта аламыз ба? Тіпті ең соңғы кезге дейін дерлік
шаруашылықтар нені қанша өндіру жөніндегі директиваларды ғана емес,
сонымен қатар қай жерде, қай мерзімде не егіп, не орып, не жинау керектігі
жөніндегі барынша қатал нұсқаулар да алып келген еді ғой. Енді
колхоздарға олардың о бастағы алғашқы мəнін қайта беру қажет, олардың
негізіне қаланған, бірақ кейіннен əкімгершіліктің күшімен барынша басып
тасталған əрі бұрмаланып біткен шын мəніндегі кооперация идеясының
кеңінен қанат жаюына мүмкіндік тудыру керек. Қазір Қазақстанда 1000-ға
жуық фермерлік шаруашылық құрылған. Мен олардың да болашағы зор
екендігіне кəміл сенемін. Алайда кейбіреулер шаруалардың жерді алғысы
келе ме əлде алғысы келмей ме деген бос мылжыңға толы айтыс-тартыспен
бізді тағы да тура жолдан тайдырмақ ниетте. Ал мəселе тіпті басқада болып
отыр — фермерлерге іс жүзінде мүмкіндік беру керек, аяқтарынан тік
тұруына жағдай жасау қажет.
Ең бастысы — село еңбеккері өзін жердің шын мəніндегі қожайыны,
иесі ретінде сезінетін болуы керек. Соңғы 3—4 жылда қол жеткен
нəтижелер бұған көзімізді толық жеткізді. Шаруалардың қанша мал ұстауға
шамасы келсе, сонша мал ұстауына рұқсат етудің ешқандай да қиындығы
болған жоқ сияқты. Ал осы қысқа мерзім ішінде олардың жеке меншігіндегі
ірі қараның саны 500 мыңға, қой мен ешкінің саны 2 миллионға дерлік
артып шыға келді. Егер Қазақстан 1985 жылы халықтан 30—40 мың
тоннадан аспайтын мөлшерде ғана ет сатып алған болса, биыл бұл
көрсеткіш цифр, біздің алдын ала болжауымыз бойынша, шамамен 130 мың
тоннаға жетпек. Бұл жағдай республиканың бүкіл территориясында
комиссиялық магазиндердің кен жүйесін құруға, азық-түлік проблемасын
шешудің тəуір алғышарттарының бірін жасауға қазірдің өзінде-ак мүмкіндік
беріп отыр. Өкінішке орай, бұл игі іске РСФСР үкіметінің етті сатып алу
бағасын арттыру жөнінде 1990 жылғы қыркүйекте біржақты қабылдаған
шешімі қырсығын тигізіп кетті. Өйткені мұның өзі одақтық үкіметті де тап
осындай қадам жасауға мəжбүр етті. Себебі Россиямен шекаралас
республикалардың барлығы да тиімсіз жағдайда қалды, малынан айрыла
бастады. Соның салдарынан да мемлекеттік бюджеттің тапшылығы үстіне
тағы да ондаған миллиард сом ішкі мемлекеттік қарыз келіп қосылды. Айта
170

кететін бір нəрсе, «500 күн» бағдарламасын жүзеге асыру тап сол кезден
бастап мүмкін болмай қалды, өйткені оның ең қолайлы бөлімі —
тұрақтылықты сақтау бөлімі бірден быт-шыт болып күйреді. Ал тұтынушы
үшін еттің комиссиялық жəне нарықтық бағасы мұндай жағдайда
қымбаттамай қоймайтын еді.
Инициативаға еркіндік берілуі Қазақстанның совхоз-колхоз
секторында да еңбек өнімділігін арттыруға негіз қалады. Соңғы бес
жылдың ішінде бізде ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің орташа
жылдық көлемі 17 процент, соның ішінде астық өндіру —22, ет өндіру —
27, сүт өндіру —19 процент артты. Бұл нəтижелер менің біз адамдардың əл-
ауқат жағдайы тікелей тəуелді болатын жұмыс көрсеткіштерін, бірте-бірте
болса да, ұдайы жақсарта түсуге міндеттіміз деп қана қоймай, сонымен
қатар оны жүзеге асыруда қолымыздан келеді деп пайымдауыма негіз бола
алады.
Біз күрделі қаржыны адамдардың қажетін өтеуге қарай нақты түрде
бағыттай алдық. Мысалы, 1990 жылдың өзінде-ақ ұлттық табыстың бүкіл
қаржысының проценті əлеуметтік дамуды жүзеге асыруға жұмсалды.
Мұның өзі алдыңғы бесжылдықтағы жылдық орташа керсеткіштен 15
процент дерлік артық. Соның нəтижесінде экономиканың өзге
салаларында да тұралап тұрған бір орыннан ілгері жылжуымыздың сəті
түсті. Мысалы, республикамыз тұрғын үй құрылысының бесжылдық
жоспарын мерзімінен бұрын орындады, адамдарды тұрғын үймен
қамтамасыз етудің көрсеткіші жағынан Одақты тұтас алғанда 10-шы
орыннан 2-ші орынға көтерілді. Мектептер, балабақшалар, емханалар
салудың көлемі артты. Тұрмыстық қызмет көрсету көлемі екі есе, халық
тұтынатын товарлар өндіру 1,9 есе артты.
Алайда, бұлай деп айтсам да, мен магазин сөрелерінің жартылай
қаңырап бос тұрғанын, тұрғын үйге деген кезектің іс жүзінде кемімей
отырғанын есімнен шығармауға тиістімін, əрине. Бұл жерде, егер осындай
тəуір көрсеткіштердің өзін де адамдар жеткілікті сезіне алмай отырса, бір
жағынан, біздегі ойсыраған олқылықтың қаншалықты зор болғанын,
екінші жағынан, өнеркəсіп жəне азық-түлік товарларының тапшылығының
күшейе түсуіне соңғы кезде жіберілген елеулі кемшіліктер мен
қателіктердің əсер еткенін еріксіз ойға аласың. Бөлшек сауда бағасын
арттыру туралы 1990 жылдың орта шенінде одақтық үкіметтің жете
ойластырмай əрі ешкіммен келіспей жасаған мəлімдемесі халықтың
171

жанталасқан күшті сұранысын тудырды да, оның магазиндердегі барлық
затты бірден сыпырып-сиырып кетуіне алып барып соқты. Өзге де
қателіктер жіберілуінің, алыпсатарлық саудагерліктің шектен тыс өріс
алуының, сауда тəртібін өрескел бұзушылықтың күшті əсер етуі
салдарынан адамдардың санасында қайткен күнде де дүниені молырақ
қарпып қалу, қор жинап алу жөніндегі ұғым бірнеше айдың өзінде-ақ берік
қалыптасты. Оның үстіне, халықтың ақшалай табысы да едəуір арта
түскенін ұмытуға болмайды. Сонымен қатар бұл өсім табыстарды қайта
бөлуге ұласты да, халықтың табысы аз тобы қиын-қыстау жағдайға душар
болды.
Соңғы айтылған жағдай алдымызға халықтың табысы аз тобын
əлеуметтік жағынан қорғау проблемасын мейлінше өткір қойып отыр.
Мұны дұрыс шешпейінше, адамдардың мемлекетке, орталық жəне
республикалық өкімет орындарына деген сенімін сақтай аламыз деп
ойлауға болмайды. Жұрттың бəріне бірдей қолайлы тұрмыс жағдайын
қамтамасыз етпесек жəне халықтың сеніміне ие бола алмасақ, онда елімізді
жаңа апатқа тағы да ұрындыратынымыз сөзсіз. Қандай да қайырымдылық
ұйымдарының қозғалысына немесе сырттан анда-санда кездейсоқ
көрсетілетін жанашырлық көмектерге үміт арту мəселеге тіпті де байсалды
қарау болып табылмайды — адамдарды күні бұрын қайыршылар қатарына
қосып, қорлауға, өзіміздің ар-намысымызды аяққа бастыруға жол
бермеуіміз керек. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында елімізде
халықты əлеуметтік жағынан қорғаудың мемлекеттік ортақ бағдарламасы
қабылдануы керек екендігіне кəміл сенемін. Адамдардың лайықты өмір
сүруіне қажетті өнеркəсіп товарлары мен азық-түлік минимумын кепілді
түрде алатын болуы, мемлекеттің оларды тұрғын үймен, медициналық
жəне басқа да əлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз етуі жөніндегі
міндеттемелері мейлінше айқын белгіленуі тиіс. Мұның өзі ең алдымен
зейнеткерлерге, балаларға, мүгедектерге, көп балалы отбасыларына,
жалғыз басты жетім-жесірлерге, халықтың əлеуметтік жағынан
қорғалмаған басқа да топтарына қатысты болуы керек.
Мұндай əлеуметтік қорғау шаралары, соның ішінде күнделікті жиі
тұтынылатын тапшы товарларды бөлу — болмай қоймайтын лажсыз
құбылыс. Ақша айналысын тұрақтандыруды көздейтін басқа да əрекеттер
жасалмайынша бұл шаралардың шарапаты да шалағай болмақ. 1991
жылдың бас кезінде жүзеге асырылған ішінара ақша реформасы қажетті еді
172

дегенге келісуге де болар. Бірақ алдағы кезде қаражат жүйесіндегі меңдеген
елеулі дертті емдеудің уақытша ғана жеңіл-желпі көмектесетін тəсілдеріне
ғана арқа сүйеуге, оның үстіне халықтың қолында бар қаржысын тəркі ету
арқылы қағып алуға болмайды. Нарық экономикасына көшудің Қазақстан
Жоғарғы Кеңесі қабылдаған республикалық бағдарламасында əлеуметтік
салада мемлекетті меншіксіздендіру процесін дамыту көзделген. Біздің
ойымызша, тұрғын үйлерді (номинал құны бойынша) жеке меншікке беру
жəне мұның өзін жеке адамдардың үй салып алуға деген ынтасын
арттырумен ұштастыру ақша айналысын сауықтырудың маңызды факторы
бола алар еді. Сонымен қатар біз тек 1990 жылдың өзінде-ақ халыққа 80
мыңнан астам бау-бақшалық саяжай учаскелерін бөліп бердік. Бірақ бұл
ретте жеке тұрғын үй жəне саяжай құрылысын кең көлемде толық өрістету
үшін құрылыс материалдарының қазіргі өте-мөте тапшылығына
байланысты проблеманы шешуіміз керек. Бұл мақсатқа жету үшін, бəлкім,
экономиканың бірқатар өзге салаларын шектей тұруға, ірі-ірі күрделі
құрылыстарға бөлінетін ресурстарды пайдалануға баруға да тура келер.
Жеке өздері тұрғын үй салып алғысы келетін адамдарға несие беру үшін
тап осындай жолмен қосымша қаржы көздерін іздестіру де ойда бар.
«Қайта құру» деген сөздің біздің қоғамымыздағы қадір-қасиеті
елеулі түрде қалай түскенінің себептерін мен бұған дейін айтып өттім.
Мұның өзіне тəн жəне бір ерекшелігі бар: соңғы кезде «қайта құруды»
«тұрақтандыру» деген ұғым алмастыра бастады. Бірақ, менің ойымша,
саяси жəне экономикалық өмірді тұрақтандыру ешқандай жағдайда да
тоқыраудың қайдағы бір дертінің жаңаша асқынуымен, өзгерістер жасау
саясатын тежеумен теңестірілмеуі тиіс. Тұрақтандырудың міндеті —
мемлекеттік өкімет билігі жүйесінің экономиканың одан əрі ыдырауына
жол бермеу, қоғамымызда кажетті қарапайым тəртіп орнату. Бұған дейін
айтып өткенімдей, шектен тыс орталықтандырудың салдары қаншалықты
орын алғанымен де, басқарудың жоғарыдан төмен жүргізілетін тік
жүйелерін ойластырмай жою, басқаны былай қойғанда, біртұтас одақтық
мемлекеттің сақталуына күмəн туғызғанын түсінбеуге болмайды.
Мемлекеттік өкімет билігінің іргесі шайқалған құрылымын нығайтуға
бағытталған алғашқы əрі негізді қадам елімізде Президент қызметінің
енгізілуі, содан соң Министрлер кабинетінің құрылуы болды. Бұл бағытты
республикалар да қолдады.
Республикаларда президенттік басқарудың енгізілуін орталықта
173

жасалған нəрсені қалай болса солай сол күйінде көшіріп ала салу болды деп
тіпті де ойламаймын. Біздің бəріміздің де есімізде, қайта құрудың алғашқы
кезеңінде көп адамға біздегі заң шығарушы жəне атқарушы өкімет билігінің
ара жігін ажырату мемлекетті демократияландырудың ең басты шарты
сияқты көрінген болатын. Алайда соның салдарынан олардың арасында
орын алған алшақтық қабылданған заңдардың көп жағдайда қағаз жүзінде
ғана қалып қоюына қырсығын тигізді. Басқару тетігінен біржола
айырылып қалдық.
Қазақ республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 24 наурыздағы
сессиясында мені жабық дауыспен республиканың тұңғыш Президенті етіп
сайлады. Сайлау Қазақ ССР Конституциясына енгізілген өзгерістерге
сəйкес жүргізілді. Республикаларда президенттік қызметтің белгіленуі
орталықтан кері тебу ағымының күшеюіне байланысты, мұның өзі
мемлекетіміздегі орталық өкімет билігін əлсіретеді-міс деген пікірлермен
тіпті де келіспеймін. Біріншіден, республикалардағы қалыпты өкімет билігі
орнамайынша, бүкіл мемлекет шеңберінде тəртіпті нығайту туралы сөз
етуге де болмайды. Екіншіден, мен ССРО-ны жаңарту жəне одан əрі
дамыту диалектикасын тек былай түсінемін: республикалар күшті болса —
орталық та күшті. Ал, орталық пен республикалар арасындағы
өкілеттіктерді бөлісу дегеніміз басқа мəселе. Соңғы кезде
республикалардың территориясында қандай заңдар — одақтық заңдар ма
əлде республикалық заңдар ма — басымдық сипатына ие бола алады деген
мəселе төңірегінде кереғар пікірлер өте жиі айтылып жүр. Қайта құрудың
барысында республикалар мен орталықтың арасында осы мəселеге
байланысты нақты қарама-қайшылықтар қаншалықты айқын
аңғарылғанымен де, мəселенің тап бұлай қойылуы принципінде дұрыс
емес. Мен мұндай қарама- қайшылықтардан дамуымыздың диалектикасы
табиғи түрде көрінеді деп санаймын. Хауіп басқа жақта — сол қарама-
қайшылықтар негізінде «заңдар соғысы» бұрқ ете қалып, бітіспес сипат
алып кетуі ықтимал. Ал осылай болуына сепаратистік күштер мейлінше
мүдделі.
Бірақ, менің ойымша, тұйықтан шығар жол табылған сияқты.
Одақтық шартты жасай отырып, республикалар орталыққа қандай
өкілеттіктерді беретінін өздері анықтауы тиіс. Ал егер Одақ шеңберінде ең
алдымен біртұтас экономикалық кеңістік сақталатынын ескерсек, ондай
өкілеттіктер қандай жағдайда да аз болмайды. Осының өзі-ақ біртұтас
174

қаржы жүйесін орталықтандыруды, өнеркəсіптің базалық салаларын ретке
келтіруді, сыртқы экономикалық байланыстарды үйлестіріп отыруды, басқа
да көптеген мəселелердің жүзеге асырылуын талап етеді. Онсыз одақтық
шаруашылық механизмінің жөнге салынуы туралы ойлауға да болмайды.
Таяудағы болжауға болатын болашақта елдің қорғаныс қабілетін сақтау
проблемасы да күн тəртібінен түсе қоймайды. Ал бұл мəселе де
орталықтың қолында болуы тиіс. Өкілеттіктерді осылайша бөлісу одақтық
жəне республикалық заңдардың қолданылу шектерін жəне қайсысының
басым болуы керектігін айқындайды да.
Осыдан бірнеше ай бұрын «Правда» газетінің тілшісімен болған
сұхбатымда менің Қазақстанды дамытудың өзіндік жолы бар екендігін
көріп отырғанымызды егжей-тегжейлі негіздеп беруімнің сəті түсті.
Материалдың газет бетінде тап осылай «Өзіндік даму жолы бар» деген
атпен едəуір көрнекі етіп берілгені есімде. Бірақ ə дегеннен-ақ бір нəрсені
ашып айтуым керек: бұл пайымдауда қалай да ерекшеленудің немесе
бірегей сонылық танытудың қандай да болсын талаптары атымен жоқ. Бұл
ретте өзіндік даму жолымызды таңдауымыз тарихи қалыптасқан
дəстүрлеріміз бен ерекшеліктерімізге, экономикамыздың өзіндік
бірегейлігіне, халықтың ұлттық құрамының сан алуандығына,
Қазақстанның географиялық жер жағдайына байланысты.
1989 жылы Алматыда Орта Азия республикалары басшылары өзара
бас қосқанда кейбіреулердің бұған: «Осылардың ойында сепаратистік
əлдебір нəрселер жоқ па өзі?» деп, күдіктене қарағаны да рас. Алайда біз ол
кездесуде тіпті басқа мақсаттар мен үміттерді көздеген болатынбыз.
Қазақстан астанасында көршілеріміздің бас қосуына ең алдымен
экономикамыздағы дағдарысты құбылыстардың болуына алаңдаушылық,
экономикалық байланыстардың одан əрі ойсырап үзілуінің алдын алып,
бірлесе күш-жігер жұмсауға ұмтылу ниеті, барған сайын күшейе түсіп келе
жатқан ұйқы-тұйқы ретсіздікке төтеп беріп, аман қалуды көздеген табиғи
ынта-ықылас себеп болған еді. Экономикада болмай қоймайтын
құлдырауға алып барып соғатын қажетті шикізаттар мен бұйымдарды,
жабдықтарды келісім бойынша жеткізіп беру ісінің бұзылуы барған сайын
кеңінен орын ала бастады. Мысалы, өзге республикалардың Қазақстанға
қажетті шикізатты жеткілікті мөлшерде жеткізіп бермеуі салдарынан
өңдеуші өнеркəсіп салаларына нақты қатер туды. Істің жағдайы жеңіл
өнеркəсіп үшін шетелдерден əкелінетін импорттық шикізаттардың берілуін
175

тоқтату салдарынан одан сайын ушыға түсті. Амал жоқ, жағдайдан
шығудың жолын іздестіру керек болды.
Бес туысқан республиканың арасында Алматыда қол жеткен келісім
содан кейін Белоруссиямен, Украинамен, Россиямен өзара келісім жасасу
негізінде көлбеу экономикалық байланыстар орнатуымызға түрткі болды.
Ал егер біз Алматы кездесуінде əлдебір саяси мақсатты көздеген болсақ, ол
мақсат осы бір орасан зор аймақта ғасырлар бойы бір-бірімен тату-тəтті
көрші тұрып, тарихи тағдырларының ортақтығы арқылы бірлескен
халықтардың бұдан былай да бейбіт жағдайда тыныш өмір сүруін
қамтамасыз ету ғана еді.
Жоғарыда мен өз республикамыздың экономикалық ерекшеліктеріне
сипаттама беріп өттім. Оның маңдайына тек қана шикізат өндірудің
айрықша жазып қойылуы Қазақстан халқының тұрмыс дəрежесі кептеген
көрсеткіштер бойынша елді тұтас алғандағы орташа көрсеткіштен төмен
болуына алып барып соқты. Мен қайта құруға тұрғын үй жөнінен 10-шы
орында болған кезімізде кіріскенімізді айтып өттім. Республика азық-түлік
өнімдерімен жабдықталу жағынан 5—6-шы орында, ал халықты жиі
тұтынатын бұйымдармен қамтамасыз ету жағынан 8-ші орында болатын.
Өндіруші өнеркəсіп көлемінің орасан зор болуына қарамай, республика
экономикасының құрылымында өңдеуші салалар мен машина жасау ісінің
үлесі жалпыодақтық көрсеткіштен екі есе төмен. Онда жыл сайын
өндірілетін 142 миллион тонна көмір, 26 миллион тонна мұнай, 8—9
миллиард текшеметр газ іс жүзінде түгелдей дерлік, сондай-ақ
тазартылмаған жүннің 70 проценті мен шитті мақтаның 72 проценті
өңдеуден өткізу үшін республикадан тыс жерлерге жөнелтіледі.
Тіпті соның өзінде де шикізат ресурстарының едəуір бөлігі
пайдаланылмай қалады, қол тиместен қозғаусыз жатады. Мысалы, Батыс
Қазақстанның жер қойнауында мұнай мен газдың орасан зор мөлшердегі
мол қоры бар. Ал, біз оны қалай пайдаланудың нақты жолдарын ойластыра
да алмай отырмыз. Өйткені қолымызда күрделі қаржы да, əлгі орасан зор
байлықты халық игілігіне жаратуға мүмкіндік беретін осы заманғы
технология мен жабдықтар да жоқ. Осылай бола тұрса да өзге
республикаларда жақсы дамыған технология да, машина жасау саласы да
бар екенін өз көзімізбен көріп отырмыз. Алайда, əркім өзінше əрекет жасап,
бəрі де Батысқа қарай лап қойды, бұл ретте тап сондай бірлескен
республикааралық кəсіпорындар құру арқылы өзіміздің күш-жігерімізді
176

біріктіруге де болатынын ұмыт қалдырды. Біздің өзге республикалармен
жасалған келісімдерімізде тап осындай тəсіл көзделген.
Біздің стратегиялық міндетіміз — шетелдік рынокқа өзіміздің даяр
бұйымдарымызбен шығу. Бірақ, алғашқы аяқ алысымыздан бастап сəтті
əрекет жасау үшін Батыс елдерінің капиталын, ең жаңа шетелдік
технологиялар мен жабдықтарды қазірден бастап неғұрлым кеңінен
қатыстыруымыз қажет, сөйтіп, олардың көмегімен өзіміздің жер
қойнауында жатқан аса мол байлықты жаңаша сапалық дəрежеде игеруді
өрістетуіміз, сол негізде халықаралық бəсекеге төтеп бере аларлық өтімтал
өнімдер шығаруымыз керек. Өзіміздің өмір сүріп, əрекет жасай алуымыз
үшін біз қаласақ та, қаламасақ та алғашқы кезде шикізаттық екінші
кезектегі ресурстық өнімдер сатуға мəжбүр боламыз. Қазір көптеген мəселе
Батыс елдері инвестицияларының қалыпты ағыны болуы үшін қолайлы,
жасанды түрде қолдан қойылған шектегіш кедергілерсіз жағдайлар туғызу
қажеттігіне барып тіреледі. Мұндай кезде біз өз экономикамызды өздерінің
жеке бастарының баюын көздеп, ұлттық мүдделердің өзін де саудаға салып
жіберуге əзір тұратын, компрадорлық буржуазиялық айла-шарғыларға
барудан тайынбайтын пысықай іскерлердің тигізуі мүмкін зардаптарынан
қалай да қорғауға міндеттіміз. Алайда біздің Батыс елдеріндегі
əріптестеріміз өздерінің тікелей пайда табуына кепілдік беретін қажетті
жағдайлардың бар екендігіне көз жеткізе сенбейінше істі бір орнынан
қозғау мүмкін емес. Нарықтық экономикаға көшудің республикалық
бағдарламасына сəйкес біз еркін экономикалық аймақтар құру, еркін
кəсіпқойлықпен айналысуға рұқсат ету жөнінде заңдар қабылдадық.
Сонымен қатар экономиканы нарықтық жағдайларға көшіру процесін
ретке келтіріп отыруға мүмкіндік беретін Мемлекеттік меншік жөніндегі
комитет, Монополияға қарсы күресетін комитет, Шарт жасасатын комитет
сияқты басқа да жаңа құрылымдар құрдық.
Біз нарық экономикасы туралы сөз еткен кезде, өкінішке орай,
жұрттың бəрі де не істеу керек екендігін бейне бір жете түсінетіндей сыңай
танытады, бірақ оны қалай жүзеге асыруға болатынын көз алдына барынша
бұлыңғыр түрде елестетеді. Нарық экономикасы жөніндегі ақпарат
атаулыны əзірше біз тек қана кітаптардан, мақалалардан жəне ауызекі
əңгімелерден ғана тірнектеп жинап жүрміз. Қайта құру жылдарының
өзінде-ақ көп уақытымызды босқа жіберіп алдық — осы уақыт ішінде
шетелдерде оқыту арқылы өз кадрларымызды даярлап алуымызға əбден
177

болатын еді. Бұл ретте ең болмаса отызыншы жылдардағы елді
индустрияландыру кезін еске алайықшы, сонда біздің мың-мыңдаған
инженерлеріміз Батыс елдерінің кəсіпорындарында болып, көп нəрсені
үйреніп қайтып еді ғой. Олардың көпшілігі өндірістің тамаша
ұйымдастырушылары бола білді. Мысалға И. А. Лихачевтің өзін алсақ та,
металлургия, машина жасау саласындағы министрлерді, басқа да жетекші
салалардағы басшыларды алсақ та болады. Сонымен қатар елімізге Батыс
елдерінен орасан көп мөлшерде мамандар шақырылған болатын. Осы бір
тарихи тəжірибе Қазакстанға шетелдік атақты экономистерді,
компаниялардың жетекшіаерін шақыру идеясын ойымызға салды. Қазір
олар республика Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің
сарапшылар тобының құрамында жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда өнеркəсіптің қорғаныс салаларын ақылға қонымды əрі
ұстамды түрде конверсиялау республикамыз үшін қандай мол
мүмкіндіктерге жол ашып отырғандығын асыра бағалау қиын. Байқоңыр
мен Семейді ауызға алғанның өзінде-ақ көптеген адамдардың ойына біздің
бүкіл өміріміз үшін дерлік тəн күрделі де қарама-қайшылығы мол
проблемалар оралатыны сөзсіз. Бұл атаулар, бір жағынан алғанда,
адамзаттың шексіз ақыл-ойының шын мəніндегі тамаша ұлы жетістіктерін,
миллиондаған кеңес адамдарының ерлік еңбегінің аса үздік нəтижелерін,
ғылыми-техникалық прогрестің ең жоғары сатыларын бейнелейді. Мұның
бəрі де халқымыздың бойындағы сарқылмас ақыл-ой ресурстарының,
жасампаздық резервтерінің молдығына деген мейлінше негізделген сенім
ұялатады. Бірақ, екінші жағынан алғанда, бізде «ең жоғары мүдделердің»
адамдарға деген ең қарапайым қамқорлық пен олардың мұқтажын өтеуден
қаншалықты алшақ жатқандығын айқын мысалдармен көрсететініне тағы
да тап боламыз. Бұл ретте соңғы қырық жылдың ішінде космос кешенін
дамытуға миллиардтаған сом қаржы жұмсалғанын, бірақ соның өзінде де
Арал проблемасынан азап шегіп отырған тап сондағы Қызылорда облысы
халқының ауыр халін аз да болса жеңілдетуге ешкімнің де шөп басын
сындыруға бармағанын айтсақ та жеткілікті. Ал ядролық сынаулардың
экологиялық ауыр зардаптары туралы жалпы тіс жарып, айтуға да
болмайтын еді.
Жұртшылықтың, республика басшылығының инициативасы
бойынша космос кешенінің ғылыми-өндірістік бірлестіктермен бірге
ынтымақтаса жұмыс жүргізу идеясы пайда болып, жүзеге асырыла бастады.
178

Көп жақты күш-жігер жұмсау негізінде біз, менің ойымша, өте қызықты
шешімдер жасауға таянып келеміз. Арнайы жасалған бағдарламада космос
техникасын республиканың жер қойнауындағы байлықты зерттеп білуге,
телефон байланысының, теледидар хабарларын таратудың жаңа сапалық
түрлерін жасауға, іске қосуға пайдалану көзделіп отыр. Кешендегі ғылыми-
өндірістік бірлестіктер қуатының бір бөлігін ауылшаруашылық өнімдерін
сақтауға жəне өңдеуге қажетті жабдықтар шығаруға ауыстыру жөнінде де
нақты шаралар белгіленді. Осында құрылып жатқан космостық зерттеулер
институтының жұмысын Қазақстанның мүмкіндіктерімен де,
қажеттіктерімен де тығыз байланыстыру алдын ала көзделуде. Байқоңырда
жəне бірқатар облыс орталықтарында космостық мектептер ашылмақ, олар
көптеген балалар үшін білімнің, ғылым мен техниканың ғажайып əлеміне
барар жолдағы маңызды сатының басқыштарына айналатын болады.
Мен бұл жерде Қазақстанның дамуының қазіргі, өтпелі кезеңіндегі
оның алдында тұрған міндеттерге əлдебір ауқымды шолу жасауды, немесе
оның үстіне, əсіресе, ол міндеттерді шешуде қолданылатын тəсілдер
кешенін түгелдей ашып беруді тіпті де мақсат етіп отырған жоқпын. Бүгінгі
күннің кейбір жекелеген, түйінді-түйінді деген проблемаларына ғана
тоқтала келіп, ең алдымен экономикадағы дағдарысты құбылыстар
құрсауынан шығудың нақты перспективалары бар екенін, адамдардың
ертеңгі күнге деген сенімін қалпына келтіруге қабілетті, жақсылыққа қарай
елеулі түрде жылжитынымызды сездірте алатын мүмкіндігіміз бар екенін
ашып көрсеткім келер еді. Бірақ ол үшін қоғамымыздың бүкіл күш-жігерін
жасампаздық істердің арнасына қарай бұруымыз керек. Соңғы кезде қандай
да болсын саяси жетекшілерге, жаңа партияларға, қоғамдық қозғалыстарға
білдірілуге тиісті-міс деп саналатын сенім несиесі мен мөлшері дегеннің
төңірегінде алуан түрлі мəлімдемелер жасау сəнге айналып барады. Егер
ондай несиелер əлдебіреулерге беріле қалған күннің өзінде де, олар тіпті де
қара бастың қамын ғана көздейтін аясы тар мақсаттағы саяси күрестің
кезекті кезеңдерін одан сайын ушықтыра түсуге арналмайды. Халықтың
сеніміне бөленген, олардың қандай да болсын белгілі бір тобының
қолдауына ие болып отырған адамдардың түрлі жарлықтар жапсырудан,
қызбалықты қоздыра түсіп, саяси көзқарастар бойынша жікке бөлінуге
шақырудан бас тартатын уақыты əлдеқашан жетті. Шындықтың бетіне
қаймықпай тура қарайтын кездің келгеніне көп болды: халық саяси айтыс-
тартыстың нəтижесіз бос мылжыңынан мезі болып бітті, ендігі жерде
179

қиындықтардан шығудың тиімді жолдарын табудың орнына оңшылдардың
немесе солшылдардың, демократтардың немесе консерваторлардың
арасынан қайдағы бір жағымсыздарды одан əрі шексіз іздестіре берумен
айналысу арқылы халықтың төзіміне қиянат жасауға болмайды. Тарихтың
өзі куə: біз ондай жағдайды басымыздан кешіргенбіз. Бəрін де қайта жасау
үшін ондай тағылым бізге өте-мөте қымбатқа түскен.
Қоғамымыздағы жағдай шиеленісіп, асқынып тұр. Сондықтан да
оған тап қазір түрлі дау-дамайлар мен қайшылықтарды шешудің
конституциялық, парламенттік тəсілдерінің шеңберінен шығып кететін,
«батыл қимылдарға» шақыратын жаңа ұрандар түрінде от тастап жіберу
барып тұрған ауыр қылмыс болар еді. Маған əдеттегі айқай-шуға толы
мəлімдемелер мен ұрандардың арғы жағында көбінесе кейбіреулердің
қазіргі дағдарыстан шығуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға
бағытталған нақты сындарлы да жасампаздық іс-қимыл бағдарламасын
ұсынуға деген кəдімгі қабілетсіздігі тұрған сияқты болып көрінеді. Мұның
үстіне, ондай бағдарламаны жүзеге асыру бəрінен де қиын екені байқалып
жүр. Өйткені мұның өзі іс жүзінде нағыз жасампаздық жұмысты талап етеді
— ал бұл дегеніңіз күн сайынғы азабы мол ауыр еңбек. Ол, қалыптасқан
əсерлерге қарағанда, көптеген саяси қайраткерлердің өзіне өзі құмары
қанғанша сүйсінбейінше, қызу манифестациялар өткізбейінше, əдеттегіден
тыс қызына сөйлеп, халыққа ду қол шапалақтатпайынша одан əрі өмір
сүруді ойлай да алмайтын жағдайға душар болуына төзбейтін еңбек.
Бізге керегі — қоғамдағы күштердің басын қосып, біріктіру, мұны
құрғақ ұран деуге тіпті де болмайды. Бəрімізді біріктіре алатын қуатты күш
ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың аман-саулығы,
республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен нығаюы
сияқты ортақ мақсаттарымыз күшті қызмет ете алады. Бұл жолда бізге саяси
күресте қара басының ғана қамын ойлайтын бақас есебі барлар ғана
қасақана жасанды тосқауылдар қоюға тырысады. Əрине, Қазақстанда өтіп
жатқан процестердің оңды сипатын асыра бағалауға батылым бармайды.
Бірақ, менің көзқарасым бойынша, ортақ проблемаларды мұндай
жауапкершілікпен түсіну қоғамдық өмірді демократияландырудың
барысында республикада пайда болған жаңа саяси партиялар мен
қозғалыстардың басым көпшілігіне тəн болып отыр. Қазір республикада
олардың саны жүзге жуық. Ортақ айқындамаларды анықтап алу үшін,
принципті сипаты жоқ қайшылықтарды болдырмау үшін, барлық
180

қазақстандықтар үшін өмірлік маңызы бар міндеттерді шешудің келісілген
іс-қимылын белгілеп алу үшін олардың көпшілігінің басшыларымен
кездесіп, сөйлестік те, əлі де сөйлесуге тура келіп жүр. Мұндай салауатты
ынтымақтастықта, менің ойымша, Қазақстандағы саяси жағдайдың
тұрақтылығын, мемлекеттік құрылымдардың қалыпты жағдайда қызмет ете
беруін, кəсіпорындардағы өндірістік тəртіпті сақтап қалудың маңызды
алғышарттарының негізі қаланған. Мұның өзі экономикамызда қазірдің
өзінде оңды өзгерістерге қол жеткізуімізге мүмкіндік беріп отыр.
Республикадағы түрлі саяси күштермен екі арада жүргізілген іскер
де сындарлы диалог ұлттық сезімге ойнау негізіндегі айла-шарғылардың
орын алуын түбірімен жоюға мүмкіндік берді. Қоғамдағы барлық
топтардың күшін біріктіретін интернационализм саясатын біздің сөз
жүзінде ғана емес, ең алдымен нақты іс жүзінде беріле қолдап
отырғанымызды, жүзден астам ұлттың өкілдері болып табылатын
халқымыздың, асырып айтпай-ақ қояйын, мейлінше басым көпшілігі
жақтайды. Қазақстанға тəн өзіндік ерекшеліктердің бірі оның байырғы
тұрғын халқы ең үлкен топ болғанымен де, жалпы халқының көпшілігін
құрай алмай отырған бірден-бір республика екендігінде. Тоталитарлық
тəртіптің қатыгездікпен қанағанына, бір кездегі көсемдердің
шамшылдықпен басынып, кемсіте қарағанына барынша төзіп келген қазақ
халқының қайғы-қасіретке толы тарихындағы сойқанды іс-əрекеттер
зардабы, міне, осындай. Бірақ қайта құру басталып, қазақтардың ұлттық
мəдениетін, салт-дəстүрлерін, тарихын қайта қарап, қайта өрлету жөніндегі
мəселені күн тəртібіне ақыры бір қоюға мүмкіндік туған кезде біз жəне бір
мəселенің мəнін тамаша түсіндік — сөйтсек, республика территориясын
мекендейтін барлық өзге халықтардың құқтары мен қадір-қасиеті де кем
қысым көрмей келеді екен.
Əрине, ұлттық проблемалардың қай-қайсысына келсек те барлығы
бірдей толық бірауызды қолдау тауып отырды деуге болмайды. Мысалы,
тіл туралы мəселе күшті дау туғызды. Байырғы тұрғын халықтың тілі
мемлекеттік мекемелерде қолданылудан қалып, күнделікті тұрмыстағы, «от
басы, ошақ қасындағы» тілге айналды. Қазақтардың өздерінің отыз
проценті дерлігі өз тілін мүлде білмеді немесе өте нашар білді. Атасы
немересімен өздерінің ана тілінде сөйлесе алмайтын халге жетті. Ал мұның
өзі жас ұрпақ ежелгі ата-тегіне жат бола түсті, рухани дəстүрлер
жалғастығы үзіле бастады, халықтың толыққанды бірегей мəдениетінің
181

түп-тамыры қиылуға бет алды деген сұмдық еді. Қалай дегенде де тіл
туралы мəселеде салауатты ақыл-ой мен жан-жақты ойластырылған шешім
үстем болды. Соның нəтижесінде біз өзге бірқатар республикалардағы тап
осы негізде пайда болған ұлттық жатырқаушылыққа ұрынбай өттік,
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің сессиясы республикада тұратын барлық ұлт
мүдделерін ескерген демократиялық заң қабылдады. Ол заң əр халықтың өз
ана тілін оқып-үйренуін жақсарту шараларын көздеді, тілдік принципте
қандай да болсын қысым жасаушылыққа жол бермеді.
Республикада тұратын барлық халықтардың мүдделері
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларацияда да
ескерілген. Оны қабылдау алдында аса маңызды ұлттық проблемалар
қоғамның түрлі топтары арасында кеңінен талқыланды, талқылау
барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың барлығына да
мұқият ұқыптылықпен талдау жасалды. Халықаралық құқтық
қатынастарда ең алдымен адамды қадірлеу жөніндегі қабылданған
қағиданы ескере отырып, Декларация республиканың барлық ұлттары мен
ұлыстарының, ұлтына, саяси көзқарасына, діни сеніміне қарамай, барлық
адамдардың толық теңдігін жариялады.
Республиканы мекендейтін халықтардың достығы — Қазақстанның
шын мəніндегі бірегей игілігі, байлығы. Ауыр сындарға толы ондаған
жылдар бойына бірге өмір сүріп келе жатқан қазақстандықтардың
барлығының да алған тағылымы ең маңызды бір ақиқатқа көз жеткізуіне
мүмкіндік берді: түрлі ұлт өкілдерінің арасында бөлісе алмайтын ештеңе де
жоқ. Оның үстіне, қай халық болса да, өзінің санына немесе этникалық
ерекшеліктеріне қарамай, ұлы деуге лайық. Өйткені кез келген халықтың
өткен өмірінде барлық адамдарды, бүкіл өркениетті адамзатты байытатын
ұлы тарих пен ұлы мəдениет бар. Шын мəніндегі ұлттық қадір-қасиетті,
салауатты ұлттық мақтанышты сезіну тап осындай түсініктен ғана бастау
алады. Республикада тұратын адамдардың санасына əсер етіп, із
қалдыратын жəне бір маңызды жағдай бар, ол — Қазақстанның атам
заманнан бері бүкіл еліміздің өмірімен ерекше тығыз байланыста болып
келе жатқандығы. Бұл жерде əңгіме тарихи қалыптасқан мықты
экономикалық байланыстар туралы ғана болып отырған жоқ. Республика
тұрғындарының бірнеше ұрпағының тағдыры олардың көпшілігі үшін
Қазақстан екінші Отанына, туған үйіне айналған жағдайда қалыптасты.
Оның есесіне бір жарым миллион қазақ туған республикасынан тыс
182

жерлерге қоныс тепкен. Тап сондықтан да мен Қазақстан бүкіл елімізбен
адамдардың терең тамыр жаюы арқылы берік байланысқан деген болар
едім. Барлық қазақстандықтардың өзіміздің біртұтас ұлы Отанымызға жан-
тəнімен адал берілуі де, оның болашағы үшін, Одағымыздың тағдыры үшін
мейлінше күшті сезіммен алаңдаушылық білдіріп отырғаны да, міне,
сондықтан.
Ал, біз Қазақстанның қиындықтарды жеңуде, одан əрі өркендеуде өз
жолы бар деген кезде алдымен қандай да болсын белгілі бір экономикалық
жəне əлеуметтік міндеттерді шешудің реепубликамыздың өзіне ғана тəн
айрықша ерекшеліктеріне байланысты мейлінше нақты тəсілдерін еске
аламыз. Бұл жерде кімнен болса да бөлініп кете қоюға, одақтық көлемдегі
көкейкесті зəру проблемалардан бойды алшақ салып, ерекшеленуге тырысу
əрекеттері атымен жоқ. Оның үстіне өмірдің өзі де біздің «өзімізбен өзіміз
болып», томаға-тұйық тіршілік етуімізге мұрша бермейді — өйткені біздің
бəріміз бір-бірімізбен мейлінше күшті байланыстамыз.
Сіз Қазақстанда президенттік басқаруды енгізуге алып келген
оқиғалар дамуының нақты логикасын көріп-біліп отырсыз. Бірақ сонымен
қатар мынадай да пікір бар: егер əр республиканың бас-басына өз
президенті болса, онда жаңа Одақтың біртұтас мемлекеттік организмінің
қалай жұмыс істей алатындығын ойша елестетудің өзі қиын. Сіз бұған не
жауап айта алар едіңіз?
Бұл мəселе жөнінде бір-біріне қарама-қайшы пікірлердің бар екені
маған белгілі. Республикада президенттік басқару институтын енгізген
кезде біздің қандай дəлелді негіздерді басшылыққа алғанымызды қайталап
айтпай-ақ қояйын. Содан бері өткен бір жылдың өзі де мұндай қадам
жасаудың өзін-өзі ақтағанын айқын көрсетіп берді ғой деп ойлаймын.
Біріншіден, ондай қадам жасамайынша, республиканың егемендігі туралы
Декларацияда қамтылған принциптерді дəйекті түрде жүзеге асыру мүмкін
болмас еді. Бұл жерде əңгіме əміршілдік-əкімшілдік жүйенің əлі де болса
күшін сақтап қалған буындарының өктемдік жасауынан, өзгелердің ішкі
істеріне қол сұғып, араласуынан егеменді мемлекетті оның өз Президенті
арқылы қорғау туралы болып отыр. Екіншіден, турасын айту керек, əзірше
Одақтық шартқа қол қойылмай тұрған кезде Одақтың мемлекеттік
құрылымының қай сатыда екендігі туралы сөз етудің өзі қиын. Жаңа,
біртұтас жаңартылған мемлекет дегеніміз əлі жоқ, ал оның ескі
принциптері қазірдің өзінде ешкімді де қанағаттандыра алмайды. Міне,
183

мұндай өтпелі кезеңде республикаға дəлдік пен айқындық өте-мөте қажет.
Мұндай көңіл-күй, шамасы, Қазақстан халқының басым көпшілігіне тəн
болса керек жəне, менің ойымша, біздің іс-қимылдарымыз тұтасымен
алғанда халықтың тарапынан қолдау мен құптау тауып отыр. Ақырында,
үшіншіден, қазір, əрбір күн қымбат, шұғыл шешілуін өмірдің өзі талап
ететін жаңа проблемалар алдымыздан ұдайы ұшырасып отырған кезде,
əрбір жасайтын қадамымызды парламенттік талқылауға салып жатуға
болмайды. Өйткені шұғыл шешілуі тиіс мəселелердің айтыс-тартысқа толы
талқылауға салынуынан қалай ұшы-қиыры жоқ ұзақ уақыт бойы шешілмей
келе жатқанын көріп жүрміз ғой.
Ал, республикалардың президенттері мен елдің Президенті
арасында тууы мүмкін қарама-қайшылықтар жөніндегі алаңдаушылыққа
келетін болсақ, мұның өзі көбінесе ойдан шығарылған нəрсе екендігіне
күмəнім жоқ. Мұндай қарама-қайшылықтар республикалар мен
орталықтың арасындағы өкілеттіктердің айқын белгіленуі арқылы өзінен-
өзі жойылады. Бұл жөнінде біз жоғарыда айтып өткенбіз. Екінші жағынан
алғанда, ортақ экономикалық кеңістіктің сақталып отырғаны жəне сақтала
беретіні белгілі. Біздің экономикамыз интеграцияланған, ал келешек
перспективада бұдан зор көлемде интеграцияланатын болады.
Республикалардағы президенттік басқару бұл процестің қолайлы дамуына
тек қана игі ықпал ететін болады.
Енді ең соңғы, маңызы тіпті де кем емес мəселеге келейік. Ол
еліміздегі халықтардың ондаған жылдар бойы басып-жаншылып келген
ұлттық сана-сезімінің өсе түсуіне байланысты. Республикалардағы
президенттік басқару институттары адамдардың салауатты ұлттық
мақтаныш сезіміне неғұрлым толық сəйкес келеді əрі сонымен қатар
ұлтаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса
маңызды факторы болып табылады.
Одақтық шарт қабылданып, одақтық жəне республикалық
заңдардың өзара қарым-қатынас мəселелері ретке келтірілген кезде, сөйтіп
ақырында еліміз қалыпты өмір сүре бастаған кезде бəрі де өзінің орын-
орнына келетініне жəне қандай қарама-қайшылық болса да өз- өзінен
жойылатынына өз басым кəміл сенемін. Меніңше, ескіше ойлаудың екпіні
бізді əлі де адастырып, шатастырып келеді. Ал мұның өзі əдеттегі
озбырлыққа ұласып жататын бұрынғы билігінің бір бөлшегінен болса да
айырылмауға тырысатындар үшін өте-мөте қажет.
184

Сіз Өзіңізге жəне Қазақстанның Президенті ретіндегі қызметіңізге
көптеген шетелдік жоғары дəрежелі саяси жəне мемлекет қайраткерлері
ерекше зор ынта-ықылас білдіріп отыр деп санайсыз ба? Егер осылай
болатын болса, мұндай құбылысты қалай түсіндірер едіңіз?
Менің ойымша, көптеген шет мемлекеттердің жетекшілері
біріншіден, тек маған ғана емес, екіншіден, менен гөрі елімізде болып
жатқан күрделі процестерге көбірек көңіл аударып, ынта-ықылас білдіріп
отырған болуы керек. Егер менің халықаралық дəрежедегі қыруар
қатынастардың нəтижесінде жасаған ең басты, негізгі қорытындым туралы
айтар болсам, оның өзі мынаған саяды: олардың бəрі де бізде біртұтас
мемлекет, демократиялық мемлекет болуын, экономика саласында оның
бүкіл өркениетті дүние жүріп келе жатқан жолмен ілгері жылжуын көруді
қалайды.
Өзімнің шетелдерге барған сапарларым кезінде де, Одағымызда өтіп
жүрген халықаралық кездесулерде де өз басым ешқандай шамшылдық
əрекеттер танытуға тырыспайтынымды ескерте кеткім келеді. Мен үшін ең
бастысы — Қазақстан халқының сенімін ақтау, экономикамызды нарықтық
қатынастарға тиімді жолмен көшіру арқылы адамдардың тұрмыс жағдайын
жақсартуға қол жеткізу үшін өзара пайдалы ынтымақтастық жолдарын
іздеп табу. Бұл орайда шетелдік дүниеде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың мəніне мүмкіндігінше тереңірек еніп, толығырақ түсінуге,
жетекші фирмалар мен компаниялардың басшыларымен іскерлік
байланыстар орнатып, дамыта түсуге тырысамын. Мысалы, менің Корея
мен АҚШ-қа барған сапарларымның бір нəтижесі өзіміздің сарапшылар
тобының құрамына белгілі мамандарды шақыру болып табылады. Ол
топтың жұмысы туралы жоғарыда айтып өттім.
Сөз реті келгенде айта кетейін, маған Корея Республикасының
Президенті Ро Де Умен танысуым үлкен əсер етті. Демократиялық сенімі
күшті адам ретінде ол біздің елімізбен дипломатиялық қарым-қатынас
орнату жолында көп іс тындырды. Бұл ретте М. С. Горбачевпен
əңгімелесуім кезінде корей жағының ізгі ниетті əрі достық пейілі бар екенін
растауым арқылы мемлекеттеріміздің арасындағы жан-жақты
байланыстарды дамытуға мен де өз үлесімді қостым ғой деп үміттенемін.
Менің Кореяға барып қайтуымның бір нəтижесі Қазақстанға көптеген
корей бизнесмендерінің келуі болып табылады. Олар біздің шаруашылық
басшыларымызбен қазірдің өзінде-ақ практика жүзінде ынтымақтастық
185

жасауға кірісіп кетті.
Таяуда Қазақстанда Түрік Республикасының Президенті Т. Озал
болып қайтты. Бұл жерде атап өтетін маңызды бір нəрсе—Түркия мен
Қазақстан халықтарының бір-бірімен ортақ тарихи жəне мəдени
тамырлары, дəстүрлері бар екендігі. Сөз арасында айта кетейін, Түркияда
бір кезде бізден барып, қоныстанып қалған қазақтардың үлкен қауымы бар,
ал олардың да Қазақстанмен рухани жəне іскерлік байланыстарды қайтадан
дамыта түсуге ынталана ұмтылып отырғаны мейлінше табиғи нəрсе.
Алайда шетелдік кəсіпқой адамдарды бізге ең алдымен қызықтырып
отырған нəрсе, əрине, республикадағы тұрақтылық жағдайы, аса бай
ресурстардың болуы, нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі тұрақты
саясат ұстануымыз сияқты факторлар. Міне, мұндай жағдайда біз
ынтымақтастық екі жаққа бірдей өзара тиімді болуы тиіс деген принципті
бұлжытпай ұстанамыз.
Менің бұл кездесулер туралы еске салуымның жəне бір себебі бар.
Осы екі елдің президенттері де, бизнесмендері де өндірістік қатынастар
саласында мейлінше қатаң тəртіп болмайынша, нарықтық қатынастарға
көшу мүмкін еместігін бір кісідей кесіп айтты. Осы пікірді тағы да
қайталап, айрықша атап өту қажет деп санаймын. Өйткені экономикадағы
демократияның мейлінше айқын шеңбері болуы тиіс.
Батыс елдеріндегі əріптестермен іскерлік байланыстар мысалының
тізімін одан əрі соза беруге де болар еді. Мысалы, менің АҚШ-қа барған
сапарым біздің еліміздің тарихындағы ең ірі халықаралық контракт жасау
ісіне байланысты болатын. Ол шарт (контракт) бойынша «Шеврон»
компаниясының Батыс Қазақстандағы мұнай шикізатын кешенді түрде
өңдеуге қатысуы көзделген. Осы контрактыны əзірлеуді аяқтауға жəне оған
қол қоюға қатысты мəселелерді біз АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы
Джеймс Бейкердің инициативасы бойынша Москвада өткен жекелей
кездесу кезінде талқыладық.
Мұндай байланыстар мен іскерлік инициативалардың қай-қайсысы
да, сайып келгенде, біздің экономикамызға өркениетті сипат беруге, оны
халықаралық интеграцияның қазіргі процесіне қосуға көмектесетініне мен
кəміл сенемін.
Бола ма, бордай тоза ма?
Шекспирдің əйгілі кейіпкерінің жанын жегідей жеп
толғандырған осы бір сұрапыл сұрақ дəл қазір күтпеген жерден бүйірге
186

қадалған шаншудай болып қарсы алдымыздан шыға келгені сонша,
миллиондаған адамдардың тағдырын тоғыстырған біздің байтақ
Отанымыздың тағдыры осының жауабына байланысты болып тұр дегенге
сенгің де келмейді.
Халықтың игілігін тартып алып, қайтадан шүлен тарату дегеніміз
тіпті де береке-молшылық пен əлеуметтік əділеттілікке жеткізетін жол емес
екенін тарих бізге əлдеқашан тағлым еткен-ақ сияқты. Бұл шындыққа
бəріміздің де көзіміз жеткен тəрізді. Бірақ жүрекке əмір жүрмейді деп тегін
айтпаса керек. Ауру калса да əдет қалмайды, ортақ қазанға, яки бөтен
қалтаға əйтеуір бір қол салып қалу қу əдетке айналғанына таң қалмасқа лаж
жоқ. Онымен бəрібір байып кетпесің де белгілі. Бірақ ең бастысы тепе-тең,
«əділ» бөліске салуда жатқан сияқты.
Кейбіреулердің ұлттық байлықты СОКП түйені түгімен жұтқандай
сорып жатыр деген жаңсақ ұғымын да əлдеқалай түсіндіруге болады.
Осыдан барады да: партияны талқандасақ, «байлыққа белшемізден батамыз
да қаламыз!» деген бейшара ұғым туындайды. Халықтың арасына мұндай
қауесетті лаулатып жіберу кімге тиімді екені де қазір құпия емес.
Партияның орнына кім таласып, кім қонжиғысы келетіні де қазірдің өзінде
көрер көзге айқын болып қалды.
Əлдекімдер ашық саясат дəрежесіне дейін көтеріп
жүрген мына бір жағдаятты түсіну əлдеқайда қиынырақ: əлденеше
ұрпақ өзінің табан ақы, маңдай терімен тірнектеп жинаған біздің ортақ
ұлттық дəулетімізді қалай да соңғы тамшысына дейін бөлгісі келетіндер
табылды. Жетпіс жылдан астам уақыттан бері сан миллиондаған адамдар
еңбегінің көбі ортақ қазанға кұйылды; елдің байлығына өз үлесімді қоссам,
онда күндердің күнінде мемлекет те мені несібесіз қалдырмас деп əркім-ақ
үміттеніп келді. Ал енді ақжарылқап күндерге ұмтылған кеңес
адамдарының осы бір адал ниетті талабы мен үмітін қиып тастап, алдауға
біздің қандай құқымыз бар? Егерде республикалар бас-басына тым-
тырақайлап, өздерінің ұлттық отауларына бөлініп алып, томаға-тұйық өмір
сүрсе, не болатынын бəріміз бірдей, жеріне жете ойланып, түсіне қойдық
па? Ау, біздің экономикамыз жайбарақат бөлісіп ала салатын батпан
құйрық емес қой. Бүгінгі таңдағы интеграция дəрежесіне жеткен шақта
қарға тамырлы болып кеткен экономикалық байланыстарымызды быт-шыт
етіп үзудің қаншалықты қатерлі екенін алдын-ала болжай білу үшін тіпті де
арнайы теориялық білімнің қажеті жоқ. Оның үстіне бір-біріне мүлде
187

тəуелсіз, жаңа мемлекеттерді құру дегеніңіз де өте қымбатқа түсетін іс
екенін дəлелдеп жатудың сірə, керегі бола қоймас. Егер де саясатқұмар
кейбір топтар мұндай сəн-салтанатқа жете аламыз деп бөссе, онда оны
қарық қылып кім қаржыландырмақ?
Тарихи прогрестің тендендияларына қарсы жүремін деу
астамшылық. Егер де біз өз өткен өмір жолымыздан əлі күнге дейін сабақ
алып үйренбесек, тым болмаса дүниежүзілік тарихқа тағы да бір көз
салайық та. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің басым көпшілігі үшін
сепаратизм — бөлшектену деген даму жолының əлдеқашан əрі десе ақыр-
тақыр өтіп кеткен кезеңі. Америка Құрама Штаттары біртұтас мемлекет
дəрежесіне конфедерация арқылы келді. Канада, Испания жəне басқа
елдердің де осындай кезеңдерден өткенін еске алуға болады. Ал қазіргі
уақытта Европа елдері бірлесіп, ұжымдасуға бейімделе бастады. Неге
десеңіз, мұның өзі қып-қызыл пайда көрінеді: мемлекеттік жəне баждық
тоскауылдарға, толып жатқан алым-салық, лицензия т. б. кедергілерге
кететін орасан шығындардан құтқарады екен. Əлбетте, сол АҚШ-тың
өзінде дəл бүгін əрбір штат біздің кез келген одақтас республикадан гөрі
əлдеқайда дербес, əлдекайда тəуелсіз. Ал, енді бұл қазіргі жаңармақ болып
жатқан, біз шын мəнінде көргіміз келетін одақтық мемлекетіміздің жаңару
жолдарына байланысты басқа мəселе.
Мен осыған дейінгі ой толғауымның орайында бұл мəселеге талай
рет тоқталдым. Қазір тек мен үшін «жаңарған Одақ» деген ұғым нақты
мəн-мағынаеы бар ұғым екенін ескерте кеткім келеді. Осы мəселе
төңірегінде парасатты ақыл-ойға кереғар келетін, күні бүгінге дейін
жалғасып келе жатқан алуан түрлі айла-шарғы атаулыға тыйым салатын
уақыт əлдеқашан жетті деп ойлаймын. Одақтас республикалардың
көпшілігі өздерінің едəуір түсінікті айқындамаларын жасап алды,
орталықтың жаңа мемлекеттік құрылыс жүйесіндегі аткаратын рөліне,
өкілеттіктердің ара жігін ажыратуға, азаматтық мəселесіне, аса маңызды
өзгерістердің кезек күттірмейтін басқа да шұғыл жағдайларға байланысты
принципті мəселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді. Осындай
өзара келісілген тұғырнама Одақтық шарттың жобасында өз көрінісін
тапқан. Былай қарағанда бəрі де түсінікті сияқты, бірақ оның көптеген
егжей-тегжейін нақтылай түсу үшін əлі қыруар жұмыс істеуге тура келеді.
Бірақ осы айкындықтың өзі де, неге екені белгісіз, жұрттың бəріне бірдей
ұнамайтын сияқты. Фактілердің өңін айналдыру, айтыс-тартысты жаңадан
188

шиеленістіру, қайткен күнде де ырың-жырың іріткі салу арқылы тұнық
суды лайлауға тырысып бағатын əрекеттер қайтадан байқала бастады. Ал
саяси қулық-сұмдыққа толы мұндай əрекеттерді түсіну тіс қаққан адамға да
қиын соғуы мүмкін. Маған осындай əрекеттердің тасасынан ең басты нəрсе
барған сайын айқын байқалатын сияқты көрінеді: кейбіреулердің жаңарған
Одақ қандай болуы тиіс екені туралы сөз еткісі де келмейтіні былай
тұрсын, тіпті олар күн тəртібіне жалпы алғанда ондай Одақ болсын ба,
бордай тозсын ба деген мəселені қоюға тырысып бағуда.
Пікірсайыстардың мұндай бағыт алуы, қазақстандықтардың басым
көпшілігіндегі сияқты менде де батыл наразылықтан өзге ешнəрсе де
тудыра алмайды. Дəл қазіргі жауапкершілігі мол сын сағатта Назарбаевтың
айқындамасын екіұшты етіп көрсетуге тырысушылық өкініш сезімін ғана
тудыра алады. Кейде тіпті өз атыма айтылған бейне бір айыптау сөздерін де
естіп қаламын: менің Одақты сақтап қалу жөніндегі айтқандарымның жəне
сонымен қатар орталықтың атына қатты-қатты сындар айта түсуімнің
арасында əлдебір қарама-қайшылық бар-мыс. Мен бұл жерде өз
айқындамамда ешқандай да қарама-қайшылық пен екіұштылық жоқ деп
ойлаймын. Менің айқындамам баяғыда-ақ қалыптасқан. Сөзім жалаң
болмас үшін бұған дейін сөйленген принципті сыпаттағы екі сөзіме қайта
оралғым келеді. Əуелі СОКП XXVIII съезінде сөйлеген сөзімді келтіре
кеткенім жөн болар деп ойлаймын. Ол мынау:
«Жүріп өткен қайта құру жолын бағалай келіп, біздің əрқайсымыз
қоғамдық жаңарудың даусыз инициаторы болған партияның көш
бастаушылық айқындамасынан айырыла бастағаны неліктен деген сұрақты
өзімізге қойғанымыз сөзсіз. СОКП демократияландыру мен жариялылықты
дамытуда, сталиншілдік тудырған əміршілдік-əкімгершілік жүйеге қарсы
күресте маңызды жетістіктерге ие бола тұра оқша бораған сынның астында
қалайша қалып қойды?
Меніңше, мұның негізгі себебі қайта құруды алдағы іс-қимылдардың
айқын жоспары жөнінде қам жасамастан, алдымызда айқын саяси жəне
идеялық бағдарларымыз болмай тұрып бастағанымызда болып отыр. Қазір
бəрі де — «оңшылдар» да, «солшылдар» да, тіпті ашықтан-ашық
социализмге қарсы күштердің көш басшыларына дейін демократиялық
ұрандарды қалқан етіп бүркемеленіп келеді. Мұндай жамыраған
дауыстардан адамдар көбінесе кімнің соңынан ерерін, кімге сенерін,
былайша айтқанда, қай құдайға сиынарын білмейді.
189

Ал біздің өзіміз қанша рет ұшқарылықтарға бардық десеңізші!
Осыдан екі-үш жыл бұрын-ақ рынок идеясынан мүлдем безінген едік жəне
осынау «баянсыз тірлік» туралы естігіміз де келмеді, ал бүгін ол ешкімге де
сондай болып көрінбейді. Балтық бойының жене еліміздің басқа да кейбір
аймақтарының коммунистері табандылықпен көтеріп отырған
республикалардың егемендігі мəселесі де дəл ссндай «аттандап» қарсы
алынды. Ал қазір егеменді мемлекеттердің одағын құруды өзіміз жақтап
отырмыз.
Сана эволюциясының фактісі, əрине, қуантады, алайда «сынақтар
мен қателіктер» əдісіне үміт арта отырып, біз алысқа бара аламыз ба?
Асығыс қабылданған, сонан соң күші жойылатын шешімдер партияның
беделіне жанға бататындай соққы беруде. Республикалардың барынша
дербестігіне бірден айқын бағыт ұстанған болсақ, қазіргі проблемалардың
көбінен арыла алған болар едік. Кем дегенде қазір аса ауыр экономикалық
келеңсіздіктердің жүгі астында орталықтың белі қайыспаған болар еді, ал
оларды жоюға көптен бері оның шамасы келмей отыр. Мысалы, өз
индустриясының 90 проценті Москва ведомстволарының бақылауында
болса, Қазақстан несімен көмектесе алмақ! Мұндай шектен тыс
орталықтандыру мен монополияландырудан бізге де, Одаққа да келер
ешқандай пайда жоқ.
Қайта құру басталғалы бес жыл өткен кезде елеулі кемшіліктерсіз
жүріп жатқан сала бізде жоқ екенін адал мойындауымыз керек, Шамасы,
бірден-бір сəтті жағдай қоғамды жаңартуға шын мəнінде нақты үлес
қосқан, төрешілдіктің арам шөптей қаулаған зиянды əрекеттерінің жаңару
үстіндегі қоғамның жас өскіндеріне тосқауыл болуына мұрша бермеген
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы ғана болар. Бірақ осы бір
күмəнсыз жетістігіміздің өзі де бізді келеңсіз жағдайларға душар етуде. Біз
жариялылыңтың, пікір алуандығының тəтті қиялына тым ұзақ беріліп,
берік экономикалық базис болмайынша бұл жетістіктердің мəні мардымсыз
екенін ұмытып кеттік. Өзінің тұрмыс дəрежесінің деңгейі айтарлықтай
төмендегенін халық сезінген кезде, барлық мүмкіндіктер біздің
қарсыластарымыздың қолында болып шықты.
Енді адамдар партияға əбден орынды талаптар қойып, бізге, партия
басшыларына да қатаң сұрақтар беруде. Ал біз қалай иландыра жауап
қайтара алмақпыз?
Партияның өзінің əлеуметтік тіректеріне қайта оралатын, СОКП —
190

жұмысшы табының партиясы екенін, тек оның барша мүдделерін білдіруші
ғана емес, сонымен бірге қорғаушысы да екенін партияның бекем
мəлімдейтін кезі əлдеқашан жетті ғой деп ойлаймын. Өкінішке қарай,
есепті баяндамада осынау принципті мəселе бойынша жіті айқындама тағы
да жоқ.
Саяси Бюроның кейбір мүшелерінің біз тыңдаған есептері онша көп
сенім ұялата қойған жоқ десем, сірə, көптеген делегаттардың пікірін
білдіретін шығармын. Егер жоғары партиялық штабқа кіретін бұл
коммунистер жұмысының стилі бұрынғы күйінде қалып, қайта құру
рухына сай келмей отырса, мұндай сенім қайдан пайда бола қойсын. Саяси
Бюроның мүшелерінде ең болмаса республикалар Компартиялары Орталық
Комитеттерінің бірінші хатшыларымен ақылдасып-кеңесуге уақыты,
шынтуайтына келгенде, ниеті де болған жоқ деп ойлаймын.
Бұрынғысындай ақиқат тек «жоғарыдан» ғана айтылды. Мысалды алыстан
іздеудің керегі жоқ. Тіпті елімізді рыноктық экономика арнасына көшіру
тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжат одақтас жəне автономиялы
республикалардың өкілетті өкілдерін тартпастан əзірленді. Оның бар екенін
тек қалың коммунистер бұқарасы ғана емес, сонымен бірге СОКП Орталық
Комитетінің мүшелері де Н. И. Рыжковтың ССРО Жоғарғы Советінің
сессиясындағы баяндамасынан ғана естіп білді.
Менің өзіме жоспарлы шаруашылықтан рынок стихиясына көшу
жолындағы осындай дүрлікпе, асығыс əзірлік ту сыртында күні бұрын
əзірленген айқындамалары жоқ армияның жанталаса шегінуін еске салады.
Сонда ондаған жылдар бойына дүниежүзілік экономикадағы рынок
проблемаларымен айналысып келген біздің көптеген ғалымдарымыз, тұтас
бір институттарымыз қайда болды деген сұрақ туады.
Біз нарық экономикасын жақтаймыз. Біз ең алдымен іскерлік
инициативаны, тапқырлықты, меншіктің алуан түрлі формаларын дамыту
арқылы өзімізге ашып беретін мүмкіндіктері бар нарықтық экономиканы
жақтаймыз. Бірақ сонымен бірге авантюризммен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын парасатты, сарабдал, мұқият есептелген тəуекелді
жақтаймыз. Қазіргі жағдайда рынок идеясының өзі таза экономика
шеңберінен алысқа ұзап шығып, өзінше бір топ- тастырушы негіз мəніне ие
боларына кəміл сенемін. Өйткені толымды рыноктық қатынастардың сөзсіз
шарты — ССР Одағының бірлігі, өйткені бұл қатынастар біздің елімізде
объективті түрде өмір сүріп отырған біртұтас халықшаруашылық кешеніне
191

ғана, республикалар арасында қалыптасқан экономикалық байланыстарға
ғана негізделе алады.
Осыған байланысты елдің тап қазіргі жағдайы, экономикалық
құлдырау мен халық шаруашылығын басқарудағы қожырау кезінде
бұқараның кең көлемде саяси белсенді бола түсуінің хауіпті фактісі ерекше
алаңдаушылық туғызбай тұра алмайды. Шарықтай түскен айырбас сауда
шарттық міндеттемелердің онсыз да солқылдақ жүйесін мүлдем мүшкіл
халге жеткізгендей. Біз үстіміздегі жылдың тапсырмаларын толық орындай
алмаудың нақты хаупінің алдында тұрмыз. Өкінішке орай, СОКП Орталық
Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Н. И. Рыжковтың есебінде осы хауіпке
жол бермеу шаралары туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ.
Біздің үкіметіміздің соңғы жылдар бойы ескі ведомстволық
кұрылымды мейлінше табандылықпен қызғыштай қорып келгенін,
əміршілдік стильге бой ұрып, еті үйреніп кеткен басшыларды барынша
қолдап келгенін байқамауға болмайды. Алайда ол кадрлар нарықтық
экономика қатынастары жағдайында экономиканы басқарудың тəсілдерін
түбегейлі өзгерте қоюға қабілетті деп үміттену қиын.
Идеологиялық жұмыс саласында алаңдайтын нəрселер көп. Ленинге
жəне ленинизмге əбден күйе жағылып, партияның идеялық негіздері
барынша арсыздықпен бұрмалануда, ал лайықты тойтарыс беретін ешкім
жоқ. Қазақстан Компартиясы XVII съезі делегаттарының ортақ пікірінше,
СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі В. А. Медведев
бастаған идеологиялық майдан қызметкерлерінің енжар, тіпті жасқаншақ
іс-қимылы партия күштерінің рухын түсіріп, совет адамдарының идеялық
сеніміне нұқсан келтірді.
Қайта құрудың нақты айқындамасының жоқтығы ұлтаралық
қатынастарға ерекше күйзелте салқынын тигізді. Көп ұлтты мемлекет
жағдайында нақ осы неғұрлым маңызды аспектінің қайта құру
инициаторларының назарынан мүлдем тыс қалғанына тек қана таңдануға
болады. Қазір біздің Қазақстан коммунистері түгел қолдап отырған
айқындамамыз — Советтік Социаистік Республикалардың жаңарған берік
Одағы, біртұтас СОКП деп қайталаудан танбаймыз да жалықпаймыз.
Елдегі барған сайын күшейіп келе жатқан сепаратистік жəне орталықтан
безгіш тенденциялар бізді қатты алаңдатуда. Бірақ М. С. Горбачев жиі
айтатын азаматтық келісімді, ұлттар мүдделерінің үйлесуін адамдар əлі
сезінбей отыр. Керісінше, əр түрлі аймақтарда езара қырқысу оты лаулап,
192

кінəсыз қан төгілуде. ССР Одағының халықтары өз Президентінен нақты
қорғауды жəне заңдылық орнатуды, праволық тəртіп пен реттілікті
нығайту жөнінде пəрменді шаралар қолдануын күтеді.
Одақ пен партияның ыдырауына жол бермеу үшін біз
республикалардың егемендігі туралы мəселені кешіктірмей шешуді
ұсынамыз. Егер жаңа Одақтық шарт үстіміздегі жылдың ішінде
қабылданбаса, елдің тағдыры неғайбыл болып кетуі мүмкін.
Қазірдің өзінде республикалық дəрежеде экономикалық, ғылыми-
техникалық жəне мəдени ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер
жасауға болады жəне жасау керек деп ойлаймыз. Жақында мұндай
келісімге Алматыда Орта Азия жəне Қазақстан республикалары басшылары
қол қойды. Жəне де біз оған қатысушылардың саны ұлғая түседі деп
сенеміз. Бізді сондай-ақ республикааралық көлбеу байланыстарды
нығайтуға ұмтылып отырған Россия Федерациясының жаңа
басшылығының ізгі ниеті қуантып отыр. Біз мұндай келісімдер біздің
одақтық шарттың негізін қалайды деп санаймыз.
Республика коммунистерін өте толғандырып жүрген тағы бір мəселе
бар. Мен партияның кейбір қайраткерлерінің қайта құрудың тек келеңсіз
жақтарын ғана көруге деген əуестігін мегзеп отырмын. Олар жақсыны
жаманмен шатастыру, нақты жəне жалған қателіктерге жармаса беру
арқылы біздің даму перспективаларымызды да, сондай-ақ өткен
жолымызда қол жеткен даусыз жетістіктерімізді де түгел сызып тастауға,
кесапат атаулының бəрі қайта құруда жатыр деп жұрттың бəрін де
иландыруға тырысып бағады. Бұл не — адасу ма əлде тоқырау уақытын
аңсау немесе партия бұқарасының бақылауында болудан қорқу ма?
Шамасы, осының бəрінің қосындысы болар.
Жаңару жолы бастапқыда ойлағанымыздан күрделірек, иірімі мол
болып шықты. Бірақ өткен бес жыл ішінде қоғамды демократиялық жолмен
қайта құрудың дағдыларына үйрендік. Сондықтан да біз жаңа, өзіміз үшін
тосын жағдайларда елімізге басшылық етудің қиындығына төзе жүріп
тəжірибе жинақтап келген адамдарға лайықты баға бермей тұра алмаймыз.
Оның үстіне, өзіміздің елімізді, өзіміз сайлап қойған басшыларды
құрметтеуді үйренетін уақыт жетті! Осыған байланысты мен Қазақстан
Компартиясы XVII сьезі делегаттарының пікірін хабарлауды өзімнің
парызым деп санаймын. Олар СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы
қызметіне Михаил Сергеевич Горбачевті ұсынуды бірауыздан жақтады.
193

Сөзімді аяқтай келіп, есепті баяндамада айтылған саяси егестің бел
алуына, қайта құрудың жетекші күші — СОКП-ның жікке бөлінуіне жол
беріп отыра алмаймыз деген тұжырымға қолдау білдіргім келеді. Түрлі
бағдарламалар мен тұғырнамаларға талдау жасау мүлдем қарама-қарсы
полюстерге қарағанда бізде бір-бірімен жанасып-ұласып жатқан
нəрселердің едəуір көп екенін көрсетеді. Біздің бəріміз халық тұрмысын
жақсартуды, дүниежүзілік аренада күшті, беделді мемлекеттің болуын
жақтаймыз. Бүгінгі таңда саяси мəміле — аса зор қажеттілік, барлық осы
мақсаттарға жетудің жалғыз ғана ықтимал жолы. Басқа таңдайтын
жолымыз жоқ».
Меніңше, өзімнің партия съезінде көтерген проблемаларым мен
ССРО Халық депутаттарының IV съезінде айтуды қажет деп тапқан
принципті қағидаларымның арасынан пəлендей қарама-қайшылықтар таба
қою қиын шығар. Ашығын айтайын, осы соңғы сөзімді орталықтағы
басшылық мейлінше кірпиязданып, жақтырмай қабылдады. Тіпті
кейбіреулер маған тайталасуға ұмтылып тұрған жоқ па деп күдіктене
қарады. Несі бар, əлдебіреулер бұған дейін əлдеқашан төзуге болмайтын əрі
еліміздің дамуына тежеу болып отырған құбылыстарға бас шұлғып, шыдай
беру негізінде күш-жігерді біріктіруге болады деп санаса, онда менің
жолым шынында да олармен бір бола алмайды. Өйткені əміршілдік-
əкімшілдік өктемдікке негізделген «бірліктің» бағасы қандай екендігі
мейлінше белгілі болған. Ал менің ойымша, біз əуелі өзімізді жікке бөліп
отырған нəрселерден арыла алған жағдайда ғана бірлесіп, топтаса аламыз.
Қалай дегенмен де менің айқындамам осы сөзімде барынша толық
білдірілген еді. Сондықтан да оның тексін келтіре кетейін:
«Көптеген парламент тілшілеріне соншалықты ұнап қалған астарлы
сөзді тағы да бір қолданып қалмақпын. Иə, біздер айтарлықтай кең, бəлкім,
сондықтан да болар, тым шабан əрі икемсіз кемемізде осымен төртінші рет
жиналып отырмыз. Егер бұрын саяси теңіз сəл ғана толқып жатқан болса,
қазір өте қатты буырқанып, тіпті шамырқанып тұр. Жол бастаушының
сенімсіздігін көрген команданың бір бөлігі басқару тізгінін қолына алып,
бағытты өзгертуге тырысып отырғанына таңдануға бола қояр ма екен?
Екінші бір бөлігі жүзу сапарын дербес жалғастыруға үміттеніп, құтқару
кайықтарына мінуге асығып жатыр. Ал үшінші бөлігі біз əлі де болса
оншалықты ұзай қоймаған ескі жағалауға қайтып оралуға көп үміт артып
отыр. Бұған Брежневтің бұрынғы серіктері арасындағы жандану əрекеттері
194

дəлел бола алады.
Біз алты жылдан бері табан тіресе күресіп келе жатқан əміршіл-
əкімшіл жүйенің қанаты қайырылды деу тек елес қана. Ол əлі де сынған
жоқ!
Орталық аппараттың қатаң уысы босаңсып, республикалардың
жария етілген егемендігі ведомстволардың тас түйін айқындамаларын
шайқалта алды ма? Ашығын айтайын, біздің егемендігімізді олар мүлдем
елер емес! Сыртқы экономикалық қызмет бұрынғысынша солардың
қолында, біздің валюта табу əрекеттерімізге Президенттің үкімет əзірлеген,
əділ экономикалық заңдарды төпелеп, күштейтін жарлықтары
бұрынғысынша тосқауыл болуда. Мынаны айтыңыздаршы: заңды етілген
тонауға көніп, өзі тапқан валютаның 95 процентін мемлекетке беретін
аңғал əрі қамқор жанды қайдан таба алар едіңіздер? Нарыққа көшудің
жалпы ешқандай бағдарламасын қабылдамай, нақты жоспарды ешқандай
міндет жүктемейтін негізгі бағыттармен ауыстырып, біз жеңіліске
ұшыраған жоқпыз ба?
ССРО Министрлер Кеңесінің соңғы əрекеттерін жалпы алғанда
еліміздің бірыңғай экономикалық кеңістігін бүлдіруге бағытталған
бүркемеленген диверсиямен ғана салыстыруға болады. Мен шикізат
ресурстарына нақты көтерме сауда бағаларын енгізу, ауылшаруашылық
өнімін сатып алу бағасын арттыру жəне салық салудың жаңа тəртібі туралы
айтып тұрмын. Гəп тіпті барлық осы актілердің республикаларға елеулі
экономикалық нұқсан келтіріп отырғанында да емес.
Басқа бір нəрсе — үкіметтің бөлшек сауда бағаларын аймақтардың
қарауына беруі əлдеқайда хауіпті. Мұның неліктен істеліп отырғаны
түсінікті: бағамен «қақпақыл ойнаудың» қандайы болсын халық арасында
абырой əпермейді. Міне, сондықтан да үкімет жауапкершілікті
республикаларға жүктеуге тырысуда. Бірақ, айталық, Өзбекстанда бір баға,
Қазақстанда басқа баға, ал Россияда үшінші баға болса, елде қандай
алыпсатарлықтың басталатынын, халықтың иығына қандай қосымша
ауыртпалық түсетінін көз алдыңа елестету оңай!
Мүлдем ашық айтатын мезгіл жетті: экономикалық реформаны
жүзеге асырудағы қателіктер елді оның тарихында болып көрмеген, көп
ұзамай-ақ басталатын дағдарыс шегіне жеткізді.
Біз өз Президентіміздің дипломатиялық дарынын бағалаймыз. Бірақ
сол дарынды батыл іс-қимылдарға нұқсан келтіре отырып үсті-үстіне
195

пайдалану ащы жемісін бере бастағанға ұқсайды. Үкіметтің нарыққа көшу
жөніндегі өлі туған бағдарламасына үкіметтің беделін сақтау үшін жасанды
түрде жан бітіру — тіпті де мəз боларлық мəміле емес. «Жабы ат пен сұлу
қүралайды бір арбаға жегуге болмайтыны» белгілі ғой! Ал біз болсақ бүкіл
болмысы бір- біріне қарама-қайшы екі жақты табыстырып, енді табиғатқа
қайшы некенің нəтижесінде, былайша айтқанда, қандай құбыжықтың
пайда болатынын күтіп отырмыз.
Саяси ептілік біздің нарық экономикасына қарай алға басуымызды
құр елеске айналдырып отыр. Еліміз миллиардтаған сом несие алып жатыр,
ал олардың орынды пайдаланылатынына ешқандай кепіл жоқ. Біз нарыққа
даярлығы мол, нарық қатынастарын бүге-шігесіне дейін білетін адамдарсыз
қадам басып отырмыз. Экономикадағы мұндай жауапсыздыққа тіпті
тоталитарлық жүйе де бара алмаған еді. Естеріңізге түсіріңіздерші,
индустрияландыру қарсаңында жүздеген совет инженерлері тағылым алу
үшін Батыс елдеріне жіберіліп, біздің өнеркəсіп орындарымызда соншама
шетелдік «мамандар» жұмыс істеген еді ғой. Ұзақ мерзімді іскер
перспективаға емес, қайта əп-сəттік экономикалық сұғанақтыққа
бағдарланған отандық кəсіпкерліктің тым тұрпайылануына таңдану қажет
пе!
Мəселенің басын ашып алу үшін мынаны айтқым келеді: мен
стратегиялық тұрғыдан алғанда М. С. Горбачевтің бағытына қосыламын
жəне осы айқындамада нық тұрмын. Алайда қайта құру саясаты, менің
ойымша, ел ішінде тактиканы өзгертуді, аса маңызды бағыттарда батыл іс-
қимылдар жасауды талап етеді.
Демократияландыру туралы əсем сөздердің сірнесіне шашалған
еліміздің ырзық іздеп, Европаның бай «дастарқандарына» телміре қарап,
қол жая бастаған саясатпен келісе алмаймын. Жəбір шегіп, қорлық көрген
халық сізден, Михаил Сергеевич, жəне сізден, Николай Иванович, мынаны
сұрауға хақылы: біздің машина жасау саламызды жаңғырту жөніндегі
уəденің жəне соншалықты кеңінен жарнамалаған конверсияның жемісі
қайда? Ғылыми-техникалық прогрестің өз кезінде белгіленген
бағдарламасының нақты нəтижелері қайда? Ауыл шаруашылығы өнімдерін
ұқсату ісін дамытуға бөлінген 77 миллиард сом қайда? Біз қайта құруды
бастаған осы практикалық қадамдар əбден дұрыс болатын. Алайда ізгі
ниеттер, құмға сіңгендей, саяси көпірме сөздің астында қалды. Бүгінгі
таңда қорғаныс кəсіпорындарының таңдаулы инженерлері, ең білікті
196

жұмысшылары қарапайым кастрюльдерді қалай шығарамыз деп бас
қатыруда. ССРО Мемлекет хауіпсіздігі комитеті Батыста шығарылатын,
халық тұтынатын қарапайым бұйымдар көрмесін əзірлегенін айтсам,
мемлекеттің үлкен құпиясын ашпаспын деп ойлаймын. Жолдастарға
рақмет, көрме шынында да көз тартады. Бірақ Мемлекет хауіпсіздігі
органдары осындай істермен шұғылдана бастаған болса, онда бізге
Министрлер Кеңесінің аппараты не үшін керек! Бұл туралы айту ұят əрі
жанға батады...
Осыған байланысты мынаны тікелей сұрағым келеді:
жіберілген қателерді нəтижесіз сынаумен жəне өзімізді өзіміз кінəлаумен біз
əлі де ұзақ айналыса береміз бе? Біздің мына сұрақтарға жауап алуымыз
керек: егер баға қымбаттайтын болса, өтем бола ма? 1991 жылға Одақ пен
республикалардың бюджеті қандай болмақ? Біз нарық экономикасына
көшеміз бе? Əзірше жауаптар жоқ. Нарыққа көшуді қазіргі үкіметке сеніп
тапсыру — істі күні бұрын бүлдіру деген сөз. Нарық қатынастарын жасау
— оған мүлдем жат міндет. Сондықтан мен сіздерді батыл қадам жасауға —
парасатқа жəне Шаталин — Явлинский бағдарламасының
тұжырымдамасына қайтып оралып, оны қабылдауға шақырамын. Əлбетте,
қазіргі дағдарысты жағдайға нақты түрде барынша сай келетіндей етіп
пысықтау арқылы ғана. Айтпақшы, Явлинский жолдастың орнынан түсу
жөніндегі өтінішін біздің үкіметімізге мүлдем сөз өтпейтініне
жұртшылықтың назарын ақыр соңында аударудың жанкешті əрекеті деп
бағалау керек.
Соңғы кезде «егемендіктер шеруі» дейтіндер жөнінде көптеген
мысқылдар айтылып жүр. Иə, «шеру» болып өтті, бірақ одан тек
жершілдіктің, тек қана шамшылдық мүдделердің ғана белгісін көріп, сол
процесті туғызған терең себептерді байқамай отырғандар қатты қателеседі.
Ал себептер орталық биліктің дəрменсіздігінде, өздерінің өктемшіл
праволарынан айрылғысы келмей отырған жəне айырылуға ешқашан
көнбейтін ведомстволардың менмендігінде жатыр. Экономиканың
қожырауы да, қылмыстың өсуі де, ұлтаралық жанжалдарда қан төгілуі де
содан. Өздерін орталықтың тұрақсыздандырушы саясатынан аздап болса да
шектеуге тырысып отырған республикаларға тас лақтыруға бола ма? Төніп
келе жатқан аласапыран кезінде өзін-өзі сақтаудың қалыпты сезімдерін
көрсетіп отырғаны үшін ғана оларды жікшілдер деп айыптауға бола ма?
Одан да зорын айтайын: өткен ондаған жылдардың ішінде
197

орталықтың ұйымдастырушылық роліне үйренген біздер егемендік туралы
декларациялар барынша тиімді бола алатын, көлбеу байланыстар
бұзылуының қар көшкініндей екпінді процесін тоқтата алатын сəтті өткізіп
алдық. Республикалар ендігі жерде одан əрі күте алмайды, олар дербес іс-
қимыл жасап, Одақ үшін жауапкершілікті өзіне алып отыр. Олардың саяси
жəне экономикалық дербестігі — əрбір республиканың жеке-жеке жəне
барлық республикалардың бірге қалыпты дамуының бірден-бір ықтимал
жолы.
Мен, мысалы, біздің Одақ ыдырай бастады дегенді естіген кезімде
үрейге берілуге бейім емеспін. Бұл үшін орталықты тым қатты кінəлауға да
бейім емеспін. Неліктен екенін білесіздер ме? Өйткені ерте ме, кеш пе,
мұндай нəрсе болуға тиіс еді. Іргетасы дұрыс қаланбаған ғимарат ұзақ тұра
алмайды. 1985 жылғы сəуірдегі салауатты ойдың алғашқы алтын күрек лебі
бізге осыны айқын көрсетіп берді. Біздің ортақ үйіміздің іс жүзіндегі дұрыс
лениндік жобасын қолынан ештеңе келмейтін прорабтар жүзеге асырып
келді. Өйткені орталықтың төңірегіне біріккен республикалар емес, қайта
орталық республикаларды өзіне «матап байлап алған» болатын. Міне,
сондықтан да қазір ыдыраудың объективті процесі өтіп жатыр. Жəне
сонымен бірге жаңа Одақ пайда болып келеді, бұл сірə, біздің қазіргі
күнделікті күйкі тіршілігіміздегі ең жарқын оқиға болар. Мен бір-бірінің
егемендігі танылған, қалыптасқан шекаралар қуатталған, ең тиімді тікелей
экономикалық байланыстар орнатылып, əрбір жақтың мүдделері
үйлестіріліп жатқан республикалар арасындағы шарттарға қол қойылуын
айтып тұрмын. Жаңа Одақтық шарттың негізі, біздің жаңарған
федерациямыздың іргетасы, негізгі конструкциялары нақ сол құжаттар
екеніне кəміл сенемін, Қазақстан осындай құжаттарды жақтайды.
Республикалар екі жақты жəне көпжақты шарттар арқылы өздерін
орталыққа қарсы қойып отыр-мыс деген сөздер естіліп қалып жүр. Ал біз
дау айтпаймыз: шынында да қарсы қойып отыр! Бірақ нақ тоталитарлық,
бəрін де, барлығын да басып-жаныштайтын, əміршіл-əкімшіл жүйенің
бейнесі болып табылатын, елді меңіреу тұйыққа тіреген орталыққа қарсы
қойып отыр. Ал тұйықтан шығатын жол біреу — ол артқа қарай жүру.
Сондықтан біз талай ондаған жылдар бойы көз жұмып сеніп келген, соңғы
уақытқа дейін мызғымай тұрған шындықты кері қарай оқу керек. Сонда
бəрі де орын-орнына келеді: республикалардың қалай тұруы керек екенін
орталық айқындамайды, қайта орталықтың қандай болатынын, оған
198

қандай өкілеттіктер беру керек екенін республикалар шешеді.
Одақтық шарттың нақты мазмұнын біздің бірлесіп анықтауымыз
керек. Бірақ жарыссөздің қай кезінде болсын, түпкілікті шешім əзірлеудің
қай сəтінде болсын оның басты мақсатын ұмытпайық. Ол, меніңше, былай
тұжырымдалуға тиіс: біздің көп ұлтты елімізді, егеменді мемлекеттер
Одағын интеграция, рухани бірлік, біздің халықтарымыздың саяси жəне
əлеуметтік-экономикалық топтасуы жолында батыл түрде жаңарту керек».
Несі бар, партия сьезінде, Одақ халық депутаттарының соңғы
съезінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында елдің басшылығы
атына менің айтып жүрген сындарым, бəлкім, кейбіреулерге шын мəнінде
тым қатты болып көрінетін де шығар. Алайда мен өзімнің сын
ескертпелерімді, біріншіден, толық негізі бар, екіншіден, логикасы бар əрі
жүйелі деп санап келдім, қазір де солай санаймын. Былайша алғанда дұрыс
стратегиялық бағытты одақтық басшылықтың жалпы қайта құруды
тежейтін, республикалардың орталық тарапынан əлі де жасалып келе
жатқан, намысқа тиетін ұсақ-түйек қамқорлықтан, олардың əрбір басқан
қадамы қандай болуы керектігін жоғарыдан белгілеп беріп, реттеп отыруға,
сөйтіп өздерінің жасампаздық инициативасын шырмап байлап отыруға
ұмтылуынан құтылуына кесірін тигізетін тəсілдермен жүзеге асыруына
тіпті де болмайды. Өйткені қазірге дейін, одақтық Кабинет құрылғаннан
кейін де, орталық органдардың тіпті жекелеген кəсіпорындардың іс-
əрекеттеріне əкімгершілікпен араласуы тыйылмай келеді. Міне, мұндай
жағдайда кез келген салауатты сынның ортақ іске пайдалы болатынына,
онсыз алдағы кезде ілгері жылжи алмайтынымызға кəміл сенемін. Мұндай
сын ел үшін өмірлік маңызы бар көптеген проблемаларды шешуде алға
басуымызға қазірдің өзінде-ақ едəуір оң ықпалын тигізді ғой деп
ойлаймын. ССРО-ны егеменді мемлекеттердің Одағы ретінде жаңарту
жөнінде республикалардың басым көпшілігі ұсынған жəне олардың
арасында өзара келісілген негіз қалаушы принциптерге көрсетіліп жүрген
қарсылықты, бірден, тез болмаса да. əйтеуір бірте-бірте жеңудің сəті түсіп
келеді.
Мен сонымен қатар одақтық басшылықтың қоғамымыздағы күш-
жігерді біріктіру жөніндегі адал ниетті кажырлы іс-əрекеттерінің бəрін де
батыл қолдаймын. Оның ақыл-парасатқа толы іс-əрекеттеріне ешқандай
негізсіз сынампаздықпен жасалып жүрген шабуылды түсіне алмаймын.
Өйткені жақсылыққа қарай жасалған кез келген қадамды орталықтың
199

белгілеген шарасы болғандықтан ғана кейде ə дегеннен-ақ аяқтан шалып
қалуға тырысушылық бар. Байсалды саясатты «Əйтеуір карсы болу, əйтеуір
аяқтан шалып қалу» принципі бойынша жүргізуге болмайды. Мұның өзі
біздің осы уақытқа дейін елімізде іс-қимылдың жалпы, келісілген
бағдарламасы болмай отырғанына, аса маңызды жалпы мемлекеттік
проблемаларды аттың жалы, түйенің комында асығыс шешуге мəжбүр
болуға қазірдің өзінде ұрындырып отыр. Дəл қазір мен бұл үшін кінəның
ауыры кімге түсерін айтып бергелі отырған жоқпын.
Егер кімде-кім жаңарған Одақтың кұрамында өзгелермен бірге
болғымыз келмейді деп шынымен-ақ санаса, онда «сойылмен соғып
сүйкімді бола алмайсың» деген қағиданы ескеру керек. Бірақ қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған жақсы өмірге жеке-жеке жүріп-ақ тез жетуге
болады-мыс деген қисынсыз тəтті қиялға беріліп, адам өзін де, өзгелерді де
ұдайы алдай бере алады деп тіпті де ойламаймын. Болашақ жаңа
мемлекетіміздің Одақтық шартты əзірлеуге қатысып отырған
республикаларды қамтитын негізгі шоғыры қазірдің өзінде қаланды. Оның
беріктігінің негіздері — қазіргі он бес республиканы бірге алғанда олардың
иелігіндегі байлықтың кем дегенде 80 проценті болып табылатын қуатты
экономикалық потенциал. Сондықтан да кімді болса да өз соңыңнан
арқанмен тартып сүйрелеудің тіпті де қажеті жоқ. Өздері ойланып-
толғанып көрсін — қандай таңдау қажет болатынын уақыт өзі айтады.
Бірақ мұның өзі істің тек салқын экономикалық есеп- қисапқа
құрылған бір жағы ғана. Қазір Одақтан теріс айналып кеткісі келетіндер
дегенмен де жəне бір нəрсені ескеріп, ең алдымен өз елінен тыс, шет жерде
өмір сүргісі келмейтін миллиондаған адамдардың тағдыры не болмақ деген
мəселені терең ойластырулары керек. Менің өз басым қалай дегенде де
қазір өздерінің туған республикаларынан тыс жерлерде тұратын 70
миллион адамды, аралас некеге тұру арқылы құрылған миллиондаған
жанұяны бір-бірімен тығыз байланыстыратын туыстық берік торапты қалай
қырқып тастауға болатынын елестете қою өте-мөте қиын деп ойлаймын.
Адамдарды бір ғана ұлы Отанның перзенті болу жөніндегі қасиетті сезімі
үшін кінəлауға тіпті де болмайды. Ал, егер бұл сезім бөлектенушілердің
саяси шамшылдығынан гөрі күштірек болып шыққан жағдайда не істеу
керек?
Қалай дегенде де біздің бəріміз де кезекті тəжірибелердің
нəтижелерін күтпей, қайта олардың ықтимал салдарларының қандай
200

болатынын байсалдылықпен тағы да терең ойланғанымыз жөн. Тіпті
таяуда ғана Қазақстан Жоғарғы Кеңесі біздің ортақ Отанымызды егеменді
мемлекеттердің жаңартылған ынтымақтастығы негізінде сақтап қалу
жөніндегі берік айқындамасы мен тиянақты шешімін ашып айтты. Біздегі
халық депутаттары бір ауыздан колдаған ССР Одағы республикаларының
барлық Жоғарғы Кеңестеріне арналған Үндеуде қазақстандықтардың
басым көпшілігінің ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ тағдырымызға
немқұрайлы қарай алмайтын əрбір кеңес адамының арман-мақсаттары
айқын бейнеленді ғой деп ойлаймын. Бұл құжаттың мазмұны өздеріне əлі
де түпкілікті таңдау жасай қоймағандардың жүректеріне жол тауып,
қолдауға ие болады ғой деп үміттенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет