Баспадан Қара нанның дәмі Алғашқы тәлімгерлер Ыстық стаж Тұйық шеңбер Мәселелер осылай шешілетін Уақыт перзенттері Ескі екпін күшімен Біреудің қатесі үшін біреу



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата28.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

М селелер осылай шешілетін
Қай қиырға салсақ та, өміріміздің бұдан былайғы жолдары туралы
айтыс-тартыстар барысында ең басты сауалға — саяси дағдарыстың,
ұлтаралық қатынастар саласындағы дағдарыстың жəне өзге де бірталай
ауыр əлеуметтік құбылыстардың салдарынан одан əрі шиеленіске түскен
экономикалық дағдарыстан елді қалай алып шығуға болады? — деген
сұраққа əлі ешкім де ақылға қонымды жауап берген жоқ. Ортақ
шаңырағымыздың жаңа құрылымының жəне онда шаруашылықты жүргізу
принциптерінің көптеген тамаша кабинеттік үлгілерін жасауға болады,
əрине. Бұл үлгілердің практикада өмірге бейім болуы мүмкін деуге де жəне
тіпті солай деп келісуге де болады. Өйткені қазір бізге кей жағдайда жаңа
нəрсе деп əдетте өзге елдерде бұған дейін жəне өзін жақсы жағынан
көрсете білген дайын рецептер ғана ұсынылып жүрген жоқ па? Бірақ сол
жаңартылған үйге қалай жəне қандай жолмен кіре алатынымызды өзіміздің
түсінуіміз бен өзгелерге түсіндіру əлдеқайда қиын болып шықты.
Шынында да онда бізді кезекті, алдын ала болжай білмеген кедергілер күтіп
тұрған жоқ па? Ол кедергіні жоямыз деп жүріп, бүкіл қорымызды сарқып,
ақырғы күшімізді жұмсап титықтап қалмаймыз ба?
Өзіміз талай рет басымыздан кешкен жəне əлі де кез болып жүрген
көптеген қырсық атаулының бəрі де маған мынадан өрбіп жатқан сияқты
көрінеді: біз өзімізде не бар, не жоғын, одан нені қалдырып, неден бас
тартуымыз керек екенін тым бұлыңғыр түсінеміз. Өкінішке орай, бұл жерде
де не бəрін алуымыз керек, не бəрінен бас тартуымыз керек деген
үйреншікті баламалы əркет басым түсіп отыр. Жоспарлы социалистік
экономиканы жақтаушылар мен оның қарсыластарының арасында қиян-
кескі пікірталастың өрши түсіп жатқаны кездейсоқ нəрсе емес. Қоғамның
пайдасы үшін жұмсауға болатын қаншама күш-жігердің осы айтыс-
тартыстар барысында босқа рəсуа болып, текке кетіп жатқанын көргенде
жаның ауырады. Өйткені мұндай айтыс-тартыстың тіпті де қисыны жоқ
екеніне өз басым кəміл сенемін. Яғни ондай қисын бұрын да ешқашан
болған емес. Қалай дегенде де соңғы отыз жылда бізде ешқандай жоспарлы
экономика да, немесе жоспарлы шаруашылық та болған жоқ. Егер бірдеңе
болды десек, оның өзі – жағдайға бейімделгіш жағымпаз қоғамтанушы-
ғалымдар мен экономистердің ойдан шығарған термин сөздері ғана. Ал ол
терминдердің тасасында шаруашылықты жүргізудің əлдебір өзгеше
96

тəсілдері емес, қайта əміршілдік- əкімшілдік жүйе тудырған шектен шыққан
сұмдық ысырапқорлық пен жауапсыздық қана жатты.
Ат төбеліндей басшы топтың шындыққа жанаса бермейтін
қағидаларына қызмет етуді көздеген қоғамдық ғылымдарымыздың өмірге
ілесе алмай, «артта қалушылығы» да бізге өткенімізден мұра болып қалған
зардабы мол қасіреттеріміздің бірі. Қазір біз теориялық тұрғыдан алғанда
мүлдем қарусызданып, дəрменсіз күйде қалдық. Кезінде бір күні биік
мінберден айтылып қалған «экономика үнемшіл болуы тиіс» дейтін бір
ауыз сөздің төңірегінде қаншама жалған ғылыми трактаттар жазылғанын
еске түсірейікші. Ел басшысының кезекті ауысуы бола салысымен нақты
ойлау жағына қарай бет бұру сеғзіле бастаған бойда-ақ қоғамдық
прогрестің заңдылығы жəне ұзаққа созылатын кезеңі – кемелденген
социализмнің тұтас бір «теориясы» пайда бола кетті. Болған нəрсенің бəрін
тізіп шығу мүмкін де емес. Ол — өз алдына бөлек əңгіменің тақырыбы.
Енді «теоретиктеріміздің» құлағын шулатпай қоя тұрып, практикада не
болғанына көз жүгіртейік.
Практика жүзінде кең ауқымды экономикалық проблемаларды
шешудің басты құралы сонау 1867 жылы шотландиялық Александер Белл
ойлап тауып, патентін алған кəдімгі телефон болатын. Мысалы, жоғарыда
айтып өткенімдей, Семей тон-мех заводының қайта құрылып, қайта
жабдықталуы осылай жүзеге асырылған-ды. Бұл мəселе бойынша мен М. С.
Горбачевке кірген едім. Ол кезде М. С. Горбачев Саяси Бюрода ауыл
шаруашылығы мен жеңіл өнеркəсіпке басшылық жасайтын. Оған
Қазақстанда жергілікті шикізаттан тері тон шығару сияқты өте маңызды
өндірісті жолға қоюға болатынын айтып түсіндірдім. Ол жеңіл өнеркəсіп
министрі Тарасовқа телефон соқты. Жарты жылдан кейін біз шетелдік
жабдықтар алдық.
Өндіргіш күштерді орналастыру сияқты маңызды стратегиялық
мəселелер əркімнің ықтиярымен қалай болса солай шешіле салатын.
Айталық, артық жұмыс күші жинақталып қалған жерлерге күнделікті
халық тұтынатын бұйымдар шығаратын шағын кəсіпорындар салудың
орнына 10—15 мың жұмысшы орны бар алып кəсіпорындар —«салалық
флагмандар» бой көтеретін. Мəселен, əйелдерді еңбекке орналастыру керек
деген ниетпен Қостанайда аса ірі мəуіті-шұға комбинаты салынды.
Əйелдерді жұмысқа əрең дегенде орналастырып біткен кезде енді тұрғын
халықтың арасында ерлердің үлес салмағы күрт кеміп кеткенін байқадық.
97

Бір қалада, шамасы Елабугада ғой деймін, дизельді двигательдер жасайтын
завод салынбақшы дегенді ойда-жоқта құлағым шалып қалды. Ақылға
салып қарасам, бұл заводтың Қостанайда салынғаны тиімді көрінді. Сонда
елеулі экономикалық проблемалар да, демографиялық қиындықтар да
бірден шешілген болар еді.
Тағы да Москваға бардым, А. П. Кириленкоға телефон соқтым. Ол
мені жылы қабылдады. Неге екенін қайдам, тіпті бетімнен сүйіп қарсы
алды, өз қасына отыруға шақырды. Біздің ойымыз бен жоспарларымызды
түп-түгел, əрі, өзімнің ойымша, оның көзін жеткізетіндей етіп егжей-
тегжейлі айтып бердім ғой деймін. Байқаймын, тым самарқау тыңдап отыр,
сөзім айдалаға кетіп жатқан сияқты. Осындай əдеттен тыс оғаш əңгімеден
кейін мынадай сұрақ қойды:
— Сонымен сенікі қандай проблема?
— Андрей Павлович, дизельді двигательдер шығаратын завод
Қазақстанда салынса деген өтінішім бар.
Сол кезде Орталық Комитеттің бөлім меңгерушісі Фроловты
шақырып алды. Автомобиль өнеркəсібінің министрі Поляковқа телефон
соғылды. Мəселе бас- аяғы он минөтте шешілді де қалды.
Барлық елеулі экономикалық мəселелер осылай шешіле беретін.
Əсіресе Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып
тағайындалғаннан кейін мен талай көңілсіз жайттардың куəсы болдым.
Жаңа қызметте өз міндеттерімді орындауға кіріскенім де сол еді,
республикалық мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы келді. Ол
өзінің барлық орынбасарларына жəне бөлім бастықтарына олардың бір
айлық жалақысы мөлшерінде сыйлық беруімді өтінді.
— Сыйлықты қандай еңбектеріңіз үшін алмақсыздар?— деп
таңдана сұрадым.
— Сіз біздің алдағы жаңа жылдың жоспарын қорғау үшін
Москваға жүргелі жатқанымызды білмеуші ме едіңіз?
— Ал білдік. Онда не тұр?
— Онда ССРО Жоспарлау комитетінің барлық бөлім
бастықтарымен жұмыс істеуіміз, оларды мейманханаға шақыруымыз, дəм
татыруымыз керек қой.
Арада екі күн өтпей жатып маған қаржы министрі келіп тұр:
— Москваға бюджетті бекітуге кетіп барамыз — өзіме жəне
орынбасарларыма сыйлық беріңіз.
98

Міне, мұндай нəрселер, істің шын мəнінде, ашық саясат дəрежесіне
дейін көтерілген болатын. Республикалардың жоспарлары бекітілетін кезде
ССРО Жоспарлау комитетінің Карл Маркс проспектісіндегі ғимаратында
кавказдық.., ортаазиялық... ұлттық тағамдардың күндері өткізіліп
жататынын мен де өз көзіммен көргенмін. Əрине, қай республиканың өз
жоспарын қашан қорғауына байланысты ретпен өткізілетін. Мемлекеттік
жоспарлау комитеті ғимаратының бірінші қабатында ұйымдастырылатын
мұндай ағыл-тегіл дастарқан ұлттық ойын-сауыққа — би билеуге, əн
салып, күй тартуға ұласатын. Былайша айтқанда, кəдімгі ішіп-жеу ғана дей
алмайсың...
Мұндай тірліктің қанатын кең жайғаны соншалық, тіпті бір кездері
ССРО Жоспарлау комитетіне сөмкемен кіруге тыйым салынған да
болатын. Бірақ мұндай шек қоюды айналып өтудің де амалы тез табылды:
алып барылған «сый-сияпаттар» кіре берістегі қуыста қалдырылып, оларды
алуға тиіс адамдар — телефон арқылы жалма-жан ескертіле қоятын болды.
Өзімнен бұрынғы көпті көріп, тіс қаққан тəжірибелі адамдардың маған қай
одақтық министрдің қайсысы сүйегі қатпаған семіз торайды, ал қайсысы
ерте піскен жас помидорды жақсы көретінін шынымен-ақ байсалды мəселе
ретінде ұғындыруға тырысқанын ешқашан ұмыта алмаймын.
Егер жоспарлар мен бюджеттерді қалыптастырып, үйлестіру
жұмыстарының негізінде жас торайдың буға пісірілген семіз еті мен
қымбат бағалы маркалы шараптар жататын болса, онда мұндай маңызды
іске «ғылыми» тұрғыдан қараудың құны қандай болғанын болжап білуіңіз
қиын емес. Шамасы, сол жолы республикалық Жоспарлау комитетінің
төрағасы мен қаржы министрінің Қазақстанның 1985 жылға арналған
жоспары мен бюджетін қорғап шығулары тым ауыр болған-ақ шығар —
өйткені, мен оларға сол бойы сыйлық бергізбей қойып едім.
Экономикамыз табан тіреп, арқа сүйеп келген сол бір қарапайым,
тіпті тым қарабайыр жүйенің нобайын көзге елестетуге тырысып
көрейікші. Кəсіпорындардың, аймақтардың, республикалардың тапқан
бүкіл пайдасы соңғы тиынына дейін орталыққа кететін. Сонан соң орталық
бюджетті, қорды, ресурстарды бөле бастайтын. Егер қаржы министрімен
қарым-қатынасың жақсы болса, онда қосымша бірнеше миллион сомды
қағып кете алатынсың. Ал Мемлекеттік жабдықтау комитетінің
төрағасымен дос болсаң, саған ағаш та, металл да, цемент те оп-оңай
табылатын. Ал саған беріліп жатқан нəрсенің бəрі де ортақ қазаннан
99

алынатыны, яғни саған біреудің үлесін оның аузынан жырып алып,
орынсыз беріп жатуы жөнінде ешкім де ойланып, бас қатырып жатпайтын,
өзінің ары алдында да ұялып-қызармайтын. Əркім өз кем-кетігін түгелдеуге
бейім тұратын.
Шектен шыға орталықтандырылған əміршілдік-əкімшілдік жүйенің
өктемдігі басшыларды имандылық жағынан азғындатты. Қаласаң да,
қаламасаң да — бəрі бір жазылмаған сол бір заңға бағынатынсың: құрдай
жорғалап сый-сияпат жаса, құлдық ет, көңілін тап, ішкіз, жегіз. Əйтпесе
өзіңді емес, бүкіл республиканы, белгілі бір саланы, кəсіпорынды тақырға
отырғызасың. Ал бұған ақшаны қайдан аласың? Қулық жасау керек, есебін
табу қажет. Міне, іріп-шірудің, парақорлықтың, дүниеге сатылудың түп-
тамыры да осында жатыр. Осы жүйе қанша адамды қылмысқа итермеледі
десеңізші!
Республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы ретінде ССРО
Мемлекеттік жоспарлау комитеті мен Мемлекеттік жабдықтау комитетінің
жоспарды қағаз жүзінде қалай «іске асыруға» тырысып жатқанын талай рет
көрдім. Жоспарлар қажетті ресурстармен бар болғаны 70—80 процент қана
қамтамасыз етілетінін алдын ала бəрі де көріп-біліп отырса да, олардың
орындалмайтынына көңілдері кəміл сеніп тұрса да, бекітіле беретін.
Осыдан барып бүкіл елімізде баланс бұзылатын. Сорымыз да, сор болғанда
да жоспарланған сорымыз да осыдан туындап жататын.
Əйтсе де, жергілікті жерлерде жоспар орындалмай, іс оңға баспай,
қырсығып тұрса да, үміт үзіп, торықпауға болатын еді. Егер байланысың
күшті болса, министрліктерге, Министрлер Кеңесіне, Статистика жөніндегі
мемлекеттік комитетке, тіпті СОКП Орталық Комитетіне айтып, жоспарды
өзіңе қолайлы етіп жедел түрде өзгертіп ала салу түкке де тұрмайтын. Бұл
— сонымен бірге жыл қорытындысында жақсы көрсеткішке қол жеткізудің
де тиімді жолы. Мысалы, көмір бассейні белгіленген тапсырманы орындай
алмай жатыр делік. Ондайда жоспар əуелі бірінші тоқсаннан екінші
тоқсанға, содан соң екінші тоқсаннан үшінші тоқсанға, үшінші тоқсаннан
төртінші тоқсанға ысырылады. Соның салдарынан да барлық кем өнімнің
ақшаға шаққандағы құны жылдың соңғы айы желтоқсанның «мойнына
мінеді» де, жоспар бірнеше миллион сомға орындалмай қалады. Ал мұның
өзі жарыста жүлделі орындарға іліге алмайды, яғни адамдар сыйлықтан
қағылады деген сөз. Міне, тап осы жерде барып тұрған жиіркенішті жұмыс
басталады — жоспарды шегеру үшін жалынып- жалбарынып жүріп,
100

министрді қалай да көндіру керек. Мұның өзі, əрине, жақсы жұмыс істеген
өзге кəсіпорындардың есебінен жасалатыны белгілі. Мемлекеттік
жоспарларды орындаудың тағдыры кейде 31 желтоқсанда — Жаңа жылдың
басталуына бірнеше минөт қалғанда тағы да сол баяғы телефон арқылы
шешіле салатын. Ол үшін Орталық Комитеттің бөлімімен, министрмен
бірге Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасын көндіру
керек болатын.
Өндірістегі жұмыс көлемінің барлық түрін тек қана ақшаға шағып
бағалау — жоспарлаудағы шектен шыққан жүйесіздік пен бетімен
кетушілікті онан əрі ушықтыра түсті. Биік мінберлерден жасалған
баяндамаларда өндірілген, шығарылған тонналар, даналар, шаршы метрлер,
киловатт-сағаттар миллиондармен, миллиардтармен аталып, құлақ
сарсытып жатса да, заттай көрсеткіштер іс жүзінде тіпті де есепке
алынбайтын. Аса маңызды экономикалық көрсеткіштерді — өндірілген
ұлттық өнімді, еңбек өнімділігін жəне басқаларын — анықтауға ақылға
қонымсыз мұндай тұрғыдан келу баға белгілеудің тым қарадүрсін, ғылыми
негізбен үш қайнаса сорпасы да қосылмайтын жүйесіне ғана қатысты емес
еді. Сомды қайталап санау тəсілі осылай пайда болды — бұл, істің шын
мəніне келгенде, өзімізді өзіміз орасан зор көлемде оңдырмай алдау еді.
Мысалы, Павлодар трактор заводы құны 4 мың сомдық өз өнімін бульдозер
жасайтын екінші кəсіпорынға сатты дейік. Сонда əлгі кəсіпорын дайын
тракторға топырақ қопаратын тетік қана орнататын болады. Сөйтіп əлгі
төрт мың сомға тетіктің құнын — бір мың сомды қосып, дайын машинаны
бес мың сомға басқа жаққа тағы да сатады. Кез келген өнеркəсіп өз
бұйымын тап осылай барлық өндірістік өңдеулерден өткен сайын талай рет
сата алатын. Мұны аз десеңіз, бұған дейін есепке алынған шикізаттың,
жартылай шикізаттың, бөлшектердің құны əрбір өндірістік циклден өткен
сайын ұдайы қайтадан есепке енгізіліп, бір жылдан екінші жылға ғана емес,
кейде бір бесжылдықтан екінші бесжылдыққа ауысып, көшіп жүретін.
Соның салдарынан да біз елімізде өндірілетін жалпы ұлттық өнімнің
нақты құны жөніндегі түсінігімізден баяғыда-ақ жəне біржола айырылып
қалған болатынбыз. Мамандардың есептеуі бойынша, өткен жылдары
өмірде болмаған, жалған деректер негізінде жасалған, бірақ сомға шағып
есептегендегі жалпы өнімнің көлемі мемлекеттік статистикалық
мəліметтерден көруге болатын өнімнің жартысына жуықтайды.
Экономикамыздың түйінді мəселелерін шешуге мұндай «ғылыми»
101

тұрғыдан келу бізді практика жүзінде өте оғаш, тіпті тым тұрпайы
құбылыстарға душар етті. Кəсіпорындарға «Жаман болған сайын — жақсы
болады», «Жұмысың жаман болса — табысың көп болады» деген принцип
бойынша жұмыс істеу едəуір тиімді бола түсті. Ең бастысы — материалды
неғұрлым көп жұмсау арқылы, өнімнің құнын да көтере түсу. ГОЭЛРО
дəуіріндегі рабайсыз үлкен, арбиған ажыратқыш тетік өндіру жүздеген есе
пайдалы болып отырса, станокты іске қосуға қажетті түймедей ғана
қондырғы шығарудың қажеті не?! Құрылыста осы заманғы арзан əрі берік
материалдан жасалған құрылғыларды пайдалану тиімсіз болып қалды.
Өйткені қолапайсыз, шомбал əрі қымбат бетон блоктар мен панельдерді
монтаждау ақшаға шағып берілген қандай орасан зор жоспардың өзін де
артығымен орындауға жетіп жатқан жоқ па?
Əлі күнге дейін түсіне алмай жүрген бір нəрсем бар — мемлекеттік
көлемдегі мұндай өзімізді өзіміз алдау кімге, не үшін керек болды екен?
Алайда өнеркəсіптің жəне халық шаруашылығының басқа да салаларының
қызметіне баға беруде мұндай жалпы өнім тұрғысынан келу тəсілі күні
бүгінге дейін қолданылып жүр. Ал қазір, құтырына өсіп бара жатқан
бағаны ретке келтіру тіпті де мүмкін болмай отырған кезде, мұндай тəсіл
жарға жықпай қоймайды. Меніңше, өмірде болып жатқан нақты шындыққа
бағдар ұстауды, экономикамызда болып жатқан өзгерістерді ескеріп
отыруды мүлде ұмытқан сияқтымыз.
...Мен барлық бұрынғы партия, мемлекет басшыларын беталды
жөнсіз жазғырып, ақ-қарасын ажыратпай, жауапқа тартуға, сотқа беруге
болмайды дегенді айтқанда көптеген адал ниетті əрі талантты адамдар
уақыттың өктем ықпалымен əміршілдік-əкімшілдік жүйенің қыспағына
еріксіз түскен жағдайдың болғанын еске аламын. Ал бұл жүйе өзінің
ырқына көнбегендердің бəрін көбіне аяусыз лақтырып тастаумен болды.
Содан кейін ас үйде отырып, əйеліңе жыламсырап мұңыңды шағудан,
маған қиянат жасалды, мен əділдік жолында құрбан болып барамын деп
ақталудан басқа ештеңе де қалмайды, тіпті қалыптасқан жүйеге ептеп
«қарсыласып та бақ», тіпті өзіңше шығарған листовка да тарат — бірақ
бұдан ешкімнің ештеңесі де кетпейді.
Қазір өздерін шындық жолындағы ержүрек күрескерлерміз деп
көрсетіп жүрген, бірақ осыдан аз ғана уақыт бұрын аздап тепкі жеген кезде
қуыс-қуысқа тығылып, бой тасалаған, үй ішіндегі дастарқан басында
өздерінің дос-жарандарына ешкімге түсініксіз жан жарасын жылана
102

отырып жайып салғандардың қазіргі сырты сұлу сөздеріне ешқашан да
сенбеймін. Мен бұл жерде жағдайдың өзгеруіне жəне желдің қай жақтан
соғатынына қарай көзді ашып-жұмғанша өңін өзгерте қоятын кесіртке
сияқты құбылып шыға келу қабілеті күшті адамдар туралы айтып та
отырған жоқпын.
Адал адамдардың басым көпшілігі ең қиын кезеңдердің өзінде,
ешнəрсеге де қарамай, жұмыс істеді. Жергілікті партия жəне мемлекеттік
органдарда олардың иығына түскен салмақ екі есе ауыр еді деуге де
болады. Өздеріңіз ойлап көріңіздер. Мысалы, СОКП Орталық Комитетінің
партия органдары бөлімінің өз республикаңызды қадағалайтын кез келген
нұсқаушысы сіз туралы қандай пікір болса да қалыптастыра алады.
Ал, «домалақ» арыздар түгелдей мұқият тексерілетін, сіздің
үстіңізден ондай арызды ұйымдастырып жіберу оп-оңай болатын. Тіпті
«фактілер анықталмаған» күннің өзінде де, бəрі бір, кез келген, ең сорақы
жазбаша жалалардың өзі де, кім біледі, бəлкім кенет басқа бір нəрсе шығып
қалар, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген оймен сіздің жеке
басыңыздың ісіне тігіле беретін, тігіле беретін. Ал, СОКП Орталық
Комитетінің сіздің аймағыңыздағы істермен айналысатын сектор
меңгерушісі — барып тұрған патшаның да, құдайдың да тап өзі! Бəрі де
соның жоғарыға қарай жазып жіберетін бір жапырақ қағазына байланысты.
Сіздің тағдырыңыз да тап сол қағазға байланысты — сондықтан да
ойланып-толғанып жатпай-ақ, бас шұлғып бағына беру керек болатын.
Сектор меңгерушісінен жоғары қызметте отырғандар туралы əңгіме етудің
де қажеті жоқ. Олар кез келген адамның тағдырын бір сағаттың ішінде-ақ
шешіп жібере алатын. Ал, жергілікті жерлерде — пленумда да, бюрюда да
— жоғарыдан түскен ұсынысты, бəрі бір, қолдап дауыс беру керек еді.
Немесе, адам өзін қандай да болсын басқа бір жұмысқа ауыстыру жөнінде
«өз еркімен» өтініш беруге мəжбүр болатын.
Тоталитарлық қыспақтың мұншалықты тауқыметін жергілікті
жерлердегі басшы кадрлардай тартқан ешкім де жоқ болар, сірə. Жалпы
қабылданған шеңберден тыс бағалар мен пікірлер атаулының бəрін де
дерлік ашық айту мүмкін емес еді. Тіпті Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің хатшысы болып отырған менің өзім де жоғарыдан бəрін де
көріп отыратын көзден таса қала алмайтынмын. Еш жерде, тіпті, жұмыстан
тыс уақытта да андуда болатынмын. Республиканың «бірінші адамы» сен
туралы бəрін де бес саусақтай біліп отыратын: кімнің үйіне қонаққа
103

бардың, демалыс үйінің территориясында кіммен бірге серуендедің, кіммен
жəне не туралы əңгімелестің — бəрі де алақаныңдағыдай айқын болатын.
Бірінші басшының төңірегіне топтасқан шағын шоғыр практика жүзінде
барлық істі шешетін. Көп жағдайда біз, Орталық Комитеттің хатшылары,
республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшелері бола
тұрсақ та, кадрларды тағайындау, оларды ауыстыру сияқты басқа да
маңызды мəселелер жөнінде мəселе шешіліп қойғаннан кейін ғана естіп
білетінбіз. Д. А. Қонаевтың үй-ішімен аралас-құралас адам өзге кімнің
болса да тағдырын шеше алатын: қызметін жоғарылататын, орнынан
алатын, награда, пəтер беретін.
Республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы болғаннан кейін мен
Қазақстан Ғылым академиясындағы істің жайымен жете танысуға бел
будым. Ондағы жұмыстың біржола бетімен жіберілгені көптен белгілі
болатын, онда маңызды ғылыми зерттеулер жөніңде тіпті де сөз
болмайтын. Сөйтіп, бұл мекеме академиктердің, соның ішінде, əрине,
Дінмұхамед Ахметұлының өзімен бірге туған інісі, академия президенті
Асқар Қонаевтың да, төңірегіндегі сыбайластары мен туған-
туысқандарының диссертациялары бірінен кейін бірі көшіріп көбейтілетін
жəне қорғалатын орынға айналған еді. Оның үстіне, президенттің өзі ес-
түсін білмей ішетіні, тіпті сыбайластарын іздеп, түн ішінде
қызметкерлерінің пэтерлеріне сенделіп баратыны, қайда екенін сайтан
білсін, басқа да жерлерде жүретіні жұрттың бəріне белгілі болатын. Оның
академияға жұмысқа сау келген күні «кефир ішіп келген күні екен ғой» деп
аталатын. Осының бəріне қарамастан, ол ықпалды адам болып қала берді.
Өйткені, Ғылым академиясының академигі немесе мүше-корреспонденті
деген атақтарды беру, республикадағы кез келген жоғары оқу орнының
ректорын тағайындау, диссертацияларды қорғау жəне бекіту соның
қолында болатын. Бұлай қалдыра беруге, төзуге болмайтынын түсініп, мен
ашық əңгімелесу үшін Д. А. Қонаевқа бардым, оның өз інісін тəртіпке
шақыруы керек екенін, өйткені оған өзге ешкімнің ықпалы жүрмейтінін
айттым. Дінмұхамед Ахметұлы бəрін де дұрыс түсінген сыңай танытты.
Бірақ арада бір күн өткенде Асқар Қонаев өзінің əдеттегі қызу қалпында
маған телефон соғып, менің оны неге жақтырмайтынымды қазбалап
сұраумен болды. Оның үстіне, бұл əңгіме шарап сататын дүкеннің сыртқы
бұрышында тұрып, біріне бірі əлде бір нəрсені түсіндіргісі келгенде
екіншісінің сөзін бөліп: «Сен айтшы, мені сыйлайсың ба өзің?» деп
104

мылжыңдай беретіні сияқты белгілі классикалық сарында өтті.
Партиялық-əкімшілдік өктемдіктің қатал шырмауына түсіп қалмау
үшін, сыбайластық жəне əулеттік тұйық шеңбердің батпағына батып,
тұншығып қалмас үшін əр адамның қыруар күш-жігер жұмсауы қажет
болды. Сол бір əділетсіз жүйеге əрбір парасатты адал адамның іштей
қарсылығы туындап жатты. Олардың көпшілігінде іштей риза
болмаушылық қана емес, сонымен қатар бұған дейін мызғымастай берік
сияқты көрініп келген тəртіптерге қарсы күрес жүргізу қажеттігі де сөзсіз
өсе түсті.
Мен өзгеріс жасаудың қажеттілігін түсіну партия ұйымдарында,
партияның төменнен жоғарыға дейінгі əр түрлі басшы буындарында
шамамен жетпісінші жылдардың орта кезінен бастап пісіп-жетіле бастады
ғой деп ойлаймын. Партиялық жұмыстың барған сайын формализмге
ұрынып бара жатқаны, дүмшелік құрғақ сөздің, жалған көрсеткіштердің,
көпірме статистиканың көбейіп, асқына түскені тап сол кезде байқала
бастады. Партия ұйымдарының хатшыларын есеп бергенде
коммунистердің партия жиналыстарына қатысуын көбейтіп көрсетуге,
саяси оқудың ұйымдастырылған əр түрлі формаларына СОКП мүшелерін
ғана емес, сонымен қатар партияда жоқтарды да түп-түгел қамтуға, ешкімге
қажеті жоқ түрлі қағаздар мен анықтамаларды тау-тау етіп жасауға мəжбүр
ете бастады. Өмірде бар адамдардың арасындағы жанды жұмыс екінші
кезекке партия ұйымдастырушыларының жұмысындағы басты нəрсе дер
кезінде жəне сауатты есеп беру, рапорт жіберу болды. Олардың жұмысына
аудандық партия комитеті жіберген қағаздарына қарай баға беретін болды.
Партия ұйымдарына басшылық жасаудың нəрсіз əкімшілік тəсілдері
неғұрлым нық орныға бастаған сайын, оның барлық қызметіндегі жанды
мазмұн соғұрлым жойыла түсті.
Кейбіреулер бұған тез бейімделіп те алды. Партияға кіруге
мансапқорлар ұмтыла бастады. Жағдайдың бұлай өзгере бастауы
жұмысшылардың СОКП-ға деген көзқарасына да əсер етті. Партия
қатарындағы жұмысшылар тобын жасанды түрде сақтап отыруға тура
келді, ал мұның өзі олардың сапалық құрамына теріс əсер етпей қала
алмады. Партия бұрынғы қасиеттерінен айырыла бастады. Мен СОКП-ның
салауатты негізгі еңсесін еркін көтеріп, батыл өзгерістер жасау саясатына
көшкен кездегі кеңінен өріс алған саяси партияның өзі ұстанған көптеген
айқындамасынан тез айырылып қалуының басты себебін тап осы
105

жағдайдан көремін. Бір орында отырып қалмау əрі сөреден шығарда артта
қалып қоймау үшін оның қайта бастауы керек болғаны айқын нəрсе.
Қазақстандағы барлық күш-жігер түгел бағындырылған ең
басты көрсеткіш мемлекетке астық сату болды. Журналистердің «астық
үшін айқас» деген жаттанды сөзі бар. Оны егін орағы кезінде газет
беттерінен жиі көруге болады. Диқанның бұл кездегі еңбегі
терінен шектен тыс күш-жігерді, ерлік пен төзімділікті талап етеді. Бірақ
село еңбеккерлерінің ауыр жұмысын майдандағы айқасқа теңеуден бəрі бір
əлдебір солғындықтың жəне жасандылықтың лебі еседі — өйткені жер
бетінде егіншінің қам-қарекетіндей еңбектен өзге бейбіт ешнəрсе де жоқ.
Маған салса, ондай айқасқа Қазақстанның егін даласында болған қызу
еңбекті емес, қайта мемлекетке астық тапсыру кезінде өкімет орындарының
түрлі сатыларындағы жанталасқан абыр-сабыр жағдайды теңеу əлдеқайда
орынды болар еді. Мұның өзі ең алдымен астық үшін емес, атақтар мен
наградалар алу үшін жүргізілген айқас болатын.
«Астық үшін айқастар» жыл сайын шамамен алғанда бір мезгілде —
тамыздың бас кезінде кеңінен өріс алатын. Егер орақ басталар алдында
егіннен мол өнім алуға болатыны байқалса, онда СОКП Орталық
Комитетінің Бас хатшысына бірден хабарланатын да, республикаға келіп
кетуге алдын ала шақыру жіберілетін. Қандай жағдайда болса да егіннің
жалпы түсімінің жəне сатылатын астықтың бақылау цифры ауыздан
шықты-ақ, оның орындалмай қалуы мүмкін емес екендігін жұрттың бəрі де
білуге жəне түсінуге міндетті болатын. Содан кейін облыс басшыларының
«екі аяғын бір етікке тығу» басталатын. Дегенмен де олардың бəрі бірдей
онша қарсылық көрсетпейтін, өйткені күздігүні ордендер мен медальдар
жаңбырдай жауатынын, олардың арасында Социалистік Еңбек Ерінің
Алтын Жұлдызы да болып қалуы мүмкін екенін жақсы білетін. Ал бұл
жерде облыстың өнеркəсіп, күрделі құрылыс жөніндегі, мал шаруашылығы
өнімдерін өндіру жөніндегі жоспарларын орындай алмай қалғаны есепке
алынбайтын. Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы астық
жөніндегі жоспар бес жылдың ішінде бір рет қана орындалса да
Социалистік Еңбек Ері атағына ие бола алатын. Бүкіл бесжылдық барлық
басқа көрсеткіштер бойынша орындалмай жатса да солай бола беретін.
Мұның өзі оп-оңай жасалатын, өйткені, бəрі де орталықтьің шексіз сеніміне
ие болған бірінші басшының бір ауыз сөзіне байланысты еді. Мұны сол
жоғары атаққа ие болғандардың өздері де іштей сезеді ғой деп ойлаймын.
106

Қазір біз олардың Жұлдыз тағып жүргенін тым сирек көретіндігіміздің
сыры да сонда емес пе екен?
Көптеген партия жəне шаруашылық қайраткерлері тап осындай
жолмен наградалар алумен болды. Əрине, олардың бəрі де награда алуға
тіпті де лайық емес деуге болмайды —олардың көпшілігі əдетте көп уақыт
бойы жанқиярлықпен жұмыс істеген адамдар еді. Алайда олардың еңбегін
бағалаудың өлшемі бұрмаланатын. Сонымен қатар ол кездегі қарапайым
еңбеккерлерге тапсырылған жоғары мемлекеттік наградалардың олардың
сіңірген еңбегіне лайықты екендігіне күмəндануға тіпті де болмайтынын,
олай етуге ешкімнің де құқы жоқ екендігін айрықша атап айтқым келеді.
Комбайн штурвалында отырған, көмір қазған немесе мартен пешінің
басында тұрған адамдар ол наградаларды табан ақы, маңдай тері, көп
жағдайда сарп еткен денсаулығы, басқа да көптеген құрбандықтары
арқылы жеңіп алды. Олардың иығына түскен ауыртпалықтан «үлкен
саясат» деген нəрсе жасалған болса, онда ол адамдардың зəредей де кінəсы
жоқ.
«Астық үшін айқас» кезінде Қазақстанның қауіпті, мен айтар едім,
өте-мөте қауіпті егіншілік аймағында екендігін тіпті ешкім де елеп-
ескермейтін. Республиканың орталыққа берген уəдесінің орындалуын
қамсыздандырудың бірден бір амалы Орталық Комитет қызметкерлерінің
«жергілікті басшы кадрлармен жұмыс жүргізу» мақсатымен «жер-жерге»
ұдайы барып тұруы болатын. Бұл жұмыс бəрін де: қорқытып-үркітуді де,
ақыл-кеңес беруді де, ішіп-жеуді де, уəде беріп, дəмелендіруді де, ар-ұят пен
партиялық жауапкершілікке үндеуді де, тіпті арақ-шарап ішуді де
қамтитын. Осы бір «тəрбие құралдарының» біртұтас арсеналы жоғары
мақсатқа — мемлекетке астық тапсырудың бақылау цифрын орындап
шығуға қол жеткізеді деп саналатын. Шаруашылықтарға шын мəніндегі
байсалды тексеру сапарымен барып, мол астық тапсырудың мүмкіндігіне
күмəнданып қайтқан адамдар əдетте егін орағы басталмай тұрып бұл істен
кез келген нəрсені сылтау ету арқылы аулақтатылатын. Халықтың шырқын
бұзбасын əрі өзгелерге сабақ болсын деген мақсатпен осылай жасалатын.
Іске осы тұрғыдан келу салдарынан он бірінші бесжылдықта
Қазақстан ет өндіруді іс жүзінде арттыра алған жоқ. Совхоздар мен
колхоздар мемлекетке астық тапсыру жоспарын орындауды қамтамасыз ету
үшін өздерінің қамбасындағы дəнді соңғы түйіріне дейін сыпырып-сиырып
беретін. Содан соң малды азықтандыру үшін құрама жемді үш есе қымбат
107

бағасына сатып алуға мəжбүр болатын. Бірақ шаруашылықтардың
директорлары мен төрағалары мал азығы жетіспеген жағдайда өздеріне
мемлекеттің ақшалай қарыз беруді сөзсіз қамтамасыз ететініне кəміл
сенетін, ал қажет болса, мемлекеттен оған өздері сатқан астықты құрама
жем жасау үшін қайта сұрап та ала алатын. Көріп отырғанымыздай,
əміршілдік-əкімшілдік жүйе тұсындағы экономикалық проблемаларды
шешудің үйреншікті тəсілдерінің тап өзі. Жалпылама жауаптылық дегеннің
жаппай жауапсыздыққа айналуы, қара бастың қас қағым сəттік
мүдделерінің үстемдігі.
Мен ауылшаруашылық өндірісіне неғұрлым терең енген сайын
оның қазақстандық басшыларды сый-құрметке бөлеген көзбояушылық
жалған табыстары солғұрлым айқынырақ байқала бастады. Істің нақты
жағдайын тиісінше тереңірек талдап білу үшін ВАСХНИЛ-дің
ғалымдарымен, Целиноград облысындағы астық шаруашылығы
институтының мамандарымен, совхоз директорларымен, шаруашылық
басшыларымен, агрономдармен көбірек кездесуге жəне əңгімелесуге тура
келді. Ол адамдардың бəрінің де аграрлық саланың тағдырына шын
пейілдерімен жандары ашығанын, қиғаштықтарды іздеп тауып, оларды
жоюға жəрдемдесу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауға тырысқанын
айтуым керек. Істі ең қарапайым нəрседен — республиканың селолық
экономикасының іс жүзіндегі нақты потенциалы қандай екенін анықтаудан
бастауға тура келді. Оның алғашқы кезеңі қосып жазушылыққа қарсы
күрес жүргізу болды.
Мысалы, Сағидолла Құбашұлы Құбашев Семей облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған кезде облыста есепте
көрсетіліп жүргендегімен салыстырғанда 330 мың бас мал жетіспейтінін
анықтады. Семейге барған мені ол осындай жаңалығымен «қуантты».
— Сонымен енді не істемексіз?— деп сұрадым мен Құбашевтан.
— Не істеймін? Бірнеше басшыны жұмыстан босаттым,
кейбіреулерін қылмыстық жауапқа тартып жатыр. Бірақ ана жақ,— ол сəл
бөгеліп, саусағымен жоғары жақты нұсқады,— онша шу шығармаңдар деп,
мал басын бір жылдың ішінде қалпына келтіруді ұсынды.
Ақыры сондай тоқтам жасауға тура келді. Мал басы «шу шығармай»
қалпына келтірілді.
Мұндай мысалдар некен-саяқ емес еді. Сондықтан да мен 1985
жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының атына екі
108

рет ресми ұсыныс жасап, республикадағы мал басын қайта санатуыма
рұқсат беруін өтіндім. Екеуінде де үзілді-кесілді тыйым салынды. Сонымен
бұл жұмысты, сөздің тура мағынасында айтқанда, құпия түрде бастауыма
тура келді. Бұл ретте маған республикалық Халықтық бақылау комитетінің
төрағасы Борис Васильевич Исаев көмектесті. Ол ешқандай ымыраға
көнбейтін адал адам (қазір Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші
хатшысы болып істейді). Біз ол екеуміз бірлесе отырып, бұл іске
Министрлер Кеңесі мен Халықтық бақылау комитетінің аппараттарын,
кəсіподақтарды, Қаржы министрлігінің қызметкерлерін жұмылдырдық.
Адам таң қаларлық болғанымен, көңіл қалдырарлық көптеген фактілер
анықталды. Мысалы, Қызылордаға таяу бір жерде бір табын сиыр бар, оны
бағатын кəдімгідей бақташы жəне оның көмекшісі бар деп есептеліп
келген. Анықтай келгенде бақташы мен оның көмекшісінің бар екені,
əйтеуір жалақы жөніндегі ведомостіге жүйелі түрде қол қойып, айлық
алатыны рас болып шықты. Бірақ əлгі табын тіпті атымен жоқ екен.
Табындар мен отарларда қоғамдық мал мен жеке меншік мал аралас
бағылатын қулық та кеңінен етек алған екен. Көп жағдайда бір шопанның
өзі ғана 30—50 мың сомға «жеке меншігіндегі» малды етке өткізе беретін
болған, ал ет комбинаттары артық сұрақтар қойып, өз бастарын қатырып
жатпай-ақ, ақшаны емін-еркін төлей берген. Көптеген жергілікті басшылар
да өздерінің жеке меншігіндегі малдарын мемлекеттің есебінен бақтырып,
азықтандыру мүмкіндігін пайдаланып қалуды қалт жібермеген болып
шықты.
Сонымен қатар маған республика үкіметінің басшысы ретінде
Орталық Комитеттің бірінші хатшысының көмекшілері жеке бастарының
пайдасын көздеп, өздерінің қызмет бабын пайдаланады, сөйтіп кадрларды
орналастыруға, тұрғын үй бөлуге, наградалар беруге ықпал етеді деген
хабарлар жете бастады. Мұның бəрі де Қонаевтың беделін бетке ұстап
жасалады екен. Немесе қажетті мазмұндағы қарарлар оның қол қоюына
байқаусызда кəдімгідей ұсыныла салатын болған. Дінмұхамед
Ахметұлымен бұл туралы ашық сөйлестім. Нəтижесі республика Ғылым
академиясының президентіне қатысты оқиғадағыдай болды.
Айта берсең — таусылмайды. Сірə, біздің бірінші
басшыларымыздың қолдарындағы билігінің мол көлемде болуының өзі
оларды сəн-салтанатты ғимараттар салу идеясына қарай итермелейтін
болуы керек. Бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен əкімшілік
109

ғимараттары ғана емес, сонымен қатар тіпті қалалық монша да салынып
жатты. Бұл объектілерге орталықтандырылған қаржының жетіспегені
өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан да ондай кезде мұндай құрылыстар селолық
құрылыстың немесе қалалық бюджеттің есебінен қаржылаңдырылып келді.
Соның салдарынан да қаланы көркейтуге, коммуналдық шаруашылыққа,
тұрғын үй салуға бөлінетін қаржы күрт кеміп кетті.
Менің бұл мəселелерді көтермек əрекеттерімнің бəрі де міз
бақпайтын іштей құпия наразылыққа тірелумен болды. Ақырында маған
ашықтан-ашық былай деп айтылды: Қазақстанда бəрі де жақсы, бəрі де
орын-орнында, өз арамыздағы əңгімені сыртқа жаймау керек. Менің мал
шаруашылығындағы істің жайы елеулі түрде бұрмаланып келе жатқандығы
жөнінде егжей-тегжейлі баяндап, Қазақстан Компартиясының Орталық
Комитетіне жолдаған жазбаша хатымның да ешқандай əсері болмады.
Содан кейін, Орталық Комитеттің кезекті пленумы қарсаңында, бұл 1985
жылғы 15 мамырда болған еді, мен бұл жөнінде облыстық партия
комитеттерінің бірінші хатшылары мен облыстық атқару комитеттерінің
төрағалары алдында сөз сөйлеуге рұқсат сұрадым. Маған қырық минөт
уақыт берілді. Осы уақыттың ішінде мен Алматыда жəне облыстардың
көпшілігінде қордаланып қалған елеулі-елеулі келеңсіз құбылыстарға ашық
талдау жасауға тырыстым. Сөзімнің аяғына таман залда құлаққа ұрған
танадай үнсіз тыныштық орнады. Кеңесте төрағалық етіп отырған Д. А.
Қонаевтың мен мінберден түсіп кеткеннен кейін айтқан сөзі мейлінше
қысқа болды:
— Хабарламаны еске аламыз. Барлық жолдастардың тарай беруіне
болады.
Менің жəне республика басшылығының, Қонаевқа жақын
жүргендердің арасында əлдебір жатырқаушылық пен түсініспестіктің
дуалы қалана бастағандай еді.
Сіздің айтқан əңгімелеріңізден біздің мамандарымыздың өз ісін жете
білмейтіндігінен де тіпті экономиканың түйінді проблемалары жөніндегі
айтыстар осы уақытқа дейін көбінесе схоластикалық сипат алып келеді
деген қорытынды жасауға болады. Бірқатар арнаулы
жарияланымдарыңызға қарағанда, Сіз бұл салада тіпті де дилетант болып
табылмайсыз. Мұны экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дəрежесін алу үшін өткен жылы Өзіңіз ойдағыдай қорғаған диссертацияңыз
да дəлелдейді. Сіз өзіңіздің ғылыммен шындап айналасуыңыздың себебі
110

неде дер едіңіз: бұл жерде ірі басшылардың өздерінде қайткен күнде де
«дəреже болуын» борышымыз деп санайтын əуестікке бой ұруына
еліктеушілік жоқ па?
Сіз ғылыми жұмысыңызды алдағы кезде де жалғастыра бермексіз
бе?
Экономикаға шындап ынта қоюым институтта оқып жүргенімде-ақ
басталған болатын. Ол кездейсоқ пайда бола кеткен жоқ: Қарағанды
металлургия комбинатында соған дейін жинақталған өндірістік тəжірибем
мені бірқатар, турасын айтайын, көңілсіз ой-толғаныстарына итермелей
берді. Мəселе мынада еді: руданы өңдеген кезде оның құрамындағы
көптеген бағалы заттар үйінді қалдыққа кетіп жататын. Мен бұл
проблеманы институт бітірер кезде өзімнің диплом жұмысымда көтеруге
алғаш рет əрекет жасаған едім. Менің бұл тақырыпқа деген ықыласымның
қаншалықты жүйелі болғанын кандидаттық диссертацияма қарап біле
беруіңізге болады. Ол диссертация ресурс сақтау потенциалын зерттеуге
арналған жəне оның өзі, сірə, бүкіл еңбек жолымда жинақталған
материалдарым негізінде əзірленген де болар. Өйткені партия жұмысында
жүрген кезімнің бəрінде де — Теміртауда да, Қарағандыда да, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінде де — экономика мəселелерімен
айналысуыма тура келді ғой. Ол кезде мұның өзі нені білдіретін еді?
Мұның өзі сенің партиялық-саяси жұмыстан гөрі шаруашылық
жұмыстарымен көбірек айналысқаныңды білдіретін. Экономика мен
өндірістің барлық саласына дерлік терең енуге тура келетін. Партия жəне
шаруашылық жұмыстарының бір-бірімен ұштасып, араласып кеткендігі
сонша, партия органдары көп жағдайда, əсіресе жұмыстың жанталасқан
асығыс кезеңдерінде, тіпті жабдықтаушының міндетін де атқаратын. Ал,
республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінде істеген бес
жылдан астам уақытты тіпті таза экономикамен айналысуға кетті деуге де
болады. Реті келгенде бірден түсіндіре кетейін, партия басшыларына
ғылыми жұмыспен жəне диссертация əзірлеумен айналысуға рұқсат
етілмейтін. Мұның өзі белгілі бір дəрежеде қызмет бабын жеке басының
мүддесіне пайдалану болып табылады, өйткені, ғалымдарға, кафедраларға,
ғылыми жетекшілерге, оппоненттерге «бедел арқылы қысым жасау»
ықтималдығы болмай қоймайды деп саналатын.
Алайда, мен жетпісінші жылдары, Қарағанды металлургия
комбинаты парткомының хатшысы бола жүріп, СОКП Орталық
111

Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыған кезімде,
ондағы оқытушыларым мен диплом жұмысының жетекшілері менің өзім
таңдап алған тақырыбымды одан əрі зерттей түсуді қандай жағдайда болса
да жалғастыра беруімнің қажеттігіне көзімді жеткізе үгіттеді, өйткені оның
практикалық маңызы зор, құнды болуы мүмкін екендігін айтты. Шынында
да Қазақстан, біздің бұған дейін айтып өткеніміздей,— аса бай кен өндіруші
республика ғой. Алайда, жер қойнауындағы байлықты өндірудің өзіміз
қолданып келген дəстүрлі тəсілі кезінде пайда болған жағдайға қарағанда,
қазірге дейін үйінді қалдықтарда 16 миллиард тонна алуан түрлі
минералдық ресурстар жиналып қалған. Мысалы, бір ғана Соколов-
Сарыбай комбинаты жыл сайын өзіндегі үйінді қалдықтарға миллиондаған
тонна темірді, мыңдаған тонна кобальтты, ванадийді, никельді қоса көмеді.
Табиғаттың баға жетпес шикізатына мұншалықты дəрежеде қалай болса
солай елеусіз қарау мен ысырапқорлық тұрғысынан келу дүние жүзінің
өзге бірде-бір елінде жоқ, оған жол бермейді де. Үйінді қалдықтарда пайда
болған екінші кезектегі ресурстар — біз əлі аяқ баспаған, шын мəніндегі
баға жетпес қазына қоймасы. Экономикадағы жалпы өнім шығару
тұрғысынан келу тəсілі бір ғана нəрсені — өндірістің ақшаға шаққандағы
көлемін арттыруды ғана талап етті. Кəсіпорындар барлық күшін жоспарды
орындауға сарқа жұмсады, олардың руда құрамындағы барлық бағалы
заттарды кешенді түрде айырып алу проблемасын шешумен айналысуға
уақыты да, қаржысы да, технологиясы да болған жоқ. Ал мұның өзі
принципінде тап сол металдарды жер астынан қазып өндіруге қарағанда
едəуір жеңіл, əрі бірнеше есе арзан түскен болар еді.
Кешенді өңдеу проблемасы тек минералды ресурстарға ғана
қатысты емес. Мысалы, Батыс Қазақстандағы мұнай-кен орындарында
күкірттен басқа да көптеген газ қоспалары бар. Солардың негізінде
полимерлер шығаратын өндіріс ұйымдастыруға əбден болар еді. Ал мұның
өзі тек республикаға ғана емес, сонымен қатар бүкіл елімізге де зор пайда
келтіретіні белгілі. Ауыл-шаруашылық өнімдерін кешенді өңдеудің
жоқтығынан біз өзіміз өсірген өнімдерді рəсуə етіп, ысырапқа жол беріп
қана қоймаймыз, сонымен қатар азық-түлік өндірісінің көлемін арттырудың
елеулі мүмкіндіктерін де пайдалана алмай қалып жүрміз. Мысалы, ұн тарту
өнеркəсібіндегі кəдімгі қалдықтарды пайдалана білсек, мұның өзі ет
өндіруді арттыруға елеулі түрде ықпал ете алар еді.
Мен бұдан басқа да қыруар мысалдар келтірген болар едім. Өйткені,
112

бұл өзіме жақын əрі таныс тақырып қана емес, сонымен қатар өзімді қинап
та келген тақырып. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында оның
актуальды əрі практикалық мəні ерекше арта түспек. Біз қазірдің өзінде
бірқатар шетелдік жетекші компаниялармен ынтымақтасу негізінде
шикізатты кешенді өңдеуден өткізетін бірлескен кəсіпорындар салу
жөніндегі жұмыстарды кеңінен өрістете түсудеміз. Тап осы мақсатта
қорғаныс өнеркəсібін, соның ішінде ең алдымен орташа машина жасау
кəсіпорындарын конверсиялауды пайдалану міндеттері де шешілу үстінде.
Сонымен қатар біздің жер қойнауымыздағы байлық ешқашан сарқылмайды
деген ойдан біржола арылатын уақытымыз əлдеқашан жетті. Табиғи
ресурстар екінші рет қайта қалпына келмейді. Міне, мұның өзі болашақ
туралы ойлағанда мықтап есте ұстайтын жайт.
Ал, еңді ресурстарды сақтау тақырыбын одан əрі ғылыми тұрғыдан
зерттеп дамытуға байланысты жеке өз басымның жоспарларыма келетін
болсақ, əрине, бəрі де уақыттың жетіспеушілігіне барып тіреледі. Бірақ,
сайып келгенде, мақсат кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін қалай
да докторлыққа əрекет етуде тұрған жоқ. Қазір кез келген басшы үшін
маңызды да басты мəселе — алдыңғы қатарлы экономикалық ақыл-ойдың
дамуынан артта қалып қоймау.
Нұрсұлтан Əбішұлы Сіз қазір шетелдік компаниялармен
ынтымақтастың мəселелерін қозғадыңыз. Айтқандарыңызға қарағанда,
əңгіме бірінші кезекте шикізат ресурстарын бірлесіп игеру бағдарламалары
туралы болып отырған сияқты. Батыс елдерінің капиталын тап осы базалық
салаға тарту, қазір кейбір топтардың арасында сөз болып жүргеніндей,
Қазақстанды түп тамырымен туталақай сатып жіберуге» алып барып
соқпай ма?
Иə, мұндай əңгімені менің де талай естуіме тура келген.
Республиканың ресурстарын, табиғи байлықтарын, жер қойнауын оңды-
солды сату басталыпты-мыс деседі. Солай-ақ екен дейік. Сонда қалай,
Қазақстан бұған дейін жетпіс жыл бойы аз қаналып келіп пе еді? Барлық
шикізат оның өз ішінен сыртқа тасылумен болған еді ғой. Ал не халық, не
сол шикізатты өндірген еңбек коллективтері ешқандай да игілігін көрген
жоқ. Сіз бен біз бұл жағынан алғанда амалсыздан ашынған қадамдар
жасауға барған кезіндегі шахтерлердің проблемаларына назар аудардық қой
деймін. Əрине, батыс бизнесмендерімен ынтымақтасу ақылмен істелетін іс
болуға тиіс — олардың ешқайсысы да бізге еш нəрсені тегіннен-тегін бере
113

салмайды жəне біз үшін «былайша əншейін-ақ» еш нəрсе жасап бермейді
де. Соңдықтан да екі жаққа бірдей пайдалы нұсқаларды ғана іздеп таба білу
керек. Бірақ томаға-тұйық экономика шеңберінде бұдан былай шырмалып
отыра беруге де болмайды. Өз үйіңді қанша мықтап мұқият
қоршағаныңмен де, егер ондағы шаруашылықты ұқсатып жүргізе алмасаң,
бəрібір, кешіріңіз, жалаң бұт қалуға болатынын өз тəжірибеміз айқын
көрсетіп берді.
Біз өзіміздің сыртқы экономикалық стратегиямызды ешқандай да
құпияламаймыз. Біздің түпкі мақсатымыз — дүниежүзілік рынокқа
өзіміздің дайын өнімдерімізбен шығу. Бірақ дəл қазір шикізат сатудан
түскен ақшаның бір бөлігін халық тұтынатын товарлар сатып алуға
жұмсауымыз керек. Атап айтамын, тек бір бөлігін ғана — онсыз басқаша
жағдайға душар боламыз, ол экономика емес, шынында да оңды-солды сату
болып шығады. Ал қаржының қалған бөлігін негізінен өңдеуші салаларды
инвестициялауға жұмсауымыз қажет.
Бұл жерде іс жүзінде ешқандай да ресурстары жоқ бола тұра
нарықтық экономиканы енгізе бастаған Оңтүстік Кореяның тəжірибесін
еске алуға болады. Алғашқыда ол өз территориясына шетелдік капиталды
еркін кіргізді де, сонымен бірге өздерінің білікті жұмысшы жəне маман
кадрларын даярлау мəселесімен айналысты. Əуелгі кезде көптеген
кəсіпорындар шетелдік фирмалар мен корпорациялардьщ меншігінде
болды. Бірақ олардан түскен ақшаның барлығын да мемлекет өздерінің
экспортқа шығаратын өнімдерін өндіруге жұмсап отырды. Салыстырмалы
түрде алғандағы қысқа уақыттан кейін ол өзі өндіретін өнімнің 60
процентін сыртқы рынокқа шығаратын дəрежеге жетті. Бірте-бірте
кəсіпорындарды да қайтарып алды. Мысалы, 1989 жылы бұл елдің 15
миллиард доллар еркін валютасы бар еді, оның 10 миллиардын қоғамды
демократияландыру енді ғана басталған жағдайда жұмысшылардың
жалақысын арттыруға жұмсады (жалақы 26 процент артты).
Əрине, ең жақсы деген тəжірибенің өзін де қалай болса солай, сол
күйінде көшіре салуға болмайды. Практикада өмір көбінесе өзінің алдын
ала болжап біле беруге болмайтын елеулі түзетулерін енгізеді. Көп нəрсе
саяси жəне қоғамдық өмірдің дəстүрлеріне, адамдардың психологиясына
байланысты болады. Бірақ мен қалай дегенде де мына мəселеге тағы да
назар аудартқым келеді: Корея нарықтық экономикаға көшуді ешқандай да
ресурстары жоқ жағдайда бастады, ал Қазақстанның орасан зор
114

потенциалы бар. Егер оны дəл қазір белсенді түрде пайдаланып қалмасақ,
онда бізде адамдарды «жарқын болашақтағы» тамаша өмірге жеткіземіз деп
құрғақ уəдемен тағы да тойындырудан өзге ешқандай да амал қалмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет