Әрекеттер
2.1 Фактологиялық ақпаратты түсіну (сюжет, оқиғалардың сабақтастығы және т.с.с.).
2.2 Мәтіннің мағыналық құрылымын түсіну (тақырыбын, негізгі ойын/идеясын, мәтіннің мақсатын айқындау).
2.3 Контекске сүйеніп, бейтаныс сөздердің немесе сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
2.4 Оқиғалар немесе тұжырымдар арасындағы жасырын байланысты анықтау (себеп-салдарлық қатынастар, аргумент – қарсы аргумент, тезис – мысал, ұқсастық – айырмашылық қатынастары және т.б.).
2.5 Визуал кескінді вербал мәтінмен сәйкестендіру.
2.6 Мәтіннің жекелеген бөлімдерін жалпылау негізінде тұжырым жасау.
2.7 Кейіпкерлердің сезімін, уәждерін, мінез-құлқын түсіну.
2.8 Тұжырымдамалық ақпаратты (автордың көзқарасын, қарым-қатынастағы ниетін) түсіну.
|