Құрама мәтіндер Аралас мәтіндер Тұтас емес мәтіндер Тұтас мәтіндер
Әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз құралып, жүйелі әрі аяқталған мәтін болатын бірнеше мәтін Тұтас және тұтас емес мәтін элементтерін байланыстыру
Электронды динамикалық мәтіндер
Веб-сайттар Журналдар Лонгридтер Графиктер Диаграммалар Кестелер Карталар, схемалар Суреттер, фотографиялар Нысандар (анкета және т.б.) Ақпараттық парақтар мен хабарландырулар Сипаттамасы: көркем, техникалық Баяндау: әңгіме, репортаж Түсіндіру: түсіндірме шығарма, ұғым анықтамасы, сөздің түсіндірмесі, түйіндеме/қорытындылар, интерпретация Дәлелдеу: түсініктеме, негіздеме Нұсқаулық: жұмысты орындауға қатысты нұсқау, қағидалар, заңдар
Мәтінге берілген мысалдарды қарап шығыңыз. Мәтіннің форматын анықтап, оны жазып қойыңыз.
Мәтіннің 4 форматы болатынын есте ұстаңыз: тұтас, тұтас емес, аралас, құрама.
1 ________________________
2 ________________________
3 ________________________
4 ________________________
5 ________________________
6 ________________________
7 ________________________
8 ________________________
9 ________________________
10 ________________________
Оқи білу дегеніміз не?
Алдыңғы тапсырманың орындалуын тексеріңіз Тұтас мәтін: графикалық элементтермен бөлінбеген және кірістірмелері жоқ.
Құрама мәтін: үш мәтіннен тұрады. Мәтіндердің әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз құралып, жүйелі әрі аяқталған мәтін болып тұр.
Тұтас емес мәтін: диаграмма.
Тұтас емес мәтін: жүйесіз мәтіннен, жеке-дара сөздер мен цифрлардан тұрады.
Аралас мәтін: толықтырылған шындығы бар кітап. Аналогтық бөлігінде электронды динамикалық мәтін бар.
Тұтас емес мәтін: инфографика. Әртүрлі графикалық элементтері бар.
Аралас мәтін: лонгрид, тұтас және тұтас емес мәтіндерден тұрады, фотографиялар мен видео, гиперсілтемелер қамтылған.
Тұтас емес мәтін: кесте нысаны.
Тұтас емес мәтін: диаграмма және диаграмманы талдауға арналған сұрақтар бар.
Тұтас емес мәтін: схема.
Мәтінді оқы. Жаратылыстану ғылымдарының иерархия-баспалдағын толтыр.
Жетекші диалогтың оқу біліктерін қалыптастыруға бағытталған сұрақтары.
Тағы қандай сауалдар болуы мүмкін?
Қажет болған жағдайда жетекші диалог сұрақтарының жүйесін толықтырыңыз.
Қандай жаратылыстану ғылымдары бар? Олардың иерархиясы қандай?
«Иерархия» сөзін қалай түсінесіз?
Иерархия – нысандар жоғарғысынан төменгі–сіне қарай, пирамида түрінде орналасатын құрылым. Төменде тұрған әрбір нысан жоғары тұрғанына белгілі бір дәрежеде бағынады.
2. Сұраққа қалай жауап беру керек?
Мәтінді оқып отырып, физикадан кейінгі сатыда қандай ғылым тұрғанын, сосын келесісін анықтау керек және т.с.с.
Мәтіннен физикадан басқа қанша ғылымды табу керек? Оны қалай білеміз?
4
Бос тұрған басқыш санын санаймыз.
3. Өз жауабыңызды қалай дәлелдейсіз?
Өзіңіздің иерархия-баспалдағыңыз дұрыс құрылғанын қалай дәлелдей аласыз?
Бір ғылымды таңдап, мәтіннен осы ғылым өзінен бір саты жоғары тұрған ғылымға қарағанда төменірек тұрғанын; осы ғылым өзінен бір саты төмен тұрған ғылымға қарағанда жоғарырақ тұрғанын көрсететін дәйексөз келтіру.
Оқулықтан алынған мәтін
Жаратылыстану ғылымдарының жүйесін әрбір сатысы өзінен кейінгі ғылымға негіз болатын және, өз кезегінде, өзіне дейінгі ғылымның деректеріне негізделетін баспалдақ түрінде көрсетуге болады.
Жаратылыстану ғылымдарының бәрінің негізі, іргетасы – физика. Оның зерттеу нысаны – денелер, олардың қозғалысы, айналуы және әртүрлі деңгейлерде көрініс табатын пішіндері. Қазіргі уақытта физиканың заңдарын білмей, бірде-бір жаратылыстану ғылымымен айналысу мүмкін емес. Физиканың ішінде заңдылықтары мен зерттеу әдістері әртүрлі бөлімшелер де өте көп. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – механика.
Келесі сатысы – химиялық элементтерді, олардың қасиеттерін, түрленуі мен қосылыстарын зерттейтін химия. Химияның неорганикалық және органикалық химия, материалдар химиясы деген жекелеген бөлімдері бар.
Өз кезегінде, химия тірі ағзалар туралы, жасушалар мен одан өсіп-өнетіндердің бәрін зерттейтін биология ғылымының негізін құрайды. Биологиялық білімнің негізінде заттектер, химиялық элементтер туралы білім жатады. Биология ғылымдарының ішінде ботаниканы (зерттеу пәні – өсімдіктер әлемі), зоологияны (зерттеу пәні – жануарлар әлемі), цитология мен генетиканы айрықша атап өткен жөн.
Жер туралы ғылымдар тобына геология, география менэкология кіреді. Олар физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстар мен процестердің күрделі үйлесімін білдіретін біздің ғаламшарымыздың құрылысы мен дамуын қарастырады.
Осынау табиғат туралы ілім-білімнің баспалдағын Ғаламды біртұтас кеңістік ретінде зерттейтін космология (ғарыштану) ғылымы түйіндейді. Мұндай білімнің бір бөлігін ғаламшарлардың, жұлдыздар мен галактикалардың құрылысы мен шығу тегін зерттейтін астрономия мен космогония құрайды. Бұл деңгейде физикаға қайта ораламыз. Ол жаратылыстанудың циклдік, тұйықталған сипатқа ие екені туралы айтуға мүмкіндік береді. Ал бұл, әлбетте, Табиғаттың ең маңызды қасиеттерінің бірін көрсетеді.