133
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ПАСТЕРЕЛЛЕЗІ – төл-
дерді 20 күндік жасынан ексе, ересек
малдарды бір рет егеді, тері астына, 1-3
мл вакцинамен.
САҚАУ АУРУЫ – 3 айға толған төлдерді және 3
жасқа дейінгі жылқыларды қатар вакцинация-
лайды.
СІРЕСПЕ – төлдерді 6
айлық және одан
жоғары жастан бастап вакцинациялайды.
ЖЫЛҚЫ ОБАСЫ – аймақтағы
қажеттілік бойынша егеді.
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Меншік нысанына қарамастан, барлық мал иелері міндетті:
• Зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитариялық) талаптар-
ды сақтауға;
• Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіруге;
• Ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз малдары-
ның уақытында егілуі мен диагностикалануын қамтамасыз етуге;
• Сату үшін мал союды сою алдындағы ветеринарлық тексеруден өткізуге және
сойылғаннан кейін ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізуге;
• Кейіннен сатылуға арналған ауыл шаруашылығы малдарын союды ет өңдеу
кәсіпорындарында, мал сою пункттерінде не мал сою алаңдарында (ауыл
шаруашылығы малын сою алаңдарында) жүргізу;
• Ветеринарлық іс-шараларды өткізу бойынша қызметтік міндеттерін орындау
кезінде ветеринария саласындағы мамандарға көмек көрсету;
•
Малды карантиндеу;
• Малды, мал өнімін сатып алуды, тасымалдауды және сатуды тек ветеринар-
лық ілеспе құжаттары болған кезде ғана іске асыру (ҚР аумағы бойынша –
ветеринарлық анықтама, тыс жерге – ветеринарлық сертификат).
Ветеринарлық қызметке:
• Иелікке түскен мал, оның төлі, оны (оларды) сою не сату туралы;
• Бір мезгілде бірнеше малдың өлім-жітімі, ауырғаны туралы және мамандар-
дың келуіне дейін малды бөлек ұстауды хабарлау керек.
Достарыңызбен бөлісу: