«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Малды карантиндеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет113/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   196
Байланысты:
edu kk

Малды карантиндеу тәртібі
Малды карантиндеу дегеніміз – диагностикалық зерттеулер мен ветеринар-
лық залалсыздандыру жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып 
алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын малды оқшаулап ұстау.
Ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес әкелу, сатып алу, тасу, орнын ауыс-
тыру, келтіру:
1) малды қауіпсіз аймақтан ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ере-
желерді сақтай отырып, мал сою нысанында (ет өңдейтін кәсіпорындарда) сани-
тарлық союды жүргізу үшін оларды іске асыруды қоспағанда және олар бойынша 
мәліметтерді ветеринарлық құжатта және ауыл шаруашылығы малдарын бірдей-
лендіру (АЖБ) бойынша деректер базасында көрсету;
2) буферлік аймақтан қолайлы аймаққа;
3) қолайсыз аймаққа;
4) вакцинасы бар қолайлы аймақтан вакцинасы жоқ қолайсыз аймаққа;
5) вакцинасы жоқ қолайлы аймақтан тиісті ветеринарлық өңдеуден өтпей, вак-
цинасы бар қолайлы аймаққа рұқсат етілмейді. 


136
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
6.4.4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ 
Ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі – бірдейлендіруді жүргі-
зу үшін бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, ауылшаруашылығы малы туралы 
мәліметтерді ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру бойынша деректер базасы-
на енгізу отырып таңба басу және ветеринарлық паспорт беру арқылы малға жеке 
нөмір беруді қамтитын малды есепке алу рәсімі. 


137
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы No2331 қаулысымен бекітілген 
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесімен» реттеледі
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес 
ауылшаруашылығы малы міндетті бірдейлендіру рәсіміне жатады, бірдейлендіру 
рәсімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мал ауруларының алдын алу және 
диагностикалау бойынша ветеринарлық өңдеуді іске асыруды бақылау және 
қадағалау мақсатында әрбір малды бақылауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы малының мынадай төлдері:
- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен 
кейін;
- құлындар – төрт айлығынан бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір-
дейлендіріледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет